Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 11:50, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Кіріспе...........................................................................................................................3
I. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті.......................................................5
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру...............................8
1.3. Қазақстан Ресубликасында жергілікті өзін-өзі басқару принципі................9
II. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
2.1.Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері................................................14
2.2.Аудандық әкімдіктер Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң құзыретi.......................................................................................................................17
2.3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің маңызы мен
проблемалары.............................................................................................................23
2.4.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру……………………………………………………………….....................26
Қорытынды...............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31
Жоспар
Кіріспе.......................
I. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті......................
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру...................
1.3. Қазақстан Ресубликасында жергілікті өзін-өзі басқару принципі................9
II. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
2.1.Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері.................
2.2.Аудандық әкімдіктер Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң құзыретi......................
2.3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің маңызы мен
проблемалары..................
2.4.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру………………………………………………………
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ орындаушы үкіметінің жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мемлекеттік басқару органдары туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен танысу;
- Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары туралы танып-білу;
- әкімдер және әкімшіліктерді құру, олардың құзыретімен танысу;
Зерттеу объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының еліміздің саяси, демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық деңгейін сараптау.
ҚР Конституциясында Республиканың атқарушы билігін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы огандар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтыны көзделген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы орнадардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын ең жоғары орган.
1.Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне мемлекет жүктеген міндеттерді жүзеге асыруы үшін кең көлемде құзырет бірелген.
Құзыреттің негіздер республиканың Негізгі заңның 87 –бабында баянды етілген, ал «жергілікті өкілді және атқарушы органдар» туралы Заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалады.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
Аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
Коммуналдық меншікті басқару,
Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату. Жергілкті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу,
Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін рсепубликалық заңдарында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілетті жүзеге асыру
«… Жергілікті өкілді және атқарушы органдар» туралы заңда жергілікті әкімдердің, өзге де облыстық, аудандық, қалалық поселкелік және селолық әкімшілік органдардың өкілеттігі неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттелген.
Заңда жергілікті әкімдердің өкілеттігі баянды етілетінін, олардың өкілеттігін жүзеге асыру саласын бөліп көрсетілмейтінін атап өткен жөн.
Заңның 42 – бабында облыстық, аудандық, қалалық әкімдердің өкілеттігі баянды етілген. Атап айтқанда, жергілікті әкім: - облысты, ауданды, қаланы басқарудың бөлімдер, басқармалар және қызметтер жөніндегі үлгі тізбесін ескере отырып әзірленген схемасын мәслихаттың бекітуіне табыс етеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің жобасын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді,
экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, мәслихаттың сессиясында олардың орындалуы туралы есеп береді.
- әкімшілік-аумақтық бөліністің меншігін басқаруды жүзеге асырады, қарамағындағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады,
- жоғары тұрған атқарушы орган берген өкілеттікке сәйкес республикалық меншіктегі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестреді;
- жергілікті әкімшілік органдарының басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады, республика министрлктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарының, аумақтық органдарының, республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың басшыларын тағайындауға келісім береді, оларды қызметтен босату және басқалар туралы ұсыныстар енгізеді.
- Поселкелік, селолық әкім поселке, ауыл, ауылдық округ азаматтары өкілдерінің жиналысын шақырады, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді,
-азаматтардың арыздарын, шағымдары мен өтініштерін қарайды.
- ауыл, поселке, округ аумағының шеңберінде жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға байланысты мәселелерді шешеді.
- Заңды жеке тұлғалармен шарттар жасасады, және банк құжаттарына қол қояды.
- Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді шешеді. Өртке қарсы қауіпсіздік пен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асырады.
Жоғарыда келтірілген қызмет салаларында облыстық, аудандық, қалалық әкімшіліктердің өте кең өкілеттігі бар. Мәселен, жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік пен байланыс саласында, бюджеттің облысты, ауданды, қаланы дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлейді, әкімшілік-аумақтық бөліністердің меншігіндегі кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады, еңбек ресурстарын есепке қамтамасыз етіп, олардың бөлінуін реттейді, халыққа кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін байланыс қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асырады, оларға шарт негізіндегі почта, телефон, байланысы өзге де байланысты және басқаларын жақсартуда көмек көрсетеді.
Жер пайдалану, табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында: табиғатты қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, табиғат қорғау, экологиялық сараптама, қорғау объектілерін салу мен қайта құру жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады, экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы бар объектілерін салу мен қайта құруға тыйым салу және басқалар туралы қорытындылар дайындайды.
Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру, сәулет өнері, қаоа құрылысы саласындағы орталық мемлекеттік органмен міндетті түрде келісе отырып, аумақта құрылыс салуды жүзеге асырады, әлеуметтік-мәдени және өнеркәсіп объектілерін салу жөнінде тапсырысшы болуға құылы, жоспарлардың мемлекеттік сараптамасына, жеке және заңды тұлғалардың жобалау мен құрылыс салу қызметіне мемлекеттік лицензия беруге жәрдемдеседі.
Халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласында: білім беру ісін, балаларға мектепке дейін және мектептен тыс тәрбие беру жұмысын жүргізеді, облыстық, аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға қамқорлық жасайды; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды жүзеге асырып, пайдалануды ұйымдастырады.
1.2. Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
Жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқару органдары тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын болады.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен бірге тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне : аумақты дамыту жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару, жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру т.б жатады.
Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына – Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін және Конституцияны орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару органдары жатады.
Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын талдайтын және оны орындайтын жергілікті әкімшіліктің аппараты құрылады.
Жергілікті атқару органдарының өкілеттігі «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 42-46 баптарында жете мазмұндалған.
Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар.Жергілікті өкілді орган облыстың, ауданның, халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шаралар белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Бірінші белгі – бұл сайланбалық. Бірақ сайланбалық жергілікті өкілді органдардың айрықша белгісі болып табылмайды.
Мәслихаттардың екінші белгісі оларды әкімшілік-аумақтық бірліктер халқы сайлайтыны және сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып табылатынында.Мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында тұрып жатқан халықтың еркін білдіреді. Егер аталған үш белгі жергілікті өкілді органдардың қалыптасу процесін сипаттайтын болса, онда төртінші белгі олардың қызмет саласына жатады. Жергілікті өкілді органдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға және халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс.
1.3. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару принциптері мен функциялары
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және жергілікті проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР – дағы жергілілікті мемлекеттік бақсару мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады. Бірақ дербестік жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдарда ұйымдық және құзыреттілік тұрғысынан өзіндік ерекшелікпен көрінеді.
Жергілкті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру тарихи, этникалық, географиялық және басқа жағдайларға байланысты объективтілік және субъективтілік фаткорлардың негізінде жүреді.Осы себепті мемлекеттерде жергілікті басқаруды ұйымдастырудың және тиісінше осы құбылысты заңдық реттеудің сан алуан түрлі практикасы бар.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Констиуциясы жергілкті органдардың жаңа үлгісін бекітті. Ол оларды жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқаруға бөлді. Жергілікті мемлекеттік басқаруға: жергілікті өкілді органдар, 2)жергілікті атқарушы органдар.
Жергілікті өзін-өзі басқару жергілкті мемлекеттік басқаарудан бөлінді.
Информация о работе Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары