Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша қызметтері туралы ақпарат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 23:54, реферат

Описание

Балалардың құқығын қорғау басқармасы Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында Халықаралық Еңбек Ұйымымен және бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі халықаралық бағдарламамен бірлесіп 2008 жылдың наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасында бала еңбегі және бала еңбегінің мониторинг жүйесін енгізу бойынша Ұлттық конференцияны өткізуін жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Работа состоит из  1 файл

Балалардын корғау.doc

— 26.50 Кб (Скачать документ)

Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының халықаралық 

ынтымақтастықты нығайту бойынша қызметтері туралы ақпарат 
 

      Балалардың құқығын қорғау басқармасы  Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге  асыру мақсатында Халықаралық  Еңбек Ұйымымен және бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі халықаралық бағдарламамен бірлесіп 2008 жылдың наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасында бала еңбегі және бала еңбегінің мониторинг жүйесін енгізу бойынша Ұлттық конференцияны өткізуін жоспарлап отырғанын хабарлайды.

     Халықаралық  еңбек ұйымының (ХЕҰ) деректері  бойынша әр 100 баланың 16-сы бала  еңбегімен (соның ішінде 5 жастағы  балалар), 12-сі- бала еңбегінің ең  нашар түрімен айналысады (құлдық, кіріптарлық, проституция). Республикада  бала еңбегінің жағдайы, ауқымы туралы толық мәліметтер жоқ.. Осы мәселе білім беру және балалар құқықтарын қорғау органдардың, әйел және отбасы ісі, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссиялардың және басқа да мемлекеттік органдардың отырыстарында, алқаларында қаралмаған. 2005, 2006, 2007 жылдарда бала еңбегінің ең нашар түрімен айналысқан балалардың анықталған саны туралы толық мәліметтер жоқ.

     Болашақта  басқармада Қазақстанда бала  еңбегінің ең нашар түрлерінің  көлемі мен жағдайлары туралы  деректер қоры құрылуы жоспарланып отыр.

     Сонымен  қатар, балалардың еңбегінің ең  нашар түрлерін жоюға, бала  еңбегінің ең нашар түрлерін  жоюды және балаларға қайырымдылық пен демеушілік көмекті жасауды ынталандыру үшін ҮЕҰ-мен, Үкіметтік емес ұйымдармен, жұмыспен қамтамасыз ету органдар және кәсіподақтармен бірлесіп іс-шаралар атқарылады, балалардың еңбегін қаналуын анықтау мақсатында бала еңбегінің әртүрлі формаларымен айналысатын УОБОО-тардың (Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары) контингентына жататындарға талдау жасалуы жоспарланды) және рейдтар, отбасыларына бару жұмыстары өткізіледі. Базарларда, автокөлік жуу орындарда істеп жүрген балалардың психологиялық, сексуалдық және басқа да зорлық-зомбылыққа тап болғандарды анықтау мақсатында бірнеше жұмыстар атқарылады. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер мен білім беру ұйымдармен бірлесіп жоспарланған іс-шаралардың тиімді болу мақсатында балалар мен ата-аналарға әлеуметтік жәрдем көрсету мысалдарын көрсету (тегін тамақтандыру, киіммен қамтамасыз ету үшін субсидиялар, жағдайы нашар отбасылар балаларына стипендияларды беру). Мәжбүрлі немесе міндетті еңбекке жалдау зардабын шеккен балаларға дәрігерлік және психиатрлық заңды көмегін көрсету және қорғау көрсету жөнінде іс-шаралар жоспарлануда.

     Жоғарыда  көрсетілген іс-шаралар бала еңбегінің  ең нашар түрімен айналысатын  балалардың санын анықтауға, бала  еңбегінің жасырын түрі проблемаларын толық шешуге, сонымен қатар, тиімді шараларды қабылдау үшін көптеген ақпараттарды жинақтауға, қоғамды осы проблема туралы ақпараттандыруға, қоғамдық қолдауды жұмылдыруға, балаларды әлеуметтік қорғау бойынша мәселені шешуге, қоғамды бала еңбегінің жасырын түрімен күресуге ықпал етеді.

Информация о работе Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша қызметтері туралы ақпарат