Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 09:47, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.
Кіріспе ..........4-5
I. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері.
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктері ..........6-12
1.2. Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара
айырмашылықтар ...........13-27
II. Логикалық есептерді шығару барысында оқушыларды
ойлауға үйрету жолдары.
II.1. Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау тәсілдерін дамыту.......................................................................................................................28-40
И.2. Логикалық есептер жүйесі мен шығару жолдары…………………………...41-54
ІІ.З. Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижелері ...........55-58
Қорытынды...........................................................................................59
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................60-61
Математика оқулығындагы логикалық есептерді шығаруда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады, әрі тапсырманы орындағанда ойланып, сараптап жауап беруге ұмтылады. Мысалы, 3 сыныпта мынадай логикалық есептерді қарастырдық:
5 оқушы 5 жұмыртқаны 5 минутта пісірді. 10 оқушы 10 жұмыртқаны неше минутта пісіреді? - оқушы ойланбастан 10 минутта деп жауап берді. Мақұл деймін. Ал сонда 100 оқушы 100 жұмыртқаны қанша уақытта пісіреді? сасып қалған олар ойланыңқырап тұрып, кешірерсіз, адам және жұмыртқа саны қанша болса да бәрібір пісу уақыты 5 минут екен - дейді.
4-сынып.
Ересек адам жүрегі 1 минутта 5 литр қан айналдырса, 1 сағатта неше литр қан айналдырады? 1 тәулікте ше? Оқушылар алдымен сағатты және тәулікті минутқа айналдыру керек екенін тапты. Демек, 1 мин - 5л
1 тәул - ? Ітәул = 24сағ = 1440сағ.
Жауабы: 1 сағ-300л
1 тәул - 7200л қан.
Оқушыларды математика пәнінің қыр-сырына тәрбиелеу математика ғылымын меңгерудің сабақтастығына, үлгірім нәтижесіне оң ыкпал жасайды. Математиканы оқыту сабақтастығының қалыптасуына ыкпал ететін тәсілдердің бірі - есептің мазмұнды болуы, Есеп мазмұны оқушының математика пәніне қызығушылығын тудырады, оның есептеу барысындағы қиындықты жеңу, ойлау эстетикалық ләззатқа бөлену, қол жеткен табысына қуану сезіміне ықпал етеді. Сондықтан есептің мазмұны қызғылықты болуына айрықша көңіл бөлу керек. Есептердің мазмұны, текстік құрылым, күрделі ойға жетелеумен қатар баланы көңіл-күй, әсерге де бөлеуге тиісті.
Әдетте терең талғамы жоқ материал оқушыны шатастырып, сол материалды игеруін қиындатады. Есеп құрылымын ұтқырлықпен ұсына білу оқушының ойлау қабілетін ұштаудың негізі болып саналады. Ал ұсынылатын есепті іріктеу әдістемелік тұтас жүйеге біріктіру оқушыны жаңа ғылыми танымдарга жетелейді, өз бетінше ізденісін ұштайды. Оқушыларға сандар мен есептеулерге байланысты жаттығулардан басқа логикалық жаттығуларды да шығарған жөн екендігіне назар аударып, өз сабақтарымда пайдаландым.
3-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Математикалық логика.
Сабақтың мақсаты: /. Білімділік. Оқушыларды
сабақта өтілетін логикалық тапсырмалармен
таныстыру.
2. Дамытушылыц. Анализ жасап, логикалық ойын қорытындылай білуге дағдыландыру. Практикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік. Ынтымақшылықка, еңбексүйгіштікке, қызғаныштан аулақ болуга тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Дамытушылық.
Сабақтың көрнекілігі: тактаға ілінетін суреттер. кестелер
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Оқушыларға тапсырма бойынша қажетті
заттар таратылып беріледі.
әр оқушы көрнекі құралдарын алып, шығармашылық,
логикалық, ізденіс жұмыстарын орындауға
тиіс. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу шеберлігі мен математикалық
түсініктері кеңейеді. Бұл жерде уақытты
орынды пайдаланып, есте сақтау қабілетін
дамыту көзделеді.
Математикалық ойын. «Ойнайық та ойлайық».
Ойынның мақсаты: Фигураның нүктесі, нүктенін ориы, олардың орналасу қалпы арқылы кеңістік ұғымын қалыптастырып, түс туралы түсініктерін кеңейту. Құрал-жабдықтары: үш геометриялық фигураны біріктіріп салған карточкалар, тұсті қарындаштар.
Ойынның мазмұны 1-тапсырма. Қызыл қарындашпен үш фигураның ішіне орналасатындай етіп бір нүкте белгілеңдер.
2-тапсырма. Көк қарындашпен үшбұрыштан
тыс шаршының ішіне
Логикалық тапсырма. а) Қосындысы 13 шығатындай етіп, бір таңбалы тақ сандарды орналастыр.
ә) Қосындысы Пшығатындай етіп, бір таңбалы жұп сандарды орналастыр.
Қызықты есеп. Аулада жүрген қозылар мен үйректердің аяқтарының саны - алтау сегіз. Аулада неше үйрек, неше козы бар болуы мүмкін.
Жауабы: 1 қозы 1 үйрек
1 қозы 2 үйрек.
Анализдеп-синтездеу жұмысына арналған жаттыгу.
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
11 12 13 14 15
16 17 18 19 20
21 22 23 24 25
55 60 65 70 75
І-бағанда орналасқан сандардың 55-ке тең. Келесі бағандардағы сандардың қосындысын қалай тез тауып алуга болады?
Шешуі: Бағандардағы сандардың әрқайсысы алдыңғы бағандардағы | сандардың қосындысынан 5-ке артық. Ендеше 55+5=60; 60+5=65; 65+5=70; 70+5=75.
Ойлау қабілетін дамытуга арналған сөзж.үмбак.
Тігінен: 1. Ұзындықтың өлшем бірлігі. 2. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі. 3. Уақыттың өлшем бірлігі. Көлденеңінен: 1. Массаның өлшем бірлігі.
Қорытынды.
Қазақстан Республикасы
бастауыш білімінің мемлекеттік стандарт
Есеп шығару барысында, анализ синтезді қолдану мұның одан әрі байытып, өрістету немесе оған қатысты дербес жағдайларды тұжырымдау, сөйтіп оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруда, математикалық ойлау дербестігін дамытуда айрықша рөль атқарады.
Есеп шығару математиканы оқытудың ажырамас бөлігі, себебі есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып байытуға оқушылардың математикалық ойлауын өрістетуге, білімдерін практикада қолдануга, табандылық, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады."
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау тәсілдерін дамыту