Қазақстан экономикасының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:05, реферат

Описание

Экономикасы. Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi.

Содержание

Негізгі Бөлім
Кіріспе
Көне Қазақстан экономикасының дамуы
Қазақ елiне орыс капиталының енуi
1960-1985 жылдар арасындағы Қазақстан экономикасы
1990 ж. Экономикалық дағдарыс
Қорытынды
Әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан экономикасының тарихы.doc

— 124.50 Кб (Скачать документ)

              Қазақстан республикасының Білім  және Ғылым Министрлігі

             Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педагогикалық Университеті 

                                    Қаржы-экономика факультеті 

       
 
 
 
 

 

                  

     Тақырыбы: Қазақстан экономикасының тарихы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                            Орындаған; Ауганбаев М.

     ҚжЭН 3 курс қ/б

                                                                        Тексерген; Жакипова А. 
 
 
 

                                             Алматы 2011 ж 

                                               Жоспар

Негізгі Бөлім 

Кіріспе

  1. Көне Қазақстан экономикасының дамуы
  2. Қазақ елiне орыс капиталының енуi
  3. 1960-1985 жылдар арасындағы Қазақстан экономикасы
  4. 1990 ж. Экономикалық дағдарыс

Қорытынды

Әдебиеттер  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                      1. Көне Қазақстан  экономикасының дамуы  

         Экономикасы. Қазақстан экономикасы  көне заманнан бастап Қазан  төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл  бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.

         9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында  көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола обл-ның қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.

         Тауар-ақша қатынастары қазақ  ауылына дендеп енiп, бiр жағынан,  шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.

         Тауар-ақша қатынастарының дамуына,  қазақ ауылының экономикасындағы  басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке  меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың  аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды.

         Столыпиннiң аграрлық реформасы  Қазақстанға қоныс аударушылардың  шаруашылығында жеке меншiктi қалыптастыруға  негiзделдi. Қоныс аударушылар жаңа  қоныстарда жердi қауымдасып пайдаланды, көптеген жұмыстарды бiрлесiп атқарды. Орыс кулактары хуторлық шаруашылық жүргiздi. Шұрайлы жерлердi кесiп алып, тағылықпен пайдаланды. Қоныс аударғандардың анағұрлым жетiлген еңбек құралдары және егiншiлiк мәдениетiнде жинақтаған едәуiр тәжiрибесi болды.

         Халықтан жиналатын түрлi алым-салықтар жылдан-жылға өсе түсiп, еңбекшiлерге ауыртпалық әкелдi. Сол кезеңдегi елге салынған негiзгi салық түрлерi: мемл. төлемдер (түндiк басы алымы, земство жарнасы), болыстық жарналар (шығын, қарашығын, т.б.), натуралды мiндеткерлiктер. Түндiк басы алымы (түтiн салық) мемл. жердi пайдаланғаны үшiн төленетiн салық-рента болатын. Ресми түрде ол халықтың әл-ауқатына қарай салынуға тиiс болса, iс жүзiнде билеп-төстеушiлер оны түндiк иелерiнiң бәрiнен бiрдей мөлшерде алып отырды. Шығын салығы болыстың және болыс кеңсесiнiң мұқтаждарына жарату үшiн жиналды. Оның көлемiн алдын ала бiлу мүмкiн емес едi, өйткенi оны кез келген сылтаумен, тiптi сылтаусыз да жинай беретiн. Ақшасы жоқтығынан кедейлер өсiмқорларға жүгiнуге мәжбүр болды, мұның өзi алым-салық ауыртпалығын бұрынғыдан әрi күшейттi.

         Қазақстанда қолөнерi кәсiбi ғасырлар  бойы көшпелi ш-пен байланысты  дамыды. Өздерi тұтынатын қажеттi өнiмнiң көбiсiн әр отбасы өзi немесе ағайын-туыс, көршi-қолаң көмегiмен  өндiрдi. 19 ғ-дың 2-жартысында қолөнердi (киiз үй, ер-тұрман, зергерлiк бұйымдар, т.б. жасау) негiзгi кәсiбi еткен шеберлер мен iсмерлер пайда бола бастады. Олар ауыл-ауылды аралап жүрiп жұмыс iстедi. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында өндiрушiлер тауарды тұтынушылардың тапсырысы бойынша ғана емес, базарға сату үшiн де өндiретiн майдагерлiк дами бастады.

  1. Қазақ елiне орыс капиталының енуi
 

         Қазақ елiне орыс капиталының  енуi өлкеде өнеркәсiптiң дамуына  түрткi болды. Қарағанды көмiр  кенiшi, Успен мыс өндiрiсi, Спасск  мыс қорыту з-ты, Қалба алтын кен орындары, т.б. iрге көтердi. Кәсiпкерлер өлкенiң аса бай табиғи қорларын рәсуа етiп, бей-берекет пайдаланды. А.ш. өнiмдерiн өңдейтiн: терi илеу, былғары жасау, май шайқау, май айыру, сабын қайнату, т.б. өнеркәсiп орындары дами бастады. Әдетте, мұндай кәсiпорындар қарапайым ғана техникасы және 3 — 5 жұмысшысы бар жартылай қолөнерлiк шағын майдагерлiк сипатта болды. Бұл кезеңде а. ш. шикiзатын өңдейтiн қарапайым қолөнер шеберханалары мен ұстаханалары сипатындағы алғашқы ұлттық өнеркәсiп орындары қалыптасты. 1900 ж. Қазақстанда 2668 өнеркәсiп болса, 1913 ж. олардың саны 6000-ға жеттi. Орыс капиталынан кейiн iле-шала Қазақстанға (әсiресе 19 ғ-дың аяғында), негiзiнен кен өнеркәсiбiне, шет ел капиталы да ене бастады. Орыс және шет ел монополияларының Қазақстандағы акцион. капиталы 71 млн. сомға жеттi. Ол негiзiнен кен және мұнай өнеркәсiптерiн қамтыды. Зауыттарды, кенiштер мен бай кен орындарын иемденiп алған шетелдiктер Қазақтанда өндiрiс салаларын дамытуды мақсат етпедi. Олар мүмкiндiгiнше мол пайдаға кенелудi ғана көздедi. Осы кезеңде Қазақстанның едәуiр жерiнде темiр жол тартылды (қ. Темiр жол көлiгi), Сiбiр және Орынбор – Ташкент темiр жолы салынды. 1917 ж. оның жалпы ұз. 2793 км-ге жеттi. Мұның өзi Қазақстанның түрлi аудандарының арасындағы экон. байланыстарды күшейтуге мүмкiндiк ашты. Солт. аймақтарда саудалық егiншiлiк аудандары және бүкiл Қазақстан аумағы бойынша тауарлы мал ш. аудандары пайда болып, Қазақстан а. ш-ның тауар-ақша қатынастарына тартылуы күшейе түстi. Т. ж. ст-лары мен аймақтардан iшкi аудандарға жүк таситын және жүк алып қайтатын жергiлiктi көлiк, пошта байланысы кәсiпкерлiк қызмет аясына айнала бастады. Кәсiпқой жүк тасушылар пайда болды, ал қазақ кәсiпкерлерi ұстап отырған пошта бекеттерiнде 8 — 10 ат айдаушыға дейiн жұмыс iстедi. Алайда, өнеркәсiп пен көлiктiң дамуы өте төмен деңгейде қалды. Өлкенiң жалпы ұлттық табысындағы өнеркәсiп өнiмiнiң өзiндiк үлес салм. 10%-дан аспады. Капитал, маман жұмыс күшi, байланыс және көлiк құралдары жетiспедi. Оның үстiне патша өкiметi қазақ өлкесiн өзiнiң шикiзат көзi, тауар өткiзетiн рыногi, отарлық шылауы ретiнде ұстауына мүдделi болды.

     Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда байланыстары әуелгi кезде тек орыс бекiнiстерi мен қалаларындағы айырбас орындарында  ауыс-түйiс жасау жолымен ғана жүзеге асырылды және мұнда тауарлардың құнын көрсететiн балам ретiнде тек қой ғана пайдаланылды. Тауар-ақша қатынастарының дамуына орай жергiлiктi сауда жедел өркендеп, Қазақстан бүкiлресейлiк, сонан соң дүниежүз. рынокқа қосылды. Көлiктiң нашар дамуына, халықтың басым көпшiлiгiнiң көшпелi тұрмыс кешуiне байланысты сауда-саттық көбiне-көп жәрмеңкелер арқылы жүргiзiлдi. Жәрмеңке көшпелiлер көбiрек шоғырланған аймақтарда, әдетте, жылына екi рет – көктемде және күзде өткiзiлiп отырды. Олардың ең iрiлерi – Қоянды, Троицк, Шар, Қарқара, т.б. жәрмеңкелерi. Қалалардың рөлi күшейiп, тұрақты сауда орталықтарына айнала бастады. Қазақ саудагерлерi бiрнеше санатқа бөлiндi. Алып-сатарлар орыс көпестерiнiң тауарларын сатып алып, ел iшiнде қымбатқа өткiзумен шұғылданды. Сондай-ақ, мал ш. шикiзатын – терi, жүн, т.б., кейде қолөнер бұйымдарын да сатып алу-сатумен шұғылданатын қазақ саудагерлерi де пайда бола бастады. Қазақстанда сауданың өсiмқорлық қарыз түрi етек алды. Мұның өзi несие-банк жүйесiнiң пайда болуына жол ашты. Қазақстанның несие жүйесi Ресей империясының бiр бөлшегi ретiнде Мемл. банк бөлiмшелерiнен, акцион. сауда банкiсiнiң бөлiмшелерiнен, несие беретiн қоғамдар мен қалалық қоғамдық банктерден, сондай-ақ, несие корпорациялары мен басқа да ұсақ несие мекемелерiнен құралды. 1871 ж. Петропавлда қ-лық қоғамдық банк ашылды. Қазақстан аумағында Мемлекеттiк банктiң бөлiмшелерi құрыла бастады. Олар алдымен өлкенiң iрi сауда-өнеркәсiптiк орталықтарында – Орал (1876), Верный (1912) қ-ларында ашылды. Мал және мал ш. шикiзатын сату көлемiнiң елеулi түрде ұлғая түсуiне байланысты 1894 жылдан бастап жыл сайын несие операцияларын қамтамасыз ету үшiн ең iрi жәрмеңкелердiң бiрi – Қоянды қыстағында (Семей обл.) мемл. банктiң уақытша бөлiмшесi жұмыс iстедi. Бұл кезеңдерде жергiлiктi халықтың несиеге тек қарыз кассалары мен ұсақ несие қоғамдары арқылы ғана қолы жеттi.  
 
 
 
 

  1. 1960-1985 жылдар арасындағы  Қазақстан экономикасы
 

     1960 — 85 ж. Жалпы КСРО-да халық  ш-н бiртұтас кешенге айналдыру  бағдарламасы жасалып, одақтас  республикалардың экономикасын жалпы одақтық көлемде орталықтандырылған басқарумен ұштастыру, республикалар арасындағы еңбек бөлiнiсiн тереңдету көзделдi. Осыған орай республикада өнеркәсiптiк өндiрiстi аумақтық жағынан ұйымдастырып, аймақтардағы өндiргiш күштердi кешендi түрде дамытуға ден қойылды. Сан алуан табиғи байлықтарды қарқынды түрде халық ш. айналымына қосу, өндiрiс құрал-жабдықтары өндiрiсiн басымырақ дамыту, республиканың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере отырып жалпы одақтық және аймақтық мүдделерге сай келетiн өнiмдер өндiруге мамандандыру мiндетi алға қойылды. 1985 ж. республиканың қоғамдық, жалпы өнiмi 1960 жылмен салыстырғанда 3,9 есе артты. Материалдық өндiрiстiң басқа салаларының да даму деңгейi жоғары болды. Өнiм өндiрудiң жалпы көлемi өнеркәсiпте 5 есе, а. ш-нда 1,7 есе, материалдық-тех. жабдықтауда — 2,9, құрылыста — 3,4, көлiк пен байланыста — 4,6, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда — 4,5, өнiм дайындауда — 2,4 есе өстi. Аса бай табиғат қорлары негiзiнде өнеркәсiп халық ш. кешенiнде жетекшi орынға ие болды. Iрi кәсiпорындар, жаңа шахталар пайда болды. Мұнай, болат, минералды тыңайтқыштар, көмiр, т.б. табиғат қорларын ашудың көлемi көбейдi. Халық ш-ның мамандандырылған салалары (түстi және қара металлургия, отын-энергет. кешенi, т.б.) басымырақ дамыды. Павлодар, Екiбастұз, Қаратау, Жамбыл, Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешендерi (АӨК) қалыптасты, Қарағанды — Темiртау, Шығ. Қазақстан, Торғай және Шымкент — Кентау аумақтық өндiрiстiк кешен дамытылды. 70-жылдардан бастап өндiрiс жоспарлы түрде шоғырландырылып, негiзгi өнiм түрлерiн неғұрлым iрi кәсiпорындар мен өндiрiстiк бiрлестiктер өндiрдi. 1986 жылдың басына қарай республикада 610 кәсiпорынды бiрiктiрген, бүкiл өнеркәсiп өнiмiнiң жартысынан астамын шығаратын 162 бiрлестiк болды. 1984 жылдың аяғында республикада 2139 кеңшар, 412 ұжымшар, 203 шаруашылықаралық кәсiпорындар мен ұйымдар, 40 өндiрiстiк а.ш. бiрлестiгi жұмыс iстедi. Тамақ өнеркәсiбi 30 сала мен өндiрiстi қамтыды. Халықтың жан басына шаққанда ұлттық табыс 1960 жылмен салыстырғанда 1985 ж. 2 есе, нақты табыс 2,2 есе, төлемдер мен жеңiлдiктер 3,9 есе өстi. Бейөндiрiстiк аяның барлық салаларының негiзгi қорлары 1975 жылмен салыстырғанда 1985 ж. 3,1 есе өстi, оның iшiнде денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеум. қамсыздандыру салаларының қорлары 5,7 есе, ағарту iсiнде 5,8, мәдениет пен өнерде 4,8 есе өстi.

     Республика  қара және түстi металлургия, химия  өнеркәсiбiнiң iрi орталығына айналды. Одақтағы мыс, қорғасын, қалайы секiлдi металдарды өндiрудiң 30%-дан 70%-ға дейiнгiсi Қазақстан  үлесiне тидi. Қазақстан бiрден-бiр а. ш. аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннiң әрбiр төртiншi тоннасы, еттiң әрбiр он екiншi тоннасы, астықтың әрбiр бесiншi тоннасы түсiп отырды. Өкiнiшке қарай осындай аса зор халық ш. әлуетi, басқару жүйесiнiң қолайсыздығынан, Қазақстан халқының жағдайын түпкiлiктi жақсарта алмады. 20 ғ-дың 70-жылдары және 80-жылдарының бiрiншi жартысында Қазақстан экономикасы экстенсивтi негiзде, экон. ынталандыруға мән берiлмей, жаңа технол. үрдiстердi елеместен, бұрынғы сарынмен дами бердi. Бұл кезең елде тоқырау жылдары деп есептелгенiмен, жалпы Қазақстанда экон. қуат бiршама өстi. Бұл жылдары қара металлургияның одан әрi дамуымен бiрге Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комб-тары iске қосылды. Одақтағы ақ қаңылтыр шығаратын ең күштi цехы бар Қарағанды металлургия комб-ның құрылысы аяқталды. Ермак (қазiргi Ақсу) және Ақтөбе ферроқорытпа з-ттары жұмыс iстей бастады. Ақтөбеде хром кенiн шығару арта түстi. Целиноградтың (Астананың) а. ш. машина-құрылыс з-ты, т.б. кәсiпорындар өздерiнiң өнiмдерiн шығара бастады. Қарағанды және Екiбастұз көмiр алаптарында көмiр шығару үлкен қарқынмен жүрдi.

     Ауыл  шаруашылығы 1979 ж. жоғары көрсеткiшке  жеттi. Тың жерлердi игерген 25 жыл iшiндегi ең мол астық өнiмi алынды. Республика мемлекетке 1 млрд. 262 млн. пұт, яки 20 млн. т астық бердi.

     Өнеркәсiптiң  шикiзатқа бағдарланған бiр жақты  құрылымы, 20 ғ-дың 60 — 70-жылдары орт. мин-тер мен мекемелердiң өктемдiгiмен  орнықты. Қазақстандағы кен қазу салаларының өнiмi 80-жылдардың басында  Одақтағы орташа деңгейден 1,7 есе артық болды. Республиканың экон. қуатының жартысынан көбi одақ мин-терiнiң бақылауында едi. Республиканың шикiзат қорларын сорудан қыруар кiрiс тапқанымен одақтық мекемелер республика бюджетiне ешқандай қаражат түсiрмедi. Табиғи ортаны қорғау мен адам денсаулығы және әлеум. инфрақұрылымдардың дамуы жөнiнде де ешқандай қамқорлық көрсетiлмедi. Көп жылдар бойы шикiзат салаларының үлкен кәсiпорындар түрiнде дамуы өнеркәсiптiң ғыл. жолмен дамымауына, өндiрушi және қайта өңдеу өнеркәсiбi деңгейiнiң төмен болуына, халық тұтынатын тауарлардың өте баяу шығарылуына әкелiп соқтырды. Азық-түлiктен өзге тұтынылатын тауарлардың 60%-ына жуығы сырттан әкелiндi. Бүкiл халық ш-на тән тежелудiң бәрi де республика экономикасында көрiнiс тапты. Сөйтiп, өнеркәсiп өнiмдерi өсуiнiң орташа шапшаңдығы 9-бесжылдықтағы 8,4%-дан 11-бесжылдықта 3,8%-ға дейiн қысқарды, ұлттық табыс 4,4%-дан 1,4%-ға төмендедi. 9-бесжылдық жоспары 12,6%, 10-бесжылдық 2,5%, 11-бесжылдықтiкi 3,6% кем орындалды.

Информация о работе Қазақстан экономикасының тарихы