Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 22:58, курсовая работа

Описание

Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде ²Мемлекеттiк бюджет² айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.

Содержание

Кіріспе

1.Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері
1.1. Бюджеттiң мазмұны мен құрылымы
1.2. Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi
1.3. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң
қалыптасу ерекшеліктері

2.Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау
2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет
жүйесінің алатын орны талдау

3.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Работа состоит из  1 файл

курсовая бюджет.doc

— 273.50 Кб (Скачать документ)

    Республикамыздағы    жергiлiктi  бюджеттер  облыстық,  қалалық  бюджеттер аудандық бюджеттер  және  арнайы  экономикалық  аймақтарының  бюджеттерiнен  тұрады. Жергiлiктi  бюджеттен  жергiлiктi  бағдарламалармен  шараларды  қаржыландыру  қамтамасыз  етiледi  және  жергiлiктi  бюджет  арқылы  жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың  бiр бөлiгiн iске асыруға жол берiледi. Жергiлiктi  салықтар  мен  алымдар  жергiлiктi  бюджеттердiң  кiрiстерiн  толтыруға,  бекiтiлiп берiлген  және  жергiлiктi  мақсаттағы  қажеттердi  қаржыландыруға  жұмсалатын  жеке  тұлғалар  мен кәсiпорындардың заң жүзiнде белгiленген  мiндеттi  төлемдерiнен тұратын  ҚР  салықтар  жүйесiнiң  бiр  бөлiгi.

    Жергiлiктi  салықтар  мен  алымдарды  құру  мен  алудың  мынадай  ерекшелiктерi  бар:

    -олар өзiн-өзi  басқарушы  жергiлiктi  органдардың  аумақтық  көлемiнде  жергiлiктi  органдарының  шығындарын  өтеуге  жұмсалады;

    -жергiлiктi  органдар  заң  жүзiндегi  құқықтық  шеңберi  негiзiнде  олардың  уақытылы,  әрi  толық  түсiн  қамтамасыз  етуiн  бақылап  отырады;

    -жергiлiктi  басқару  органдары  Салық  Кодексi  негiзiнде,  өз билiгi  шеңберiнде  кейбiр  салықтардың  ставкаларын  реттеп,  алымдарды  бөлу  объектiсiнiң  базасын  белгiлеп  отырады;

    -жергiлiктi  салықтар  мен  алымдар  тек  қана  жергiлiктi  бюджеттiң  кiрiстерiне  енгiзiлiп,  осы  бюджет  арқылы  жұмсалады.

    Жергiлiктi  салықтар  мен  алымдардың  тағы  бiр  ерекшелiгi - жергiлiктi  бюджеттердiң кiрiстерiнде   үлес  салмағының  қомақты  болуы,  онымен  ғана  шектелiп  қоймай  қаржы  ресуртарын  бөлiп  беру  қатынастарының  бақылау  функциясын  атқаратындығы.    Жерiлiктi  салықтар  мен  алымдарды  алудың  объектiлерiне  жер  учаскелерi,  мүлiк,  көлiк  құралдары,  аукционда   жүргiзiлетiн  ақша  операциялары,  кәсiпкерлердi  тiркеу  және  жеке  қызмет  түрлерiмен  айналысу  құқы   үшiн  қызметтер  жатады   және  оларды  иемдену  мен  пайдаланудың  бiрден-бiр  есебiн   жүргiзiп,  осы   объектiлердi  бақылауға  жағдай  жасайды (10).

    ҚР  “Бюджет  жүйесi  туралы” Заңы  негiзiнде  жергiлiктi  бюджетке  түсетiн  түсiмдер  мынадай  кiрiстерден  тұрады:

    1.Бекiтiлген  кiрiс  көздерi –  яғни  заң   жүзiнде  тұрақты  кiрiс  көздерi  ретiнде  қарастырылған  жергiлiктi  салықтар  мен  алымдар.  Оларға  заңды  тұлғалар  мен  жеке  тұлғалардың  жер,  мүлiк  және  кiлiгiне  салынатын  салықтары  мен  әр  түрлi  алымдар  жатады.

    2.Жергiлiктi  бюджеттердiң  кiрiс  көздерiнiң   екiншi  түрi  реттеушi  кiрiс  көздерi.  Оларға  аймақтық  әлеуметтiк  экономикалық  даму  деңгейiн  ескере  отырып,  бюджеттердi  реттеу  тәртiбi  мен  жалпы  мемлекеттiк  салықтардан  бөлiнетiн  қаржы  салалары  жатады.   Оның  түрi  мен  проценттiк  бөлу  мөлшерi  әр  жыл  сайын  өзгерiп  түрады  және  заң  жүзiнде  республикалық  бюджет  туралы  заңда  берiлiп отырады.

    3.Жергiлiктi  бюджет  кiрiс  көдерiнiң   үшiншi  түрiне – актiлерiмен  белгiленген  салықтық  емес  түсiмдер  жатады.  Мысалы,  орманды  пайдаланғаны   үшiн  төленетiн  төлемдер,  су   үшiн  төленетiн  төлем,  коммуналдық  меншiктегi  мүлiктердi  жалға  беруден  түскен  кiрiстер,  әкiмшiлiк  айыппұл  төлемдерiнен  түскен  сомалар,  жеке  меншiк  иесiнiң  құқығы мен  жердi  пайдалану  құқығын  сатудан  (жер  учаскелерiн  берумен  қоса  есептегендегi)  түскен  сомалар.

    Сонымен  бiрге  жергiлiктi  бюджеттердiң  кiрiс  көздерiне  кейбiр  облыстардың  әлеуметтiк  –  экономикалық  даму  деңгейiн   теңестiруге  арналған  ресими  трансферттер,  тоқсан  сайын  кассалық  үзiлiстi  жабу   үшiн  төменгi  бюджеттердiң  жоспары  тұрғаны  бюджеттерден  қарызға  алған  қаражатының  түсiмдерi,  бұрын  берiлген  несиелердi өтеуден  түсетiн  түсiмдер  жатады. 

    Жергiлiктi  салықтар  мен  алымдар  бюджетке  түскеннен  кейiн,  жергiлiктi басқару  органдары  белгiлеген  тәртiп  бойынша,  жергiлiктi  аумақтық  қажеттерiне  сәйкес  мақсаттарға  жұмсалады.  Мысалы,  тиiстi  аумақтық  жергiлiктi  бюджеттерден  жұмсалатын  қаражаттары  мыналарды  қамтиды:

    -жергiлiктi  атқарушы органдар   жүргiзетiн  қоғамдық  құқық    тәртiбi  мен   қауiпсiздiктi  қамтамасыз  ету;

    -бiлiм  беру  мен  денсаулықты  сақтау; 

    -әлеуметтiк сақтандыру  және  халықтық  жекелеген  санаттары   үшiн заңмен  белгiленген  жеңiлдiктердi  iске  асыру;

    -тұрғын   үй-коммуналдық  шаруашылық,  көркейту,  сумен  жабдықтау және  инженерлiк  инфрақұрылым;

    -мәдениет,  туризм,  спорт,  жергiлiктi  бұқаралық   ақпарат  құралдарын   ұстау  және  демалысты   ұйымдастыру;

    -аграрлық  реформа,  жер  реформасын  жүзеге  асыру,  ауыл  шаруашылық  тауар  өндiрушiлерiн  қолдау,  өсiмдiктердiң  аса  қауiптi  зиянкестерi  мен  мал  ауруларына  қарсы  күрес  және  басқа  мақсаттар;

    -экология  және  табиғатты  ұтымды  пайдалануды   ұйымдастыру;

    -шағын  және  орташа  бизнестi  дамыту;

    -табиғи  және  техногендiк  сипаттағы  төтенше  жағдайлардың  алдын  алу жөнiндегi  бағдарламаларды жүзеге  асыруға арналған  шығыстырды  жұмсау. 

    Бүгiнде  бюджеттi  түрдегi  қаржылық  қатынастар  екi  бағытта  қарастырылып  жүзеге  асырылуда,  бiрiншiден  экономиканы  дағарыстан  шығару   үшiн  қаржы  ресурстарын  орталықтандырылған  жүйеде  бөлiп  беру  болса,  ал  екiншiден,  жергiлiктi  басқару  органдарының  қаржы  қорларын   құру  және  пайдалануға  байланысты  құқыларын  арттыру  ақылы  iске  асырылуда.  Осы  орайда  жергiлiктi  бюджеттердiң  дербестiгi  орасан зор рол атқарады.  Бiрақ аумақтардың экономикалық  дербестiгi  абсолюттi  бола  бермейдi.  Өйткенi  қазiргi  кезеңдегi  аумақтардың  әлеуметтiк  экономикалық  дамуының  деңгейi,  елiмiздегi  нарықтық  қатынастардың  қиындықтарымен  сәйкес  келуiн  ескерсек,  көптеген  жергiлiктi  бюджеттердiң  дербестiгiн  iске  асыру   үшiн  елiмiздiң  экокномикалық қаржылық бюджеттiк  салаларындағы  проблемаларды  неғұрлым  кең заң жүзiнде  құрулармен  қамтамасыз  етудi  талап  етедi. 

     

    1.3 Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасу ерекшелікері

    Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң  салық жүйесi өте күрделi болып келедi. Бiр салықтың әр түрлi мемлекеттердегi рөлi де әр түрлi болып келедi. Мысалы, Францияда бюджетiнiң кiрiс көзiнде жанама салықтар 62%, Голландияда ол тек 41%  алады. Еуропада ең негiзгi салықтардың қатарына пайда салықтары жатады. Бұл салықтардың ставкiлерiнiң көлемi 10%-52% дейiн тараған. Мысалы, Ұлыбритания мемлекетiнде ставканың прогрессивтi әдiсi пайда көлемiне қарай 25%-35% дейiн қолданылады (11).

    Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң  көбiнде жеке тiкелей салықтардың  негiзгiсi болып – жеке тұлғалардың  табыс салығы жатады. Мемлекеттердiң көбiнде бұл табыс салығының прогрессивтi ставка жүйесi қолданылады. Еуропалық экономикалық қоғамдастық азаматтарынан табыс салығы әр мемлекеттiң тұрғылықты азаматы мен келiп-кетушi азаматтардан бiрдей көлемде алыну көзделуде. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа екi реттiк салық салуды болдырмау  үшiн қоғамдастық басқа мемлекеттерде төленген салық өз мемлекетiнде төленген салық өз мемлекетiне келген тұлғалардан қайта үстамауы керек. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекттердiң салық жүйелерi әр түрлi салық бойынша жеңiлдiктер есебiнен күрделенiп отырады. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегi салықтардың үйлесiмдiлiгi жайлы сөз қозғалғанда бiрiншi еуропалық мемлекеттердiң фискалды саясатының басты элементiнiң бiрi – қосылған құн салығы.

    1970 жылдың ортасынан бастап, қосылған  құн салық еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салық жүйесiнiң ажырамас бiр бөлiгi болып қалыптасты. Қазiргi кезде, қосылған құн салық Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салықтық үйлесiмдiлiгiнiң бiр мысалы болып табылады. 1991 жылы жазда Еуропалық зкономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң келiсiмiмен қоғамдастыққа қосылған құн салығының 15% минимальды ставкасын белгiлеудi  ұйымдастырды. Бұған дейiн қосылған құн салығының ставкасы 9%-19% дейiн әрекет ететiн. Бiрақ әлi салықтық үйлесiмдiлiкке толық қол жеткiздi деген сөз емес. Салықтық үйлесiмдiлiкке қол жеткiзудегi келесi мысал болып корпарацияның пайдасына салынатын салықты алуға болады. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң келiсуiмен корпорациялық салық бойынша ставка 30%-40% дейiн белгiленедi. Сондықтан, Германия, Франция, Грецияда әлi де корпарация пайдасынан салынатын салықтық ставкасын төмендету қажет болды. Себебi, бұл салық Францияда 42%, Германияда 50% дейiн жеттi. Ал, керiсiнше бұл салықтың ставкасы бойынша төменгi Ұлыбритания, Люксембург, Испания, Голландияда одан әрi салық ставкасын төмендетуi мүмкiн емес. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салықтық үйлесiмдiлiк бойынша  жүргiзген жұмыстар нәтижесiнде соңғы кезде көптеген салықтар бойынша ставкiлер төмендетiлдi. Салықтық үйлесiмдiлiк еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң ортақ нарық пен мақсатқа қол жеткiзу  үшiн қажеттiлiгi өте маңызды болып отыр (12).

    Германияның салық жүйесi 25.07.1990ж. қабылданған заңға сәйкес әрекет етедi.   Бұл заң бойынша салықтар федеральды және жергiлiктi түрлерге бөлiнедi. Федеральды салықтарға келесiлер жатады: акциздер, кеден баж салығы, капитал қозғалысына салық, сақтандыру салығы, жеке тұлғаның табыс салығы және қосылған құн салығы. Жергiлiктi салықтарға: мүлiк салығы, жер учаскiсiн иелену салығы, көлiк құралдар салығы, сыра салығы, жер салығы, шiркеу салығы және жергiлiктi сатудан үсталынатын салық. Мемлекеттiк бюджеттiң табыстарын және мәселелерiн бөлу федерациямен жергiлiктi органдармен ерiктi түрде  жүргiзiледi және бюджеттiң жоспарлаумен қолдану қызметтерi де өз қалаулары бойынша жүзеге асырылады. Германияда табыстарды теңестiру қызметiмен айналысатын бiрден бiр мемлекеттер қатарына жатады. Яғни жоғары табысты тұлғалар төмен табысты тұлғаларға табыстарына бiр бөлiгiн аудару процестерi жиi  жүргiзiледi. Бұл салық жүйесiнiң ұзақ уақыттар бойы қалыптасуының нәтижесi болып табылады.

    Францияда салықтар мемлекеттiк және жергiлiктi сияқты трлерге бөлiнедi. Орталық бюджеттiң бюджеттiк түсiмдерiнiң 95% дейiнгi мөлшерде қосылған құн салық, жеке тұлғаның табыс салығы, акционерлiк қоғамдарға салынатын салық, кейбiр тауарларға салынатын акциз салығы. Жоғарыда көрсетiлген салықтардың iшiнде ең негiзгiлерiнiң бiрi –қосылған құн салығы болып табылады. Бұл салықтық стандартты сатвкасы – 18,6%. Жоғарлатылған ставка 22% жеңiл автомобиль, темекi бұйымдары, парюфмерия, бағалы мех тауарларға белгiленедi. Келесi салық – акционерлiк қоғамдарға салынатын салық. Бұл салық акционерлiк қоғам ретiнде тiркелген кәсiпорындар, мекемелер, фирмаларға салынады. Бұл салықтың ставкасы Франция территориясында орналасқан барлық акционерлiк қоғамдарға бiрдей мөлшерде белгiленген салық ставкасы - 34%. Жеке тұлғалардың табыс салығы Франция мемлекетiнде прогрессифтiк әдiспен 0%-56% дейiн салынады. Жергiлiктi салықтардың iшiнде келесi салықтар ең негiзгi салықтарға жатады: құрылыс салынған учаскiге салық, құрылыс салынбаған учаскiлердiң жер салығы, тұрғын үй салығы, профессионалдық салық.Құрылыс салығын, учаскiлердiң жер салығы барлық қозғалмайтын мүлiкке, ғимараттар, құрылыс  жүрiп жатқан жер учаскiлерiне және тағы басқалар белгiленедi.

    Құрылыс салынбаған жер учаскiлерiн салығымен жерлер, ормандар жатады. Тұрғын үй салығы тұрғын үйлердiң иелерiмен қатар, олардың арендаторларынан да ұсталады. Профессионалдық салық профессионалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейдi. Бұл салықты есептеу үшiн 2 элемент көрсеткiшi жергiлiктi органдардың белгiлеген салықтық ставкiсiне көбейтiледi. Франция мемлекетiнде салық төлеушiлердi салық қызметi оргондарынан қорғау, салық салудағы табыстарын жасырғаны үшiн қатаң жауапкершiлiкпен теңдей байланыста  жүргiзiледi. Мысалы, кездейсоқ табысын жасыру немесе декларацияны толтыру кезiнде қате жiберiлген жағдайда салық толығымен алынады және жылына 9% айыппұл төленедi. Егер табыс әдейi кемiтiлген жағдайда салық екi еселiк түрде салынады. Салық заңдылықтарын айтарлықтай бұзған жағдайда, заң бойынша қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылып, ол бас бостандығынан айыруға дейiн барады. Ұлыбританияда бюджет екi толықтыруы болады: мемлекеттiк бюджет және жергiлiктi бюджет. Бұл жалғыз бiркелкi бюджет жоқ. Жергiлiктi билiк оргондарының бюджетi формальды түрде жекеленген. Бюджеттiк жүйенiң басты түрi әсiресе Ұлыбританияда бұл мемлекеттiк бюджет. Осы арқылы мемлекеттiң шамамен жалпы  ұлттық кiрiсi  үлестiрiледi. Мемлекеттiк бюджеттiң құрылымы Ұлыбритания мемлекеттiк бюджетiн қаржы жоспары ретiнде де қарастырсада болады, оның iшiнде келе жатқан кезеңге экономикалық болжау және салық салымында болуы ықтимал өзгертулер бар. Ол екi бөлiмнен түрады. Қарыздардың мерзiмiн үзарту және  ұлттық қор. Мемлекет бюджетiнiң қаржысының негiзгi бөлiмi осы шоғырлау қоры арқылы өтедi, оның iшiнде ағымдағы кiрiстер мен оларды шығындалуы көрсетiлген.

    Қарыздардың ұлттық қоры - бұл ақша қаражатын жұмсайтын бюджет,шоғырлау қорының шығысқа қарағандағы кiрiс көлемiнiң ұлғайуы ұлттық қордың - табыс бөлiмiне қосылады. Егерде шоғырлау қорында дефицит болатын болса, ол қарыздардың ұлттық қордағы ссудаларымен өтеледi. Бұл сомма Үкiмет мемлекеттiк қарызды  ұлғайтады. Бюджеттiң табыс бөлiмiнде салықтары қазiргi уақытта Ұлыбританиядағы мемлекеттiк бюджеттiң табысының 90 пайызын салықтар құрайды. Оның үстiне Ұлыбритания салықтарын қарастыру кезiнде өте мұқият болу керек, ол елдiң салықтары тұрақсыздығымен және кейбiр салық түсiмiнiң сәйкес келмейтiн баптарымен ерекшеледi. Ұлыбританиядағы кiрiс салығының құрылымы, табыс көзiне сүйене отырып бөлiктерге бөлiнген: жылжымайтын мүлiктiң табысы, мемлекеттiк облигациялар арқылы дивидендтерден алынатын табыс, шет елде жасалатын операциялар сауда табысы, зейнетақыдан алынатын табыс (13).

    Сондықтан да бiз шет мемекеттердiң тәжiрибесiн  талдай отырып, оны тиiмдi жүзеге асыра  бiлуiмiз керек. Шет мемлекеттерiнiң жеткен нәтижелерiне бiздiң де жетуiмiзге болады. Сонда ғана бiздiң елiмiздiң әлеуметтiк қал- ахуалi жақсарады деп ойлаймыз 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі