Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 10:03, доклад

Описание

Қазіргі кезде Қазақстан өзінің посткризистік кезеңінде экономикалық өсуінің басты көрсеткіші және оны ары қарай дамытушы болып кәсіпкерлік екенін түсінеді. Жалпы кәсіпкерлік саласының ел экономикасын алға «сүйрейтін» басты құрылымдар қатарынан екені әлемдік тәжірибеден белгілі. Біле білсек, әлеуметтік ахуалымызды айтпағанда ішкі жалпы өнімнің құрылымы, оның сапасы, экономикалық өсім – барлығы да айналып келгенде кәсіпкерлікке байланысты. Мемлекеттің діттегені – кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, дағдарыстан тұралап қалған кәсіпорындардың бойына қан жүгірту

Работа состоит из  1 файл

БаяндамаАкмарал.doc

— 89.50 Кб (Скачать документ)

    Қазіргі кезде Қазақстан өзінің посткризистік  кезеңінде экономикалық өсуінің  басты көрсеткіші және оны ары  қарай дамытушы болып кәсіпкерлік  екенін түсінеді. Жалпы кәсіпкерлік  саласының ел экономикасын алға «сүйрейтін»  басты құрылымдар қатарынан екені  әлемдік тәжірибеден белгілі. Біле білсек, әлеуметтік ахуалымызды айтпағанда ішкі жалпы өнімнің құрылымы, оның сапасы, экономикалық өсім – барлығы да айналып келгенде кәсіпкерлікке байланысты. Мемлекеттің діттегені – кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, дағдарыстан тұралап қалған кәсіпорындардың бойына қан жүгірту. Ал бұл мәселе шешілсе, елдегі етек алған жұмыссыздық жайы бірыңғайланып, әлеуметтік ахуалымыз да еңсе тіктейді. Ең алдымен шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы аймақтық әкімдерді қызықтыруы тиіс. Өйткені салық тайқазанының толығып, жергілікті бюджет бүйірінің «майлануы» да тікелей кәсіпкерлерге байланысты. Биылғы халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы: «Кәсіпкерлік секторын дамыту – мемлекеттің экономикасын алға жылжыту деген сөз. Демек Үкімет елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін арттырғысы келсе, үнемі ол саланы ынталандырып отыруы тиіс. Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақтаушымын. Біз алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабылдадық. Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидаттары мен тәртібі белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жасалды», деп бекер айтқан жоқ.

    Сонымен шағын және орта кәсіпкерлік саласының  қазіргі ахуалына тоқталсақ, статистика агенттігінің мәліметіне сай шағын және орта бизнестің дамыған елдердің ЖІӨ 60-70 пайызын алса, Қазақстанда бұл көрсеткіш соңғы мәлімет бойынша 31,2% алады, соның ішінде шағын бизнес 28% болса, орта бизнес 3,2% алады.  

Қаңтар-қыркүйек 2010 жылдың шағын және орта бизнестің негізгі

көрсеткіштері (пайыз есебімен берілген) 

Облыстар 
 
 
 
Активті субъектілер  саны  

2010 жылғы 1 қазанға. 

Жұмыспен қамтыл-р 2009 жылғы 1қазанға % есебімен . Өнімді шығару

(сәйкес бағаларда)

қаңтар-қыркүйек 2010ж. 2009ж. қаңтар-қыркүйегіне % есебімен

Қазақстан Республикасы 101,1 102,5 105,3
Ақмола 100,3  101,3 102,5
Ақтөбе 100,7 102,5  113,8
Алматы 101,7 102,3  101,9
Атырау 102,5  104,9  103,1
БҚО  100,5 102,2 106,6
Жамбыл 100,3 102,3  102,3
Қарағанды 101,1 102,6 106,8
Қостанай 101,0  103,1  104,4
Қызылорда 101,0  102,1 102,1
Маңғыстау  101,3 103,0  103,3
ОҚО  101,4 103,1 105,5
Павлодар 100,6 100,2 106,9
СҚО  100,5 101,9  102,1
ШҚО  100,3  101,0 103,8
Астана  қаласы 101,3 102,7 104,8
Алматы  қаласы 101,8  104,1  106,5
 

Алдыңғы жылмен салыстырғанда белгілі бір өсімге жеттік, алайда бұл статистикаға қарағанда  өсім баяу жүретінін байқауға болады. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері  бойынша шағын және орта бизнестегі активті субъектілері тек 1,1% көбейді (11 қазан 2010жыл). Енді осыдан келіп кәсіпкерлікті қарастырып көрейік:  

Қазақстанның 1 сәуір 2010 жылғы ШОБ статистикасы 

  ШОБ секторындағы жұмыс істейтіндер үлесі Мемлекет бойынша  жұмыс істейтіндер үлесі ШОБ секторында өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет үлесі  Мемлекеттің ЖІӨ  өнім үлесі 
Шағын кәсіпорындар 9,4%  8,46%  57,2%  5,72%
Орта  кәсіпорындар  0,4%  0,36% 21,7%  2,17%
Индивидуалды  кәсіпорындар 64,6%  58,14% 18,8%  1,88%
Ауылдық кәсіпрындар   25,6%  23,04%  2,3%  0,23%
Ірі кәсіпорындар 10%    90%  
 

    Осыдан  көретініміз, Қазақстандық өнімнің бестен бір бөлігін өндіретін орта кәсіпорындар өте аз және ол ЖІӨ-нің 2% ғана құрайды, ҚР ШОБ өнімінің өнеркәсіптік үлесі  1% құрайды. Шағын кәсіпорындар өте аз, бірақ олар өнімнің жартысын өндіреді (көбінде қызмет көрсету) немесе ЖІӨ-нің 5%.

          Ал біздегі жағдай, соның ішінде  Батыс Қазақстан облысындағы  бизнестің, яғни шағын кәсіпкерліктің  дамуы қандай, оның дамуына нендей  кедергілер бар, келешегі қандай  деген мәселе төңірегінде тоқталсақ: 2010жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша облыс бойынша 6 888 кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Соның ішінде Ақжайық ауданында 135, Бөкей ордасында 76, Бөрлі ауданында 761, Жаңақалада 76 Жәнібекте 95, Зеленов 278, Казталовта 130, Қаратөбеде 82, Сырым ауданында 123, Тасқалада 116, Теректіде 191, Шыңғырлау ауданында 121, Орал қаласында 4699 кәсіпорындар мен ұйымдар.

    Экономикалық  қызмет түрлері бойынша 6888 кәсіпорын  мен ұйымдардың  

  2010ж 01.10.
Облыс бойынша барлығы 6 888
Ауыл, орман және балық шаруашылығы 255
Өнеркәсіп 415
Құрылыс 1 086
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді  және мотоциклдерді жөндеу 1 670
Көлік және қоймалау 56
Тұру  және тамақтану бойынша қызметтер 243
Ақпарат және байланыс 96
Қаржы және сақтандыру қызметі 136
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 396
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 372
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы  қызмет 229
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 569
Білім беру 631
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер 141
Өнер, ойын-сауық және демалыс 125
Өзге  де қызметтер түрлерін ұсыну 468
 

    Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлік  нысандары биылғы он айда 366285 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылғыдан 3,2 пайызға артық.

    Облыстық  статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде 18098 белсенді шағын кәсіпкерлік нысаны болса, бұларда 71727 адам еңбек етеді. Соның ішінде 2209 заңды тұлғада 33758 адам жұмыс жасап, 338196 млн. теңгенің өнімін өндіруге жетісті. 12339 жеке кәсіпкерлікте 27314 адам нәпақа тауып, 18626 млн. теңгенің өнімін шығарды. 3550 шаруа қожалығының (10655 адам) үлесінде - 9463 млн. теңгенің өнімі.

    Облыста 1 қарашадағы дерек бойынша 4148 шағын  бизнес кәсіпорны (өткен жылғыдан 1,2 пайызға кем) тіркелсе, соның 3263-і  жұмыс істейді, 1968-і экономикалық тұрғыдан белсенді болып отыр.

    Заңды тұлғалардың 77,8 пайызы Орал қаласында, 12,6 пайызы Бөрлі ауданында шоғырланған.

    2010 жылдың қаңтар-қарашасында екінші  деңгейдегі банктер шағын бизнес  субъектілеріне 16,0 млрд. теңге несие  берді.

    Ауылдық кәсіпкерлерді әрі қарай несиелендіру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы облыстық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді.

    «Бизнестің  жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 187,2 млн. теңге,  жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға 359,0 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді.

    Облыстың  микрокредиттік ұйымдарымен 678,3 млн. теңгеге 881 шағын несие берілді, оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары  есебінен - 35,5 млн. теңгеге 97 шағын несие, республикалық бюджеттің қайтарылған қаражаттары есебінен - 104,4 млн. теңгеге 292 шағын несие, жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен - 150,0 млн. теңгеге 46, жергілікті бюджеттің қайтарылған қаражаттары есебінен - 125,5 млн. теңгеге 53 шағын несие, басқа да қаржы көздерінен - 262,9 млн. теңгеге 393 шағын несие.

    Батыс Қазақстан облысында таяуда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры даму институттарының  ашық есік күні" деген бизнес-форум  өтті. Оған екі жүзден аса облыс  кәсіпкерлері қатысты.

    «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры өкілдерін даму институттарын басқару жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев бастап келді. Жиынды Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев ашты.

    «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры қаржы және даму институттарын басқару жөніндегі директоры Сәркеев Бақытжан Құрманбайұлының айтуынша, Даму институттары осы күнге дейін 146 инвестициялық жобаны қаржыландырса, соның 96-сы пайдалануға берілген. Қазір бұл өндірістерде 20 мың жұмыс орны ашылған. «Даму» қорының арқасында орта және шағын кәсіп саласындағы 8,5 мың нысан қолдауға ие болып, 26 мың жұмыс орны жасақталған.

    Батыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» қоры аркылы, яғни оның «Даму аймақтар»  бағдарламасы бойынша 397 кәсіпкерге 20 млрд 329 млн теңгеге 2103 несие берілген. Жаңадан 162 жұмыс орны ашылған. Орта және шағын кәсіп бойынша «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы жүзеге асырылып, ол бойынша кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін тұрғындарға бизнес-тренингтер ұйымдастырылған.

Қазақстанның 209-ға тарта ауданы мен халық тығыз  қоныстанған жергілікті аумақтарында өткен бизнес-тренингтерге қатысқан кәсіпкерлердің 854-і Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері екен.

    Облыстағы іскерлердің алғашқы жиыны жеке дара жұмыс істейтін олардың өзекті мәселелерінің ортақтығын, оларды шешу жолында бұдан әрі қарай бірлесе жұмыстану қажеттігін анық көрсетті. Өткенді таразылау, алдағы міндеттерді нақтылау форумы болды бұл. Форумда облыс әкімдігі мен ”БҚО кәсіпкерлері қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Билік пен кәсіпкерлер арасындағы өзара түсіністікке бастайтын мұндай басқосу енді жыл сайын өтетін болады.

Елімізде кәсіпкерліктің дамуына байланысты пайда болатын  қиыншылықтар, ол ақпараттық қиыншылықтар. Соның ішінде:

1. Кәсіпкерліктің  басты мәселелерінің жария етілмеуі;

2. Жақсы әсерлі  тәжірибелердің бұқаралық ақпарат  құралдары арқылы шықпауы;

3. Қоғам мен  кәсіпкерлердің жаман ақпараттанылуы (экономикалық, құқықтық, салықтық 

     мәдениет  жағынан). 

    Бұл мәселені шешу үшін:

1. БАҚ және  электронды ақпарат желісі арқылы кәсіпкерлікті дамытуды насихаттау;

2. Интернет желісінде  арнайы беттер ашу, брошюралар, ақпараттық қағаздар, буклеттер, 

    дайджест  шығару;

3. Радио мен  телекөрсетілімдерде арнайы бағдарламалар  циклдерін жүргізу;

4. Кәсіпкерліктің  актуалды мәселелері мен сұрақтары бойынша газеттер мен журналдарда   

    басылымдар  шығару.

    Осы шараларды мемлекет қолына алатын болса, ШОБ қарқынының өсуі орын алатынына  сенімім  бар.

    Қазақстанның  болашағы кәсіпкерлікте деген тұжырымды  дұрыс емес деуге болады. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның болашағы біздің қолымызда, яғни біздің дұрыс концепцияны құруымызда. Мемлекеттің дамуының басты көрсеткіші ол  - объективті және субъективті факторлардың дұрыс үйлестірілуі. Бұл жерде объективті фактор дегеніміз – елдің бізге берген ортасы, пайдалы қазбалары, т.б. Ал субъективті фактор тікелей адамның өзіне байланысты, яғни ол кәсіпкерлік қабілеті, ойлау және анализ жасау қабілеті, және т.с.с. Мысал ретінде Жапонияны алып қарастыруға болады, елдің пайдалы қазбалары өте аз мөлшеріндегі ел өз экономикасын Азиядағы ең дүркін экономикаға айналдыра білуі, және әлемде тек АҚШ-ты ғана алдына жіберуі бізге үлгі бола алады.

Информация о работе Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуы