қазақстандағы нарық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 18:53, реферат

Описание

Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль атқарады.Осы нарықтық экономика туралы Адам Смит былай деген: нарықтық экономика – белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Нарық түсінігі мен мәні
2.Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық жүйенің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы
2.1 Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы
3.Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері
3.1 Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары
3.2Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы
қалыптастыру механизмін жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

қазақстандағы нарық.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

1.Фискальдық  саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен  байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар мен жәрдем ақшалар, салық ақшалары жатады.  

Салықты реттеу фискальдық саясаттың маңызды  бөлігі болып табылады. Оның көп  тараған түрлеріне мыналар жатады:    

 а)  кейбір экономикалық процестерді  көтермелеу және шектеу мақсатында  салық нарығын өзгерту. Экономикалық  өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет  бөлек салалар мен өңірлер  (мысалы Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықытң нарығы арттырылады. Қорлану процесіне әсер ету үшін пайдаға салынатын салық нарығы да өзгертіледі: салық нарығы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарығы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;   

 ә)  салық нарығын өзгеріссіз қалдыра  отырып, оны төлеудің тәртібін  өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады. берілген салық нарығы жағдайында амортизациялау мерзімін қысқарту қорлану ресурстарын көбейтуге мүмкіндік береді;   

 б)  салық жеңілдіктерін ендіру немесе  алып тастау. Салалық жеңілдіктерді  ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан, аса жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.

2.Несие-ақша  саясаты. Мемлекет нақты салалық  және аймақтық проблемаларды  шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге, ол бюджеттен тыс ерекще даму қорын да құра алады. Дегенмен, несиелік реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:    

 а) эмиссиялық банктің есептеу нарығын өзгерту. Еесептеу нарығы (немесе дисконттық) – бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банкпен өндіріп алынатын қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарығын төмендету немесе көтеру жеке коммерциялық банктер үшін қарыз нарығын қайта қарауға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарығының өсуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы – іскерлік белсенділікті көтермелейді;    

 ә) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумін арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген ақша) – ерікті ақша салынымдарынан (бос резерв деп аталатын) және міндетті ақша салынымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат берілмеген) тұрады. Орталық банк міндетті ақша салынымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспанциясына мүмкіндік туғызады.    

 б) «ашық нарықтағы операциялар». Мұндай жағдайда, мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда , жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражататры алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.  

Осылар мен қатар несие нысандары мен банкнесие мекемелерінің жұмысын  реттейтін басқа да әртүрлі нысандар қолданылады(мысалы, тұтыну несиесі  бойынша процентті, биржалық несиенің мөлшерін реттеу және т.б.).

3.Бағаны  және табысты реттеу саясаты.  Фискальдық және несие саясаты  көп жағдайда, баға мен табыстарды  реттеудің тиімді құралы бола  алмайды, сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың көбеюіне уақытша тиым салады, бағалар мен еңбек ақының көтерілуіне мемлекеттік органдар тарапынан алдын-ала рұқсат беретін жүйені ендіреді. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда, дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.

4. Әкімшілік  ретеулер. Оларға кейбір әдейі  ерекшеленген салалар, мысалы, қоғамдық  пайдалану салаларына (электро-энергетика, көлік, байланыс, коммуналдық қызметтер және т.б.) қатысты қолданылатын әртүрлі бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағытталған бақылау кіреді. Бұған, сонымен бірге, жұмыс күші нарығын реттеу, әсіресе еңбекпен қамту (жұмыссыздарды есепке алу, оларға жәрдем ақша төлеу және жұмысқа орналастыру) қызметі де кіреді.

5. Қысқа  мерзімді реттеулер. Оның мақсаты  – бірнеше айтдың ішінде нәтиже  алуға есептелген ұдайы өндіріс  процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық циклдың ағындағы фазасының қозғалысын өзгерту, оның ішінде, экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жаңдану фазасының басталуын жеделтету, өндірістік өрлеу фазасын тұрақтандыру немесе онв одан ары қарай созу туралы болып отыр.   

Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер  бағаның шамадан тыс өсуімен  күресу, инфляциянв тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің мұндай бағыты дифляциялық саясат деп аталады.

6. Ұзақ  мерзімді реттеу – бірнеше  жыл бойына нәтижелер алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Оған белгілі бір уақыт кезеңі бойына экономиканың даму қарқынын ұстап тұру(өсу саясаты), кейбір салаларда артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістік құрылымын қзгерту, технологиялық қайта құру және ғылыми-техникалық прогресті жеделдету мақсатында жедел амортизациялау саясатын жүргізу жатады.  

Нақты шаруашылық немесе белгілі бір әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын арнайы шаралар жиынтығы түрінде  болатын мақсатты бағдарлама – ұзақ мерзімді реттеудің тиімді нысаны болып  табылады. Ондай бағдарламалар мақсатты сипатта, нақты уақыт пен шепке  бағдарланған, орындалуы адресті  болады. Олар реттеуші әдістердің барлық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда, Францияда және Жапонияда экономиканың бірсыпыра  жетекші салаларын (қара металлургия, транспорттық машина жасау), сонымен  бірге қазіргі заманғы техникалық прогресте ерекше рөл атқаратын  салаларды тездетіп дамытудың арнайы шаралары қабылданған болатын. Бұған  тәуелсіз Қазақстанда қолданылып жатқан шаралар да дәлел бола алады.   

Нарықты мемлекетті реттеу жолдарына келетін болсақ,ең алдымен мемлекет елдің  барлық шаруашылық өмірін ұйымдастыратын ұйым болып табылады және құқықтық актілерде бекітілген, экономикалық қатынастарды реттеуге байланысты өкілеттік  құқық берілген жалпы мемлекеттік  және жергілікті өкімет органдарының жүйесі, өндірістік министрліктердің басқару аппараты, олардың бірлестіктері  мен кәсіпорындары арқылы нарықтық экономиканы дамуына ықпал етеді. Екіншіден, мемлекет экономиканы реттеудің  құқықтық шараларын белгілейді, көлемді  мақсатты халық шаруашылық бағдарламаларын  жүзеге асыруға басшылық жасайды, мемлекеттік  бюджетті құрайды, мамандарды дайындаумен  айналысады.  

Осылармен бірге, мемлекет баға белгілеу, қаржы-несие, ақша айналысы, тұрғындардың ақша қаражаты, сыртқы экономикалық істер, өндіргіш күштерді орналастыру саясатының негізін  құрумен де айналысады.  

Нарықтық  өзгерістер жағдайында мемлекет, қоғамның өзін-өзі күн көру минимумымен  қамтамасыз ете алмайтын қаржысы  аз топтарын (зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы жанұялар т.б.) әлеуметтік тұрғыдан қорғауға міндетті.  

Мемлекет  меншік нысандарының алуан түрлілігі, өндіріс құрылымның салалық, аймақтық өзгеруі жағдайында жаппай жұмыссыздыққа  жол бермеу механизмін жасайды. 

3.2Қазақстан Республикасында арықтық экономиканы қалыптастыру механизмін  жетілдіру  

Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордның жоқ  болуы, өндірістік ауқымындағы мемлекеттік  кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы  монополиялар және т.б. Сонымен, аталған  осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық  түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп  отырғандығын күмәнсіз куәлендіне алады. Мұның өзінде басты шарты болып – дұрыс таңдалынған стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заңның үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік нарықпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың нарықтық қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған.  

Нарықтық  экономиканы жетілдіру механизмдерінің  бірі – Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурыз күні Қазақстан халқына  жолдауында – «Қазақстанның әлемдік  бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына кіру стратегиясында»: «Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру».  

Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімішілік реформаның есебінен оңтайландыруымыз керек.  

Жаңа  экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы  заманға сай ойлай білетін  және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік  менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті.  

Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімішілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет.  

Келісім – шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімішілік, керек  десеңіз, қылмыстық жауапкершілік  билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа  барлық агенттерін қолданылуға тиіс.   

Біз үшін маниторлық акционерлер мен  құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі  бара-бар заңнаманың болуы өте  маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер  берілуін қарастыру қажет. 

«Электрондық  үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім  келеді. Ол мемлекеттіқ органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық  пен әкімішілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді» делінген.  

Міне, Республикамыздың нарықтық экономиканы  қалыптастыру механизмін жетілдіру  үрдістері, яғни бағыттары жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің  әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.  
  
  
  
            

   
  
  
  
  
  
  
  
  
 
 
 
 
 
 

Қорытынды   

Бірінші бөлімде нарықтың басты анықтамасы, жалпы нарық  мәселесі төңірегінде  осы күнге дейінгі теориялық мысалдары және де нарықтың түрлері келтірілген.Сонымен қатар нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен  практикасында  алатын зор  мәні айқын аталып өтілген. Келтірілген мысалдар көзқарастары қайсысы  да жеткілікті  түрде  дәлелденген. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол  нарықты өндірістің  емес,  айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтұнушылар емес , сатушылар мен сатып алушылар мәселесі болып табылады .  Шын мәнәнде тауар–ақша, нарықтық  байланыстар   сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық  айырбас пен   айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға  тиісті шешу жолдары қарастырылған.     

Екінші  бөлімде Қазақстан Республикасында  нарық экономикасына кіру кезеңіндегі  қалыптасуы және қазіргі жағдайы  айқын көрсетілген, сонымен қатар  жалпы нарықтық экономикалық жүйенің  даму жолдары көрсетілген, және де нарықтық экономикалық жүйенің, оның шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды  мәртебе берілу қажеттілігне, жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе болып табылады. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың «ойын ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады.  

Информация о работе қазақстандағы нарық