Дамыған елдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:26, реферат

Описание

Дамыған елдердің ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру тәжірибесі
Шетелдік тәжрибеде зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай аграрлық нарықтық экономикадағы өндірістік қызмет көрсетудің дамуы машиналарды, жабдықтарды және басқа да ауыл үшін өндірілетін өнеркәсіптік өнім шығару қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Дүниежүзінің жеткеші машина құрастыру корпорацияларының қазіргі тәжірибелерінің талдауы көрсетіп отырғандай өндірістік қызметтер нарығының әрекет етуін олар логистика және маркетинг қағидаларына негізделген бірінғай үрдіс ретінде қарастырады.

Өндірістік ресурстардың (логистика) ішкі фирмалық қозғалысын оңтайлы ұйымдастыру сыртқы қарым-қатынастардың (маркетинг) оңтайлы жүйесімен ұштасады. Осы жағдайда “нарықтық сапаны” жоспарлау - бәсекелестердің қызметтерін салыстырған кездегі тұтынушы қызметтерінің қасиеттері осы мәселелерді шешу мақсатымен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылған

Работа состоит из  1 файл

дамыған елдер.docx

— 26.31 Кб (Скачать документ)

    Дамыған елдердің ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру тәжірибесі

    Шетелдік  тәжрибеде зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай аграрлық нарықтық экономикадағы өндірістік қызмет көрсетудің дамуы машиналарды, жабдықтарды және басқа да ауыл үшін өндірілетін өнеркәсіптік өнім шығару қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Дүниежүзінің жеткеші машина құрастыру корпорацияларының қазіргі тәжірибелерінің талдауы көрсетіп отырғандай өндірістік қызметтер нарығының әрекет етуін олар логистика және маркетинг қағидаларына негізделген бірінғай үрдіс ретінде қарастырады. 

      Өндірістік ресурстардың (логистика) ішкі фирмалық қозғалысын оңтайлы ұйымдастыру сыртқы қарым-қатынастардың (маркетинг) оңтайлы жүйесімен ұштасады. Осы жағдайда “нарықтық сапаны” жоспарлау - бәсекелестердің қызметтерін салыстырған кездегі тұтынушы қызметтерінің қасиеттері осы мәселелерді шешу мақсатымен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылған [1-3].

      Стратегиялық шешімдер компанияның  орталық аппаратымен қабылданады.  Ал, оперативтік мақсаттар көбінесе  қызметтерді соңғы тұтынушылардан  яғни диллерлік желілерден алынатын ақпараттың ықпалымен қалыптасады.

      Дамыған елдердегі өндірістік қызметтер нарықтарын реттеуде маңызды ролді салық жүйесі атақарады. Ауыл шаруашылығындағы салық салудың ерекшелігі берілетін жеңілдіктерді шегергенде салықтар фермерлік шығындарының 2,5-6,0 пайызын құрайды. Бұл жеңілдіктерді келесідегідей жіктейді: жеделдетілген амортизация, салық салудан басататын немесе салық сомаларын азайтатын (салықтық несиелер, жеке сала мен компаниялар үшін жеңілдіктер, шағын бизнес және зиянды кәсіпорындардың пайдасына есептелетін салықтық кемітулер) салықтық жеңілдіктер резервтік және басқа да қорлар. Амортизацияны жеделдетіп есептеу механизімі техниканы қызмет ету мерзімінің бірінші жартысына 2/3 амортизациялық төлемдердің құнын есептеп өндірілген өнімнің құнына енгізіледі. Амотизацияны жеделдетіп есептеу артықшылықтарын жаңа техникаға берілетін пайызсыз қарызбен салыстыруға болады. АҚШ-та амортизацияны жеделдетіп есептеу тек ғана фермерлік шауашылықтар үшін ғана емес сонымен қатар, бес жылдың ішінде автокөліктердің, ғылыми жабдықтардың, жеке арнайы станоктардың және басқа да құралдардың 5 жыл мерзімі ішінде есептен шығару мүмкіндігі бар ауыл шаруашылығы машина құрастыру зауыттары үшін де енгізілген. Бұл саланың қайта техникалық қарулануына ықпал етті, ал фермерлік шаруашылқтарға өндірістік қызмет көрсететін кәсіпорындар бойынша жаңа машиналар мен жабдықтарды сатып алуға мүмкіндігі туды. Амортизацияның жеделдетілген нормалары басқа елдерде де кеңінен қолданылды.

      Жаңа техникамен технологияларға  капиталды инвестициялауды ынталандыру  үшін дамыған елдерде ауыл  шаруашылығын өндірістік қамтамасыз ету саласында арнайы салық салу жағдайлары қарастырылған. Оларға келесілер жатады: инвестициялардың өсуіне салықтық жеңілдіктерді белгілеу; инвестициялардың өсіміне келетін салықтық төлемдерді бюджеттік компенсациялау; инвестициялық кезеңнің аяқталуы кезінде күрделі салымдардың өсіміне салықтық төлемдердің өтелуі.

      Ғылыми-техникалық прогрес жетістіктерін ендіруде салық жүйесінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, себебі бұл қосымша шығындарды талап етеді. Еуропа Қауымдастығының бірқатар елдерінде аграрлық бағдарламаларға сәйкес ұлттық бюджеттерден ауыл шаруашылығы өндірісті соның ішінде, қызмет көрсетуші кәсіпорындарды бюджеттерден өтреу қарастырылған. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда және басқа да бірқатар елдерде күрделі салымдар өсіміне салықтық төлемдерді өтеу механизімі кең таралған. Осы жағдайда фермер мемлекеттік аграрлық бағдарламаларға қатыса отырып, салықтық төлемдерді инвестициялық үрдіс толығымен аяқталғанға дейін салықтарды төлеуді күте тұруы мүмкін. Яғни инфляциялық үрдістерді есепке ала келе салықтардың көлемі инфляция пайызына қарай азайтылады, ал салықтың сомасы жылдар бойы бірдей көлемде белгіленеді.

      Салықтық реттеу фермерлерге  өндірістің нақты жағдайларына байланысты амортизациялық төлемдерді есептеудің түрлі әдістерін қолдана отырып, пайдалану арқылы іске асады. Машиналармен жабдықтарға жұмсалған күрделі салымдардан арнайы салықтық кемітулер АҚШ-та тікелей салықтардан алынып тасталынады. Инвестициялық салықтық несие пайдадан 6-10 пайызға дейін, машиналармен жабдықтарға күрделі салымдардың кемітулері болып табылады. Талдау көрсетіп отырғандай, ауыл шаруашылығына бөлінген бюджеттік асигнованиялар өндірістік қызметтер нарығына елеулі әсерін тигізді. Әдетте бюджеттің қаржылары арнайы дайындалған басымдылық мән бағалары мен кірістері есептелген бағдарламаларға беріледі. Осы мәселелер бойынша АҚШ-та ақша қаржыларының 60 пайызына дейін бюджеттен бөлінеді, мемлекет экологиялық зиянсыз техниканы сатып алуға датация бөледі. Мысалы, Голландияда ішкі топырақтық тыңайтқыштарды егу үшін машиналарды сатып алып 22 пайыз көлемінде олардың құндарынан субсидиялар бөледі.

      Дамыған елдерде техниканы сатып  алуға берілетін тіклей дотациялар қазіргі кезеңде өте сирек кездеседі. Бірақ, жеке дағдарыс кезеңдерінде ауыл шаруашылығының дамуында олар кеңінен қолданылды.

      Батыс Еуропа елдерінде фермерлер  қажетті техниканы бір бөлігіне ие, ал кейбіреулерінің иелігінде олар тіпті жоқ. Яғни ауылдастарының мердігерлердің (МТБ, машиналық рингтер және т.б.) техникасын пайдаланады. Мемелекет шаруашылық аралық техникамен жабдықтарды бірқатар жеңілдіктерді енгізу арқылы пайдалануды ынталандырады. Машиналық рингтер табысты әркет ететін Австрияда олар федералдық субсидияларды алады. Германияда машиналық рингтер пайдасыз негізде әрекет етеді. Көршілердің көмегін пайдаланатын фермерлер үшін салық жеңілдіктері қарастырылған. Батыс Еуропада техниканы пайдаланудың жалгерлік нысаны кеңінен қолданылады. Мәселен, Ұлыбританияда өндіруші фиррмалар фермерлерге арендаға тракторларды беріп, техниканың жұмыс қабілеттілігіне кепілдеме береді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ауыл шаруашылығы агрохимиялық қамтамасыз етудің ұлттық жүйелері қалыптасқан. Олар агрохимикаттарды өңдейтін жеке және кооперативтік сауда кәсіпорындарына қызмет көрсететін және зерттеу фирмалары мен ұйымдардың мемлекеттік басқару органдарының бірінғай тауар өндіруші желісіне біріктереді. Жүйелер коммерциялық және кооперативтік болып бөлінеді.

      АҚШ-та минералды тыңайтқыштарды  өндіру және бөлу жалпы алғанда агрохимикалық қамтамасыз ету келесі өзара байланысты буындардан тұрады:

     - тыңайтқыштармен шикізаттардың  (амиакты, фосфорды, азот қышқылын, фофориттерді) негізі (базалық) өндірушілері. Бұл кәсіпорындарға сонымен қатар,  химиялық өнеркәсіптің өнімдері  кіреді;

     - азот, калий және кешенді тыңайтқыштарды  өндіру бойынша аймақтық кәсіпорындар;

     - фермерлерді минералды тыңайтқыштармен,  пецтициттармен, топыраққа енгізетін тыңайтқыштарды босату.

      АҚШ-тағы минералдық тыңайтқыштарды  және пецтициттарды өткізу жүйесі  сәйкес кең тараған. Фермер  агрохимикаттармен жабдықтаушысының  өзі таңдап алуға құқығы бар. Ол жақын жерде орналасқан диллерлердің компаниялар мен коопертивтердің өкілдері немесе аймақтық кәсіпорынға шығуы мүмкін.

      Өнімнің коммерциялық жеткізу  желісінің қызметін сипаттау  үшін кейбір химиялық компаниялар бойынша келесі мысалдар келтіруге болады. Әйгілі аммиак өндіруші International Minerals and Chemicals Corp компаниясы фосфориттерді және калий рудасын өңдейді. Осы компанияның аймақтық кәсіпорындары жай және кешенді тыңайтқыштарды фосфаттық жем қосымшаларын шығарады. Компанияның АҚШ-тың оңтүстік-шығыс және орталық аумағында орналасқан 54 диллерлік пункттерінде жыл сайын 50-75 млн. долл. минералды тыңайтқыштармен пестицидтерді өндіріп, қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, компания фермерлерге тыңайтқыштармен пестицидтерді қолдану және дақылдарды өндірудің жаңа технологиясы туралы ақпарат береді.

      АҚШ-тағы базалық өндірушілер  пестицидтерді 100 көтерме сауда арқылы өткізеді. Осы жағдайда олардың 10 барлық сатулар көлемінің 70 пайызымен қамтамасыз етіледі.

      Соңғы жылдарда АҚШ-та фермерлердің көбі минералдық тыңайтқыштарды тікелей фирма-продуценттен немесе брокерлер арқылы (мұнда фермер 1 тонна тыңайтқыштан 30 долл. үнемдейді) сатып алады. Direct Fertilizer Purchasing типті брокерлер ұйымы өзен немесе теңіз портындағы көтерме қоймадан тыңайтқыштарды сатып алып, фермерлердің жер алқаптарына алып барады. Әдетте, олардың қызметін пайдаланатын фермерлердің тыңайтқыштарды себуі үшін меншікті қаржылары болады. Аса қамтамасыз етілген сатып алушыларды жоғалтпас үшін диллерлер сатып алушыларға жаңа технологиялар туралы ақпарат бере отырып, сервитерін жетілдіреді. Көптеген американдық минералды тыңайтқыштарды өндірушілер оларды өздерінің сауда агенттіктері немесе сауда компаниялары арқылы өткізуге ұмтылады. Бірақ, халықаралық нарықта көптеген мамандандырылған соның ішінде тәуелсіз немесе біріккен сауда компаниялары пайда болуда.

      Ауыл шаруашылығына тыңайтқыштарды  сату және жеткізу жүйесіндегі  қазіргі құрылымдық өзгерістер  тұқым шаруашылығы компанияларға  минералдық тыңайтқыштарды өндіру  және жеткізуге алып келді.  Тұқым шаруашылығы компаниялары  қаржыларының көп бөлігін көтерме қоймаларға және тыңайтқыштарды тасымалдауға жұмсайды. Сондықтан олар терминал мен көліктердің – баржа автокөлік, темір жол вагоны және т.б. тиімді пайдалануына тікелей мүдделі.

      Францияда 1200-ден астам кәсіпорындар  коммерциялық сектордағы 90 пайыздан  жоғары минералды тыңайтқыштарды  өткізеді. Бұл көп салалы қызмет көрсетуші кәсіпорындар өз қызметінде олар ауыл шаруашылығы өндірісінің талаптарына бағынады. Олардың қызметтеріне фермерлерді минералды тыңайтқыштармен, пестицидтермен, жем шөптермен және жемдік қоспалармен, тұқымдармен жабдықтау кіреді. Олардың бүкіл сауда айналымының 25-30 пайызы тыңайтқыштардың үлесіне келеді. Сауда кәсіпорындары тыңайтқыштарды сатып алып сақтайды, тиеу және жүкті түсіру операцияларын және тыңайтқыштарды сату жеткізу және себу қызметтерін жүзеге асырады. Бұдан басқа фермерлерге қажет жағдайларда тыңайтқыштармен жұмыс істейтін техникалық құралдарды беріп, кеңес беру көмегін көрсетеді. Фермерлерге көрсетілетін қызметтердің түрлері өте көп. Олар шаруашылықтардың мамандануына және аймақтық ерекшеліктеріне байланысты болады.

      Францияда үш мыңнан астам  техника сауда кәсіпорындары  және үш мыңнан астам тыңайтқыштарды  сақтауға арналған көтерме қоймалары бар. Көтерме саудагерлер отызға жуық, олар кооперативтермен коммерциялық кәсіпорындар арсында тыңайтқыштарды бөлуде маңызды рөл атқарады. Минералды тыңайтқыштардың саудасы бойынша ұлттық федерация мәліметтері бойынша кәсіпорындардың федерация аралық одағы бойынша барлық өндірілген тыңайтқыштардың 70 пайызы көтерме қоймалары арқылы бөлінеді. Олардың 40 пайызы бөлуші кәсіпорынның көлігімен жеткізілсе, 30 пайызы фермердің өзінің көлігімен жеткізіледі.

      Сауда кәсіпорындары минералдық тыңайтқыштармен пестицидтерді, ауыл шаруашылығы тауарларын фермерлер үшін жеке және сауда кәсіпорынларының көмегімен сатып алады. Бірлестіктермен сауда компаниялары департамент шегінде аймақаралық және дүниежүзілік денгейде әрекет етеді. Сауда кәсіпорындары арнайы ақпараттық орталықтардың мәліметтерін пайдаланады: тыңайтқыштарды өткізу нарығының жағдайы туралы ақпараттар қызметі, яғни агрохимикаттар нарығындағы бағалардың өзгеруі, конъюнктура туралы ақпарат беріліп отырады.

      Қазіргі кезде тыңайтқыштарды  бөлу жай ғана сауда мәмілесімен шектелмей сауда қызметкерлерінен білімдерін үнемі жаңартып тұруды талап етеді. Францияда ауыл шаруашылығы өндірісінің түрлі мәселелері бойынша автоматтандырылған жүйелер бар.

      Жапонияның ауыл шаруашылығын  қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі  жағдайы мен даму тенденциялары  бірінші кезекте мемлекеттік аграрлық саясаттың жалпы бағыттарымен анықталады.

      Ауыл шаруашылығын дамытудың  үкімет бағдарламаларына сәйкес ауыл шаруашылығын барынша интенсификациялау шаралары қарастырылған. Жапонияның ауыл шаруашылығының еркшеліктеріне тән минералды тыңайтқыштарды пайдалану, шаруа қожалықтардың шағын болуына технологиялық ерекшеліктеріне елде минералды тыңайтқыштарды бөлу жүйесінің мақсаттылығына байланысты. Жапон фермерлеріне минералды тыңайтқыштарды бөлу және өткізу кооперативтік және коммерциялық жүйелер арқылы жүзеге асрылады. Кооперативтік жүйе минералдық тыңайтқыштардың бөлшек сауда арқылы өткізілетін 91 пайызын бақылайды. Жеке бөлшек сауда арқылы жапон фермерлерінің 9 пайызы тыңайтқыштарды сатып алады. Кооперативтік және коммерциялық жүйе негізінен кәсіпорын мен фермерлер арасында делдалдық рөлді атқарады.

      Нарықтық экономикасы дамыған  елдердегі ауыл шаруашылығы кооперациясы  ауыл шаруашылығына қызмет көрсетудің  өндірістік дамуының елеулі элементтерінің бірі болды. Кооперативтер фермерлердің тұқымдарға, жемшөп, тыңайтқыштарға қажеттіліктердің негізгі бөлігін қаматмасыз етеді.

      Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы  жабдықтау кооперативтері арқылы АҚШ-та фермерлерге 70 пайыз (44 пайыз минреалды тыңайтқыштар, 26 пайыз пестицидтер), Францияда - 40 астам, Германияда - 60-65, Скандинавия елдерінде ауыл шаруашылығында пайдаланатын минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің 40-75 пайызы қамтылды.

      Экономикасы дамыған елдердің  ауыл шаруашылығын агрохимикалық  қамтамасыз ету жүйелерін талдау  келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

Информация о работе Дамыған елдер