Дебиторлық берешек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:46, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Содержание

І ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Дебиторлық берешектің теориялық аспектілері
1.2 Дебиторлық берешектің жіктемесі және оны есептен шығару
1.3 Шетел мемлекеттерде дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру ерекшелігі

ІІ ЖАСЫЛ АЙМАҚ РМҚ –ДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Жасыл Аймақ РМҚ-ның кысқаша сипаттамасы
2.2 Дебиторлық берешекті бағалау және түгендеу

ІІІ КӘСІПОРЫНДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІ
3.1 Дебиторлық берешекті талдау
3.2 Дебиторлық берешек аудиті

ІV ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК.doc

— 32.00 Кб (Скачать документ)


ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК

Parent Category: Қазақша рефеттар, дипломдар

Category: Экономика қазақша

 

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

 

 

І ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1 Дебиторлық берешектің теориялық аспектілері

1.2     Дебиторлық берешектің жіктемесі және оны есептен шығару

1.3 Шетел мемлекеттерде дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру ерекшелігі

 

ІІ ЖАСЫЛ АЙМАҚ РМҚ –ДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Жасыл Аймақ РМҚ-ның кысқаша сипаттамасы

2.2 Дебиторлық берешекті бағалау және түгендеу

 

ІІІ КӘСІПОРЫНДА  ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІ

3.1 Дебиторлық берешекті талдау

3.2 Дебиторлық берешек аудиті

 

ІV ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

ҚОРЫТЫНДЫ  ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің маз-мұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алғаш уақыттағы экономикалық ол-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сон-дықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында  жұмыс істейтін   кәсіпорындардың   қаржылық есебіндегі дебиторлық берешектің      жұмыс жүйесін    талдау,   оның ішінде    халықаралық стандарттарға  сәйкес   жіктеудің  ретін   көрсету болды.    

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің (бизнес контрагенттерінің) шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі бір жыл бойы) немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебитор берешегі – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы. Саудалық емес дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған девиденттер мен проценттер, үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар) пайда болады.

Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің   2005 жылғы  желтоқсанның 22-сінде №426 бұйрығымен, қаржылық  есеп беруді  құрайтын ұйымдардың  бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс  жоспарын халықаралық    қаржылық есеп  стандарттарына  сәйкес    жүргізудің       нұсқаулықтары бекітілген   болатын.

Осынау  бұйрыққа сәйкес,   Қазақстанның  есепшілеріне  өз қаржылық есеп берулерін     халықаралық стандарттарға сай  жүргізу   міндеттелді.

Бұйрыққа сәйкес дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілген күніне қарай қысқамерзімдік  және ұзақ мерзімді болып бөлінді, және осы      нұсқаулыққа сәйкес,    бұрындары 3 сандық негізде  жіктеліп келген    шоттар  тобы  халықаралық  стандарттар бойынша  4 сандық негізде жүргізілетін   болды.



Информация о работе Дебиторлық берешек