БРИКС - 5 ел атауының бас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 13:56, доклад

Описание

БРИКС (BRICS)- 5 тез дамитын елдер атауынан тұрады. Бразилия, Россия, Индия, Китай және ОАР (Brazil, Russia, India, China, South Africa). Инвестициялық банк Goldman Sachs 2001 жылдың қарашасында аналитикалық банк хатында алғаш рет қысқартуды ұсынды. 2011 жылға дейін БРИК аббревиатурасы қолданылды. 2011 жылы 18 ақпанда Оңтүстік Африка Республикасының қосылуына байланысы, Үндістанның қаржы министрінің мәлімдемесі бойынша BRICS атауына ие болды.

Работа состоит из  1 файл

БРИКС.docx

— 54.24 Кб (Скачать документ)

БРИКС (BRICS)- 5 тез дамитын елдер атауынан тұрады. Бразилия, Россия, Индия, Китай және ОАР (Brazil, Russia, India, China, South Africa). Инвестициялық банк Goldman Sachs 2001 жылдың қарашасында аналитикалық банк хатында алғаш рет қысқартуды ұсынды. 2011 жылға дейін БРИК аббревиатурасы қолданылды. 2011 жылы 18 ақпанда Оңтүстік Африка Республикасының қосылуына байланысы, Үндістанның қаржы министрінің мәлімдемесі бойынша BRICS атауына ие болды.  Goldman Sachs пікірі бойынша 2050 жылға қарай осы төрт елдің экономикасы жиынтығында әлемнің ең бай елдерінің экономикаларының жиынтық мөлшерінен асып түседі (Үлкен сегіздік).

         БРИКС - 5 ел атауының бас әрпінен құрылуымен қатар, “bricks” (қазақша «кірпіш») деген сөзге ұқсас болғандықтан, бұл термин болашақта әлем экономикасы мен қор нарығының өсуін қамтамасыз ететін елдер тобы

БРИК С мүшелері тез дамып келе жатқан үлкен елдер ретінде белгілі. Елдерге бұндай тиімді жағдайды әлемдік экономикаға маңызды ресурстардың болуы қамтамасыз етеді:

  • ауыл шаруашылық өнімдеріне бай;
  • минералды ресурстардың ең үлкен экспорттаушысы;
  • арзан интеллектуалды ресурстарға ие;
  • арзан жұмыс күшіне бай;
  • табиғи ресуртарға бай.

    Жоғарыда аталғандар - осы елдер экономикалары сүйенетін ең маңызды ресурстар. Елдердегі халық санының көп болуы, арзан еңбек күшінің молаюына әкеліп соқтырады. Осыған байланысты, экономикалық өсу темпінің ұлғаюына әкеледі.

         БРИК  елдеріндегі жан басына шаққандағы ЖІӨ динамикасы (1998-2009 ж.ж, АҚШ долларымен есептегенде )

    БРИКС тұжырымдамасы

    Голдман - Сакс БРИК елдері 2050 жылға таман бүкіл экономикалық жүйені басқаруы мүмкін деп бекітті . Бұл тұжырымдама Голдман - Сакстың ғаламдық экономисі Джим O’Нилмен ұсынылды. Бұл елдер бүкіл әлемдегі  құрғақтың 25% - ын,  халық санының 40% - ын құрайды. Олардың біріккен  ЖІӨ 15,435 трлн $. Бұл елдер ең үлкен және тез өсуші нарықтардың арасында болғанымен, Голдман-Сакс бұл төрт ел Еуропалық Одақ немесе АСЕАН сияқты саяси одақ құрады деп бекіткен жоқ. Бірақ, бұл елдер өздерінің саяси ынтымақтастығын арттыруға ат салысуда.

    БРИКС тұжырымдамасы бойынша, Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай елдері өздерінің саяси жүйесін бүкіл әлемде капитализмді орнату мақсатында өзгертті деген тұжырымдама бар. Голдман-Сакс болжамы бойынша, Қытай және Үндістан өндірістік құралдар мен тауарлар жабдықтаушысы болса, Ресей мен Бразилия шикізат жабдықтаушысы болуы мүмкін. Осыған орай, БРИК-та мықты экономикалық блок құруға мүмкіндігі бар («Үлкен сегіздік» сияқты).

    Бразилияда соя  және темір руда өндірісі басым, ал Ресей мұнай және табиғи газ үлкен жеткізілім мүмкіндігіне ие. Осылайша,  Голдман-Сакс тұжырымдамасы тұтыну заттары, жұмыс, технологиялар мен компаниялар АҚШтан алшақтап келетінін құжаттайды.

    Қырғи қабақ соғыс соңынан кейін БРИКС құрамына кіретін үкіметтер өз елдерін әлемдік экономикалық жүйе бөлігі болсын деп, экономикалық және саяси реформаларды бастады. Бәсекелесу үшін бұл елдер бір уақытта тірек жасады:

  • Білім алу;
  • Шетел инвестициялары;
  • Ішкі тұтыну;
  • Ішкі кәсіпкерлік.

            Зерттеуге сәйкес, келесі 30 — 50 жылда төрт елдің ішіндегі ең үлкен өсуге жету мүмкіндігіне Үндістан ие. Негізгі себеп халықтың жұмыс істеу жасының төмендеуі Ресей мен Қытайға қарағанда, Үндістан мен Бразилияда кейінірек болады.

Жалпы ішкі өнім (номиналды) 2008 Жалпы ішкі өнім (номиналды) 2050
Орын
    Елдер ЖІӨ (млн.$)
1 США 14,264,600
2 Япония 4,923,761
3 Китай 4,401,614
4 Германия 3,667,513
5 Франция 2,865,737
6 Ұлыбритания 2,674,085
7 Италия 2,313,893
8 Россия 1,676,586
9 Испания 1,611,767
10 Бразилия 1,572,839
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
 
Орын
      Елдер ЖІӨ (млн.$)
1 Китай 70,710,000
2 США 38,514,000
3 Индия 37,668,000
4 Бразилия 11,366,000
5 Мексика 9,340,000
6 Россия 8,580,000
7 Индонезия 7,010,000
8 Япония 6,677,000
9 Ұлыбритания 5,133,000
10 Германия 5,024,000
 

Информация о работе БРИКС - 5 ел атауының бас