Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 19:06, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.

Содержание

Кіріспе
I-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
1.1 Әлемдiк экономиканың үрдiстерiн талдау
1.2 Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары
1.3 Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi
1.4 Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар
1.5 Қазақстанның инвестициялық қоры
1.6 Қазақстанның Даму Банкi
1.7 Инновациялық қор
1.8 Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

ЭМР.docx

— 50.90 Кб (Скачать документ)

   өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету  жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы  мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;

   қосылған  құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк  қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;

   тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты  бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;

   қандай  да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден  және преференциялардан бас тарту;

   индустриялық  саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды  қалыптастыруға бағытталуы.

   Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика  құрылымында түбегейлi сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде  алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

   Барлық  әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде  экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы  салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа  бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

   Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы  кәсiпкерлер үшiн жұмыс істеп  тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды.

   Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi деңгейдегi банктер және құрылатын  инвестициялық мемлекеттiк даму институттары осындай ұсыныстарды  жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-қатынаста  ықтимал iске асыру мақсатында арнайы әдiстемелер негiзiнде оларға талдау жасайды. Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының  заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға  қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк  сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде  бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың  дұрыстығын көрсеттi.

   Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей  қаржылық қолдау көрсете алмайды  және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ  экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн  арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге  қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк  және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы  болуы мүмкiн және болуы тиiс.  

    1. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау  әдiстерi
 

   Әлемдiк  тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы  мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық  орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәттi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы  отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған  басқа да елдерде бар.

   Қазiргi Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке сектормен  ынтымақтасу саясатын жүргізуде.

   Дүниежүзiлiк  Банктiң зерттеулерi мемлекеттiк  индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестiруге, iскерлiк  ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкiн  екендiгін көрсеттi.

   Инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамалар

   Жеткiлiктi дамымаған рынок жағдайында фирмалардың  өндiрiстiң кеңеюiне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнiмге  сұраныстың көлемiн бағалауға мүмкiндiгi болмайды. Мемлекет инвестицияларды  үйлестiру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бiрлесiп  жүзеге асыру кезiнде ғана компанияларға  пайда түсiредi.

   Инвестицияларды үйлестiрудiң осы үлгiсiн қолдану  мемлекеттiк және жеке институттарда  белгiлi бiр әлеуеттiң болуын көздейдi, оған көптеген дамушы елдердiң қолы жетпейдi.

   Іскерлік  ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi бастамалар

   Іскерлiк  ынтымақтастық жөнiндегi белсендi мемлекеттiк  саясат шеңберiнде бастамалар кәсiпкерлермен мынадай бағыттарда iскерлiк қарым-қатынасты  нығайтуға тiкелей бағытталуы мүмкiн:

   сатып алушылардың мамандандырылған санаттары  жаңа нарықтық орындарды қалыптастырады және өнiм стандарттары бойынша ақпарат  көзi болып табылады;

   жабдықтарды жеткiзушiлер олармен бiрге өндiрiстiк  тәжiрибе жинайды;

   ресурстарды жеткiзушiлер өндiрiстiң жаңа идеялары мен әдiстерiнiң пайда болуына  ықпал етедi, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзi болып табылады.

   Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен  ресурстарды, қызметтер көрсетудi жеткiзушiлер  топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа да мамандандырылған ұйымдар сол бiр аймақтың шеңберiнде  бiрлесiп жұмыс iстейдi.

   Рыногы  жеткiлiктi деңгейде дамымаған елдерге  рынокты тереңдетудiң және iскерлiк  ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесiн қозғалысқа келтiру үшiн  ұйытқы (өзiнiң табиғаты жағынан ол мемлекеттiк немесе жеке болуы мүмкiн) қажет болуы мүмкiн.

   Рынокты алмастыру 

   Бұл көзқарас үкiметтiң рынокты толық  ығыстырып шығару әрекеттерiмен  байланысты. Өнеркәсiптiк өсуге серпiн  беру үшiн мемлекеттер нарықтық бағалауды  ақпаратпен және мемлекеттiк секторда жинақталатын бағалармен ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемiстi бола бермейдi.

   Филиппиннiң 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжiрибесi жеке кәсiпкерлердiң беделдi топтары  үкiметке күшті ықпал еткен  кезде не болуы мүмкiн екенiн  көрсеттi.

   Өзiнiң  одақтары үшiн ел iшiнде бизнес жүргiзу үшiн жаңа мүмкiндiктер туғызу ниетiмен 1979 жылы Филиппин үкiметi $5 миллиард сомаға "ipi индустриялық жобалардың" жаңа Стратегиясы туралы хабарлады (олардың  барлығы капиталды көп қажет  ететін ауыр өнеркәсiпте жүзеге асырылды). Бiр жылдан кейiн Стратегия қарсыластарының қысымымен үкiмет осы жобаларға қайтадан экономикалық және қаржы сараптамасын жүргiзуге келiстi. Көп кешiкпей бұл процеске саяси және қаржы қайшылықтары өз ықпалын тигiздi. 1987 жылдың соңына қарай алғашында ұсынылған жалпы құны $ 4 миллиард болатын ($ 5 миллиардтан) он бiр жобаның бесеуi жүзеге асырылмайтын жоба ретiнде тоқтатылды. Тұтастай алғанда жалпы құны $ 800 миллион болатын төрт жоба ғана пайда әкелдi.

   Әлемдiк  тәжiрибенi ескере отырып, Стратегияны iске асыру кезiнде инвестицияларды  үйлестiру және iскерлiк ынтымақтастықты  дамыту жөнiндегi бастамаларға баса көңiл  аударылатын болады. Қаржылық қолдау үлестiк қатысу қағидаттары негiзiнде  ғана даму институттары арқылы көрсетiлетiн  болады. Бұл ретте жеке сектор, оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктер негiзгi тәуекелдердi өз мойындарына алатын болады.

   Мемлекет  қосылған құнның технологиялық және экономикалық тiзбегiн (ҚҚТ) дәйектiлiкпен дамыту арқылы бәсекеге қабiлеттi өнiм  шығаратын өндiрiс орындарының  бiртұтас жүйесiн құруға бағытталған  жобаларға Даму институттары арқылы қатысатын болады. Бұл бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң барлық өлшемдерiне сәйкес келетiн  түпкi өнiм үшiн жұмыс iстейтiн көп  салалы кәсiпорындарды құруға мүмкiндiк  бередi.

   Қазiргi әлемдiк практикада экономика салаларын  ҚҚТ ретінде қарастыруға негiзделген  дамыту стратегиясын әзiрлеу және талдау әдiсi жасалған және кеңiнен қолданылады.

   Бұл әдiстiң мәнi әрбiр саланы түпкi өнiмнiң  құнын ретiмен қосып отыратын өндiрiстер тізбегi ретінде қарастыруға  болатынына келiп саяды.

   ҚҚТ арқылы салаларға талдау жасау әдiстемесi тiзбекте қозғалысқа келтiретiн немесе онда басым күштерге байланысты ҚҚТ-ның  екi негiзгi түрiн бөлiп көрсетедi. Осыған байланысты ҚҚТ құрылымдық тұрғыдан алғанда тiк және көлбеу тiзбектер  болып бөлiнедi.

   ҚҚТ көлбеу құрылымдарындағы экономикалық белсендiлiк, әдетте, бiр компанияның  шеңберiнде шоғырланады. Мәселен, бiр  компанияның өзi-ақ шикiзат өндiредi, оны ұқсатады, өз бетiмен қосалқы  бөлшектер шығарады және өнiмдi жинайды.

   ҚҚТ көлбеу құрылымдарында белсендiлiк  көптеген шаруашылық жүргiзушi субъектілерi бойынша бiрдей етiп бөлiнген: компаниялардың бiреуi өнiмнiң дизайнымен айналысады, басқалары жинақтаушы бөлшектерiн  шығарады, үшiншiлерi оларды жинайды.

   Әдетте, өндiрушiлер басым жерде ҚҚТ  тік құрылымды болады, ал сатып  алушылар басым жерлерде көлбеу құрылымды  болады.

   Тұтастай  алғанда, кiм ҚҚТ-ға барынша әсер етсе, ең үлкен қосылған құнды сол  алады.

   Автомобиль  саласының қазiргi ҚҚТ автомобильдiң  қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiн  шығарушылардан, автомобильдi әзiрлеп шығаратын (дизайн) және жинайтын кәсiпорындардан, сондай-ақ дистрибьюторлардан тұрады. Бұл ретте машиналар жинайтын кәсiпорындар тiзбекке негiзiнен ең жоғары қосылған құнды алу нысанында барынша зор ықпал етедi.

   Киiм  тiгу ҚҚТ сатып алушылық ҚҚТ-ның  айқын мысалы болып табылады. Ол дизайнерлiк фирмалардан, көтерме  бағамен сатушылардан, бөлшек сауда  дүкендерiнен, тоқу фабрикаларынан, шикiзатты  өндiрушiлер мен өңдеушiлерден және киiм тiгу фабрикаларынан тұрады. Осы  тiзбекте дизайнерлiк фирмалар және көтерме бағамен сатушылар төтенше  роль атқарады. Олар ең жоғары қосылған құнды алады, сол арқылы ненi өндiру керектiгiн анықтайды.

   Кейбiр  елдерде халық табысының өсуi, тауар өндiрушiлерге қойылатын  экологиялық және басқа да талаптардың  күшейтілуi қосылған құнды орналастыруға  елеулi әсер етедi. Мысалы, Гонконгте  жалақының елеулi өскенiне және киiм  мен аяқ киiм шығару индустриясында өзiнiң бәсекелестiк артықшылығын жоғалтып алғанына қарамастан, ел ҚҚТ-дан  шығып қалған жоқ. Себебi АҚШ-қа киiм  мен аяқ киiм жеткiзуге квота  алуда Гонконг компанияларының  тәжiрибелерi мен қажеттi байланыстары бар. Егер АҚШ үкiметi квоталарды жойса, қытай компаниялары өнiмдi тiкелей  жеткiзумен айналысар едi.Қазақстан  жағдайында өздерiнiң құрамында кендi өндiрумен, оны байытумен, бастапқы және қайталама металл, iлеспе элементтер (алтын, күмiс, сирек жер металдары) шығарумен айналысатын өндiрiс орындары бар "Қазақмыс" ААҚ және "Қазмырыш" ААҚ ҚҚТ-ның тiк құрылымының жарқын мысалы болып табылады. Алайда ҚҚТ осымен үзiлiп қалады. Бұдан кейiн өнiмдi өңдеу басқа елдердiң компанияларында жүргiзiледi, оларға аталған кәсiпорындар ресми түрде қатыспайды, бұл олар алатын қосылған құнды едәуiр азайтады.

   "Қазақстантрактор" ААҚ ұтымсыз өндiрiстiң мысалы  болып табылады. Бұл кәсiпорын  шынжыр табанды тракторлар құрастыру  үшiн негiзгi тораптарды басқа  кәсiпорындардан сатып алу қағидаты  бойынша ұйымдастырылған. Бұл  ретте ол осы жинақтаушы тораптар  мен бөлшектердi өзiнiң бәсекелестерiнен  сатып алады. Сайып келгенде, трактордың  түпкiлiктi бағасы бәсекелестерiнiкiнен  үнемi жоғары болып шығады.

   Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру үшiн ықтимал  бәсекелес өндірістердi, оның iшiнде  әлемдiк рыноктардың даму үрдiстерi мен жеке сектордың бастамаларын ескере отырып, экономикалық ҚҚТ-не құратын  экспортқа бағдарланған өндiрiстердi айқындау мақсатында экономика салаларының  даму деңгейiне кезең-кезеңмен талдау жасап тұру қажет.

   Сонымен бiрге Қазақстан салалық ҚҚТ-ларда  өзiнiң орнын табу мақсатында әлемдiк  және өңiрлiк рыноктарды зерттеудi күшейтуi қажет. Бұл мiндет әлемдiк экономикаға, оның iшiнде тiптi шикiзат секторына  қосылуды басынан бастауға тура келетiнiмен  қиындай түседi.

   ҚҚТ бүкiл тiзбегiн қайтадан қалпына  келтiрудi көтермелеудiң қажеттiлiгi бола қоймас, тек қосылған құны барынша  жоғары элементтердi немесе әлемдiк  рыноктарға шығуға және қосылған құны барынша жоғары экономикалық белсендiлiктерге одан әрi қадам басуға мүмкiндiк беретiн  элементтердi ғана көтермелеу керек.

   Осыған  байланысты мемлекеттiк қолдау қазiргiдей  ҚҚТ жекелеген элементтерi бойынша iшiнара емес, оның барлық негiзгi элементтерi бойынша кешендi түрде көрсетiлуi тиiс. Басқаша айтқанда, қолдау жеке алынған кәсiпорынға немесе салаға емес, тiптi әртүрлi салалардағы, бiрақ  бiрыңғай ҚҚТ шеңберiнде өзара  байланысқан салалардағы барлық немесе негiзгi кәсiпорындар бойынша  көрсетiлуi керек. Мемлекеттiң үйлестiрушi және жоспарлаушы қызметi осымен тұжырымдалмақ.

   Экономика салаларына және әртүрлi өндiрiстерге ҚҚТ  әдiстерiн ескере отырып талдау жасау  үшiн Маркетингтiк-талдама зерттеулерiнiң  орталығы құрылатын болады. Орталықты  құруға рыноктар маркетингi және оларды терең зерделеу саласындағы консалтингтiк  қызмет көрсетудiң отандық нарығының  туындауы мен қалыптасуының бастапқы сатыда тұрғаны, талдау зерттеулерi шығыстарының шамадан тыс жоғары екенi және жеке сектордың әлемдiк деңгейде жүзеге асырылатын рынокты талдау зерттеулерiне зәрулiктi бастан өткеруi түрткi болып  отыр. Мемлекет орталық құра отырып осы саланың қарқынды дамуына  едәуiр серпiн бередi. Консалтингтiк  қызмет көрсетудiң отандық рыногының  өсуi және қалыптасуы бойынша орталықтың мемлекеттiк ретiндегi қызмет етуi орынсыз  болады және ол 3-тен 5 жылға дейiн  орта мерзiмдi перспективада жекешелендiрiлетiн  болады.  

Информация о работе Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы