Басқарманың өндірістік құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 16:14, реферат

Описание

Мен 23 ақпан мен 3 мамыр аралығында өндірістік тәжірибеден «Локомотив сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының «Астана локомотив сервис орталығы» филиалында өттім. Мекеме Қазақстан Республикасының Астана қаласы бойынша Әділет Министрлігінде 2004 жылдың 01 қарашада тіркелген (Мемлекеттік тіркеу бойынша куәлік 17532-1901-АҚ). Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 13 мамырда қабылданған «Акционерлік коғамдар» туралы заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен реттелінеді.

Работа состоит из  1 файл

Басқарманың өндірістік құрылымы.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

     Кірістер  бойынша бухгалтердің міндеттеріне субъектінің негізгі табыстары мен шығыстарының есебін есептеу, салықтар бойынша есептер жәе өзге де міндеттер кіреді.

     Жетекші бухгалтер міндеттеріне өзге бухгалтерлердің  қызметтері мен жұмыстарын бақылау,  негізгі құралдар есебі және өзге де міндеттер кіреді. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлу маңызды болып табылады.

     Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жеке дара бөлім  ретінде бөлек жүргізіледі. Мүлік, шаруашылық есеп операциялары «Фаворит» Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп (АБЕ) компьютерлік бағдарламасы негізінде теңге және тиын есебінде жүргізіледі. Бұл бағдарлама 1997 жылы арнайы Теміржол саласы үшін Қарағандыда әзірленген.

     Бухгалтерияның  жағдайы Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қаржылық есептің халықаралық стандарттары, әдістемелік ұсыныстар мен Қоғамның Есеп Саясаты  негізінде реттеледі.

           Филиалдың барлық шаруашылық операциялары ақтаулы алғашқы құжаттар арқылы бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Шаруашылық операция фактілерін құжаттау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігінің № 185 23.05. 2007 жылы қабылданған бастапқы құжаттар формалары және «Фаворит»  бағдарламасында қолданатын құжаттар қолданылады.

           Бухгалтерлік есеп регистрлері оның ішінде: шаруашылық операцияларды жүргізу ведомостары, активтердің, міндеттемелердің және меншікті капитал «Фаворит»бағдарламасының форматында қарастырылған және сол құжаттар негізінде серіктестіктің бухгалтерлік есебі жүргізіледі.

   б)Кәсіпорынның есеп саясатымен танысу.

   Нарықтық  экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін көрсетіп береді.

       Қаржылық есеп берудің мақсаты  өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның  қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдалану-шылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтау-шылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

       Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел-статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

     «Астана локомотив сервис орталығы»  филиалында Бухгалтерлік есеп жеке дара бөлім ретінде «Есептеу бөлімінде» бөлек жүргізіледі. Бухгалтерияның жағдайы Есеп саясатымен реттеледі. «Астана локомотив сервис орталығы» филиалының Есеп саясаты «ЛСО» Акционерлік қоғамының Есеп саясаты болып табылады. Ал осы аталған Акционерлік қоғамның 15 филиалы бар. Оның ішінде біздің Астана филиалы да бар. 

     «Локомотив  Сервис Орталығы» АҚ-ның Қазақстан  бойынша мынадай филиалдары бар:

       1) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Тобыл локомотив сервис орталығы» ;

       2) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Көкшетау  локомотив сервис орталығы»;

       3«Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Екібастұз локомотив сервис орталығы»;

       4) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Астана локомотив сервис орталығы»;

       5) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Қарағанды  локомотив сервис орталығы»;

       6) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Семей локомотив сервис орталығы»;

       7) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Ақтоғай локомотив сервис орталығы»;

       8) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Алматы локомотив сервис орталығы»;

       9) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Шу локомотив сервис орталығы»;

       10«Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Арыс локомотив сервис орталығы»;

       11) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Қазалы локомотив сервис орталығы»;

       12) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Қандыағаш локомотив сервис орталығы»;

       13) «Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Атырау локомотив сервис орталығы»;

       14«Локомотив сервис орталығы»  акционерлік қоғамының филиалы - «Маңғыстау локомотив сервис орталығы»;

       15) «Мак-Экибастуз» ЖШС – жарғылық капиталында жүз пайыздық қатысу.  Барлық филиалдардың өндірістік, қаржылық және тағы басқа шаруашылықтары мен атқаратын қызметтері «Локомотив сервис орталығы» АҚ-ның есеп саясатына негізделеді.

     Есеп  саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның бухгалтер есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылдаған принциптері, негіздер, шарттар, ережелер мен практика.

Кәсіпорынның  есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға  дейін ресімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен ресімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарыммен ғана атқарылады. Есеп жүргізудің жалпы  ережелері орталықтанып, белгіленеді; оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі.

Осылайша  бүгінде Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есебінің дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ  жинақталған тәжірибе мен дәстүрлі ескере отырып, оның кәсіпорындарда қалыптасуы мен дамуына объективті алғышарттар пісіп-жетілді.

Информация о работе Басқарманың өндірістік құрылымы