Қазақстандағы әлеуметтік нарықтық экономика жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 18:03, реферат

Описание

Қазақстан республикасында қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы нарықтық қатынастарға өтумен айқындалды. Әлеуметтік бағытталған нарықтың экономикалық қалыптасуы аса күрделі болып отыр. Бұрынғы одақтық республикамен шаруашылық-экономикалық байланыстарының үзілуі өндірістегі онсыз да күрделі жағдайды одан әрі тереңдете түсті. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтыған экономикалық дағдарыс пен Республикадағы қалыптасқан жағдай материалдық өндірістегі барлық салаларда өнеркәсіптің одан әрі құлдырауымен және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен, сондай-ақ шаруашылық қызметінің жалпы тұрақсыздығымен сипатталады

Работа состоит из  1 файл

1.docx

— 96.21 Кб (Скачать документ)

Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да бұдан тыс қалған жоқ, бірақ ондағы реформалар кешігіп жүріп жатты.

Біз барлық мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдық  меншікке бердік, содан кейін жекешелендіру жүргіздік. Қиын, бірақ стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар жүйесін  жасауға бастады.

Рынокқа берік  бағдарланған фермерлер табы пайда  болды. "Астық үшін айқас" кезеңдері  ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс  ырғағындағы Қазақстан дәнді  дақылдардың миллиард пұттарын өндіріп  отыр. Бұл ретте егін жинау-себу науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар-жағар май материалдары 10 есе дерлік аз жұмсалады.

Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей қалып  келді.

Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының қабылдануымен біз аграрлық сектордың тиімді кызмет етуінің негізін қалыптастыратын институттық тетіктерді іске қостық.

Жер кодексі  айтарлықгай ауыр қабылданды. Бүл  кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандыктардың 43 пайызы тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл мәселедегі пікірлердің қарама-қайшылығы да осыдан.

Бірақ та нарық  мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия кәсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп реттеұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік түгастай нарыққа киліктірілген. Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген.

Жерге деген  ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген құрмет туралы қалай  айта алмакпыз. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде.

Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы  көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін емес.Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді.

Жерге деген  жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.

Енді ауыл шаруашылығына  инвестициялар, жаңа технологиялар  мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады.

Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту  жөніндегі реформаның ең маңызды  кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру  процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде  сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік-құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның әлеуетін одан әрі дамыту туралы болып отыр.

Нарыққа көшу кезінде  мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт  өткеннен кейін қай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі колдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын көрінді.

Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту  болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның 192,7 мыңдайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 пайызы, өндеу саласында бұл үлес — 98%-ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5 пайызды құрайды.

Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр, тұрғын халықтың өзі де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды, бүл меншік иесін сатып алушының сұраныстарына ғана емес, тіпті қыңырлығына да сергектікпен карауға мәжбүр етеді. Біз жаппай кәсіпкерлік рух феноменінің — жаңа менеджменттің қаз тұруы үшін нәрлі ортаның калыптасуымен істес болып отырмыз.

Әсіресе шағын  кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ осының дамуы, бірінші кезекте, осы заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле түсетін болады.

Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті  жаңа нақты экономиканы құру аса  маңызды тағы бір міндетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп түр.

Оның бұрынғы  құрылымы деформацияланған болатын, өңдеу  өнеркәсібіндегі көптеген бұйымдардың  бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі  сақталып қалды. Көптеген өндірістердің  қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке  айналды, мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті.

Қазақстан экономикасы мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды  ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды  өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.

 

Шетелдік инвесторлар  мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен  олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі.

Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны  тарту жөнінде қолайлы ахуал  қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай  және ілеспе газ өндіру, қара және түсті  металлургия секілді салаларға  тікелей шетелдік инвестициялар 2003 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды.

Негізгі капиталға  инвестициялардың өсуі нәтижесінде  қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін  еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялык, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті.

Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі  компанияларды да тарту мынадай  бірқатар маңызды міндеттерді шешіп  берді:

1.  Ауқымды  инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады.

2. Әлемдік деңгейдегі  менеджмент қызметі құлдырау  жағдайында болған аса ірі  кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.

3.  Әлемдік  рынокка шығу жоне әлемдік  шаруашылық байланысқа белсенді  кірігу қамтамасыз етілді.

Бұл кезеңде  шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 долл. үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. Әлеум. аядағы қаржы-экон. қайта құрулар қаржы жүгiн респ. бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеум. қызметтердiң сапасын арттыру, әлеум. сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экон. бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экон. өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экон. қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемл. бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемл. меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экон. тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеум.-демогр. ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеум. саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеум. қорғаудан әлеум. көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеум. саладағы мемл. қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеум.-экон. жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан рыногi тұтыну тауарларымен молая түстi; респбликаның тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүз. қоғамдастығы мойындады және ол халықар. қаржы ин-ттарына кiрдi. Әлеум.-экон. шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және мед. қорларын құруға жол ашты.

Реформалар: төртiншi кезеңде (1998 — 99)

Төртiншi кезеңде  Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратег. дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (қ. Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүз. қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын-ала белгiленген кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратег. жоспары бекiтiлдi, ол дүниежүз. қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экон. өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк аяны реформалауға, белсендi әлеум. саясат жүргiзу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ долл. 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көл. 5592,2 млн. АҚШ долл-на жеттi; Бұл кезеңде тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жалпы iшкi өнiм 74891,6 млн. АҚШ долл-нан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долл-на (1999) көбейдi. Жалпы iшкi өнiмнiң нақты көл. 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге).

Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж. бастап)

Бесiншi кезеңде  Қазақстан экон. өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратег. жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл  мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орт. және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экон. мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экон. дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. — 87607,5 млн. АҚШ долл-ы, 2001 ж. — 101674,1 млн. АҚШ долл-ы. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 — 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 — 02 ж. елдiң экон. дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ долл-ы) инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көл. 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратег. жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкiметтiң 2002 — 04 ж. арналған iс-қимылдар жоспары (2002) және соның негiзiнде әзiрленген 2003 — 05 жылдарға арналған респ. бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002) экономика үшiн негiз ретiнде басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат — бәсекелестiк қабiлетi күштi экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай iлгерiлеуге стратегиялық салаларды — мұнай-газ секторын, энергетика мен агр.-өнеркәсiптiк секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткiзiледi. ҚР-ның 2003 — 2005 жылдарға арналған мемл. агр. азық-түлiк бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негiзгi басым бағыттар көрсетiлдi, олар: елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; агр. бизнестiң белсендi жүйесiн қалыптастыру; iшкi және сыртқы рыноктарда а. ш. өнiмiн және оның ұқсатылған өнiмдерiн сату көлемiн ұлғайту; а. ш. өндiрiсiн мемл. қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екi жылдағы экон. өрлеу Қазақстандағы әлеум. ахуалға дұрыс ықпалын тигiздi: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесi азая түстi. Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеум., зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды.

 

Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергет., металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, хим. талшықтар, автомоб. шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, а.ш. машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау обл-нда. Олардың iшiнде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солт. Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геол. қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30,8 млн. т). Маңғыстау обл-ндағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат. Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).

Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды. Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары: Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса iрi кәсiпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi. Бұл комб. өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа з-ттары жұмыс iстейдi. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi кәсiпорындарының көбi шетелдiк және отандық компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996 — 97 ж. кен байыту және металлургия кәсiпорындарын бiрыңғай технол. тiзбекпен байланыстырған iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром” Ұлттық акцион. компаниясы. Лондондағы Уран ин-тының есебiне қарағанда, әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда. Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту комб-тары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр тобы — Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комб-тары, Үлбi металлургия, Ертiс химия-металлургия з-ттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру з-ты, сары фосфор алынатын фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау” кен-химия комб., Жаңа Жамбыл фосфор з-ты, Минералдық тыңайтқыштар з-ты сияқты аса iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр.

Информация о работе Қазақстандағы әлеуметтік нарықтық экономика жағдайы