Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:49, реферат
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік, медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан сақтандыру сияқты түрлері бар. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақсатнда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік, медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан сақтандыру сияқты түрлері бар. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақсатнда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.
Мұнда мемлекетке төленетін әлеуметтік салықтың үш пайызын құрайтын бөлігі ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енген уақыттан бастап 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 822 542,1 мың теңгені құрады. Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:
Зейнеткерлік жасына жеткен ел тұрғындарын лайықты өмір мен жеткілікті зейнетақымен қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың үлкен міндеттерінің бірі. 1998 жылдан бастап зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады: ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру); жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру). Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату. Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге – 63 жас, ал әйелдерге – 58 жас [15].
Әлеуметтік көмек алуға құқылы азаматтар:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
- жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар
- Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан шебінде кем дегенде алты ай жұмыс істеген және ерен еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар
- 1, 2, 3 топ мүгедектері
- 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
- жасы бойынша және еңбек тәжірибелері бойынша зейнеткерлер
- күш құрылымдарының зейнетақысын алушылар (Қорғау министрлігі, Ішкі істер
министрлігі, Ұлтты қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі, Республикалық гвардия)
- Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі сіңгені үшін зейнетақы алатындар
– 18 жасқа толмаған төрт немесе одан да көп балалары бар көпбалалы отбасы және балалар үйінің түлектері;
- екі ата–анасынан да немесе бір ата–анасынан
айырылған жетім балалар
- жұмыссыз азаматтар
- жалпы табысы өмір сүру деңгейінен кем түсетін аз қамтамасыздандырылған азаматтар
Тұтынушыға мемлекет тарабынан көрсетілген қызметтің нәтижесі:
- жеке шоттарына ақша қаражатын салу арқылы әлеуметтік көмек беру
- сонымен қатар, төмендегідей тегін қызмет түрлерін көрсету арқылы әлеуметтік көмек беру:
- қалалық жолаушылар көлігінде тегін жүру
- тегін дәрі–дәрмекпен қамтамасыз ету
- мерзімдік басылымдарға тегін жазылу
- тегін тіс протезін қою (қымбат металдардан жасалған протездерден басқасы)
- мереке және басқа да атаулы күндерге қарсы әлеуметтік көмек.
ҰОС қатысушылар мен мүгедектерді жерлеуді ұйымдастыруға әлеуметтік көмек көрсетуге деген өтініш өзіндік үлгіде беріледі.
Әлеуметтік көмек көрсетудің басқа жағдайларында өтініш пен құжаттар тапсырудың керегі жоқ.
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгенінен бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қызмет етуінің алғашқы екі жылында (2005 және 2006 жылдар) әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептегенде әлеуметтік аударымдар есептеу обьектісі ретінде есептелген орташа айлық табыс әлеуметтік тәуекел жағдайы туған айды қоса есептегенде әлеуметтік тәуекел жағдайы туған сәтке дейінгі күнтізбелік айлар санына бөлу арқылы есептелінді. Ал, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа айлық табысы тәуекел туған айға дейінгі соңғы 24 күнтізбелік айдағы әлеуметтік тәуекел жағдайы туған айды қоса алғанда (осы кезеңдегі әлеуметтік аударымдарда үзіліс болғанына байланыссыз), егер осы ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түссе айлық табыстарды қосып, нәтижесін жиырма төртке бөлу арқылы есетеледі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына Қордан 2005 жылдан бастап 3 түріне, яғни еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда; асыраушысынан айырылған жағдайда және жұмысынан айырылған жағдайда, ал 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жүктілігі мен босануына, жаңа баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда, Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер төленуде:
1) Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда-егер әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға-медициналық-әлеумет
Ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысты Қазақстан Республикасынның заң актілерінде белгіленген ең төмен жалақының 80 пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың, еңбек ету қабілетінен айырылу мен қатысу стажының тиісті коэффициентеріне көбейту арқылы айқындалады.
2)Асыраушысынан айырылған жағдайда- қайтыс болған (сот хабар ошарсыз кетті деп таныған немесе, қайтыс болды деп жариялаған жағдайда) әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының отбасы мүшелеріне тағайындалады.
Ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысты Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төмен жалақының 80 пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру, асырауындағы адамдар санының және қатысу стажының тиісті коэффициентеріне көбейту арқылы айқындалады.
3) Жұмысынан айырылған жағдайда- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде ресми тіркеуге өтініш берген күннен тағайындалады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы 24 ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициенттеріне және қатысу стажының коэффициентеріне көбейту арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, осы заңға 2008 жылдың 1 қаңтардан бастап өзгерістер мен қосымшалар енгізіліп, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы ( балаларды) асырап алуына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленуде және әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталынып және ол алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіліп отырылады.
4) Жүктілігі мен босануына, жаңа баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда- Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалып, бір рет төленеді және әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда алынған орташа айлық табысты (әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс) қалыпты босанған жағдайда 4,2, ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 4,7, ал, ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 және жаңа туған баланы асырап алған жағдайда 1,9- коэффициенттерге көбейту арқылы анықталады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын Қорға әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады. Егер әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынға табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық болса, онда табыс ретінде қаралып отырған кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген табыс алынады.
5) Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда- төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін, егер екі және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеуде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлген табыстың 40 пайызынан айқындалады.Әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің 40 пайызынан аспауы , ал ең төменгі мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жергілікті мекен жайдағы зейнетақы төлеу орталығының бөлімшесіне өтінішіңізбен қоса тиісті құжаттарыңызды тапсырыуңыз қажет екендігін түсіндіреміз.
Үй шаруашылықтарының ақшалай табыстарына сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік трансферттерді - зейнетақыларды, жәрдемақыларды және түрлі деңгейлер бюджеттері мен бюджеттен тыс қорлар қаражаттарынан төленетін басқа төлемақыларды жатқызады.
Қазіргі кезде халықты әлеуметтік қорғаудың төрт деңгейлі жүйесі қалыптасқан:
Үкіметтік бағдарламалармен халықтың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша нысандары қарастырылған. Мәселен, кедейлікті жою және әлеуметтік-демографиялық жағдаятты жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен 2005 жылдан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақылар енгізуді, ал перспективада отбасынының табыстарына қарай балалардың жәрдемақылар төлеуді қоса, балаларды қорғаудың біртұтас жүйесі жасалуда.
Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.