Даму институттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:38, реферат

Описание

Жалпы Қазақстанның даму институттарын құру әлемдік тәжірибеден алынғанын білеміз. Даму институттарының негізгі мақсаты - жеке капиталдың оңай жете қоймайтын салаларына инвестициялық ресурстарды жеткізу ьолып табылады. 2008 жылы «Қазына» «Самұрық» холдингімен бірігіп, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып құрылғанын бәріміз білеміз. Осыған байланысты бұл қор құрылған кезде, оның құрамында сегіз даму институты болса, қазір олардың саны бесеу болып табылады. Қалған үш даму институты 2009 жылдың шілде айынан бері Индустрия және сауда министрлігіне (қазір Индустрия және инновация министрлігі) өткен болатын.

Содержание

Кіріспе
1. Даму институттарына жалпы түсінік
2. Даму институттарының бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктері
3. Даму институттарының болашақ жоспарлары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Даму институттары.doc

— 62.50 Кб (Скачать документ)
 
 
 

                                          

                                         Жоспар 

     Кіріспе

     1. Даму институттарына жалпы түсінік

     2. Даму институттарының бүгінге  дейін қол жеткізген жетістіктері 

     3. Даму институттарының болашақ  жоспарлары

     Қорытынды

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 

     Жалпы Қазақстанның даму институттарын құру әлемдік тәжірибеден алынғанын білеміз. Даму институттарының негізгі мақсаты - жеке капиталдың оңай жете қоймайтын салаларына инвестициялық ресурстарды жеткізу ьолып табылады. 2008 жылы «Қазына» «Самұрық» холдингімен бірігіп, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып құрылғанын бәріміз білеміз. Осыған байланысты бұл қор құрылған кезде, оның құрамында сегіз даму институты болса, қазір олардың саны бесеу болып табылады.  Қалған үш даму институты 2009 жылдың шілде айынан бері Индустрия және сауда министрлігіне (қазір Индустрия және инновация министрлігі) өткен болатын.

     Осыған  байланысты «Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы даму институттарының басты  мақсаты - экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін жобаларды қаржыландыру. Әсіресе экономиканың стратегиялық салаларындағы шикізаттық тәуелділікті кемітетін жобалардың болуына көп көңіл бөлінеді. Мысалы, Қазақстанның инвестициялық қорын алып қарайтын болсақ, ол - инвестицялық жобалардың капиталына ену арқылы (капиталына ортақтасып, қосымша қаржыландыру арқылы) оларды несиелеп отырады.

     Даму  институттарының негізгі мақсаты - өздерінің атқарып отырған шаруаларын онан бері жандандыру.

     Ең  алдымен, даму инститтары - қайта өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылым салаларына басымдық береді. Инфрақұрылымдық жобалар дегеніміз, енді өзі де аты айтып отырғандай - энергетика, транспорт және коммуникация саласын дамытатын жобалар. Әрине, орта және шағын кәсіп саласы бойынша бұл жобалар да басымдыққа ие. Бұған қоса, жобаларды таңдаған кезде олардың инновацияға жақындығы және экспортқа шығу мүмкіндіктеріне назар аударылады. Бұдан өзге даму институттары ірі бизнестен шағын кәсіпкерлерге дейін көмек көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Даму институттарына жалпы түсінік 

     «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қорын бүгінге  дейін дағдарысты еңсерген ұйым ретінде  білсек, биылдан бастап  қор өз ресурстарын ел экономикасын әртараптандыруға, индустриялық-инновациялық өрлеу жолына жұмылдырмақ. Елдің үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының 70 пайызы осы «Самұрық-Қазына» құрамындағы даму институттарының күшімен жүзеге асады. «Самұрық-Қазына» қорының құрамында «Даму институттары» деп аталатын компаниялардың бар екенінен хабардамыз, бірақ олардың немен айналысатынын толық біле бермейміз. Қазақстанның даму институттарын құру әлемдік тәжірибеден алынған. Даму институттарының негізгі мақсаты жеке капиталдың оңай жете қоймайтын салаларына инвестициялық ресурстарды жеткізу. Әлемдік тәжірбие бойынша, Германия, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея секілді елдер даму институттарын банк, агенттік, корпорация, даму қорлары кейпінде құрған. Олардың мақсаты - қоғамға пайдалы, экономикалық өсімге әсер ететін жобаларды ұзақ мерзім аралығында қаржыландырып, жаңа салалардың дамуына жағдай жасап, әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу. Қазақстанда елдің 2001-2015 жылдар аралығындағы Индустриялық- инновациялық даму стратегиясына сай 2003 жылы осы институттар жүйесі құрылды. Ал 2006 жылы даму институттарын «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының құрамына біріктіру жөнінде шешім қабылданса, 2008 жылы «Қазына» «Самұрық» холдингімен бірігіп, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып құрылғаны баршаға аян.

       «Самұрық-Қазына» Қоры құрылған  кезде оның құрамында сегіз даму институты болса, қазір олардың саны бесеу. Біріншісі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры - 1997 жылы құрылған, екіншісі Қазақстан Даму банкі (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған, үшіншісі Қазақстан Инвестициялық Қоры - 2003 жылы құрылған, төртіншісі «Kazyna Capital Managment» (КСМ) - 2007 жылы құрылған, бесіншісі Экспортты және инвестицияларды сақтандырудың мемлекетік корпорациясы - 2003 жылы құрылған.

     Қалған  үш даму институты - Ұлттық инновациялық Қор, Инжиниринг және технологиялар  трансферттер Орталығы мен «KAZNEX» экспортты ұсынатын корпорациясы 2009 жылдың шілде айынан бері Индустрия және сауда министрлігіне (қазір Индустрия және инновация министрлігі) өтті.

       «Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы  даму институттарының басты   мақсаты - экономиканы әртараптандыруға  ықпал ететін жобаларды қаржыландыру. Әсіресе экономиканың стратегиялық салаларындағы шикізаттық тәуелділікті кемітетін жобалардың болуына көп көңіл бөлінеді. Мәселен, Қазақстан Даму банкі - индустриялық және инновациялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады. Ал Қазақстанның инвестициялық қоры - инвестицялық жобалардың капиталына ену арқылы (капиталына ортақтасып, қосымша қаржыландыру арқылы) оларды несиелейді. Сондай-ақ  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры - орта және шағын бизнеске қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсынады. Ал  Экспортты сақтандырудың мемлекетік корпорациясына келетін болсақ, ол қазақстандық экспортерларды саяси және коммерциялық қатерден сақтандырады. «Kazyna Capital Managеment» - біріккен Қорлар құрып, олардың кейіннен инфрақұрылымдық жобалар мен орта және шағын бизнес жобаларына инвестиция құюына ықпал етеді. Бұған қоса, Қазақстан Даму банкінің «ҚДБ лизинг» атты еншілес компаниясы бар, ол лизингті қаржыландырумен айналысады. 

     2. Даму институттарының  бүгінге дейін  қол жеткізген жетістіктері  

     Даму  институттарының дені елдің Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сай 2003 жылы құрылғанын жаңа айтып өттім. Қазіргі таңда  бұл компаниялар 146 инвестициялық  жобаны қаржыландыруда. Оның 96 жобасы осыған дейін пайдалануға берілген. Қазір осы өндірістерде 20 мың жұмыс орны ашылды. «Даму» қорының арқасында орта және шағын кәсіп саласы бойынша 26 мың жұмыс орны ашылды. Ал егер облыстар бойынша атқарылған  іске тоқталсақ, Даму институттарының арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманға сай тоқыма кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр. Олар қазір ішкі рынокқа да, сыртқы рынокке де өнім шығарумен айналысады. Бұған қоса Алматы облысында тағамның жаңа өндірістері, дәлірегінде балықты өсірумен және оны қайта өңдеумен айналысатын, соя өнімдерін өндіретін өндірістер бар. Сондай-ақ Қарағанды облысында еденге қажетті жабдықтар немесе ағаш өнімдерін өндіретін өндірістер құрылды. Солтүстік Қазақстан облысында мұнай-газ саласында қажетті құрыш құбырлары өндірісі жолға қойылды.

     Елдің Батыс өңірінде рентген аппараттарын өндіретін теңдессіз зауыт қазіргі заманға сай болып құрылымдалды. Сондай-ақ металлопрокат өндіретін зауыт салынды. Инфрақұрылым бойынша айтар болсақ, Солтүстік-Оңтүстік электр жүйесі салынып, Ақтау теңіз айлағының аумағы кеңейтілді. Алматыда қоймалары бар ірі көлік логистикалық орталығы салынды. Елдің шығысында Шар-Өскемен темір жол құрылысы аяқталып, оның арқасында Өскемен мен өзге қалалар арасындағы тіке темір жол қатынасы орнады.  Елдің барлық аймағындағы орта және шағын кәсіп саласы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Даму институттары бағдарламаларының арқасында наубайханалар, азық-түлік өнімдерін өндіретін кішігірім өндірістер, құрылыс материалдарын шығаратын орталықтар, киім тігу ательелері, полиграфиялық баспа өнімдерін шығаратын орталықтар құрылды. Бұлардың қатарында, сауда орталықтарын, сұлулық салондарын, техникалық қызмет көрсету стансыларын, шеберханаларды, жеке медициналық орталықтарды, демалу орындарын, жеке бала-бақшаларды да қоса атап өткен жөн. Біз аймақтарды аралаған кезде көптеген кәсіпкерлермен кездесіп тұрамыз, олар дағдарыс кезінде өздерінің бизнесін ашуға және жұмыс істеп тұрған орындарын қолдауға қатысты біздің атқарған іс-шараларымызға ризашылығын білдіріп  отырады. Мұның бәрі де осы даму институттарының арқасында мүмкін болып отырған жәйттер.

     Бұдан өзге даму институттары ірі бизнестен  шағын кәсіпкерлерге дейін көмек  көрсетеді. Егер нақтылап айтар болсақ, Қазақстан даму банкі құны 5 миллион  АҚШ долларынан асатын ірі инвестициялық  жобаларды қаржыландырады. Сондай-ақ агроөнеркәсіп саласындағы құны 20 миллион АҚШ долларынан асатын ірі жобаларды 5-10 жыл аралығында несиелейді. ҚДБ ұзақ мерзімдік несиелеуден өзге өзі қаржыландыратын жобаларды экспорттық тұрғыдан несиелеп, айналымына қаржы құйып, оған кепілдік береді. Қазір ҚДБ мезониндік деп аталатын жаңа қаржыландыру түрін енгізіп жатыр. Бұл механизм бойынша кәсіпорындарға несие беріледі әрі капиталына ортақтасу арқылы, қосымша капитал құю арқылы қолдау мүмкіндіктері бар. ҚДБ-нің еншілес компаниясы «ҚДБ лизинг» лизингті несиелейді. Мәселен, лизингке қандай да бір құрылғыны немесе толық салынып біткен өндірісті алуға болады. «Даму» қоры арқылы екінші дәрежелі банктерге қаржы салу бағдарламалары жүзеге асырылады, ол бойынша кәсіпкерлер серіктес банктерден жаңа жобалар үшін   немесе онсыз да жұмыс істеп тұрғын өндірістеріндегі несиені қайта қаржыландыру үшін несиелер ала алады. Несиенің сыйақысы 12,5%. «Даму» қоры екінші дәрежелі банктердегі несиелерді кепілдендіру бойынша бағдарламалар жасап, ол бағдарлама бойынша кәсіпкерлер «Даму» қорынан сол өзі алған несиенің 50% көлемінде кепілдік ала алады. Қазір «Даму» қоры әкімшіліктер арқылы «Даму Аймақтар-2» бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның негізінде кәсіпкерлер облыс әкімшіліктері басымдық берген бағыттар бойынша жобаларды қаржыландыруға 10% сыйақымен несие ала алады. Мұнан өзге, «Даму» қоры әйел кәсіпкерлерді қолдау үшін де бірқатар бағдарламалар жасаған.Оған сәйкес, кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер екінші  дәрежелі банктер арқылы 14% сыйақымен несие ала алады. «Даму» қоры сонымен бірге, орта және шағын кәсіпке қаржылық емес қолдау шараларын көрсетеді. Мәселен, «Бизнес-Кеңесші» «Даму-Көмек» бағдарламалары арқылы мүгедек кәсіпкерлерді қолдап отырады, осы бизнеске қатысты ағартушылық бағыттағы бастамалары да бар. «Kazyna Capital Management» компаниясын қорлардың қоры десе болады. Қор құрамында қазірдің өзінде біріккен 7 Инвестициялық қор бар. Оның бесеуі Қазақстанда жұмыс істейді. Бұл қорлар ірі инвестициялық жобаларды және орта және шағын кәсіпті қолдауға дайын. Қандай да бір өнім өндірісіндегі, көлік және байланыс саласындағы, қызмет көрсету саласындағы қызықты жобалары бар кәсіпкерлер осы  инвестициялық қорларға барып, солармен бірге жұмыс істесе болады. 

     3. Даму институттарының  болашақ жоспарлары 

     Даму  институттарының биылғы негізгі  мақсаты - өздерінің атқарып отырған  шаруаларын онан бері жандандыру. Бұл бағытта әсіресе аймақтағы жобаларға баса мән берілгелі отыр. Себебі, елді жеделдетіп индустриализациялау мен «Бизнестің Жол Картасы-2020» бағдарламасы негізінен жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Қазір даму институттары өздерінің инвестициялық қызметін жандандыруға қатысты іс-жоспарларын дайындап қойды. Енді сол бойынша қаржыландырылып отырған жобаларды немесе қарастырылып отырған жобалардың ауқымын көбейту жоспарлануда. Ішкі регламенттер мен бизнес процедураларды жетілдіруге қатысты  іс- шаралар - даму институттарының жобаларын мақұлдаудың  сыйырқұйымшақтанбай, жедел жүзеге асырылуына әсер етпек.

          Даму институттары өздерінің  құралдары, немесе жұмыс істеу  тетіктерін қазір кеңірек түсіндіруді  мақсат етіп отыр. Биыл аймақтардағы  даму институттарының жұмысын жеделдету үшін біраз шаруалар атқарылды. Біз бүгін осы шаралардан қалы көпшілікі кеңінен хабардар болса екен деген ниеттеміз. 

     Қазақстан Республикасында инновациялық саясатты тәжірибелі іске асыру мақсатында жаңа жоғарытехнологиялық өндірістерді ұйымдастырудың сенімді құралы ретінде отандық және шетелдік серіктестермен мойындалған мемлекеттік даму институттарының жүйесі құрылды.

     Даму  институттарының негізгі миссиясы елді әлеуметтік-экономикалық дамудың  жаңа сатысына шығару, экономиканы  модернизациялау және диверсификациялау саласындағы маңызды мемлекеттік тапсырмаларды орындау үшін отандық бизнестің мүмкіндіктері мен қабілетін іске асыру және арттыру болып табылады.

     Бүгінгі күні даму институттарының инвестициялық  жобалары портфельдері 5 млрд астам АҚШ доллары сомасына қаржыландыруға 183 мақұлданған жобадан тұрады.

     Қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында ғана 5 жоба қаржыландырылды. Солардың ішінде “Ютекс” АҚ жылына 4 мың тонна жіп иіреді, 720 мың дана төсеніш жабдықтарын шығарады. “Меланж” АҚ 5,2 млн. метр мақта жібі мен 1800 тонна тоқыма бұйымын өндіреді. “Фараб” комбинаты” ЖШС жыл сайын 540 мың тоннаға дейін медициналық, мақта һәм гигиеналық өнімдерін шығарады. Ал енді “SDTC Group” ЖШС жобасын пайдалануға берерде бірден 2571 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы, Банктің Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін ұйымдастыруда әмбе бүкіл еліміз бойынша тоқыма өнеркәсібін дамытуда аса маңызды рөл атқарып отырғандығын айтпай тұра алмаймыз. Иә, бүгін таңда Банк Қазақстан Үкіметінің Дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыруға зор үлесін қосқан һәм қосып жүрген негізгі даму институттарының бірі екендігі күмәнсіз. Өзі ашылғаннан бергі он жыл аясында Қазақстанның даму банкі жалпы құны 13,8 млрд. доллар болатын 181 жобаны мақұлдап, оларды өмір ақиқатына айналдыру үшін 4,1 млрд. доллар соманың несиесі берілуін қуаттады. Ең бір тамашасы, жобалардың жартысына жуығы, яғни 83 нысан қазірдің өзінде қатарға қосылған. Және бір айтарлығы, бұл жобалар ел экономикасының металлургия, энергетика, тоқыма, мәшине жасау, көлік және байланыс сияқты маңызды секторларында жүзеге асуда. Ал енді банктің бірден-бір құрылтайшылық тізгінін “Самұрық-Қазына” қоры 2008 жылы өз қолына алса, тек соңғы 3 жылда ғана пайдалануға берілген кәсіпорындар 1,9 млрд. доллардың өнімін өндіріп, 314 млн. доллардың өнімін экспортқа шығарғанын, сонымен бірге бюджет қоржынына 112 млн. доллар салық қаржысын құйғанын айтқанымыз абзал.

     Отандық орта және шағын бизнесті қолдауда “Даму” қоры елеулі істер тындыруда. Осы ретте 8500 субъектіге көмек көрсетіліп, соның арқасында 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Жалпы, ел экономикасын тұрақтандыру мақсатында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға 120 млрд. теңге бағытталған болатын. Соның нәтижесі де көп күттірмей, 2009 жылдың шілдесіне дейін-ақ 4760 жұмыс орны құрылып әрі қолдау тауып, 2550 ОШБ субьектілері несиеленген-ді. Бұл орайда қамтылған экономика салалары – сауда, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, тағы басқалары. Мысалы, “Даму” қоры арқылы осы ретте Алматы облысында ғана 17 млрд. теңгеден астам сомаға 574 жоба қаржыландырылып, 1400-ден аса жұмыс орны ашылды. Нақ осы облыста “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерден ставканы субсидиялау мен кепілдік алуға 43 өтінім келіп түскен.

     “Самұрық-Қазына”  өзінің даму институттары арқылы ел экономикасын әртараптандыру мен жаңаландыруға, отандық кең ауқымды бизнесті көтеруге көңіл бөліп, айтарлықтай үлес қосуда. Қордың бір топ компаниясы инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық даму аясындағы 13 жобаны іске асыруға қатысуда. Болжамдарға жүгінсек, жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 5500-ге жуық тұрақты жұмыс орындары құрылмақ. 26 млрд. доллар көлемінде Қордың инвестициялық портфелі жасақталуы да көңілге тоқ жағдайдың бірі. Қор құрамына кіретін даму институттары 212 жобаны мақұлдап, қазір солардың ішіндегі 160 жоба қаржылану сатысына көшті.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды 

     Алдағы  уақытта ел экономикасын тұрақтандыруды, әртараптандыруды және модернизациялауды жеделдете жақсартудағы даму институттарының рөлі арта түспек. Әсіресе, экономиканың басым бағыттары, ірі бизнес пен шағын және орта кәсіпкерлік назарда болмақ. Индустриалдық даму және инфрақұрылымды нығайту ел экономикасын көтерудің негізіне алынбақ. Олай болса, “Самұрық-Қазынаның” бірінші кезектегі міндеті отандық бизнеспен біріге отырып, өзінің Даму институттары арқылы Индустрияландыру картасына кірген инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады. Бұл ретте Қор құзырына жататын ауқымды 19 жобаның жиынтық құны 14,16 млрд. долларды құрайды. Бұдан басқа, республикалық деңгейдегі 2 жоба бойынша қордың қатысуымен ұзындығы 1510 шақырымдық Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбыры және газ-химия кешені салынуда. Сонымен қатар өңірлердің бақылауымен ҚДБ қаржыландыруындағы 21 жоба жүзеге асуда. Осылайша, жалпы алғанда, “Самұрық-Қазына” қоры 2010 жылы жалпы құны 20 млрд. доллардан астам 40-тан аса жобаны іске асырумен шұғылдануда.

Информация о работе Даму институттары