Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 10:37, курсовая работа
Осы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы
9 тамыздағы № 233 - өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.
Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі 2005
жылдан бастап Қазақстан Республикасының
облыстары мен өңірлерінде
Алайда, Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан:
Сонымен бірге, ХҚЕС-ті мемлекеттік немесе орыс тілдерінде уақтылы жарияламау бөлігінде проблемалар бар, мұның өзі ағылшын тілін меңгермеген мамандардың ХҚЕС-тің ескірген редакциясын амалсыздан қолдануға және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің қоры жаңадан бекіткен стандарттарды уақтылы пайдалана алмауына әкеп соқтырады. Осы жағдайға, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитеті қорының ережелеріне сәйкес ХҚЕСКҚ басылымдарының ешқандай да бөлігі ХҚЕСКҚ-нің жазбаша рұқсатынсыз аударылмайтыны, қайта басылмайтыны, көшірмесі алынбайтыны немесе кез келген нысанда толық немесе ішінара пайдаланылмайтыны себепші болып отыр. Министрлік пен ХҚЕСКҚ Шектелген аумақта шектелген кезең ішінде авторлық құқықтан бас тартуды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты. Шарттың негізінде Қазақстанға ХҚЕС-ті тек қана мемлекеттік тілде, Республика аумағының шегінде аударуға, басып шығаруға және таратуға құқық беріледі. Сонымен бірге, бұл проблема тек Қазақстанда ғана емес, мұндай жағдайлар ТМД-ның бүкіл кеңістігіндегі барлық мүдделі пайдаланушыларда да бар. Дегенмен, уәкілетті орган орыс тілінде жоғарыда көрсетілген ХҚЕС-қа көшу жөніндегі шартқа қосымша келісім жасасу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Сонымен
қатар, бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп беруді жүргізу бөлігінде
ақпараттық жүйені автоматтандырудың
көкейкестілігін атап өтпеуге болмайды.
Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру
жүйесі, яғни ұйым қызметінің түрлі салалары
үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі
маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде
көрсеткендей, ақпараттық жүйелер кең
қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда
оң өзгерістерге қол жеткізу әлдеқайта
жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай
енгізу бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін
арттыруға және уақтылы әрі тиімді шешімдер
қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік
есепке алуды жан-жақты автоматтандырусыз
жүзеге асырылмайды.
5. Экономиканың нақты секторы ұйымдарының
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруін
одан
әрі дамытудың
негізгі бағыттары
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалылығын арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:
5.1.
Кадрларды даярлау
және қайта даярлау
Бухгалтерлік есепке алуды реформалағанда Қазақстанда қазіргі уақытта жүргізілетін түбегейлі міндеттердің бірі бухгалтерлерді, қаржылық менеджерлерді, аудиторларды, маркетологтарды және басқа да мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Шетелдік компаниялар санының қазақстан рыногында барынша арта түсуі, бизнестің ғаламдық сипатталуы, бірыңғай еуропалық рынокты құру батыстық есепке алу жүйелелерін, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын меңгерген, батыс стандарттары бойынша оқытылған мамандарға сұраныстың көбеюіне әкеп соғады.
Нарықтық экономика жағдайларында бухгалтерлік деректер негізінен ақпараттың бірден бір шынайы көзі болғанда бухгалтер кәсібінің мәні артады, сонымен қатар оған деген талаптар әсіресе бухгалтерлік пікір қабылдау маңызды әрі шешуші болып табылатын салаларда өсті. Кәсіби бухгалтерлік білім берудің, тәжірибенің, білімнің, сондай-ақ басқару, жоспарлау, технология сияқты салаларда мұқтаждықтың арта түсуінің маңызын түсіну өсті. Бұл сол сияқты, білгірлік пен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін тұрақты қолдап отыру қажеттілігі тұрғысынан бухгалтерлердің үздіксіз кәсіби білім алуының маңыздылығын растап түсті.
Кәсіби біліктілік жұмыс беруші үшін оның иесі осы кәсіпке қойылатын барлық қазіргі заманғы талаптарға жауап беретініне кепіл болады деген сөз. Осындай біліктілік иесінің мансаптық өсуде басқа қызметкерлердің алдында елеулі басымдығы болады.
Қазақстан Республикасының Президенті кезекті Жолдауында «еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Қазақстанның халықаралық рыноктарда бәсекелестік қабілетін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын» ескереді. Осыған байланысты халықаралық стандарттар бойынша қызметтерді ұсыну сапасын жедел арттыру қажет.
Бүгінгі таңда ХҚЕС-қа сәйкес бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жасауда ақпаратты қалыптастыру принциптерін түсінетін, бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің, қаржылық есеп беруді дайындау мен аудитінің қазіргі заманға сай дағдысы бар білікті бухгалтерлер мен аудиторлардың жеткілікті санын дайындау міндеті тұр.
Бұл ретте бухгалтерлік есепке алу мен есеп берудің сапалы жүйесі экономикалық шешім қабылдаған, атап айтқанда осыған байланысты капиталды инвестициялау және тәуекелдерді талдау бағыттарын анықтаған кезде оны пайдалану мұқтажы және дағдысы бар бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудегі қалыптастырылатын ақпаратқа мүдделі пайдаланушылардың жеткілікті санының болуын қажет етеді. Мүдделі пайдаланушылардың бар болуы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамытудың маңызды алғы шарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Жолдауында төртінші басымдық ретінде қазіргі заманғы білім беруді дамытуды, кадрлардың біліктілігін үздіксіз арттыру мен қайта мамандандыруды және Қазақстан халқының мәдениетін одан әрі гүлдендіруді анықтады.
Қазақстанның нақты бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін маңызды аспаптардың бірі қалыптастыру реформасы болып табылады. Осы мақсаттарда экономикалық және қоғамдық жаңғырту мұқтаждықтарына сәйкес келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесіне қажеттілік көрсетілді.
Бухгалтерлік есепші жүйесінің ХҚЕС-ға бекітілген принциптеріне көшуі оқыту бағдарламаларын қамтитын мониторинг жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыруды, кадрларды, есепке алу қызметкерлерін, экономканың сабақтас саласындағы мамандарды (аудиторларды, қаржыгерлерді) даярлау және қайта даярлау процесіне өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты білім беруді реформалау шеңберінде білім беру ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын қайта бағдарлау, бухгалтерлік есепке алуға және бухгалтерлердің түрлі санаттарының аудитіне оқытылатындар үшін ХҚЕС бойынша оқу-әдістемелік жасақтаудың (ОӘЖ) үлгілік жинақтарын, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды ХҚЕС-ты терең зерделеуге және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға дайындау бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізу қажет.
Қаралып отырған саладағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру процесінің мазмұнын анықтаған кезде, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру, аудит мақсаттары үшін шаруашылық өмір фактілерінің мәнділігін (елеулілігін) анықтаған, құндық жағынан өлшеген, саралаған және бағалаған кезде кәсіби пірікдің деңгейін әзірлеуге ерекше назар аударылуы тиіс.
Бухгалтер кәсібі дамуындағы қазіргі заманғы сатыда өзінің кәсіби деңгейін үздіксіз арттырып отыруды талап етеді. Бухгалтер кәсібі соңғы жылдары іскер және кәсіби ортада «кәсіби бухгалтер» атағын алған жаңа терең мағынада білдіріледі. Бұл ретте Халықаралық бухгалтерлер федерациясы ұсынған кәсіби бухгалтерлер рөлін, функциясын және міндетін түсінуден бастау керек. Осындай түсінік қана қазақстандық бухгалтерлік және аудиторлық кәсіпті халықаралық тануды қамтамасыз етеді. Осылайша, қазақстан аудиторы қол қойған қазақстандық бухгалтерлік сертификатты немесе аудиторлық қорытындыны рыноктың толық бағалауына есептеуге болады.
Өзге
шаралардың арасында «кәсіби бухгалтер»
атағына нақты мағынаны мамандарды
аттестаттаудың және олардың біліктілігін
арттырудың тиімді жүйесі береді. ХҚЕС-ты
терең білмей ХҚЕС-қа ойдағыдай көшу мүмкін
еместігін тәжірибе көрсетті. Осыған байланысты
Қазақстанда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымдарды акредиттеу жүйесін
құру мәселесін мемлекеттік деңгейде
шешу «Бухгалтерлік есепке алу және
қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының жобасында көзделген.
Кәсіби аттестаттау кәсіби жарамдылығын,
білімдері мен дағдыларының қазіргі заманғы
деңгейін, кәсіптің жағары этикалық нормаларын
ұстануды растау құралы түрінде қаралады.
5.2.
Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің
бухгалтерлік есепті
жүргізу тәртібін оңайлату
Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет. Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы уақытта өзіміз білетін, осы күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін белсенді жетілдіру процесі жүріп жатыр (ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы жоқ). Осыған байланысты ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді ірі кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды.
Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар болып табылады, оларға мыналар жатады:
- қаржылық ұйымдар;
- акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді қоспағанда);
- жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа);
- жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар (жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда).
Мемлекет басы мен ҚР Үкіметі қойған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тапсырмаға сәйкес патент немесе біржолғы талон бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді міндетті түрде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің толығымен босату және қалған кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың түрлі тәртібін қолдануы мақсатында санаттар бойынша бөлуді белгілеу қажет.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есеп беруді жасауды жүзеге асыру үшін былайша бөлу ұйғарылады:
1.
шаруашылық қожалығын,