Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:09, курсовая работа
Ақша реформасы мемлекеттің билігі мен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның бір белгісінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Ақша реформасы капитализм жағдайында буржуазиялық мүддесі үшін жүргізілді, оның ақыры халықты қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкелді. КСРО және басқа да социалистік елдер еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды, ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл – ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шараларды жүргізуден байқалады.
Кіріспе.
1. Ақшаның мәні және түрлері.
1.1 Ақша реформасының қажеттілігі мен түрлері.
2. Қазақстандағы ақша реформалары.
1922 жылғы ақша реформасы.
2.1 1947 жылғы ақша реформасы.
2.2 1961 жылғы ақша реформасы.
2.3 Теңге – тұрлаулы валюта.
2.4 ҚР 1993 жылғы ақша реформасы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Екіншіден, ақша айналымына жүйелі түрде көп мөлшерде ақша шығару да ақша жүйесінің бұзылуына әсер етіп отырды. Оккупацияланған аймақтарда ақша шығаратын эмиссиялық орталықтар пайда болды. Сонымен қатар кейбір үкімет орындары да өз алдына ақша шығарымен шұғылданды. Нәтижесінде қағаз ақша мөлшері көбейіп тауар бағасы өсіп отырды.
Елдегі шаруашылықтың күйзелуін азық – түліктің, тауарлардың жетіспеушілігін және Кеңес үкіметін сақтап қалуға жұмсалған әскери шығындарды өтеу үшін және халық шаруашылығын қалыпына келтіру үшін еңбек өнімділігін арттыратын шараларды іске асыру қажет болды.
1921 жылғы наурызында болған РКП(б) – ның Х съезінде жаңа экономикалық саясат қабылданды. Онда шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік алды. Қаламен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсақ өнеркәсіпке арласуына жол берді. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921 жылғы қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Бұл Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізүдің экономакалық алғышарттарына жаңа экономикалық саясат жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп салаларындығы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі бидай, мақта тауар айналымының артуы жатты. Осы кездегі ақша реформасының мазмұны екі кезеңде жүргізілді.
1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда Мемлекеттік банк бағасы 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бұл червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы ( 7,74234 грамм алтын) 10 рубльге теңесті. Червонецтерді кәсіпорындарда вескельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігінен байланысты чераонецтерді шығаруға мүмкіндік берді. Червонецтер ірі ақша болғандықтан олар көбіне көтермен шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымына қызмет еттілді. Шын мәнінде елде екі валютаны қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мемлекеттік банктің несиелеу барысында шығарған червонецтер және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған Кеңес ақшасының белгілері екі валютаның қосарлы айналысы – халық пен елдің экономикалық жағдайына қатты әсер етті. Шаруалар өздерінің өнімдерінің құнсыз Кеңестік ақша белгілеріне сатқылары келмеді. Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян келтірді. Червонец қаланың валютасы болып, іс жүзінде ол ауылға жетпеді. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті.
Ақша реформасы 1922 жылдың қазанынан басталып 1924 жылдың наурызында аяқталды. Оның негізгі маңызы елдегі ақша жүйесін қайта құру. Реформаға дейін бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында қағаз ақша шығарылса, енді тауарлармен және алтынмен қамтамасыз етілген несие ақшалар шығарылатын болды.
Айналымдағы ақшаның тез көбеюіне қарамастан 1924 – 1925 жылдары ақша массасы төрт есе өсті. Ақшаның сатып алу мүмкіндігі тұрақтанды, яғни елдің экономикасының нығаюына оң әсер етті. Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып, Ұлы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қатаң басуға мүмкіндік жасады.
2.1 1947 жылғы ақша реформасы.
Соғыс зардаптары өмірдің барлық саласын күйзелткен. 40 - жылдарды екінші жартысы мен 50 – жылдардың басы КСРО
азаматтарының басым көпшілігі үшін аса ауыр кезең болды. Осыған қарамастан аға ұрпақ өкілдері арасында сол уақытты ризашылық сезіммен еске алып кейде оны “Алтын ғысыр” деп атаушыларды табылады.
Шындығында да, 1947 жылғы желтоқсанда карточка жүйесі және еңбекшілерді азық – түлік және өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз еру жойылды. Сол жылы ақша реформасы жүзеге асырылды. Негізгі өнімдердің, нан және бидайдан жасалған өнімдердің, еттің, өнеркәсіп өнімдерінің бағасы арзандады, кооперативтік сауданың даму нәтижесінде базар бағасы төмендеді. Ақша реформасы екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан басқа елдерде де өткізілді. Бірақ, дүние жүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден бір валюта тек рубль ғана болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубльмен бағаланып, несиелер рубльмен өлшенді.
Ұлы Отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, 27 млн. адам өмірін қиды, елдің ұлттық байлығының 30 % жойды. Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды. Мемлекеттік бюджеттің кемшілігі ақша эмиссиясымен толықтырылды, бұл айналыстағы ақша массасын өсірді. Тұтыну тауарларын өндіру мен оны сауда орындарынна түсіру қысқарып отырылды. Халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін оларды бөлудің картоякалық жүйе енгізілді, белгілі бір норма бойынша соғысқа дейінгі тұрақты бағамен, ал нормадан артығы нарықтық бағамен сатылды. Ақшаның көптеген мөлшерінің саудагерлердің қолына шоғырлануы ақшаның сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Осы кемшіліктерді жою үшін, біріншіден, мемлекеттік тауар ресурстарының белгілі бір мөлшерін қалыптастыру, екіншіден, бір уақытта артық ақшаны айналымнан шығару, үшіншіден, бюджеттің енгізгі қаржы жүйесін нығайту қажет болды. Мұның барлығы 1947 жылғы ақша реформасын жүргізуге материалдық және қаржылық мүмкіндік туғызды. Ақша реформасы 1947 жылдың 16 желтоқсаннында айналымға жаңа үлгідегі сом шығарылды; екіншіден, ескі қолма – қол ақша жаңа үлгідегі ақшаға 10 – ның 1 – ге арақатынасымен айырбасталды, майда тиындарп айырбасталмай, бұрынғы құнымен айналымда қалды; үшіншіден, ақшаны айырбастауды мемлекеттік банк бір апта мерзімде өткізді, алыс аудандарда екі аптада өткізілді; төртіншіден, бұрынғы шығарылған мемлекеттік облигицияларының жағдайларын, мерзімін, төленетін процент мөлшерін өзгертіп, жаңасына айырбастады. Қорыта айтқанда, 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде халық жалақысын және басқада табыстарын жаңа ақшамен алды, халықты карточкамен жабдықтау жүйесі жойылды. Мемлекеттік бөлшке сауда ашық шектелмей біртектес бағамен жүргізілді. Нанның және кейбір азық – түліктердің бағасы карточкалық бағамен салыстырғанды 10 – 12 % арзандатылды. Колхоз базарындағы азық – түліктің де бағасы төмендетілді. Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудің бірінші бесжылдық жоспары артығымен орындалып, ақша реформасынан кейінгі жылдарда тауарлардың бағасы төмендетілді.
2.2 1961 жылғы ақша реформасы.
Ақша реформасы мен карточкалық жүйенің жойылуы-
ның экономикаға маңызы орасан зор болды, шаруашылық-та ақшаның мәні көтерілді, совет сомының құны толығынан қалпына келтірілді. КСРО Жоғарғы Советінің қаулысына сәйкес КСРО Мин.Советі 1960 жылы 4 мамырда “Бағалардың масштабын өзгерту және осы күнгі айналыстағы ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы” қаулы қабылдады. 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап айналысқа құны 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 сомдық ақша билеттерінің жаңа үлгісі шықты және 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 тиындық ұсақ ақша, сондай-ақ 50 тиындық және 1 сомдық күміс ақша шығарылды. Сомның алтын бағамы таза алтынның 0,222168 граммынан 0,987412 граммына дейін артылды, яғни Американың 1 доллоры жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды. Осымен байланысты барлық ескі ақша жаңа ақшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Осы есеппен барлық тауарлардың бағалары, еңбекақы мен басқа табыстар, жинақ кассаларындағы аманат ақша, мемлекетттік үш проценттік ішкі ұтыс заемы облигация – лары өз құны қайта есептелді.
Баға масштабын ірілендіру нәтижесінде ақшаның сатып алу мүмкіншілігі он есе ұлғайып, халықтың табысы, зей- нетақысы сонша есе азайды. Тек ақша есебі жеңілдетілді.
Баға масштабын ірілендіру ақша есебін дың техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттернінің пішімдері шағын болып келуі, оларды айналысқа қолайлы етті. Баға масштабын ірілендіру мен бірге рубльдің алтындық құрамын көтерді және оның шет ел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. Рубльдің жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзілік бағасын тауарлар бағасымен теңестіріп, мемлекеттік бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта есептеулерді қалпына келтірілді.
1964 жылы экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкінің құрылуымен байланысты, 1991 жылға дейін экономикалық өзаракөмек кеңесіне мүше елдердің арасында көп жақты клирингтік есеп айырылысулар үшін қолданылатын ақша бірлігі - аудармалы рубль енгізілді.
Ақша реформасына мемлекеттің билігі мен ақша жүйесінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның жаңа түріне ауыстырылуы жатады. Кеңес Одағы тұсында үш рет – 1922 – 1924, 1947, 1960 жылдары ақша реформасы енгізілді.
2.3 Теңге – тұрлаулы валюта.
Қазақстанда 1991 жылы тәуелсіздік жарияланғаннан кейін кеңестік кезеңде құрылған Үкіметіміз экономикалық әлеуетті сақтап қалуға тырысты. Дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданды. Оның материалдық және қаржылық базасы бар еді. Себебі республика шетелге сатып - өткізетін экспорттық тауарларға, шикізат өнімдеріне, атап айтқанда, мұнайға, металл мен астыққа ие болды. Алайда, энергия тасымалдаушылар мен ауыр өнеркәсіп өнімі әлемдік рынакта сұранысқа ие тұғын. Сөйтіп, біз бұрынғы социалистік елдермен ежелгі сауда – саттық байланыстарының орнына өз тауарларымызды сатып - өткізудің жаңа арналарын таба алар едік. Мұның орнына ең үздік кәсіпшіліктер мен өндірістер шетелдіктерге сатылып кетті.
Біз жекешелендірудің заңға кезең – кезеңмен жүргізілуі үшін ұмтылдық. Экономиканың бастапқы салаларын, шикізат- ты қазып алу мен өңдеуді мемлекеттің қабылдауында. Ал, саудада сұраныс пен ұсыныстың тетіктерін пайдалана отырып нарықтық қарым – қатынастарды дамыту көзделген.
Біздің сол кездің өзінде өз өніміміздің Қытайға, Иранға және басқа да елдерге сата алғанбыз. Мұның орнына Қазақстандықтардың еңбегімен жасалған материалдық құндылықтар талан – таражға салынды. Кәсіпорындардың активтері су тегін сатылды, еліміздің экономикасы күйрей бастады, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпті тоқырау жайлады. Халық шаруашылығының тұтас бір салалары шетелдік компаниялардың қолдарына тапсырылды.
Осы себептердің салдарынан мемлекеттік қаржылық жүйесі күйрейтіндей қауіп төнді. Сондықтан да рубльдік аймақтан шығу сәтіне алдын – ала ұлттық валютамен қордаланатындай шешім шығарылды. Теңгеге даярлдық Жоғарғы Кеңесте жүргізілді. Сол кезеңде экономикалық реформалар комитетінің республиканың бұрынғы мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы басқарды. Ұлттық банк теңгенің дизайнын әзірлеу үшін “Қазақстан дизайн орта- лығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің суретшілерін тартты. Портретсіз, күрделі қазақ ою - өрнекті банкноттар, долларға, голландық валютаға ұқсастау купюрлар болды. Соңғы нұсқаны суретшілер портреттерді салып әзірледі. Олар тарихшылармен кеңесіліп, таңдап алынды. Іс барысында “теңге” атауы туды. 1992 жылы теңге дизайндағы тарихи қайраткерлердің тұлғалары мұрағат құжаттармен салғастырыл – ды, олардың портреттерін Ғылым Академиясы мойындау керек болды. Ұлы тұлғалардың көпшілігі таныс, тәрбиелік, тарихи – саяси қырлары да бар.
1993 жылға дейін айналыста Кеңес рублі болды, сонан соң Ресей жаңа рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.
2.4 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша
Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасының жүргізудің негізгі себебі ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында Кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды.
1993 жылы 23 шілдеде Ресей Орталық банкі 1961 – 1991 жылдардағы Кеңес ақшаларының белгілерін, сондай – ақ 1992 жылғы 5000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарланды. Бастапқыда оладың айырбасына бір апта берілді.
Қазақстан республикасының Президентінің Жарлығымен екі күн өткенсоң айырбас мерзімі 1993 жылдың 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша рефоромасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берілді.
1992 жылы бірінші жартысында – ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бет – бұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариссон”
фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы “Жарғыға қол қойды”. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8 – ден бастап ұлттық валюта - теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Мескеуге жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, резерф қорына айналдырды. Сондай – ақ резерф қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарында Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіріп отырды. Халықаралық валюта қоры Қазақстанда Ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 миллион доллар стендбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180 миллион доллар берді.
Информация о работе Қазақстандағы ақша реформалары. 1922 жылғы ақша реформасы