Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым
Министрлігі
“МИРАС” Университеті
Презентация
Бәсекелестік
Бәсекелестік
- Нарықтық
экономиканың басты принципі
– тауар өндірушілердің еркін
бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл
өндірушілер арасындағы күрес
немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар,
фирмалар арасындағы өнім өндіру
және өнімді тиімді өткізу
үшін күрес.
- Нарық
жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін
сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын
алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен
арзандығына байланысты.
- ХІХ ғасырдың
орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік
кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен
ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен
байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен
есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға,
еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті
ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға
ынталандырды.
Бәсекелестің
негізгі екі түрі бар
- Бәсекелестің
негізгі екі түрі бар.
- 1). Бір
сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір
саланың тауар өндірушілері арасында
болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі
бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын
жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған
кәсіпорындардың табыстары төмен болады,
тіпті күйреуі мүмкін.
Бәсекелестің
негізгі түрлері
- 2). Салааралық
бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы
салалары аралық күрес. Мұнда
төмен деңгейдегі пайда табатын
саладан капитал пайда деңгейі
жоғары салаға құйылады. Оның
қортындысында жаңа сапалы тауарлар
көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты
жоғарылайды. Ол саладағы пайда
деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық
жетістіктер негізінен жаңа тауарлар
пайда болады, сапасы жоғарылайды,
халықтың табысы көбейген сайын
сұраныс өседі, осылай жаңа
сатыға өсе береді.
Еркін
бәсекелестіктің негізгі белгілері
- Еркін
бәсекелестіктің негізгі белгілері
– бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың
әр қайсысы кәсіпкерліктің қай
түрімен болмасын айналысуы және
кәсіпкерлікті қоюға еркі бар.
Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:
біреу, өзі араласып кәсіп жасайды,
екіншісі – жұмысшылар жалдайды,
үшіншісі – акция, облигация сатып
алады, төртіншісі, ақшасын банкке
салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады
т.б.
Бәсекелестік
принциптері
- Бәсекелестіктің
негізгі принциптері:
- 1) жарыспалылық;
- 2) адалдық;
- 3) заңдылық;
- 4) тұтынушылардың
құқықтарын сақтау болып табылады.
Бәсекелестік
саласындағы мемлекеттік саясат
- 1. Бәсекелестік
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын Қазақстан Республикасының
Үкіметі әзірлейді және монополияға қарсы
орган іске асырады.
- 2. Орталық
және жергілікті атқарушы органдар осы
Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де заңнамалық актілерінде айқындалған
өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
- 3. Мемлекеттік
органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің
дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке
теріс ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға
міндетті.
Бәсекелеспен
шартты бұзуға шақыру
- Нарық
субъектісінің тікелей өзі немесе
делдал арқылы материалдық сыйақы,
басқа да артықшылықтар беру
немесе ұсыну не нарық субъектісінің
қызметін жүзеге асыруына негізсіз
кедергі келтіру арқылы бәсекелеспен
шартқа қатысушының – нарықтың
өзге субъектісінің шарттық міндеттемелерді
орындамауына немесе тиісінше
орындамауына бағытталған іс-әрекеттері
бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру
болып табылады.
Бәсекелестікке
қарсы келісімдер мен келісілген
іс-әрекеттердің түрлері
- 1. Бір
тауар нарығында бәсекелестер
не әлеуетті бәсекелестер болып
табылатын нарық субъектілері
арасындағы бәсекелестікке қарсы
келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер
деңгейлес болып табылады.
- 2. Бірі
тауарды сатып алатын немесе
оның әлеуетті сатып алушысы
болып табылатын, ал екіншісі
тауарды ұсынатын немесе оның
әлеуетті сатушысы (өнім берушісі)
болып табылатын бәсекелес емес
нарық субъектілері арасындағы
бәсекелестікке қарсы келісімдер
сатылас болып табылады.
Бәсекелестікке
қарсы келісімдер
- .
Нарық субъектілерінің арасындағы кез келген нысанда қол жеткізілген, нәтижесінде бәсекелестікті шектейтін не шектеуі мүмкін бәсекелестікке қарсы келісімдерге, оның ішінде:
- 1) тауарларды сатып алудың немесе өткізудің келісілген бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға;
- 2) сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын оларды өткізудің белгіленген тәртібін бұзу, оның ішінде бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру, сондай-ақ лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесінде бұрмалауға;
- 3) тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың ассортименті, оларды өткізілу немесе сатып алыну көлемі бойынша, сатушылар (өнім берушілер) немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгілер бойынша бөлуге;
- 4) тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге;
- 5) белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негізсіз бас тартуға не жалтаруға;