Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:33, реферат

Описание

Сондықтан бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу,болып табылады, яғни оның даму және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
Жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде шағын және орта бизнеске жалпы түсініктеме және де онын экономикада алатын орнын айтып кетсем, ал екіншә бөлімінде Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуын яғны өз тақырыбымды аштым

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1. Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны……………………………………………………………..............................4
1.1 Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестің мәні және қажеттілігі.4
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны мен маңызы.........................14

2. Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы........................................................19
2.1.Шағын және орта бизнестің дамуы, және оны мемлекеттік қолдау.................................................................................................................19
2.2.Қ.Р. шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар..........................................................................26
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курсты0 ж9мыс.doc

— 209.50 Кб (Скачать документ)

-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

 

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

 

Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

 

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

 

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

 

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

 

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.

 

Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал - жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік - ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

   Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

 Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады - жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай - ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

 

- жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);

 

- ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);

 

- мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);

 

- бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);

 

Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні - шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет9. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

     Нарықтық жағдайларда тек ірі кәсіпкерлікпен ғана айналысуға болады,шағын кәсіпкерлік өмір сүруге қабілетсіз деген пікір бар.Тарих көрсетіп отырғандай,шындығына келгенде,шағын кәсіпкерлік ірі кәсіпкерлікпен табысты түрде бәсекелесуде,себебі ол дағдарыс жағдайында анағұрлым икемді,анағұрлым ұтқыр,анағұрлым тұрақты болып келеді және үнемі түрде дамып отыруға қабілетті.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің шет елдік тәжірибесі кәсіпкерліктің экономикадағы аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр.Жапон эеономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын және орта кәсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді,сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тіпті мынадай формула танымал болатын:«Шағын нәрсе тамаша!»

       Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтері бойынша әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 99,6%-ын,ЖІӨ-нің 55%және өнеркәсіпте қызымет ететідер санының 80 %құрайды.

АҚШ-та – ЖІӨ-нің50%дан артық бөлігі инновациялардың жартысынан астам бөлігі ,ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кәсіпкерлікте еңбек етеді.

Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың әр бір бесінші шағын және орта бизнесте еңбек етуде.Олардың шамамен алғанда тең жартысы-жеке кәсіпкерлер.Ал барлық тіркелген кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің 90% артық бөлігі шағын және орта бизнес секторына тиесілі болып келеді.Бұл тұрғыда біз орташа әлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз.

Сонымен қатар,егер шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-де алатын үлесін салыстырар болсақ, Қазақстанда-бұл шамамен 16%.Ал,мысалы,Ұлыбританияда-52%,Италияда-55%,Германияда-57%.

    Біздің еліміз үшін абзал міндеттің бірі-шағын кәсіпкерлікті дамыту.Шағын кәсіпкерлік жұмыссыздықтың төмендеуіне,нарықты отандық тауарлармен және қызыметтермен толықтыруға мүмкіндік туғызады,бәсекелестік ортаны қалыптастырады,ЖІӨ-ге және ел бюджетіне әсер етеді.Ең бастысы,шағын бизнес қоғамның тұрақтылық негізі ретінде ортаншы классты құруға платформа болып табылады.

           

 

 

 

                        2.Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы

2.1. Шағын және орта бизнестің дамуы, және оны мемлекеттік қолдау

 

Баршамызға белгілі жай шағын және орта бизнес өз даму жолында тек қана қаржылық, экономикалық проблемалармен қатар, қоғамдық, психологиялық тұрпаттағы мэселелерге де кезігеді.         Солардың ішінде өз

шешімін күтіп тұрған Заң актілері мен қатар Салықтық кодекс реформаларына байланысты мэселелер.

Шағын және орта бизнес секторы үшін ең бір шешуші мәселе- салық салу жүйесін   реформалау болып табылды. Құқықтық базаны          жетілдіру өндіріс жағдайын жақсарту, және де шағын және орта бизнес субъектілерін әр түрлі қылмыскер, коррупционерлер пиғылдарынан қорғау проблемалары тұрса, экономиканың маңызды секторы шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу «Аумақтық шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының» жасалынуы оны жүзеге асыру инструменті болып табылады. Ел Президенті НЛНазарбаев 1997 жылы 6 наурызда «шағын және орта бизнесті күшейту және оның жұмысын активациялау» Жарлығы жарык көргеннен кейін Республикамызда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кешенді де толық қанды көмек көрсету шаралары байқала бастады. Ал шағын бизнеспен айналысам деуші субъектілер саны күннен -күнге өсуде.

Шағын және орта бизнес секторында орын алған шағын кәсіпорындар санының тіркелгеннен бергі жұмыс жасайтын бөлігі күрт төмендеп кетуі, бұл бизңес түрінің салалық құрыльщы рационалды емес түрде ұйымдастырылуы оның даму эволюциясына кедергі етуде. Әрине мұның себептері шағын және орта бизнес субъектілерін қаржылық - несиелік қолдау аз мөлшерде болуы ғана емес, оның инфрақұрылымының дұрыс дамымай отырғандығында. шағын және орта бизнес субъектілерін объективті түрде ұлттық, аумақтық, жергілікті масштабта олардың эр қайсысына микродеңгейдегі микрожүйе ретінде қарастырған жөн.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау ел Президентінің Жарлығынан кейін, және де «шағын және орта бизнесті қолдау туралы» Заңға сәйкес екі арнаға бөлінеді:қамтамасыз ету,басқарушылық

Қамтамасыз етушілік ролі - шағын кәсіпорындарға қызмет көрсету, ақпараттық, материалдық, қаражаттық ресурстар ақпараттын жеткізу, және тағы басқа.

Басқарушылық- бақылау, жедел жарлықтар, эр түрлі жоспарлау, кәсіпкерлерге арналған семинарлар өткізу істерімен тікелей байланысты.  Бұл  іс-әрекет шағын және орта бизнестің дамуының түпклікті, тиімді басқарылуына алып келеді. Осы ретте шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы осы екі арнаның синтезі ретінде қойылған. шағын бизнесті қолдау негізінен үш деңгейде көзделген.  Бұл  Республикалық, аумақтық, жергілікті. Әр деңгейдің өзі концептуалды - бағдарламалық, функционалдық' ресурстық бірлестектірден тұрады. шағын бизнесті қолдау деңгейлері арасында  өзара  тығыз  байланыс  бар.  Республикалық  органдар  ішкі  ортафакторлары     жобаларын     жасап,     аумақтық              деңгейде         олардың инфрақұрылымдық объектілерінің әдістемелік - нормативті құжаттар жобаларын жасайды.

Шағын және орта бизнесті қолдау оны дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты, яғни шағын және орта бизнес өміршеңдігін ұзарту болып табылады. Осылайша шағын және орта бизнес экономикалық кеңістікте өзінің әлеуметтік-экономикалық функцияларын тиімді де өтімді жүзеге асыра алады. шағын бизнесті қолдау бағдарламасы мемлекет пен қоғам алдында мынадай мәселелердің шешілуін талап етіп отыр;

Салықтық реформа барынша шағын және орта бизнесті ынталандыруға сэйкестендірілсе, сөйтіп мемлекет  бұл  бизнес түріне фискалдық көзқараспен ғана емес, осы сектордың дамуына шынымен инвестициялық-ынталандырушы көзқарас танытса;

Ал, әкімшілік мәселелерге тоқталсақ мысалы, занды тұлғаларды тіркеуден өткізу процесін біршама жеңілдетсе;

Ал, құқықтық қолдау мэселесіне келсек - Заң, нормативті актілер біршама тұрақтандырылса, ведомствалық инструкциялармен қиындатылмаса және тағы басқа мысал үшін ипотекалық, лизингтік қатынастарды мемлекет құқықтандырса.

Өндіріске, мемлекеттік емес кәсіпорындарға қаражат тартуды ынталандыру.

шағын және орта бизнесті көтермелеу бағдарламасының әр түрі бойынша заң жеңілдіктерінің жіктелуін қамтамасыз ету.

Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыратын компаниялар желісін ұлғайту, мемлекеттің катысуымен де, кепіл затының осы мақсаттарға қолданылуын кеңейту.

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасының әмбебап әдісі ретінде салық жүйесі арқылы реттеу зор үлесін тигізеді. Өндірістің дамуының мықты стимулы ретінде дифференсиацияланған ставкасын бекіту және әр түрлі жеңілдіктер көрсету, қазіргі кезде қаржылық және несиелік ресурстарға қажеттілік уақытында көп әсер етпек. Осылайша, салықтық қолдау саясатын осы даму кезінде және болашақта мынандай формаларын қолданған пайдалы:

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы