Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2012 в 12:04, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Кіріспе...........................................................................................................................3
I. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті.......................................................5
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру...............................8
1.3. Қазақстан Ресубликасында жергілікті өзін-өзі басқару принципі................9
II. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
2.1.Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері................................................14
2.2.Аудандық әкімдіктер Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң құзыретi.......................................................................................................................17
2.3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің маңызы мен
проблемалары.............................................................................................................23
2.4.Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру……………………………………………………………….....................26
Қорытынды...............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................31
Әлеуметтік өкілеттіктер.Әкім мектепке дейінгі, бастауыш, орта, және орта кәсіптік білім беру мекемелерін, әлеуметтік-мәдени сала мекемелерін қолдайды және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Кадрлық өкілдіктер. Әкім мынадай лауазымды адамдарды: Жоғары тұрған уәіклетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шекті санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аудан әкімінің орынбасарларын;
әкім аппаратының басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Аудан әкімінің аталған өкілеттіктері түпкілікті болып табылмайды. Заң әкімнің қарамағына өзге де мәселелердің шешімін жатқыза алады. Аудан әкімі өзінің жекелеген өкілеттіктерін жүзеге асыруды төменгі тұрған әкімдерге беруге құқылы.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң құзыретi
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекiтедi;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;
- заң актiлерiне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
- азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiмет актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
-ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
- аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
- осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентiшiлiк (қалаiшiлiк) және ауданiшiлiк коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
-әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
- кентiшiлiк (қалаiшiлiк) және ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
- аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
- мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн салуын және оны бөлуiн ұйымдастырады;
- мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
- тұрғын үй қорына түгендеу жүргiзедi;
- мемлекет қажеттiлiктерi үшiн жер учаскелерiн алып қоюды, оның iшiнде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
- республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық берiктiгiн орнықтыруға бағытталған iс-шараларды өткiзедi;
- авариялық және ескi үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
- тұрғын үй көмегiн көрсетедi;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етедi;
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлiктi азайту бағдарламаларын iске асырады;
- халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
- аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
- қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi
- ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады;
- Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
- тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
азаматтардың тегiн бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алу құқығының iске асырылуын жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекемелердi және мемлекеттiк кәсiпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгiлеген штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормативтер шегiнде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн белгiлейдi;
салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу жөнiндегi салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдерiн келiседi;
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген жағдайлар мен тәртiпте лицензиялауды жүзеге асырады.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
- Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
2.3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің маңызы және проблемалары
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру кез келген мемлекеттегі демократиялық тәртіптің қажетті саласы болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан еліміздің ерекшелігін ескере отырып, шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтауға ықылас арта түсуде.
Бұрынырақ осындай жүйені құруға талай рет ұмтылыс жасалды. Халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуді қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару туралы ереже бастапқыда ҚР Конституциясының негізіне арқау болды.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың заңнамалық негізін әзірлеу мен оны енгізуге талай рет ұмтылыс жасалды. 1997 жылы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң әзірленді, бірақ ол қабылданбады.
Ал, 2001 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы қабылданды.
Қазір «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы көпшілктің талқылауына қазан айында берілді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Жергілікті басқару жолдарының бірі ретінде ұсынылып отырған «өзін-өзі басқару» қағидасының әлеуметтік ғылым терминдерінің көпшілігі сияқты толық ғылыми анықтамасы жоқ, оны әр түрлі авторлар әр түрлі түсіндіреді. Ғалысдар басқарудың осы жүйесіне қатысты көптеген зертету жұмыстарын жүргізді. Мысалы, Н.И. Лазаревский еркін қауымды басқару, жергілікті басқару, өзін-өзі басқаратын заңды тұлға деп бірнеше топқа бөледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті қоғамдастық шеңберінде іс-қимыл жасайтын және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді өзінің жауапкершілігіне алатын халықтың өзіг-н-өзі ұйымдастыруының жүйесі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы сайлау органдарын – Кеңесті құру көзделуде, олардың мүшелерін тікелей жергілікті қоғамдастықтың халқы сайлайтын болады.
Кеңесті Төраға басқарады, оны Кеңестің не жергілікті қоғамдастықтың мүшелері сайлайды.
2006 жылдың мамыр айында Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оның нәтижелері белгілі болған мәселелер мыналар:
1) жергілікті өзін-өзі басқару – халықтың міндеті емес, тек құқығы ғана;
2) жергілікті өзін-өзі басқарудың нысандарының деңгейін анықтау керек,
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының формасы (бұл орган – кеңес, кеңесті төраға басқарады, төраға әкімнің қызметін қайталамас үшін олардың қызметтері бөлінеді),
4) жергілікті өзін-өзі басқару органы атқаратын қзыметтердің шегін анықтау (жергілікті аймақтағы шаруашылық-орындаушылық қызметтің бәрі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құызретіне жатады. Олардың саны – 51);
5) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірігіп, үлкеюіне жол беру;
6) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржысы оларға бөлінген қызметтерге сәйкес болады (биыл ол қаржының көлемі – 8 млрд. теңге);
«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы талқыға түскеннен бері 150-ден аса ұсыныс жасалып, 117 –сі Үкіметтің жұмыс тобымен келісілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – бұл мемлекеттік құрылымдары қызметін ешқандай да қайталамайтын дербес басқару бірліктері екенін есте ұстау аса маңызды. Бұл орайдағы мемлекеттің басты міндеті – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік беру.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылуына орай жұмыс тобының мүшелері аудандар, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайланып қойылуына дайындық жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. 2005 жылы жекелеген аудандар әкімдерінің эксперименттік сайлауы өтті.
Тұтастай алғанда, жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстар ол туралы заң қабылдау мен әкімдерді сайлаумен аяқталмайды. Ол Қазақстанның саяси жүйесін жетілдіру бастауларына қарай жасалып жатқан қадамдардың бірі.
2.4. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметін жетілдіру жолдары
Мемлекеттік биліктің атқарушы бұтағы да реформаланды, жетілдіріле түседі. Елбасының биылғы жылғы Жолдауында көрсетілгендей, бұл билік тармағы да бұдан әрі ықшамдалып, біраз өкілеттігін жергілікті органдарға береді.
Ұсақ-түйек мәселелердің бәрін орталық билік өз қолында шоғырландырмай, төменгі буындарға ауыстырады. Мұның өзі азаматтардың болмашы мәселелерді шешу үшін Астанаға, облыс орталығына ағылуына азайтады.
Осыған орай Елбасы елімізде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін айқындайтын, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу процесін аяқтайтын заң жобаларын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді Үкіметке тапсырды.
Мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының қызметін жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізудің маңызы зор. «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Даму стратегиясына қатысты баяндамасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Атқару билігінің құрылымын, қажетсіз қызметтер мен сатларды таратып, басқару процесін орталықсыздандыру арқылы одан әрі қарай жетілдіре түсуіміз керек.» деп ерекше атап көрсетті.
Мемлекет басшысы биылғы жылғы Жолдауында атқарушы билік жүйеісін орталықсыздандыру барысында белгілі қадамдар жасалғанын айтып өтті.
Стратегияда: « Билікті орталықсыздандыру мен шамасы келетін істерге қатысты өкілеттіктерді төменірек деңгейге берудің қажеттілігі көзге ұрып тұр, осылай болғанда орталық және мемлекеттік органдар өздерінің керектігі мен пайдалылығын ұдайы дәлелдеуге мәжбүр болар еді» деп жазылған.
Орталықсыздандыру түсінігінің көптеген анықтамасы бар. Соның ішінде, біздің ойымызша, түпкілікті ұғымына жақын екеуін атап айтсақ:
Информация о работе Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары