Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 15:52, курсовая работа
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.
Кіріспе ………………………………………………………………………….3
I Банк жүйесінің теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы .........................................................................5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері .................................................9
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау...............................................13
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ................................18
2.3 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және
жетілдіру жолдары .........................................................................................21
Қорытынды ............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................................
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің ,бактік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысың , «Вестник Национального Банка Казахстанаң атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады :
Біріншіден,Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады.Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай –ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді,чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады.Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау.Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажетмөлшерін анықтап,дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолмаөқол ақша қаражатын шығаратын,теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсуді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар.Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып,оларды жаңасымен айырбастап,тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып,бірінші класты ( жоғары өтімді,қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.Ұлттық банк- екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші.Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген,ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тұртіппен және мерзімге береді.Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тұртібін анықтап,қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден,үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды.Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден,банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында,сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді.Барлық банктер,банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі,есептеу,есептесу,валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың ,бухгалтерлік,банктік және басқа есептін мерзімін,формасын,тұртібін және әдісін бекітіп, сондай-ак олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шакырып бакылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тұртібін белгілеп , шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды .
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару , әкелу,әкету және салып жіберу тұртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын тұртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жургізеді.
Жетіншіден , елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралың Заңкуші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден /сатып алушылардан/ Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік /бюджеттік/ резервке алынған қундылықтарды қабылдайды.Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын,
монеталарды,өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:жарғылық, резерв капиталынан , қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан /резервтерінен/ құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан , мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жаргылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан тускен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:
. алтыннан:
. банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан:
. Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан:
. шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып,кепілдік берген бағалы қағаздардан:
.шетел валютасындағы жай және аударым вексельден:
. өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар /резервтер/ Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа да активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең Шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің , оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы /тозуы/ қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі /Директорат/ саналады. Оның жоғарғы органы-Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мушелерінен тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды.Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы.Оны қызметтен Президент босатады.Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты.Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жылмерзімге бекітеді.Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады.Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе,онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде,бірақ айында кемінде 1 рет өткізіп,онда Ұлттық банктің ,жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды,ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган –
Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралың Заңкүші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып,оған есеп беруге міндетті.
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бс ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бқл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы мекеме болып табылады.
Коммерциялық банктердің пассивтік операцялық негізіде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банктік ресурстары жинақталады.
Банктік ресурс – бұл несиелеу ресурсына қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банктік ресурстар тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқ да акивтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Пассивьтік операцияларға банк ресурстарының мөлшері тәуелді және оның көмегімен банкте нарықта несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтік операцияларының төмендегідей формалары олады:
-
коммерциялық банктердің бағаы
қағаздарды алғашқы
-
банк пайдасынан капиталды
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операцилар.
Пассивтік
операциялар айналыстағы