Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 19:15, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.
Жұмысшы шоттар жоспарында көрсетілген шығын шоттарында көрсетілген ақпараттар нақты жасаған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып, шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құн туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі деп есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға жіктеледі:
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындармен қатар қосылады. Мысалы, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материал болып табылады.
Жүмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар – бұл өнімді дайындауға тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбекақысы (еңбекақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады. мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбекақысы тағы басқа осы сияқты тікелей еңбекақылар жатады.
Қызмет көрсетуші цех жұмысшыларының еңбекақысы тікелей еңбекақы болып табылмайды, олар үстеме шығыстарға жатқызылады. Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жалақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.
2.2 Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі
Шикізаттар мен материалдар – өнімді әзәрлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы желде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі. Лимиттік-алу карталары және талап-наклоднойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады.
Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету: үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланғган көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шыгыс нормасы бойынша өмімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде тартылады.
Қайтарылған қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістсрдің қалдығы бақылау жасау бойынша жеке операцияларды басқа ұйымдардың орындауы:
Сатып алынған энергия шығындары, оларды белгіленген тарифпен сатып алу төлемі мен оларды тиісті орындарға жеткізу шығындарын тұрады.
Шикізаттар мен материалдар шығындары німнің өзіндік құнында елеулі үлестік салмаққа ие болады. Сондықтан оларды тиімді пайдалануға бақылау жасаудың үлкен маңызы бар.
Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау. Бақылауды жүзеге асыру үшін прогрессивтік, техникалық жинақталған шикізаттар мен материалдар шығындарының өңделген нормалары қажет.
Материалдық босалқыларды өндіріске босату белгіленген мөлшерлі лимитті-заборлық карта бойынша, ал нормадан тыс немесе бір материалдың орнына екінші материалды ауыстырғанда бір жолғы талаптар немесе басқа құжаттармен - кәсіпорын басшысының рұксатымен жүзеге асырылуы қажет.
Бірақ қоймадан цехтарға босатылған материалдар нақты шығындар болып табылмайды, есепті кезеңнін соңында цехтарда пайдаланылмаған шикізаттар мен материалдар қалуы мүмкін. Есепті кезеңнің соңында цехтарда өнделмей қалған материалдар мен шикізаттар қоймаға наклодной бойынша қайтарылуы тиіс. Пайдаланылмаған цехтардан қоймаға қашарылған материалдық босалқылардың құны лимитғі-зоборлық карта және талап құжаттарынын негізінде өндіріске жіберілген материалдардың құнынан шегеріледі.
Нақты шығын келесі жолмен анықталады: ай басындағы цехтардағы пайдаланылмаған қалдық материалдар қосылған қоймадан өндіріске жіберілген материалдар азайтылған (-) ай соңындағы цехтан материалдар қалдығы және есепті кезең ішінде қоймаға қайтарылған материалдар. Кәсіпорында материалдардың өндіріске босатылуына ғана бақылау жасап қоймай, сонымен бірге олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау қажет. Оның мәні нақты материалдық шығындарды, нақты шығарылған өнімдердің көлемі мен салыстыру және белгіленген нормадан ауытқуды анықтап, олардың себебі мен оған кінәлілерді табу.
Бақылау тәсілдері пайдаланылған материалдардың, технологияның және өндірістің ұйымдастырылу ерекшелігіне байланысты болады. Олардың кеңірек тарағандары: иормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету (белгі берегін құжаттау тәсілі), түгелдеу әдісі, топтамалық пішу.
Нормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету тәсілі – материалдың бір түрін екіншісімен ауыстырғанда, пайда болған ауытқу кезінде, белгіленген нормадан тыс материалдарды босатқанда, оларға қайта шығын шығару кезінде, өнімдерде ақау пайда болғанда және т.б. жағдайларда қолданылады. Осы тәсілдің мәні нормадан тыс материалдарды босатқанда немесе ауыстыру кезінде, жеке құжаттар (талап, ауыстыру актісі) толтырылады, яғни ол белгіленген нормадан ауытқу жөнінде хабар береді,
Кәсіпорынның кейбір салаларында (тамақ, тоқыма) шикізаттар мен материалдарды өндіріске босатқанда құрылымдық жылжудардың нәтижесінде ауытқу пайда болады. Олар алдын-ала жасалан есептеу тәсілімен анықталады, яғни ол нормадан ауытқудың кұжат жүзінде дайындау тәсілінің әр түрлілігін көрсетеді.
Мұндай жағдайда ауытқуды нақты пайдаланылған материалдарды, олардың технологиялық норма бойынша жұмсалғанымен салыстыру арқылы анықтайды.
Сондықтан технологиялық нормалар бойынша жиынтықтағы барлық нақты тиелген қоспаларды материалдың әрбір түрі, сорты, маркасын жалпы тиелгендерге пайыздық қатынасына көбейту жолымен анықтайды. Есепті кезеңнін соңында белгі беретін құжаттардағы көрсеткіштердегі шығындар бойынша жиынтықтар, олардың пайда болу себептері бойынша қайта шығын жұмсау көлемін (санын) анықтауға мүмкіндік береді.
Топтамалық пішу әдісі дайындау және басқа да өте тапшы, ұзақ тұратын материалдарды жұмые орнында кесу, пішу жүзеге асырылатын өндірістерде қолданылады: металл, тері, мата, ағаш. Бұл тәсіл кесілетін (пішілетін) материалдардың әрбір партиясына ашылған, есеп картасында өндіріс шеберлерімен жүзеге асырылады. Ессп картасында кесілетін материалдардың саны, бір дайындау партиясының мөлшері және осы партиядан алынуға тиісті дайындамалар мен қалдықтардын саны. Кесу (пішу) жүзеге асырмаған соң, есеп картасына осы партияда дайындалған нақты дайындаманың саны және алынғаи қалдықтар жазылады. Кесу (пішу) нәтижесін білу үшін нақты алынғаи дайындама санын және қалдықтарды материалдардың норматнвтік шығындарымен салыстырады, нақты жасалған дайындама санын шығын нормасына көбсйту жолымеи анықтайды.
Нормадан ауытқуды нақты материалдар шығындарын нормативпен салыстыру арқылы анықтайды. Ұқсас бақылау қалдықтарғада қатысты жүзеге асырылады.
Әрбір материалдың түрі бойынша нормадан ауытқуды жоғарыда айтылған тәсілдермен анықтау мүмкін болмағанда түгелдеу тәсілі қолданылады. Оңың мәні мынада: нақты кезеңдік (сметаның, күннің, айдың соңында – өндіріс жағдайының, материалдың ерекшелігіне байланысты) материалдық шығындарды анықтау үшін жұмыс орындарындағы пайдаланылмаған материалдар қалдықтарына түгелдеу жүргізеді. Нақты материалдық шығындарды есепті кезең басындағы қалдыққа есепті кезең ішінде келіп түскендерді қосып, одан осы кезеңдегі қоймаға қайтарылғандарды және есепті кезең соңындағы қалдықты шегеріп анықтайды.
Норма бойынша шығындарды – дайындалғаи бұйымдардың немесе шалафабрикаттардың санын шығын нормасына көбейту арқылы анықтайды. Ауытқу әрбір материалдар түрлері бойынша нақты шығындарды нормативпен салыстыру жолымен анықталады.
Өндіріске жұмсалған материалдарды шығындарға шығару, кәсіпорын басшысы бекіткен, есеп беруге тиісті тұлғамың есебінің негізінде жүргізіледі. Осы есептің және оған тіркелген бастапқы құжаттардың негізінде бухгалтер шығын бағыттары бойынша материалдарды бөлу ведомосын жасайды.
Өндіріс қалдықтарының есебі. Шикізаттар мен материалдар шығындарынан пайдаланылған (қайтарылған) қалдықтардың құны шығарылады.
Қалдықтар дегеніміз – өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндіру процесіне пайда болатын, өзінің талап етілетін қасиетті толық немесе бөлшектеп жоғалтатын, соған байланысты шығынды көбейте отырып, пайдаланылатын немесе тікелей бағыт бойынша пайдаланылмайтын шикізаттардың, материалдардың, шалафабриқаттардың, жылу өткізгіштердің және басқа материалдардың ресурстар түрлерінің қалдықтары.
Жинақтау және пайдалану мүмкіндігі бойынша қалдықтарды қайтарылатын, кәсіпорынның өзінде қолданылатын немесе басқа жаққа сататын және қайтарылмайтын (кеуіп кету, шаңға айналу және т.б.) деп бөлінеді.
Бухгалгерлік есепте оларды пайдалану немесе сату мүмкін болатын бағамен бағаланған қайтарылатын қалдықтар ғана көрсетіледі.
Қайтарылмайтын қалдықтар бағаланбайды. Қайтарылатын қалдықтардын саны оларды қоймаға өткізетін накладнойдардың негізінде анықталады. Қайтарылатын қалдықтар өнім турлері бойынша тікелей есепке алынуы мүмкін немесе қалдықтардың шығу нормасы бойынша шығарылған бұйым түрлерінін арасында пропорциональды түрде бөлінеді.
Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы және еңбекақыдан аударылатын аударымдар бойынша шығындар есебі. «Өндіріс жұмысшыларынын еңбекақысы» бабы бойынша өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақылары есептеледі.
Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы өнімдерді пайыйдаумен тікелей байланысты болады.
Өндіріс жұмысшыларынын негізгі еңбекақысы кесімді баға бойынша есептеледі, бастапқы құжаттардың (ведомостъ, нарядтар, маршрут қағаздары, өңдеу жөніндегі рапорт) негізінде белгілі бір өнім түрінін өзіндік құнына енгізіледі.
Бұл жағдайда, егер шығынды тікелей апару мүмкін болмаған жағдайда, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы өнім түрлерінін арасында өнімнін бір данасы белгілеген нормативтік ставка бойынша пропорциональды түрде бөлінеді. Ол үшін нақты шығарылған әрбір өнім түрлерінің көлемі үшін нормативтік еңбекақы сомасы – шығарылған өнімнің бірлігінс белгіленген еңбекақының нормативтік мөлшерін шығарылған өнімнің нақты көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Сонан соң нақты есептелген жұмысшыдардын негізгі еңбекақысы өнім түрлерінің арасында нақты шығарылған өнім үшін нормативтік еңбекақыға пропорциональды түрде бөліп таратылады.
Көмекші операциялар бойынша және цехтардың қосымша жұмыстарында жұмыс істейтін, нақты өнімнің бір түрін дайындауға қатыспайтын, күнбе-күн төленетін өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысың сыйақы және басқа төлемдер, шығарылған өнім түрлерінің арасында жұмысшылардың (кесімді еңбек етушілер) тікелей еңбекақы сомасына пропорционалды түрде бөліп таратылады.
Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақысына өндірісте жұмыс істемеген уақытқа төленетін төлем жатады: жұмысшылардын кезекті және қосымша демалысына төленетін ақы, кезекті демалысты пайдаланбағаны үшін төленетін өтемақы, баланы күтіп-бағу демалысына төленетін ақы, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындаумен байланысты уақытқа төленетін ақы, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін төленетін төлем және т.б.
Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбекақысы негізнен бұйымдар мен тапсырыстар арасында өндіріс жұмысшыларынын негізгі еңбекақы сомасына сәйкес бұйымға (тапсырыс) апара отырып, пропорционалды түрде бөліп таратылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі және қосымша еңбекақының есептелген сомаларының көрсетілуі, цехтар мен бөлімшелердің коды, өндіріс шығындарының коды, негізгі және қосымша еңбекақы сомасы және басқа да қажетті көрсеткіштер көрсетілген кестелер, ведомостар негізінде жүзеге асырылады.
«Еңбекақыдан аударылатын сома» бабы бойынша өндіріс жұмысшыларының негізгі жәнс қосымша еңбекақысынан белгіленген пайыз бойынша әлеуметтік қажеттілікке бөлінген сома көрсетіледі. Әлеуметтік қажеттілікке аударылған сома өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша еңбекақы сомасынан белгіленген заңды пайыздық кестеге сәйкес нақты бір өлшем түрінің өзіндік құнына енгізіледі.
Үстеме шыгындардың есебі. Үстеме шығындардың түсінігі және олардың түрлері. Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлік), өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Бұл сөзбен айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтардағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, ғимараттрды және жалпы өндірістік (цехтық) бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндірістік (иехтық) сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірибе жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты басқа да цехтық шығындар.