Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:47, реферат
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның шығуын зерттеді.
Баға құрылымы - бағаның, олардың құрылымының, деңгейлері мен арасалмақтарының қалыптасуы мен өзгеруі үдерісі. Экономиканы басқарудың аса маңызды құралдарының бірі. Қазіргі кезде отандық жоне әлемдік тәжірибені басшылыққа ала отырып, бағаның қалыптасуының негізгі үш әдісін (тәсілін) бөліп көрсетуге болады, олар; шығынға, сұраным менбәсекеге бағдарланған әдістер. Шығынға бағдарланған тәсіл бағаны "шығын + пайда (немесе + сауда үстемесі, үстеме баға)" қағидасы бойынша белгілеуді, сондай-ақ пайданың жалпы көлемін алу және залалсыздық арқылы белгілеуді көздейді. Бағаны "шығын + пайда" формуласы бойынша белгілеу шығыннан тыс пайыз ретіндегі пайданы қоса отырып, өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялауға негізделген, яғни баға өнім (жұмыстар, қызметтер) түрінің пайдалылық деңгейі бойынша белгіленеді. Сүранымға бағдарланған Баға құралымында екі тәсіл қолданылады: кемсіту тәсілі, яғни сұраным ауытқуындағы айырмашылыққа қарай табысты көбейту үшін түрлі нарықтарда немесе нарықтың бөліктемелерінде түрлі баға белгілеу тәсілі; тауарлардың сұрыптамалық тобы бойынша белгілеу тәсілі, мұнда белгілі бір мақсатта (мысалы, пайданы, сатуды көбейту мақсатында) баға белгілеуге бүкіл сұрыпталымдық топ шеңберінде қол жеткізіледі. Бәсекеге бағдарланған Баға құралымында (жабық сауда-саттық) жеткізушілер (өндірушілер, құрылысшылар, т.б.) тауардың белгілі бір түрінің жеткізіліміне арналған сауда-саттыққа шақырылады. Олардың ең төмен баға көрсетілген ұсыныстары (тендерлер) күні бұрын желімделген конвертпен табысталады, оны ашқаннан кейін ең төмен баға белгіленген ұсыныс сатып алушылар үшін ең тиімді баға ретінде қабылданады. Бұл ретте баға тағайындау туралы шешім меншікті шығынға ғана емес, сонымен бірге бәсекелестердің ықтимал ұсыныстарын талдауға да негізделуге тиіс.
Бағаның қалыптасуындағы
теориялар
Экономикалық теория классикалық мектебінің
негізін қалаушы Адам Смит пен Рикардоның
ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің
мөлшерімен анықталады деп есептеген.
Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы,
қайнар көзі. Сондықтан да классикалық
мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының
негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта
түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін
тауардың еңбек құнын талдауға арналса,
Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері:
мейлі либерализм, неолиберализм, кейнстік,
неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік
бағаның шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында
Батыс пен Ресей экономикалық теория өкілдері
ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және
ресей ғалымы М.И.Туган-Барановский құндық
теорияны шекті пайдалылық теориясымен
қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар,
алайда біркелкі, пара пар деп түсінуге
болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын
көрсетеді, ал жекелеген тауардың бағасы
нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы
мүмкін. Себебі оған сұраным мен ұсыным,
пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және
т.б. факторлар ықпал жасайды. Баға – тауар
құнының ақшалай өлшемінің модификациясы.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу
саясатының бір бағыты болып табылады.
Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы
маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша
– несие саясаты – нарықтық экономиканың
тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында
ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі
ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін
анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар
ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе
оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай
білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі
туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде
банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік
қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы
біліктілігіне негізделеді.
Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады.Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан Баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Алайда Баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған. Еңбек құны теориясын жасаушылар (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс) пікірі бойынша, “баға дегеніміз тауар құнының ақшалай көрінісі”. Барынша пайдалылық теориясын (австриялық мектеп) жақаушылар Маркстің бұл пікірін біржақты, тек тауар құнын (еңбек шығынын) ғана есепке алған деп сынай отырып, Баға үшін тұтыну құнының да ерекше маңызды екендігін дәлелдеп берді, яғни оның екі түрлі сипатын, еңбек құны мен тұтыну құнына байланыстылығын анықтады. Бұдан Бағаға “тауар құндылығының ақшалай өлшемі” деп анықтама беруге болады. Мұнда Бағаның екі сипаты да толық қамтылады. Бірақ, бұл да Баға табиғатын толық аша алмайды. Себебі, Бағаға еңбек құны мен тұтыну құнынан басқа да факторлар (ұсыныс пен сұраныс, ақша айналымы, рынок пен өндірістің монополиялануы, бәсекенің дамуы және т.б.) әсер етеді. Баға проблемасымен қоғамның экономикалық, әлеумемтік және саяси мәселелері тығыз байланысып жатыр. Мұны кезінде К. Маркс былай деп атап көрсеткен еді: “бүкіл капиталистік өндірістік процесс бағаның өніммен ара қатынасы арқылы реттеліп отырады” (Маркс К., Капитал, 3-т., М., 1982, 445-б.). Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экономикалық процестерді реттеуде Бағаның рөлі артады.
Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес Бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) Баға және еркін (нарықтық) Баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры Бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы); қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы Баға болып бөлінеді. *мемлекеттік баға — мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.
Нарықтық баға өзіндік
құнды, пайданы, көптеген тауарлар бойынша
қосымша құн салығын, сатылым
салығын, кейбір тауарлар бойынша акцизді
қамтиды. Бұл орайда пайданың нақты
мөлшері келісілген бағаның деңгейіне
байланысты. Нарықтық баға шарттарда,
бағаны келісу хаттамаларында немесе
құжаттарда тиянақталады. Ол шикізат,
материалдар бағасының
Бағаны тұрақтандырудың
Қазақстандық аспектілері
Нарық экономикасына өту
жағдайында және экономикалық дағдарысты
жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа
қол жеткізуде ҚР бағаны тұрақтандыру
маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі
банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты
жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай,
кемшіліктердің басым бөлігі банктер
қызметін реттейтін нормативтік базаны
жасаудағы артта қалушылық және оның іске
асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі
кемшіліктермен сипатталады.
Қазақстан өз тәжірибесінде көптеген
баға тұрақтандыру мәселелеріне байланысты
басты сұрақтардың шешімін тиімді етіп
шешіп келеді және шешу үстінде. Осы тұрғыда
мемлекет баға тұрақтандыру шараларын
қалыптастырып үлгерді.
• Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
• ақша-несиелік қатынастарды реттеу;
• сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;
• банктердің қызметін жүйелеу;
• үкімет тарапынан бағаны қадағалау
және т.б..
Ақша-несиелік саясат жүргізу үшін мемлекет
заңды бекітілген құралдары мен операциялар
арқылы жұмыс жасауда, олар: қайта қаржыландырудың
ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын
резервтік талаптар нормативі, қысқа мерзімді
ноталардың шығарылымы, ашық нарық операциясын
жүргізу, кредиттік және депозиттік операциялар,
вексельдерді қайта есепке алу және т.б.
Оларды пайдаланудың тиімділігін республикада
2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен
(6,4-6,8%) шамалауға болады.
Сонымен қатар болашақта артық өтімділікті
«депозиттерге тарту» Ұлттық банктің
басты құралы болатын жоспары бар. Алайда
инфляциялық қысым көзі сырттан (сыртқы
валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті
шексіз азайту бұл операцияның тиімділігін
төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сыртқы
түсімдерді реттеу бағытында шаралар
қолдану қажет.
Институционалдық жағынан қарасақ несие
жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені,
оны мемлекет экономиканы реттеп атқару
үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие
жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық
механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы
мен капиталдың орталықтануын күшейтіп,
бос ақша қаржыларын елдің экономикасына
қолдануға септігін тигізеді.
Қазіргі нарықтық экономикада зейнеткерлер
қоры, сақтандыру компаниялары, өзара
қорлар, инвестициялық банктер, ипотекалық
банктер, қарыз сақтау ассоциациялары
және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы несие
институттары ерекше орын алады. Көп көлемде
ақша ресурстарын шоғырландырған бұл
институттар капиталды тиімді орналастыру
және қорлану процесіне белсене қатысады.
Қорытынды
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама
тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру
әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы
есептелінетін елдің экономика саласындағы
ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі.
Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия
шараларының арасындағы байланыстарды
жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне
қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың
біріне саналады.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді
мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін
және жекелеген елдің немесе барлық
елдің төлем қабілетін сипаттайтын –
халықаралық өтімділік валюталық жүйенің
элементі болып табылады. Халықаралық
валюта өтімділігінің құрылымына шетел
валютасы, алтын, Халықаралық валюталық
қатынастарға резервтік позиция, СДР және
ЭКЮ-дағы шоттар кіреді. Аймақтық валюталық
жүйелердің пайда болуының себептерінің
біріне, жаңа валюталық орталықты құру
және оны дүниежүзілік валюталық жүйе
аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық
жүйе – валюталық бағамдардың ауытқуын
азайту және интеграциялау процессті
ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше
елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық
ұйымдастыру формасының және экономикалық
интеграция негізінде валюталардың қызмет
етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық
қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша
пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды»
– елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз
ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық
жоспарлармен анықталатын, реттелетін
деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап
отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге
асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары
мен басқа міндеттемелері бойынша есеп
айырысу үшін;
2) Қаржы министрлігі: қарыздар туралы
келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы
берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін;
халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін
жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың,
өкілділіктердің және басқа елдердегі
осындай органдардың жұмысын қаржыландыру
үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді
– тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды
импорттау жөніндегі орталықтандырылған
сатып алуды қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары –
коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік
емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың
жергілікті инфрақұрылымын дамытуды,
халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін.