Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:48, курсовая работа

Описание

1991 жылы Қазақстан егеменді ел болып жарияланды және оның егемендігін көптеген елдер таныды.Міне, сол егемендік алған күннен бастап Қазақстан демократиялық жолмен дамып келеді. Ең бірінші ішкі саясатымызды және халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайын көтеру Елбасымыздың басты стратегиясы болды. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру жолында халыққа жер телімдері беріліп, шаруа қожалықтарын жүргізуге, шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылдануға мүмкіндік ашылды. Осы кәсіпкерлікпен шұғылданатындарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырды. Осындай кәсіпкерлікпен шұғылдану жолында халықтың нарықтық экономиканы меңгеру тәсілдерін, оның жолдарын меңгере түсті: яғни, халықтың өз өнімдерін өндіріп, оның сату жолдарын үйренді. Сонымен қатар, Қазақстан өнімдерін сыртқа шығару процесі жүргізіле бастады. Мұнайды экспорттау жұмыстары жолға қойылды. Ішкі өндірістерге сырттан инвестиция әкеленіп, бұрынғы тұрып қалған завод, фабрикаларды іске қосу шаралары жүзеге асырыла бастады.

Содержание

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдаудың ішкі саясатындағы басым бағыттары

1.1 Экономикалық және әлеуметтік саясаты

1.2 Саяси жүйе және ұлттық қауіпсіздік

Негізгі бөлім

2. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары

2.1 Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы, АҚШ-пен және Еуропа Одағымен стратегиялық әріптестігі

2.2 Қазақстанның Азия елдерімен ынтымақтастығы

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Экономика курсовой.docx

— 48.66 Кб (Скачать документ)

    «Қымбатты Қазақстандықтар! Экономикалық игілігімізді арттыра түскен сайын біз әр кезде  түрлі жағдайларда өздерінің  туған елі үшін қажет болғанда өмірі мен денсаулығын қиған  жандарды, олардың отбасылары мен  жақындарын ешқашан естен шығармуымыз  керек.» деп атап көрсетті Елбасы. 3

    1.2 Енді қауіпсіздік стратегиясына назар аударсақ, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайтудың барынша басым бағыттарының қатарын атауға болады.

   2006-2010 жылдарға арналған Ұлттық Қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы – Қазақстанның мемлекеттілігін, ұлттық егемендігі мен тұтастығын нығайту жаңа әскер доктринаның негізінде жүзеге асырылға тиіс. Ол күш пен құралдардың жедел қанат жаюын жүзеге асыруға қабілетті, ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби армияның жасақталуын көздеуге тиіс.

    «Ұлттық Қауіпсіздіктің жаңа стартегиясы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барыша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне жағдай жасауы тиіс. Соңғы жылдары ел қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін көп іс

____________

3 Егемен Қазақстан ,  2006 жыл

атқарылды, алайда бірқатар қауіп-қатерлер мен  қыр көрсетулер қалып отыр» 4 – деді  Н.Ә.Назарбаев.

    Лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз қару-жарақ  таратуға, есірткі саудасы мен  басқа да осындай қатерлерге қарсы  күрестегі халықаралық ынтымақтастықты  нығайту және кеңейту Қазақстанның тиісті халықаралық шарттар мен  келісімдерді әзерлеуге және нақты  іске асыруға белсенді қатысуын қарастырады.

      Біз қазіргі заманның осындай  қыр көрсетулеріне қарсы тұру  үшін ҰҚШҰ және ШЫҰ шеңберінде  бірлескен оқу-жаттығу шараларына, сондай-ақ лаңкестікке қарсы НАТО-мен  бірлескен 

бастамалармен операцияларға қатысу арқылы Орталық  Азия өңірі мемлекеттерінің ынтымақтастығын  нығайтуға тиістіміз.

    Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, ахуалды жақсартып келеміз, алайда бірқатар қаржы - өнеркәсіп топтарының ақша ағыстарының ашық болмауы және олардың табысты жасыру, қаржы мен мүлікті шет елдерге шығару, салық төлеуден жалтару есебінен заңсыз баюы, сондай-ақ көлеңкелі экономика біздің дамуымыздың елеулі шектеулеріне айналып отыр. Нақ осы топтар өкілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге шақырған ұрандары дүңкілдеп тұр. Сонымен бірге бюджеттің негізгі ысырабы да нақ осында жатыр.  
 
 
 
 
 

____________

4 Егемен Қазақстан ,  2006 жыл

    Осы заманғы білім беру және білікті  кадрлар даярлау жүйесін дамыту жолдары.

    Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса  маңызды құралдарының бірі. Бізге  экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім  беру жүйесі қажет.

    Сондықтан 12 жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу  орындарында одан әрі оқуды таңдағысы  келетіндерге он жылдық орта білім  беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның  өмір бойы білім алу үшін жағдай туғызуымыз керек. Жоғары білім алғысы келетін адамдар үшін мемлекеттік  бюджет қаражаты есебінен 12 жылдық білім  алу жөніндегі ұсыныстар әзірленуге тиіс. Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті  нығайту, мемлекеттік - жеке меншік білім  беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру  қажет.

    ЖОО-лардың мәртебесі мен мамандыққа қарай  мемлекеттік гранттардың құнын  ойластыруымыз қажет.

    Қазір мәдениет саласын дамытуға мемлекеттік- жеке меншіктік қатысуды оңтайландыратын, яғни, біздің таланттыларымыздың өзінің шығармашылық қызметінің есебінен лайықты  өмір сүру деңгейіне жетуіне мүмкіндік  беретін жағдайлар жасайтын кезең  туды. Бұлар – елімізде ірі халықаралық  өнер аукциондарын өткізу кезінде мемлекеттік  қолдау да, талантты музыканттар мен  орындаушыларға қолдау көрсету де, сондай-ақ, айталық, өнер көрмелерін сақтандыру мен тасымалдау жөніндегі мемлекет мейлінше аз қатысатын жеке меншік компания құру және басқа осындай  шаралар.

«Мәдениет саласындағы жұмыспен қамтылу дегеніміз  – халқымыздың әл-ауқатынан бірден көрініс табатын икемді жергілікті сұраныстың орасан зор қайнары.» - деп  Елбасы өз Жолдауында көрсеткен еді.     5

    Біз елімізде Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымның тиімділігін  арттыруға бағытталған ауқымды  саяси реформаларды жалғастыра беретін  боламыз. Демократиялық және өркендеген мемлекеттер орнатудың ортақ  заңдылықтарын, сондай-ақ біздің қоғамның маңызды мәдени – тарихи белгілері  мен дәстүрлерін үйлесімді ескеруіміз қажет. Бізде демократиялық мәдениеттің  терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп  түсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды  белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек. Бұл біздің өткен  президенттік додадан алған сабағымыз. Азаматтардың Конституция мен еліміздің  заңдарын орындауын қамтамасыз ету  – құқық қорғау органдарының міндеті. Олар үшін «қай жерде және кім не айтады?»дейтін сұрақ туындамауға  тиіс, есесіне, «заңды бұзған екенсің  – оның баптарына сәйкес жауапқа  тартыласың» дейтін нақты ереже  бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кезеңдегі «заң қалай бұрсаң, солай  бұрылатын тәртенің» керін қайтайтын  боламыз.

    «Біздің Конституциямыз - әлемде демократиялық  қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отыр. Егер атына  сын айтылып жүрсе, оның ережелерінің орындалуына ғана қатысты болып  жүр. Бүкіл әлемде демократия мен  заңды сақтау ажырағысыз болып танылады.» - деп Елбасы айтқан еді. 6

___________

5 Егемен Қазақстан,  2006 жыл

6 С.И.Абдулпаттаев, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», 2005ж 

    2. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары

    Сыртқы саясаттағы біздің басымдықтарымыз өзгеріссіз қала береді. Қазақстан әрқашан да жауапты және сенімді халықаралық серіктес болып қалады.

   2.1 Қазақстан-Ресей қатынастары сенім мен стратегиялық серктестіктің жоғары деңгейінде тұр.

    Ресейлік  бағыт – Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдығы.

    Қазақстан мен Ресей арасында сындарлы үн қатысу жолымен және өзара мүдделері ескеру арқылы шешілмейтін проблемалар жоқ. Бұл саяси, сондай-ақ экономикалық мәселелерге де қатысты.

    Президент Назарбаев 2005 жылғы халыққа Жолдауында. «Біздің сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз  өзгеріссіз күйде қалады. Бұл ХХІ ғасырдың сынақтарына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді жан-жақты және үйлесімді  сыртқы саясат.

    Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты  дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі  елдерімен өзара іс-қимылға зор  маңыз беріледі», - деп атап көрсетті. 7

    Бүгінгі басты мәселелер ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ  шеңберінде сауда-экономкалық ынтымақтастықты  кеңейту мен өңірлік ықпалдастықты  дамыту саласында жатыр. Мұнда қауіпсіздікті  нығайту мәселелері маңызды орын алады. Аталған салалардың бәрінде  де Қазақстан мен Ресейдің ұстанымдары  ұқсас әрі жақын.

___________

7 С.И.Абдулпаттаев, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», 2005ж 

    Қазақстан мен АҚШ арасында ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастар орнаған, бұлар халықаралық энергетикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес, демократиялық өзгерістерді жалғастыра беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың кең ауқымымен сипатталады.

    Ендігі  жерде экономикалық саладағы ынтымақтастықты  одан әрі дамыту, америкалық инвестицияларды  тарту және Қазақстанда озық технологиялар  енгізу үшін қолайлы жағдай туғызу күн тәртібінде тұр.

    «Барынша  қауіпсіз және тұрақты дүнижүзілк тәртіпті орнату жөніндегі бірлескен күш-жігерді  жүзеге асырудың жауапты кезеңінің  бейнелі шебіне жеттік» деп айтты, одан әрі Елбасы «Қазақстан ядролық қаруды және оны жеткізу құралдарын жою ісінде АҚШ-пен және басқа елдермен ынтымақтасуға үміт артады» деді.8

    Қазақстан ЕО-мен ынтымақтастыққа өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік және мәдени даму салаларында зор мазмұн беруге мүдделі. Біз өзіміздің еуропалық серіктестерімізге инвестициялық қызмет, ірі халықаралық жобаларды іске асыру, біздің елімізге озық технологиялар мен білімді тарту үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.  
 
 
 
 

___________

8 С.И.Абдулпаттаев, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», 2005ж

    1995 жылы Қазақстан Еуропалық Одақта  «Әріптестік және ынтымақтастық  туралы» келісімге қол қою  басталып, 15 мемлекет оны өз Парламенттерінде  бекіткен соң, 1999 жылы шілде айында  күшіне енді. ЕО елдері Қазақстанның  Ресейден кейінгі екінші сауда  әріптес. ЕО-ның ТАСИС, ТРАСЕКА  бағдарламалары бойынша әлеуметтік  және көлік қатынасы саласында  іс-шаралар жүргізілуде. 

    Н. Назарбаев өз сөзінде: «Мақсатымызға  жету үшін бізге шетел инвестициясының  қуатты ағыны мен дамыған елдердің техникалық көмегі қажет екенін білеміз. Міне, сондықтан да бұл конференцияның біздің елдеріміз бен халықтарымыз үшін зор мәні бар.» деді.

    НАТО-ға қазір 46 мемлекет қатысып отыр, оның ішінде Қазақстан бар, осыған байланысты Президент Назарбаев: «Бұл ынтымақтастыққа Солтүстік Атлантика Одағының біздің қоғамды демократияландыру, экономиканы жаңғырту бағытымызды қолдауы, сондай-ақ республиканың жас армиясының аяғынан тік тұрып кетуіне көмек көрсетуді қызықтырады» деді.

    2.2 Біздің өңірде ықпалдастық қарқынын төмендетпеудің маңызы зор. Біз мәдениетіміз мен тарихымыздың ортақтығы жақындасытырып отырған көршілес Орта Азия мемлекеттерімен жан-жақты байланыстарымызды дамыта беруге тиіспіз. Біздің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымыздың келешегі зор. «Қазақстанның әлемде қуатты әкономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын естен шығармағанымыз абзал» деді Назарбаев. «Мен Орталық Азия елдері Одағы құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. Біздің экономикалық мүдделеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз де, дініміз де, эколоиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз, сыртқы қатерлеріміз де ортақ» деп айтылды Президенn Жолдауында.

    Біз үшін мұсылман әлемі елдерімен халықаралық ынтымақтастық пен мәдени алмасулар құрылымдарына белсене қатысу мейлінше табиғи нәрсе. Біз сондай-ақ ислам және Араб Шығысы елдерінің көпшілігімен өзара тиімді және өзара байытатын екіжақты қарым-қатынастарды белсенді дамытып келеміз.

    Халықаралық қоғамдастықта біздің елімізді мекен  ететін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің  толеранттылығын, конфессияаралық  және мәдениаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен  танылып  отыр. Халқымыз осы заманғы дәне бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсене орнатып жатыр.

    Біз экономикалық және саяси ынтымақтастық  мәселелері бойынша Қытай Халық Республикасымен екіжақты шарттарды іске асыруды жалғастыра береміз. Қазақстан осы серпінді дамып келе жатқан елмен өзара тиімді байланыстар орнатудан басқа басала жоқ екенін негізге алады. Экономикалық ынтымақтастық халықаралқ қауіпсіздік проблемалары бойынша үнқатысумен бекемделуге тиіс.

      «ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің  таяуда Алматыға жасаған бірінші  ресми сапары өзара тығыз іс-қимыл  мен әріптестік деңгейіне жеткізілген  бұдан былайғы ынтымақтастық  сипатына ұзақ мерзімді ықпалын  тигізеді. ҚХР-мен арадағы достық  қарым-қатынастарды тереңдету біздің  республикамыздың ұзақ мерзімді  мүдделеріне сай келеді» -  деп атап көрсетті Н.Назарбаев  өз Жолдауында. 9 

___________

9 С.И.Абдулпаттаев, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», 2005ж

    Біз сондай-ақ ШЫҚ шеңберінде, сондай-ақ екі жақты нақты бастамалар мен  уағдаластықтар негізінде көші-қон және өңірлік қауіпсіздік проблемаларын шешу жөніндегі саясатты үйлестіру ниетіндеміз.

    «Меніңше, адамзаттың ХХІ ғасырдағы дамуы  көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен ара қатынасты  өз саясатының негізгі өзегі деп  түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты  қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен  ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие» деп атап көрсетті Президент. 10

    Міне, нақ сондықтан де біз қазірдің өзінде мұндай тәжірбие жинақтаған Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысу орталықтарының бірі ретінде қызмет атқаруға әзір екенін тағы да қуаттағымыз келеді.

Информация о работе Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру