СӨЖ
Тақырыбы: Бронх ағашының құрылысы
Орындаған: Абулов Ш.Р.
3-006 топ ЖМФ
Тексерген:Қайрбекова
Қ. Қ
Мазмұны
а. Бронх тыныс алу түтігі
б. Бронхтың дамуы
в. Бронхтардың құрылысы
г. Бронхтардың тармақталуы
д. Балалардағы ерекшеліктері
е. Қоректенуі, нервтенуі
Кіріспе
- Тыныс алу ағзалары дем алған ауамен бірге өкпе арқылы қанға оттегін жеткізіп, дем шығарған кезде көмірқышқыл газын шығару үшін қызмет етеді. Тыныс алу жуйесі жоғары тыныс алу жолдары және төменгі тыныс алу жолдары болып ажыратылады. Төменгі тыныс алу жолдарына бронх жатады.
Бронх - тыныс алу түтігі
- Оң және сол басты бронхтар bronchus, грекше – тыныс алу түтігі , bronchi principales
dexter et sinister, bifurcatio tracheae тұрған жерден тік бұрыш жасай шығып, сәйкес өкпенің қақпаларына келеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхтан кең, көлемі үлкен. Сол жақ бронх ұзындау, 9-12 шеміршекті сақинадан тұрады. оң жақ бронхта 6-8 шеміршекті сақина.
.
Бронхтың дамуы
- Эмбриогенездің 3-4 аптасында алдынғы ішектің вентральды қабырғасынан пайда болатын өсіндіден дамып, жетіледі. Бұл өсіндінің төменгі бөлігіндегі ортанғы сызықтың бойымен оң және сол жақ өкпенің бастамаларын беретін екі қапшық пайда болады. Қапшықтар арасына мезенхима кіріп, майда бөлікшелерге бөледі, майда бронхтар бастамасы пайда болады. Эмбриогенездің 4ші айында эпителиймен тысталған бронхылар пайда болады.
Бронх
үлкен бронх
Орта бронх
кіші бронх
Бронхтың бөліну тәртібі
- Бронхтың бөліну тәртібі 16 дан 23 ке дейін әр түрлі модельде есептеледі Үшінші қатарлы бронхиолалар сегментарлы деп аталады яғни олардың әр бұтағы сегмент өкпенің жеке бір бөлігін қамтиды Сегментарлы бронхтардың келесі бөлінуі әрбір алда жүретін қатарлардағы бұтақтар диаметрінің төмендеуіне қатысты біршама ұлғайтады 1 ден 16 шы қатарға дейін бөлінген бронх ағаштары кондуктивті 17 19 қатар альвеолярлы 20 21 қатар респираторлы 22 қатар альвеолярлы аймақ басталады
- Бронхылы-кеңірдек 2 негізгі бронхыға бөлінеді. Оң және сол бронхы
- Оны бірінші реттік деп атайды
- Оң ортаңғы сызықтан 25 градус, сол 40-42 градус
Сол Бронх
Ұзындығы 4-5см, ені 14мм, 9-12 шеміршектік жартылай сақинадан тұрады
Оң Бронх
Оң бронх ұзындығы 3см, ені 20мм, 6-8 шеміршектік жартылай сақинадан тұрады
Бронхтардың гистогенезі
шырышты қабықшасы /эпителий, меншікті, бұлшықетті/бір қабатты көп қатарлы призмалы кірпікшелі;
шырышасты негіз борпылдақ талшықты дәнекер тіні;
фиброзды шеміршекті қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тіні;
адвентициалды қабықша дәнекер тінінен тұрады
- Орта бронх гистогенезінің үлкеннен айырмашылығы оның фиброзды шеміршекті қабықшасы эластинді шеміршектен аралшық түрінде болады.
- Кіші бронх гистогенезінің айырмашылығы онда фиброзды шеміршекті қабықшасы болмайды.
Бронхтардың тармақталуы
Басты бронхтардан келесідей бөлінеді:
- Өкпесыртылық бөлшектік бронхтар (1 ші реттік бронхтар),
- зоналды өкпесыртылық бронхтар (2 ші реттік бронхтар), әр бір өкпеде 10 нан,
- Өкпеішілік субсегменттік бронхтар (3-5 реттік бронхтар), (диаметр 5-2 мм),
- Бөлікшелік (2-1 мм),
- бронхиолалар
1. Трахея
2. Басты бронхтар
3. Жоғарғы бөлшектік бронх
4. Орта бронхтар
5. Кіші бронхтар
I — жоғаргы сегменттік бронх; II
— артқы сегменттік бронх; I—II —жоғаргы артқы сегменттік бронх; III — алдынгы сегменттік бронх; IV — латералды сегменттік бронх (оң жақта) және жоғарғы язычковый (сол жақта);
V — медиалды сегменттік бронх және төменгі язычковый (сол жақта);
VI — жоғарғы сегменттік бронх; VII — медиалды (сердечный) базалды сегменттік бронх; VIII — алдынғы базалды сегменттік бронх; IX
— латералды базалды сегменттік бронх; Х — артқы базалды сегменттік бронх.
Балалардағы ерекшеліктері
- Балаларда бронх ағашының тармақталуы ересек адам бронхтарының тармақталу үлгісіндей болып, ұрық ішілік дамудың 4-ші айында қалыптасады. Жаңа туылған баланың өкпесінде тыныс алу жолдарының реттік саны ересек адамдардығыдай болғанымен, альвеолалар саны мен олардың аудандық көлемі әлдеқайда кішірек болып келеді.
- Жас ұлғайған сайын альвеолалар санының және көлемдік ауданының ұлғаюын оның сферикалық өсуі қамтамасыз етеді. Жаңа альвеолалар бронхиолалар қабырғасында пайда болып, дистальді респираторлық бронхиолалардың альвеолярлық жолдарға, ал терминальді бронхиолалардың респираторлық бронхиолаларға ауысу процессі жүреді.Бұл процесс 8 жасқа дейін жүреді, содан соң өкпеде күрделі өзгерілер болмавйды.
- Жас балаларда бифуркация бұрышы 70-90 градусты құрайды. Есейген балаларға қарағанда нәрестелерде бұл бұрыш сүйірлеу келеді. Бронхтардың ені тыныс алу фазасына тікелей байланысты болады. Бифуркация деңгейі жетілу деңгейіне байланысты өзгереді. Оның төмендеуі диафрагма күмбезінің жазылуына байланысты.
Кеңірдек бифуркациясы
Нәрестелерде - Th3 омыртқа деңгейі
1 жас –
Th3-4 омыртқа деңгейі
2-6 жас – Th4-5 омыртқа
деңгейі
7-14 жас – Th5-6 омыртқа
деңгейі
14 жастан жоғары - 2-ші қабырға аралығында
Қанмен қамтамасыз етілуі, нервтенуі
- Бронхтардың қанмен қамтамасыз етілуі: қолқаның кеуделік бөлігінен тарайтын бронхтық тармақ rami bronchiales.
- Иннервациясы: қоздырғыш, симпатикалық және жұлын нервтерімен. Кезбе нервпен n. vagus.
- Бронхтар тармақталуының бойында өкпе тінінен лимфа қабылдайтын көптеген лимфатикалық түйіндер орналасқан.
Жасқа байланысты ерекшеліктер
- Туғаннан кейін бронх тінінің диффенцировкасы және бронхтық ағаштың өсуі жалғасады(шамамен 7 жасқа дейін). Әсіресе бронх интенсивті өмір сүрудің бірінші жылында және жыныстық даму кезінде өседі, 20 жасқа дейін барлық бронхтардың көлемі 31/2—4 есеге ұлғаяды. 40 жастан кейін бронхтарда шырышты қабықшасының атрофиясы шеміршектердің қабыршақтануы және т б байқалады.
Қорытынды
- Бронхтық ағаштың,альвеолярлық ағаштың құрылымын, сонымен қатар бронхтың қанмен қамтамасыз етілуін,иннервациялануын,балалармен ересектердегі айырмашылықтарын білу көптеген өкпедегі патологиялық ауытқуларды анықтап,оларды емдеуде маңызды болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Николаев А.В. “Топографическая анатомия и оперативная хирургия”
- Мырзабеков М. “Топографиялық анатомия”
- Рақышев А.Р. “Адам анатомиясы”
- Рақышев А.Р. “Адам анатомиясының атласы 2”
- Островерхов Г.Е. “Оперативная хирургия и топографическая анатомия”
- Интернет беттері “http://spinet.ru/b_koncep/7_innervaciya.php ”
Назарларыңыз үшін рахмет!