Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 10:45, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан – ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді.ы.

Содержание

Кіріспе
1. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту.
1.1. Экономикалық өсу позициясымен жұмыссыздықты
бағалау.
1.2. Жұмыссыздық себептері мен түрлері.
1.3. Тұрғындарды жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік
қорғау мәселелері.
2.Тұрғындардың жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу:
дамыған елдерде тәжірибесі.
2.1. АҚШ-та тұрғындарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік
реттеу.
2.2. Тұрғындарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің
Жапония тәжірибесі.
3. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі

Қолданылған әдебиеттер
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Жұмыссыздық курсавой.doc

— 129.50 Кб (Скачать документ)

- әлеуметтік  тұрақтылықты қолдайды, бұл әрі  қарай  дамуға негіз болады;

- уақытша  бос жұмысшы күшінің психикалық  және табиғи денсаулығы сақталады,  бұл оның өндірістік процеске  қосылуына мүмкіндік береді.

      Бұл дегеніміз, еңбек ресурстарының  экономикалық потенциялы келесі пайдалану  үшін сақталады.

      Жұмыссыздарға бірнеше жолдар бойыншы көмке  көрсетіледі.

      Ең  алдымен жұмыссыздық бойынша  жәрдемақы жүйесі арқылы. Бұл жәрдем ақы мына үш қаржы көзінен қаржыланады:

  1. Кәсіпорындардың міндетті жарналары.
  2. Жұмысшылардың жарнасы.
  3. Бюджет фоциясы.

    Сондай-ақ, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы  алудың мерзімі

біткеннен кейін, жұмысқа орналаса алмағандар үшін көмек көрсетудің басқа да формалары  бар.

           Мысалы, бір жолғы ақшалай немесе натуралды жеңілдіктер

қоғамдық  транспортта жүру, пәтер ақы төлеу  жеңілдіктері және т.б.

          Сонымен бірге, қоғам өз қаржысынан көмектесудің әлеуметтік

бағдарламасын құрады. Бұл бағдарлама, сондай –ақ  оқуға төленетін шығындары өте  жоғары студенттерге бағытталған.

      Социологтар және еңбекті ұйымдастыру бойынша  мамандардың бірінші: жұмыспен қамтылғандар санынан жұмыссыздардың 15 % жоғары өсуі қылмыстық жағдайға байланысты пайдалы  нарықты қол жетпестей етеді.

      Еңбек нарығын ұйымдастыру саласында мемлекеттің экономикалық саяси одағы бар, ол бір уақытта екі тапсырманы шешеді.

  1. Жұмыссыздарды қайта оқыту, жаңа маман дайындау есебінен

ұтымды  жұмыспен қамту қамтамасыз етіледі. Жұмысшы нарықтың жаңа талаптарына  бейімделуге мүмкіндік алады;

  1. Қайта оқыту процесі, тұрғындарды әлеуметтік қорғау амалсыз

жұмыссыздықтың  уақытын кемітеді. 
 

2. Тұрғындардың жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу:

дамыған елдерде тәжірибесі. 

2.1. АҚШ-та тұрғындарды  жұмыспен қамтуды  мемлекеттік

реттеу. 

   Еңбек күшін қайта бөлу бойынша шаралар. Бұл шараларға еңбек ету өміріне араласатын адамның жасын көбейту, шетелдік жұмысшы күшін жалдауды тоқтату, зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндіктерін көбейту. Келесі бағыты - жұмысшы уақытын қысқарту болып табылады, мысалы, толық емес жұмыс күнін біртіндеп дамыту, толық емес жұмыс аптасы, жұмыстың мкемді графигі, жұмыс орнын бөлу тәжірибесі, демалыс кезеңдерін кеңейту және т.б.

        Бос жұмысшы орнын сақтау бойынша  шаралар. Үкімет салық салудың  жеңілдік жүйесін қолданады, бос  жұмыс орны сақтағаны үшін кәсіпкерлерге дотация төлейді. Кейде үкімет бос жұмыс орнын сақтау мақсатымен жеке меншікті мемлекет меншігіне айналдырады. 60 ж. Екінші жартысынан бастап АҚШ-та салық жеңілдіктері қолданылады.

     Қазіргі уақытта Америка үкіметінің несие саясаты шағын және орта кәсіпорындарға жағдай жасауға бағытталған олар ұлттық табысты құруға, ғылыми техникалық прогресті дамытуға елеулі үлес қосып АҚШ тұрғындарының бір бөлігін жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейтуде.

     Бар болып тұрған сұранысқа жұмысшы  күші ұсынысын бейімдеу – АҚШ- та жұмысшы күші нарығын реттеудің маңызды бағытының бірі болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыру шеңберінде жұмысқа орналастыру бойынша информациялық қызмет құрылған, ол жұмысшы күші нарығына нақты түрде әсер етеді. Сондай-ақ, жұмысшыларды кәсіби-техникалық дайындау және қайта дайындау жүзеге асырылуда, еңбектің резерв бөлігін кәсіби жұмылдыру қолға алынуда.

     Жұмысшы күші нарығын реттеу жұмыссыздарды  кәсіби оқыту көмегімен жүзеге асырылады. АҚШ-та кадрларды дайындауды мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жөнінде көп тәжірибе жинақталған.

     Сонымен жұмыспен қамтуға және жұмыссыздыққа  әсер ету АҚШ-тың жалпы экономикалық саясатының бөлігі болып табылады.

     Н.И.О.К.Р. саласындағы жұмыспен қамтуды мемлекеттік  –монополистикалық реттеу біршама  көңіл аудартады. 70-жылдары АҚШ-та ғылыми жұмысшылар және инженерлер арасында айтарлықтай жұмыссыздық туындады. Инженерлік-техникалық жұмысшылар арасындағы жұмыссыздықтың туындауы, елдің тек ғылыми – техникалық саласын ғана емес, сонымен бірге үкіметтің заң шығаратын органдарын да мазалады. Осыған байланысты АҚШ үкіметі нақты бағдарлама жасады, соған сәйкес едәуір қаржы көзі осы жұмыссыздықты жоюға бағытталды. Негізінен бұл қаржылар жұмыссыз қалған ғалымдар мен инженерлерді қайта оқытуға, елдің басқа аймағынан жұмыс тапқандарға көшу кезінде көмек көрсетуге, елдің басқа аймағынан жұмыс істеуге бағытталған.

     Бұл қаржылар ұлттық ғылыми қормен және үкіметтік  емес ұйымдармен меңгерілді. Ғылыми жұмысшыларды қайта даярлау орталықтары құрылды.

     Бұл бағдарламаның нәтижелерін бағалай отырып, мына келесі екі жағдайды ескеру қажет.

     Біріншіден, қайта даярлаумен соған мұқтаж болған барлық мамандар қамтылмады. Бөлінген мемлекттік қаржылар негізінен әскери және космостық өнеркәсіпте жұмыссыз қалған персоналдарды қайта оқытуға жұмсалды.

     Екіншіден, көптеген қайта даярланған ғылыми жұмысшылар мен инженерлер жаңа мамандықтар  бойынша жұмыс таба алмады.

     Н.И.О.К.Г  – ғы жұмыспен қамтуды мемлекеттік  монополистикалық келесі шаралы –  ел ішіне шетелден келетін ғылыми жұмысшылар мен инженерлерді шектеу іс-шаралары болды.

     Әрине,  жұмыспен қамтуды және жұмыссыздықты  мемлекеттік реттеу саясаты жаңа өзгерістерге тап болатындықтан  қайта құрылады.  
 
 

 

2.2. Тұрғындарды жұмыспен  қамтуды мемлекеттік  реттеудің

                        Жапония тәжірибесі.  

      Жапониядағы ғылыми – техникалық революция  (ҒТР) жұмысшы күшіне, оның квалификациясына жоғары міндеттерді талап етеді. 1930 ж. Жапонияда жұмысшы күшінің 90 % - 1 өз білімдерін міндетті 9-жылдық орта мектеп деңгейінде аяқтады. 80 ж. басына қарай бұл үлес 6 % -ке дейін қысқартылды. Жапониядағы жұмыс күші капиталистік әлемде білімнің жоғары деңгейін алады. Жапондық монополистикалық капитал еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы формалары әдісін тауып пайдаланады.

      Жапониядағы жұмыссыздық деңгейі, жапондық мамандардың есебі бойынша басқа елдерге қарағанда неғұрлым төмен. Егер Жапонияда 3,0 % құраса, АҚШ-та -6,6 %, Германияда-8,8 %, Ұлыбританияда – 11,3 % құрады.

      Жапонияның  жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты  батыс европа елдерінің жіне АҚШ  саясатының бірдей десе де болады. Бірақ айырмашылықтар бар.

      Тұрғындарды жұмыспен қамтуды реттеуді ң Жапондық жүйесінің бірнеше артықшылықтары бар. Жапондық фирмалар, әсіресе ірі  фирмалар, өз жұмысшыларын басқа фирмаларға орналастыра алады. Жапония кәсіподақтары мұндай ауыстырулардың қадағалауын жүзеге асырады.

      Жұмыспен  қамтудың мемлекттік саясатының жапондық жүйе еңбек және капиталдың өзара  қатынасының өзгешелігі де үлкен  әсер етеді. Оның негізінде үш жағдай қалыптасқан: «Өмірлік жалдау» (жұмыс  істеу); еңбек ақының ерекше формасы; фирмалық кәсіподақтар.

      Жұмысшыны «Өмірлік жалдау» - кәсіпорында үзіліссіз  жұмыс істеуге жұмысшыға кепілдік береді (оның зейнеткерлікке шыққанға дейінгі уақытында). Ерекше еңбек  ақы- сол кәсіпорында жұмыс істеу  стажына және жасына байланысты еңбекақының көтерілуін білдіреді. Фирмалық кәсіподақты ұйымдастыру-бұл тек сол кәсіпорынның шеңберінде әркет ететін, жұмысшылардың кәсіподаққа бірігуін білдіреді.

      Тұрғындарды жұмыспен қамтуды реттеудің жапондық мемлекеттік саясатының маңызды  бағыты болып егде жастағы жұмысшылар жағдайын тұрақтандыру бойынша шаралары табылады.

      Қазіргі уақытта Жапонияда егде жастағы  жұмысшыларды жұмысқа орналастыру  мәселелері бойынша консультативтік  қызмет орталықтары жұмыс істейді.

      1987 ж. мамырында  Жапония үкіметі жәрдем берудің бір жүйесі құрылғаны туралы мәлімдеді, оның шеңберінде егде жастағы жұмысшылардың өз бетінше оқуы қолдау алды. Елу жасқа толған және жұмыссыздықтан сақтанған жұмысшылар, егерде олар кешкі мектепте немесе сырттай оқып жүрсе, еңбек ақыға үстеме түрінде арнайы жәрдем ақша алады.

      Бұл шаралардан басқа мемлекет орта және егде жастағы адамдар арасындағы жұмыссыздықты жоюға ерекше көңіл  бөледі. Ол үшін оларға жұмыс іздеп  жүр деген арнайы сертификат бөлінеді, оларға оны бастапқы алар кезде құқық беріледі, арнайы кәсіби даярлау және қайта даярлау ұйымдастырылады, амалсыз жұмыссыздығы бойынша жәрдем ақы төленеді, жұмысқа орналастырумен айналысатын арнайы ұйымдар құрылады.

      Жоғары  да айтып өткендей, еңбек ақы деңгейі жұмыс стажына байланысты өзгереді. Неке жасы болып 30 жас есептеледі. Жұмысшылардың еңбек ақысы осы жасқа дейін баяу өседі. Отыз жасқа жеткеннен кейін олардың еңбек ақысы біршама жылдам өседі, өйткені жұмысшының отбасының пайда болуына байланысты қажеттілігінің өсуі есептеледі. Корпорациялар үшін жұмысшы күшінің жасы туралы мәліметтер бәсеке қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

       Жапонияда шешімді  жаппай  қабылдау қолданылады, оның процесіне  копанияның барлық персоналы  жұмылдырылады. Қабылдау төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Корпорацияда көптеген талқылаулар жүргізіледі. Шешімді қабылдау басқарушының иелігінде қалады, бірақ жұмысшыда компанияның саясатын құруға араласушылық әсері қалады.

3. Қазақстандағы жұмыссыздық  деңгейі 

      Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде экономиканың тұрақтандырып, жұмыссыздықты жою мәселелеріне шындап кірісе бастады.

      Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша  кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес  жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің жарлығымен іске қосылады. Онда күрделі мәселелер өте көп.

      Жұмыссыздық және кедейлік – бұлар экономикалық және әлеуметтік түсініктер. Баланс бойынша жұмыссыздық бүгінде 13,5 %, ресми тіркелгені -3,9 % , ал шын мәнінде көптеген аймақтарда оның деңгейі әлде қайда жоғары. Жұмыссыздық неге көп, неліктен осылай болып отыр дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктердің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол.

      Жоғары  да айтып өткендей, жұмыссыздық –бұл әлеуметтік экономикалық құбылыс. Қазақстан  республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң бойынша,  жұмыссыз деп мынадай еңбекке  қабілетті адамдар саналады: еңбекке жарамды жасқа жеткен, өздеріне байланысты емес себептерден еңбек қатынасында, еңбек ақысы (еңбек табысы) жоқ адамдар. Жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер және осы орган лайықты жұмысты ұсынысын жасаиаған, жұмыс іздеп жүрген, еңбек еткісі келетіндер.

      Жұмыссыз  болу дегеніміз – бұл тұрақты  жұмысы жоқ және соның ізденісінде  жүргендер. Жұмыс іздеумен айналысқандар  жұмыссыздар қатары болып саналады, ал оны іздемегендер –жұмысшы күшіне қосылмайды.

      Жұмыссыздықтың  ресми деңгейі - бұл экономикалық белсенді тұрғындарға % жүзіндегі жыл аяғындағы тіркелген жұмыссыздардың саны.

      ҚР  статистика жөніндегі агентігінің  мәліметтері бойынша жұмыссыздықтың ресми деңгейі 1994 ж – 1,1 %, 1996 ж -4,2 %, 1997 ж – 3,8 %, 1999 ж -3,7 % құрады.

      Елімізде, соңғы жылдары нарықтық саясатқа көшумен байланысты еңбек қатынасының реттелмеуінен жалпы әлеуметтік экономикалық – құлдыраушылықтар орын алды. Ендігі кезекте адам үшін осынау ең маңызды да абыройлы міндеті мемлекеттік тұрғыдан шешу еліміздің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағытымен үкіметіміздің іс-қимыл бағдарламасының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

      Қазіргі таңда еліміздегі осы мақсатта жүргізіліп жатқан еңбек қатынастарын реттеу мен  жұмыспен қамту саласындағы сандық және сапалық өзгерістер соңғы кезде  экономикалық қызметпен айналысушылардың азаюымен, жеке меншік түрлері бойынша жұмыс істейтіндердің қайта бөлінуімен, қызметкерлердің жұмыстан босатылуының белсенділігімен, сондай-ақ еңбек нарығында шетелдік жұмысшы күшінің басымдылығының төмендеуінің және басқада факторларымен сипатталады. Бұның бәрі айналып келгенде жұмыссыздықтың сақталуына, халықтың бір бөлігінің әлі еңбекке қатынасының толық шешімін таппауына әкеліп соғып отыр.

Информация о работе Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі