Қазақстандағы инфляциялық процестер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 09:50, реферат

Описание

Инфляция - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен
қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануын, нақтырақ
айтсақ, ұлттық ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуін білдіреді.
Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады. Қазіргі
инфляция мынадай факторларға байланысты: 1) ақша айналысының факторлары:бюд

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН.doc

— 59.00 Кб (Скачать документ)


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН

                                                        КҮРЕСУ

Садықова С.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

 

Инфляция - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен

қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануын, нақтырақ

айтсақ, ұлттық ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуін білдіреді.

Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады. Қазіргі

инфляция мынадай факторларға байланысты: 1) ақша айналысының факторлары:бюджет

тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс

аясының артық ақша массасына толып кетуі; 2) ақшалай емес факторлар:қоғамдық

өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің

экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық

саясатына байланысты факторлар[1.49б]

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша

инфляцияның деңгейі 18.8% (2006 жылғы желтоқсанға 2007 жылғы желтоқсан) құрады,

бұл 2006 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10.4 п.т. жоғары. Азық - түлік тауарлары

26.6%, азық – түлікке жатпайтын тауарлар 10.5%, ақылы қызмет көрсету 15.4%

қымбаттады. 2007 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының

экономикасындағы инфляциялық үдерістер күшейді. 2007 жылғы қыркүйек- қарашада

ғана бағалардың өсуі 9.7% жетті, бұл 2007 жылғы бағалардың жалпы өсуінен 50%

астамын құрайды. Нәтижесінде инфляцияның жылдық деңгейі 2007 жылдың

қорытындысы бойынша соңғы 7 жылдағы өзінің ең жоғары мәніне (18.8%) жетті, ал

орташа жылдық инфляция 10.8% құрады (1-сурет).

Шетел валютасының ағыны, жиынтық сұраныстың жоғары өсу қарқыны, 2006

жылғы ақша ұсынысының ұлғаюы, еңбек өнімділігінің төмен болуы, жекелеген тауарлар

мен қызмет көрсету нарығындағы бәсекенің жеткіліксіз деңгейі 2007 жылы инфляцияның

түбегейлі факторлары болып қала береді.

Жоғарыда аталып өткендей, әлемдік нарықтарда 2007 жылғы тамызда бірқатар азық -

түлік тауарларының (бидай, өсімдік майы) бағалары күрт өсті. Мәселен, ХВҚ деректері

бойынша бидайдың әлемдік бағасы (Канада) 2007жылы 2 есе өсті, АҚШ

ауылшаруашылық департаментінің деректері бойынша күнбағыс майының бағасы 2007

жылғы қаңтар – қарашада 91.9% өсті.

Бұл құбылыстар Қазақстан Республикасы ішінде аталған тауарлар мен олардан

өңделіп жасалған өнімдердің бағаларына сәл кешігіп әсер етті. Атап айтқанда, 2007

жылғы қыркүйек – қарашада нан, ұн және күнбағыс майы сияқты өнімдердің бағалары

біршама қарқынмен өскендігі белгілі.

Демек, жоғарыда айтылған факторлардың әсер етуі нәтижесінде Қазақстан Ұлттық

Банкінің 2007 жылға инфляцияға қатысты жасалған болжамы орындалмады.

Ақша –несие саясатының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарына сәйкес

2007 жылға арналған инфяция жөніндегі болжам экономика дамуының 3 сценарийі

(«капиталдың қалыпты ағыны кезіндегі мұнайдың қалыпты бағалары» және «мұнайдың

жоғары бағалары») бойынша айқындалған болатын. 2007 жылдың қорытындысы

«мұнайдың жоғары бағалары» сценарийі бойынша орташа жылдық инфляцияның

болжамы 8.2% - 9.2% шегінде белгіленген болатын. Brent сұрыпты мұнайдың орташа

бағасы 2007 жылы бір баррель үшін 72.7 АҚШ долл. құрады.

2007 жылдағы басты ерекшелік инфляциялық қысымның күшеюі және қаржы

нарығындағы ахуалдың нашарлауы жағдайында Қазақстан Ұлттық Банкінің алдында

белгілі бір таңдау жасауға итермеледі. Ондай таңдауларға: бағаның тұрақтылығына қол

жеткізу, банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және эконмиканың одан әрі өсуін

қолдау шаралары жатады.

Сонымен, 2007 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі алдағы екі жылға, яғни 2008- 2009

жылдары арналған ақша - несие саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу жөнінде шешім

қабылдады.

Алдағы кезеңдердегі Қазақстан Ұлттық банкінің ақша - несие саясатының негізгі

басымдығы инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыстарды

жалғастыру болып табылады. Инфляциялық таргеттеу Қазақстан Ұлттық банкінінің

инфляцияны төмендету жөніндегі негізгі мақсатына сай келеді және қойылған мақсаттың

айқындылығының жоғары болуынан нарық қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз

етеді.

Қазақстан Республикасының өткен жылдардағыдан 2008- 2009 жылдарға арналған

экономикалық дамуының болжамдарының түбегейлі түрде айырмашылығының барлығын

айта кету қажет. Бұған, негізінен алғанда әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайлардың

өзгеруі себепші болды. Осыған байланысты дамудың сценарийлік нұсқаларын әзірлеу

тәсілдері толық қайта қарастырылды.

Қазақстан Республикасы соңғы жылдарда бірінші рет экономикалық өсудің

айтарлықтай бәсеңдеуін басынан кешіріп отыр. Сондықтан да, 2008- 2009 жж. арналған

ақша - несие саясатының бағыттарында ЖІӨ - нің нақты өсуінің жоғары қарқынының

сақталуын болжайтын сценарий қарастырылмаған. Сондай –ақ, онда мұнайдың әлемдік

бағаларының төмендеуі нұсқасы да қарастырылмаған, себебі оны жүзеге асырудың алдағы

екі жылда Қазақстан Республикадағы жоғары экономикалық өсу сценарийін жүзеге асыру

сияқты мүмкіндігі аз. [4]

Қазақстан Республикасы экономикасының одан әрі дамуы, сондай- ақ Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен бекітілген Қазақстан

Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету

жөніндегі бірінші кезектегі іс- қимылдар жоспарын іске асырумен қамтамасыз етіледі.

Демек, халықаралық қаржы нарықтарындағы теріс құбылыстардың әлі де

жалғасатынын ескеріп, оның отандық экономикаға тигізер ықпалына байланысты

экономиканың дамуының: базалық және пессимистік 2 сценарийі қарастырылды.

Базалық сценарий кезінде төлем балансындағы ағымдағы операциялар бойынша

айтарлықтай тапшылықтың (5 млрд. АҚШ долл. астам) сақталатыны күтілуде. Бұл ретте

банктердің резидент еместер алдындағы, өтеу мерімдері 2008 және 2009 жылдары

басталатын барлық міндеттемелерді жаңадан сырттан қарыз алу есебінен қайта

қаржыландыра алмайтыны болжанды. Осы жағдайларда банктердің сыртқы активтері

қысқарады деп күтілуде (1- кесте).

1- кесте

2008-2009 жылдарға арналған ақша – несие саясатының негізгі көрсеткіштері

(базалық сценарий)

2007

(нақтылық)

2008

(нақтылық)

2009

(болжам)

Инфляция (орташа алғанда кезеңдегі), %

- жыл соңында, %

- орташа алғанда бір жылда, % 18.8

10.8

7.9- 9.9

16.0- 18.0

7.5- 9.5

8.5- 10.5

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, % 11.0 10.0 9.0

Ақша базасы, млрд. теңге өзгеріс,

%-бен

1464

-2.5

1681

14.8

1878

11.7

Ақша массасы, млрд. теңге,

%-бен

4614*

25.5*

4998

8.3

6173

23.5

Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге 3874* 4167 5124

Банктердің экономикаға кредиттері, млрд.

теңге

7256* 8220 9848

Экономиканы монеталандыру деңгейі, % 38.6* 31.6 33.1

Кесте мәліметтеріне сәйкес ЖІӨ- нің нақты өсуі 2008 жылы 5%, ал 2009 жылы 6,3%

құрайды.

Экономикалық өсу қарқынының бәсеңдеуі тауарлар импортына деген қажеттіліктің

төмендеуіне және тұтастай алғанда ішкі сұраныстың қысқаруына себепші болады, бұл

төлем балансындағы жағдайы 2009 жылға түзетуді қамтамасыз етеді. Нәтижесінде 2009

жылы теңестірілген төлем балансы күтіледі, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкінің халықаралық резервтері көлемінің 2008 жылғы деңгейде сақталатынын және

теңгенің номиналдық айырбас бағамының тұрақтылығын нақтылайды.

Осы сценарий үшін нақты сектор мен төлем балансы көрсеткіштерінің

динамикасына қатысты 2008-2009 жылдардың көрсеткіштері алынды. Ақша базасының

орташа жылдық өсімі 11-15%, ақша массасының өсімі 17-19%, экономикаға нсиелердің

өсімі 16-18%, банк жүйесіндегі депозиттердің өсімі 18-20% болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2008 жылы ақша- несие саясатының

құралдарын жетілдіру бойынша, негізінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

операциялары бойынша пайыздық ставкалардың ролін арттыруға қатысты жұмысын

жалғастырады.

Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша нарығындағы жағдайға және

инфляция деңгейіне қатысты қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығындағы

ставкалардың жоғары деңгейі болатындай етіп белгіленеді. Қазақстан Ұлттық банкі

екінші деңгейдегі банктерден тартатын депозиттер бойынша ставка ресми қайта

қаржыландыру ставкасының ½ деңгейінде белгіленетін болады және Қазақстан Ұлттық

Банкінің ставкалары дәлізінің төменгі мәнін білдіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге мемлекеттік және агенттік

бағалы қағаздарды кепілге бере отырып, кері РЕПО операцияларын жүргізу түрінде қайта

қаржыландыру заемдарын беруді жалғастырады. Валюталық СВОП операцияларын

жүргізу, сондай –ақ банктердің Қазақстан Ұлттық банкіндегі корреспонденттік

шоттарындағы қалдықтарды кепілге бере отырып, қысқа мерзімді заемдар беру

банктердің Қазақстан Ұлттық банкінің банктік заемдар беруі мәселелері бойынша

ынтымақтастық және өзара іс –қимыл жасау туралы келісім жасаған кезде ғана жүзеге

асырылатын болады.

Коммерциялық вексельдермен қайта есепке алу операциялары жүргізу практикасы

толық тоқтатылатын болады, осыған байланысты, кәсіпорындарға вксельдердің бірінші

класты эмититтері мәртебесін беру тоқтатылады.

Қазақтан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы валютасын сатып алу немесе сату

арқылы және сол сияқты алтын валюта активтері есебінен жүзеге асыратын болады. Бұл

ретте ішкі нарықтағы шетел валютасына қосымша сұраныстың төмендеуіне Қазақстан

Ұлттық Банкі конвертациялау операцияларын жүзеге асыра алатын мерзімдердің 6 айға

дейін ұлғаюы(2007жылғы қарашаға дейін- 1ай) себепші болады.[ 3]

Сыртқы қаржылай ресурстардың жеткіліксіздігі, отандық салымдарға деген

сұранысты арттыра түсуде. Өкінішке орай, банктік бизнестің өсімін қамтамасыз ететін

отандық салымшылардың депозиттері жеткіліксіз. Бұл тұтыну тауарларының

бағаларының өсуімен тікелей байланысты болып отыр. Қазіргі кезде халықтың көбі, өз

табыстарын тек азық-түлік алуға ғана пайдаланады және оның өзіне жетпейді.[5]

Қазақстан Ұлттық Банкі банктерге біршама көлемде тікелей ұзақ мерзімді көмек

көрсетуден бас тартады. Соған қарамастан, Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан

Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттігімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп әр түрлі жанама

құралдарды (активтерді секъюритизациялау, банктердің облигацияларымен және

акцияларымен операциялар, даму институттары арқылы өтімділік беру және т.б.)

пайдалана отырып, банк секторына қолдау көрсету тетіктерін әзірлеуді және белсенді

пайдалануды жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің төрағасы

Әнуар Сәйденов 2009жылы инфляцияның төмендеуі мүмкін деген болжам айтты. Бірақ

баға саясатында керісінше тауар қымбаттылығы байқалады. «2009жылда республика

бойынша бағалардың жоғарылауы сезілсе де, ел экономикасына түсетін инфляциялық

қысым төмендейді,» - деді Сәйденов.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің төрағасының айтуынша,

Үкімет,Ұлттық банк пен қаржы нарығын бақылау агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде

2009жылдағы инфляцияның деңгейі 9% - ға белгіленіп отыр.[2]

Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, біз стратегиялық күшті

экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпы мемлекеттік

стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықта біз бүгін неғұрлым кең және бара-

бара мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың

нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер

жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз.



Информация о работе Қазақстандағы инфляциялық процестер