Банктегі есеп және есеп беру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:12, реферат

Описание

Есеп – қаржылық және басқару есептері болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

Банктегі есеп беру 2.doc

— 27.00 Кб (Скачать документ)

     Банктегі  есеп және есеп беру негіздері.

     1.Түсіндірме  жазбаларды және  есеп саясатын  ашып көрсету.

     2.Шоғырландырылған  қаржылық есеп  беру және құрастырудың  әдістемесі

     Есеп – қаржылық және басқару есептері болып бөлінеді.

     Басқару есебі  басқарушылардың ішкі пайдалануы үшін өлшеніп , өңделіп берілетін есеп ақпараттарының барлық түрін қамтиды.

     Қаржылық  есеп банктің ішіндегі басшылықтан  тыс, сырттағы қажет етушілер пайдаланатын есептік ақпаратты қамтиды.Басқару  және қаржылық есеп арасындағы айырмашылықты  қарастырайық. Салыстыру , ең алдымен біріншіден , негізгі ақпарат пайдаланушыларға , екіншіден есеп жүйесінің түріне, үшіншіден , таңдау еркіндігіне , төртіншіден пайдаланылған өлшемдерге, бесіншіден талдаудың негізгі обьектісіне , алтыншыдан есеп берудің тұрақтылығына , жетіншіден алынған ақпараттардың сенімділік дәрежесіне негізделген.

     Қаржылық  есеп банктің барлық операцияларын  сомалайды . Басқару есебіне әдетте әр түрлі бөлімшелер қызметтерінің  немесе олардың қандай да бір қызметінің қандай да бір жақтары енеді. Есеп беру бөлімшелер пайдаланатын қаражат есебі сияқты барлық бөлімдердің табысы мен шығысының талдауын қамтуы мүмкін.Есеп беруді  жасаудың жиілігі- сыртқы пайдалануға дайындалған есеп беруі тұрақты ұсынылады. Бірдей уақыт аралығында мерзімдік есеп беру қаржылық есептің негізгі принципі . Басқару есебінде есеп беру ай сайын , тоқсан сайын немесе жыл сайын тұрақты дайындалуы мүмкін , күнделікті есеп беру міндетті емес , ең бастысы оны алушыға пайдалы болуы және оған қажет уақытты берілуі.

     Сонымен қатар қаржылық есеп беруді қамтылған қаржылық ақпарат тұтынушы пайдалану үшін тұжырымдалған нақты мәліметтерді қамтиды. Бұл ақпарат болып кеткен операцияларды бейнелейді , сол себептен ол обьективтік сипатта болып, тексерілуге жатады. Басқару есебі ішкі операцияларды жоспарлауға және бақылауға арналған. Басқару шешімін қабылдау бұл үлкен дәрежеде келешекке бағыттылған қызмет. Өткен мерзімдегі операциялар , беталысты анықтау үшін  қаншылықты тиімді болса да әдетте жоспарлауға  маңызы жоқ және оларды келешектегі болжамды жағдайларды субьективті бағалаумен өзгерту керек.

Бухгалтерлік есеп реформасының бастапқы үрдісінде Ұлттық банкте және екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп сұрақтарына байланысты банк жүйесінде нормативтік базаның тұрақты жетілдірілуі жүргізіледі.

       Қазақстан Республикасының заңына  сәйкес заңды тұлға болып табылатын банктер бухгалтерлік есепті бағыныштылығы мен меншік формасынан тәуелсіз Ұлттық банктің нұсқаулары мен талаптарына сәйкес , сондай-ақ Қаржы министрлігі қабылдаған негізгі құжаттар мен нормативтік актілер талабына сәйкес жүргізеді .Банкте бухгалтерлік есептің заңдылық базасы келксі құжаттардан тұрады:

  • ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар Жарлығы , №2732 1995 жылдың 25 желтоқсанында енгізілген (24.06.2002жөзгертулермен қосымшалар);
  • ҚР Азаматтық кодексі . 1994ж 27 желтоқсанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген;
  • ҚР Салық кодексі №209-11 2001 ж 12 маусымда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген;
  • «ҚР Ұлттық банк туралы»30 наурыз 1995 жылғы Заң;
  • «ҚР Банк және банк қызметтері туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Заң;
  • «Қр-ғы төлемдер және ақша аудару туралы» Заң;
  • «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 1997 жылдағы 24 желтоқсанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Заң;
  • «ҚР валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 5 наурыздағы Заң;
  • Қазақстан стандарттары және қаржы есебіндегі халықаралық стандарттар;
  • ҚР-ның екінші деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары.

Информация о работе Банктегі есеп және есеп беру негіздері