Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:56, курсовая работа

Описание

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін, сондай-ақ, олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің курстық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған.

Содержание

Кіріспе
1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері
1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні
1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау
3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары
3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

экономикалық теория негіздері. Омарова Гульжан.РДиГБ.docx

— 84.49 Кб (Скачать документ)

     Бұл облигацияларды Ұлттық банк сатып алғанда    коммерциялық банктердің резервтері өседі. Нақты экономикалық жағдайға байланысты мемлекеттік қағаздар  сатылады   немесе сатылып алынады. Мысалы, елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, онда банк ашық рынокқа шығын мемлекеттік  қағаздарды көптеп сатып алады  және  сонымен бipгe  резервтерін арттырады. Бұл өз кезегінде ақшаны арзандатады, несие   алу   жеңілдейді, іскерлік белсенділігі артады, инвестиция өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

     Бағалы  қағаздар рыногына Ұлттық банктің есептеу  пайызы ықпал етеді. Ұлттық банк басқа  банкілерге несие бере алады. Бұл  міндеттемелерд есептеу деп аталады. Есептеу кeліciмін, яғни қарыз төлемін  төмендетіп Ұлттық банк міндеттемелер   eceбiн  қолдайды, оны   көтеру ставкасы жоғарлаған күні пайыз өседі, ал акциялар мен облигациялар курсы төмендейді және керісінше, есептеу монополиясы төмендегенде акциялар мен облигациялар бағамы өседі.

     Міндетті  резерв  қорларының  нормасы   да бағалы қағаздар нарығына әсер етеді. Банк несиені   тез  қысқарту  үшін міндетті резерв нормасын   өсіреді.   Ал   егер  несиені   кеңейту қажеттілігі  туындаса,   банк   резерв мөлшерін қысқартады.

     Несие  кеңейгенде  қарыз пайызы  төмендейді,       ақша алу жеңілдейді. Осындай ic әрекеттің нәти жесінде, акциялар мен облигациялардың пайызы банк пайызынан  жоғары болса, олар күрт көтеріледі.

     Резерв  нормасы өскен болса, ақша алу  қиын дайды, қарыз пайызы өседі, ал акциялар мен облигациялардың төлем пайызы төмен  болса күрт төмендейді.

     Банк  резервтерін өзгерту қаржы саясатының өте қуатты құралы екені белгілі. Сондықтан, банк   міндеттемелерді  есептеу және қысқа мерзімдік  облигацияларды сату сияқты емес, резерв нормасын өте сирек екі-үш жылда  бip рет ғана өзгертеді.

     Ұлттық  банктің бағалы қағаздар рыногына ықпал  жасау жолымен акцияларды сатып  алуға, несие   беруге   де   болады. Мысалы,   АҚШ-тауар Федералды  резерв жүйесі акция сатып алушылар үшін міндетті түрде өз қорынан төленетін  қаржы мөлшерін белгілейді ал қалған соманы олар несие арқылы төлей алады  екен.

     Бағалы  қағаздар рыногына мемлекет бюджетінің тапшылығы да әсер  етеді.  Бюджет тапшылығын   толтыру   мақсатында  мемлекет облигациялар шығарады.  Осыған байланысты мемлекет қарыз пайызының  төмен болуына мүдделі. Банк пайызы төмен болғанда, мемлекеттік қағаздарды арзан пайызбен   орналастыруға  болады. Пайыз мөлшерін төмендету  үшін айналымдағы ақша массасын  арттыруға тура келеді. Ал бұл болса, жоғары пайызбен шығарылған акциялар мен облигациялардың курсын өcipeтiн  болады.

     Банкілердің, корпорациялардың және тұрғындардың  қолында  өзгермелі пайызды  облигациялар өте көп жиналған жағдайда мемлекет қарыз бойынша пайыз деңгейін төмендетіп ұстап тұру үшін жеңіл  несие алу саясатын жүргізеді. Мұндай   әрекет   бунның   алдында   келтірілген жағдайда ұқсас, жоғары пайызды акциялар мен облигациялардың  курсын көтеруі мүмкін.

     Қазақстан Республикасы батыс елдерінің бірқатар қаржы инвестициялық құрылымдары  мен келісімге келіп, өзінің орта мерзімдік облигацияларын Еуропада орналастырды.

     Қазақстанда бағалы қағаздар рыногы толыққанды дамып, жоғары деңгейде қызмет eтуi үшін ұллтық өндіріс пен ішкі ұлттық рынок  жүйесін тереңдету қажет. Қазақстан  экономикасының өндірістің құрылымының  одан әpi жетілуі тұрғындардың  қолындағы  сақталған қаржы ресурстарын  жұмылдырып, экономиканың нақты секторына  жұмсауды қажет етеді. Одан қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы  банкілердің мүмкіншілігін нығайтып,  олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін жоғары  деңгейге көтеру  қажеттілігі  туындап отыр.

     Бағалы  қағаздар нарығының дамуы және оның тиімді жұмыс жасауы Қазақстандағы  ұлттық капитал мен табыстардың  өсіп шоғырлануына тікелей байланысты. 
         Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы одан әpi дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. 
Қазақстанның  болашағы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзінің қолындағы табиғи ресурстары   мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты болып табылады.
 

     

  • 3.2. Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар  нарығының даму  перспективалары 
  •      Бағалы  қағаздар нарығын (БҚН) дамыту тұтастай алғанда мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi алғышарт жасауға  ықпал етедi. Бұдан басқа, белгіленген  шаралар өтімді бағалы қағаздар тізбесін кеңейтуге, корпорациялық басқаруды, эмитенттердің және БҚР-ның басқа  да қатысушыларының ақпаратты ашу  тәртібін жетілдіруге ықпал етеді.

         Мемлекеттік қарыз алу және акциялардың мемлекеттік  пакетін басқару  тәртібін жетілдіру, халықтың инвестициялық мәдениетiнiң деңгейiн арттыру жөніндегі шаралар өткізіледі. Бағдарламада Қазақстанда сертификатталған халықаралық инвестициялық талдаушылардың келуiне қажеттi жағдайлар жасау, инвесторлардың құқықтарын қорғауды жоғарылату, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды қадағалау мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру көзделеді.

         Болжанып  отырған кезеңге арналған саясат мынадай мәселелерді шешуді қамтиды:

         -    кредиттік рейтингтік бағалауларды, оның ішінде бағалы қағаздардың листингі және институционалдық инвесторлардың активтерін инвестициялауға қойылатын талаптарды белгілеу кезінде қазақстандық ұлттық уәкіл бойынша қолдануды кеңейту;

         -  бағалы қағаздар рыногының бірқатар индектерін әзірлеуін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық және талдамалық агенттіктермен жұмыс;

         -  дефолт жағдайына бағалы қағаздар рыногы лицензиаттарының жекелеген тәуекелдерді еркін сақтандыруын ынталандыру;

         -  бағалы қағаздар рыногының лицензиаттарын бағдарламалық техникалық қамтамасыз етуге және бағдарламалық қамтамасыз етуді сертификаттауға қойылатын талаптарды әзірлеу;

         -  сауда-саттық ұйымдастырушысының, орталық депозитарийдің, оның ішінде номиналды ұстаушылар мен тіркеушілердің ақпаратты резервтік көшіру және сақтау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу.

         Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының үнемі  өсіп отыратын инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ қаржы рыногының өзге де қатысушыларының инвестициялық  белсенділігінің артуы Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын серпінді дамытуға қолайлы әсер етеді.

         Агенттік  бағалы қағаздар рыногын реттеуді халықаралық  стандарттарға, ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ, өзге де халықаралық ұйымдар шеңберінде тиімді біріктіру талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды  өткізеді.

         Сонымен, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2009-2010 жж. арналған бағдарламасы қазір жүзеге асырылуда. Бағалы қағаздар нарығының  дамуы күрделі экономикалық кезеңнен өтіп жатыр. Бүгін көптеген факторлар  бағалы қағаздар нарығының   толығымен  дамуына әсер тигізеді деп ойлаймын.  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Қорытынды 

         «Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы» атты курстық жұмысында зерттеулер жүргізіліп және жұмыстың басында  оған қойылған  мақсат орындалды.

         Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан  халқына Жолдауы қолымызда бар  мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар  қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге  бағытталған мемлекеттік саясат жайында айтады:

         “Біз  тиімді жұмыс істейтін қор нарығын  құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ  ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен  тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту  бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу  де қажет”

         Сонымен қатар, «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері»  атты тарауында: “Ырықтандыру жағдайында біз қаржы жүйесінің тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз.

         Біздің  тиімді жұмыс істейтін қор нарығын  құруымыз керек. Оның дамуы халықты  өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес”.

         Бағалы  қағаздар нарығының негізгі функцияларын толық ашылды. Брокерлер диллерлер сияқты азаматтық-құқықты келісім шарттарды орындайды. Компанияның басқарушысы бағалы қағаздарды да басқара алады. Қазақстанның жекеменшік банкілері заңмен рұқсат етілген әр түрлі жұмысты атқара алады. Тіркеушілер номиналды ұстаушылар сияқты бағалы қағаздар иелерінің есебін жүргізеді. Депозитарий - бағалы қағаздарды сақтауға міндетті болады. Инвестициондық қор өзінің акцияларын саудалап және басқа алуан түрлі бағалы қағазға инвестиция жасайды.

         Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдерін бөліп көрсеттім.

         Біріншіден, қарапайым бағалы қағаздар нарығының  дамуы ұлттық экономика дамуымен қатар жүреді. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының өңделуі және тұрақталуы, өндірудің төмендеуімен қатар жүріп жатты. Бұндай диспропорция бағалы қағаздар нарығының динамикасында  және жалпы экономикалық процессте  кризиске әкеледі.

         Екіншіден, нарықтың «мөлдірлік еместігіне», операциялардың қаупі және  мемлекеттің бюджеттің  дефицитін жабу үшін қысқа мерзімді бағалы қағаздардың шығуы. Бұл өз жағынан еркін қаражатты   ұзақ мерзімді инвестициядан бөледі, ол өз жағынан  экономикалық өсуінің  маңызды факторы.

         Үшіншіден, Қазақстан бағалы қағаздар нарығына инфляция тұрақсыздығы әсер етеді. Бұл  экономикасы өтпелі мемлекеттерге  тән нәрсе. Ақшаның  құнсыздану қаупі  инвесторларды ұзақ мерзімді стратегиялық салымдардан бас тартады. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей инфляцияның  белгілі бір мөлшеріне индексті бағалы қағаз шығаруға арқылы ұстауға  болатыны. Бұндай қағаздар табысы индексті  дұрыстаумен инфляцияның өсу темпін баяулатады. Бұндай  индексті бағалы қағаздар біздің елде әлі қалыптаспаған, сондықтан инфляция бағалы қағаздар нарығына әсер етеді.

         Төртіншіден, Қазақстанда бағалы қағаздар дамуына  заңдар және реттеу құралдары дұрыс  жұмыс істемейді. Сонымен қатар  коммуникациялы инфроқұрылым сапалы еместігі  бағалы қағаздар нарығының дамуын баяулатады.

         Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығының  әрі қарай дамуы жүріп жатыр. Бағалы қағаздар нарығының дамуы  күрделі экономикалық кезеңде өтіп жатыр. Инфляция өсуі, қаржы тұрақсыздығы, республикалық бюджеттің дефициті және т.б. Бұл факторлар менің  ойымша бағалы қағаздар нарығының   толығымен дамуына әсер тигізеді.

         Үкімет  бағалы қағаздар нарғының дамуына үнемі  әр түрлі шараларды қолданады. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті бағалы қағаздарға қатаң бақылау  жасап отырады. Бұл өз жағынан  отандық компанияларға жаңадан  инвесторларды тартады.

         Сонымен, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы көптеген мәселелермен кездескеніне қарамастан, бұл біздің еліміздің экономикасында болған позитивті процестер негізінде  дамып бара жатқан жас, динамикалық  және перспективті нарық болып табылады. Сонымен бірге, бұл нарық мемлекеттің  қаржы ресурстарын қайта бөлу жүйесінде үлкен роль ойнайды, және нарықтық экономиканың қалыпты жұмыс  істеуіне қажет. Сондықтан бағалы қағаздар нарығын қалпына келтіру және дамуын реттеу үкіметтің алдында  тұрған негізгі тапсырмалардың бірі болып табылады. Мен Қазақстан  Республикасының бағалы қағаздар нарығы әрі қарай дамып, әлемдік деңгейге жетуіне сенім білдіремін.

               
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

    1. «Бағалы қағаздар нарығы» туралы ҚР заңнамасы , 5- наурыз 1997ж
    2. У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Г.А. Рузиева «Финансовые рынки»       
    3. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» Алматы, 1998ж    
    4. И.С. Мұханалиева «Бағалы қағаздар нарығы және оларды реттеу»,
    5. Алматы, Экономика, 2006ж.
    6. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. 2002.
    7. «Рынок ценных бумаг Казахстана» ақпараттық-аналитикалық                                       
    8. журналы, №18 (146) қыркүйек 2010ж.
    9. ҚР-ның Президентінің 2007 жылғы халқына жолдауы, Егемен
    10. Қазақстан, 2-басылымдық , 2007ж.
    11. «Ақшаны қайда салу қажет немесе бәрі де инвестиция жайлы», RFCA
    12. ақпараттық-аналитикалық журналы, Алматы, 2009ж.
    13. «Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау», RFCA
    14. ақпараттық-аналитикалық журналы, Алматы, 2009ж.
    15. ҚР БҚН реттеу департаментінің сайты www.nse.kz
    16. ҚР KASE қор биржасының сайты www.kase.kz
    17. ҚР Қаржы Министрлігінің сайты www.minfin.kz
    18. ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
    19. агенттігінің сайты  www.rfca.kz

    Информация о работе Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы