Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 20:50, реферат
Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.
Банк қызметін реттеу
Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.
Банк жүйесi – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi.
Банктердiң және тауарлы ақшалай қарым - қатынастардың даму тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр – бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушыларды экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айрысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi.
Банктiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты шығындарды табу мақсатында банктер қор құруға мiндеттi. Резервтiк қорлар банктiң девиденттердi төлеуге дейiнгi табыстардың есебiнен құрылады. Банктер резервтiк қорларының көлемiн ұлттық банк белгiлейдi.
Банктер жүргiзетiн
операциялардың түрлерi мен көлемiне
байланысты өздерiнiң қызметiнiң
Уәкiлеттi орган банк
қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге
асыру мақсатында:
1) жеке және заңды тұлғалардың банктiң
және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы
мәртебесiне ие болуына, банктердiң еншiлес
ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат
беру және рұқсат беруден бас тарту тәртiбiн
айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi
не беруден бас тартады;
2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз
мөлшерiн белгiлейдi;
3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру
жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;
4) банктiк топтар үшiн пруденциялық нормативтердi
және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар
мен лимиттердi бекiтедi;
5) салымдарға (депозиттерге) мiндеттi ұжымдық
кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртiбiн белгiлейдi;
6) активтердi және шартты мiндеттемелердi
сыныптау мен оларға қарсы провизиялар
құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен
шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз
санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет
алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына
салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн
мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;
7) банктердiң және банктерге аудит жүргiзуге
лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың
тiзiлiмiн жүргiзедi;
8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану
тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану
туралы шешiм қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында
белгiленген жағдайларда банктi консервациялау
туралы шешiм қабылдайды және уақытша
әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны)
тағайындайды;
10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында
белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының
банк заңдарында көзделген барлық немесе
жекелеген банк операцияларын жүргiзуге
лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм
қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша
әкiмдi) тағайындайды;
11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне
сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.