Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 22:06, курсовая работа
21-желтоқсанда Астанада бейнекөпір арқылы облыстардың қатысуымен Индустриаландыру Картасының тұсау кесері өтті. Онда үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама бойынша екінші жартыжылдықта жүзеге асырылған жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына ұсынылды.
Үдемелі индустриялды-инновациялык бағдарламаның нақты нәтижелері қомақты
21-желтоқсанда Астанада бейнекөпір арқылы облыстардың қатысуымен Индустриаландыру Картасының тұсау кесері өтті. Онда үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарлама бойынша екінші жартыжылдықта жүзеге асырылған жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына ұсынылды.
2011 жылы Степногорскіде күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Қазфосфат» ЖШС фосфорит рудасын өндіретін тау-кен байыту фабрикасының қ ұ рылысы басталады. ENRC-мен бірге Қазақстан электролиз зауытының бірінші кезектегі ауқымы іске қосыл ды. Зауыт бұған дейін 100 мың тонна алюминий шығарды.
Төрт ұлттық компания өздері қаржыландырып жатқан немесе бастама етіп көтерген жобалардың қазіргі ағымдағы іс-шаралары туралы ақпарат берді.
Мәселен, «Қазақстан Темір Жолы» жылдың екінші жартысында мынадай жобаларды жүзеге асыруда:
«Өзен - Түркіменстанмен арадағы мемлекеттік шекара» және «Жетіген - Қорғас» темір жол линияларының құрылысы; Испандық «Тальго» компаниясымен бірге жылына 150 вагон шығаратын жолаушы вагондары зауыт салу; «Альстом» компаниясымен және «Трансмашхолдинг» компанияларымен бірге жылына 50 локомотив шығаратын жолаушы вагондары өндірісін жолға қою; «Қазақстан вагон өндіру компаниясы» ЖШС бірге жылына 3000 жүк вагонын құрастыратын және өзге де жобалар. Қазір «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның 21 отандық кәсіпорнымен бірге жүк вагондарына қажетті 233 деталь өндірісі жолға қойылған. Бұған қосымша, отандық тауар өндірушілермен бірге тағы да 200 өнім шығару көзделуде.
«Қазақстан Даму банкі» (ҚДБ) АҚ бойынша 16 ірі объекті пайдалануға берілді, оның 5-уі модернизацияланған болса, қалған 11 -і Қазақстан үшін тіпті жаңа. Бұл жобалардың жалпы сомасы 1 млрд.700 млн. АҚШ доллары. Бұл соманың ішіндегі ҚДБ құйған инвестиция 800 млн АҚШ доллары. Оның ішінде:
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты. Павлодардағы бірінші алюминий шығару өндірісі, Тараздағы ферросплав зауытын кеңейту, Оралдағы газотурбиндік электростанция, Павлодардағы хлор жэне каустикалық сода өндірісі сияқты жобалар бар. Бұл жобалар бойынша 5700 жұмыс орны ашылды. 2011 жылы ҚДБ Атырау мұнай өңдеу зауыты, Қызылордадағы газотурбиндік электростанция, Алматы облысындағы Мойнақ гидроэлектростанциясын реконструкциялауды жалғастырмақ.
Жалпы, Банк алдында Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекетгік бағдарламасы аясында бүкіл инвестицияның 10 пайызын қамту, яғни, жыл сайын 1 млрд АҚШ долларын құю мақсаты тұр.
«ҚазМұнайГаз» мұнай өңдеу және мұнай-химия жобаларын дамыту бойынша, елдің оңтүстік аймағын көгілдір отынмен қамтамасыз етудегі жобалар бойынша жұмыс істеуде.
Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялау 2015 жылы мұнайды өңдеуді 50 пайыздан 84 пайызға дейін арттыруға ықпал етеді. Ал жылына 5 млн тонна мұнай өңделмек. Дайындалатын мұнай өнімдері халықаралық Евро-4 и Евро-5 стандарттарына сәйкес болмақ.
Хош иістендіргіш көмірсутек өндірісі қолға алынып жатыр. Ол 2014 жылы елдің мұнай-химия саласындағы базалық өндірісті өндіруді жолға қояды. Ол кезде өндірілетін өнім: бензол - 133 мың тонна, параксилол - 496 мың тонна болады. Ақтаудағы битум зауытының құрылысы да назарда тұр.
Елбасы жобалардың тұсаукесерін жасаған кезде «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ кұбыры құрылысының бастамасы болды. Оның ұзындығы 1475 шақырым, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өтеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ мынадай жобаларды ұсынды:
Азиада-2011 объектілерін электрқуатымен қамтамасыз ету, 110 және 220кВ қуаты бар 4 трансформаторлық станцияны іске қосу, оларды жалпы қуаты 832 МВА (мега вольт ампер). Жоғары қуатты кабель линиялары мен электр беру: 110 кВ, ұзындығы 49,6 шақырым.
Мойнақ ГЭС-ін пайдалануға беру. Қуаты 300 мегаватт. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр қуаты дефицитін жояды. Және Орталық Азия елдерінен импортталатын қуатқа деген тәуелділіктен құтқарады.
Жобалардың тұсаукесерінен кейін Президенттің өнеркәсіп саласындағы «Алтын сапа» және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әспеттейтін «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. «Алтын сапа» сыйлығы өнімдер немесе кызмет көрсету сапасы саласындағы жақсы нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі. Биылғы «Алтын сапа» Президент сыйлығы үшін жарияланған конкурсқа 207 компания қатысты. Сондай-ақ биыл «Индустриялық серпіліс» және «Инновациялық серпіліс» атты жаңа сыйлықтар белгіленді. Олардың арасынан ең үздік отандық компаниялар осымен бесінші рет Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. «Алтын Сапа» президенттік сыйлығының лауреаттары болып «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялары жүзеге асырған жобалар мен Қор компанияларыньщ несие алушы клиенттері таңдалды.
2010 жылғы «Алтын сапа»
сыйлығы «Өндірістік
2006 жылдан бері, даму институттарының 3 компаниясы, және бір ұлттық компания «Сападағы айрықша табысы» үшін Президенттік сыйлығының лауреаттары болды.
КДБ және «Даму» Қорының 15 кәсіпорыны «Алтын Сапа» Республикалық конкурс-көрмесінің жеңімпаздары атанды.
«Денсаулық» Емдеу-диагностикалық пойызы - Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының біріккен жобасы «Парыз - 2010» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының жеңімпазы ретінде танылды.
Индустриялық-инновациялық жобалар – даму жеделдеткішіміз байланыс қызметкерлерінің төл мерекесі жақындап келеді. Атаулы датаны ел экономикасының күретамыры – “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ қандай табыстармен қарсы алғалы отыр деген сұрақ төңірегінде Ұлттық компания президенті Асқар МАМИНМЕН әңгімелескен едік.
– Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ ұжымы өздерінің кәсіби мерекесін қандай табыстармен қарсы алғалы отыр?
– Бәрінен бұрын республика теміржолшыларын алдағы келе жатқан Көлік және байланыс қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, сала ұжымдарына табыс тілеймін. Негізінен, мереке қарсаңындағы көңіл-күй өндірістік көрсеткіштердің нәтижесіне байланысты болатындығы рас. Биылғы жылғы темір жолдағы табыстың тұрақты өсімі болашаққа деген үлкен үмітімізді оятады.
“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ республика экономикасы мен ел тұрғындарын темір жолмен тасымалдау жөніндегі сұранысын толығымен қанағаттандырып келеді. Негізгі көрсеткіш бойынша, алғашқы жартыжылдықтағы жүк айналымы 100 млрд. тонна/шақырым болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға жоғары. Сондай-ақ тасымал көлемі 14,7 пайызға артты. Ал экcпорт көлемі 25, импорт 2,9 пайызға өсті. Тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды индикаторы ретіндегі жолаушылар тасымалы 6,4 пайызға көтерілді. “ҚТЖ” ҰК” АҚ тобына жататын компаниялардың кірісі 25 пайызға өсіп, 284,3 млрд. теңгені құрады. Сала жұмысындағы оң өзгерістерді тәуелсіз сарапшылар дәйектеді. Халықаралық “Fіtch ratіngs” пен “Standard & Poors” рейтингілік агенттіктері ҚТЖ-ның рейтингін ВВВ- және ВВ+ деңгейінде “қалыпты” деп бағалады.
Мұның барлығы Қазақстан темір жолының 2008-2009 жылдарғы дағдарыс салдарын артқа тастап, жүк және жолаушылар тасымалдаудағы тапсырмаларды ойдағыдай орындап, қалыпты жұмыс ырғағына көшкендігін көрсетеді.
– Саланы алға қарай дамытудың бағдарламасы туралы әңгімелесеңіз. Таяу және алыс болашақта қандай жоспарларды жүзеге асыру көзделіп отыр
– Темір жол саласын дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламалары бойынша жеті маңызды міндетті атап өтуге болады. Біріншісі – өндірісті кешенді түрде дамыту. Екіншісі – индустриялық дамуды аудандастыру. Үшінші – жеке меншік инвестиция тарту. Төртінші – темір жол саласын реформалауды мемлекеттік реттеу арқылы жеке бастамаларға қолайлы ахуал туғызу және негізгі құрал-жабдықты жаңғырту мен жетілдіру. Бесінші міндет – еліміздің транзиттік әлеуетін барынша тиімді пайдалана білу. Алтыншы – темір жол саласының қауіпсіздігін әлемдік талаптарға сәйкестендіру. Жетінші – корпоративтік басқаруды жетілдіріп, Ұлттық компаниядағы ашықтық пен мөлдірлікті және осы тұрғыдағы есеп беруді қамтамасыз ету. Бұл мақсатты тапсырмаларды орындаудағы негізгі идеология темір жол көлігін жаңғырту мен жетілдіру арқылы оның сапасы мен қызметінің тиімділігін көтеріп, мемлекет пен қоғам үшін неғұрлым оңтайлы әрі икемді мүмкіндіктерді қалыптастыру.
Ал егер де қазіргі таңдағы өзекті мәселелерге тоқталар болсақ, бірқатар шешімін таппай отырған жайлар бар. Мәселен, табысты болмауына байланысты әлеуметтік маңызды қызметтердің сәйкес қайтарымсыз қаржымен қамтылмауы, тариф деңгейінің төмендігі инвестициялық шығындарды жабуды қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ “ҚТЖ” ҰК” АҚ пен жүк вагондарының жеке операторларына теңдей мүмкіндік берілмей отыр. Саланы дамытып, оның тиімділігі мен қызмет сапасын жақсартуға және активін жаңғырту мақсатында инвестиция тартуға – кешенді реформаның экономикалық моделі мен саланың институттық құрылымы және инвестициялық кең көлемдегі ауқымды бағдарламасының қажеттігі байқалып жүр.
Темір жол көлігінің мақсатты моделі тиісті нәтижеге жеткізуді көздейді. Ол үш сегментті қамтиды. Жүк тасымалы, жолаушы тасымалы, магистралдық желі қызметі. Мұндай модельге көшу – “Темір жол көлігін дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы” мен “ҚТЖ” ҰК” АҚ-тың 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуы” атты маңызды құжаттарда көрсетілген. Бұл бағдарламалар бойынша, “ҚТЖ” ҰК” АҚ құрылымын өзгертіп, жүк және жолаушы тасымалы мен магистралдық желі қызметімен айналысатын еншілес кәсіпорындарды бір холдингтік құрылымға айналдырып, барлығын бір орталықтан корпоративтік жолмен басқару түрі қарастырылады. Сонда реттеу саласында тек магистралдық желі қызметі қалады. Ал жүк тасымалы мен вагон және локомотив паркі бар мемлекеттік және жеке тасымалдаушылардың операторлары өзара бәсеке шеңберінде жұмыс істейтін болады. Мұның ішінде ерекше айтарлығы – шынайы бәсекелестік жағдайында ұлттық тасымалдаушының басымдығы коммерцияландыру арқылы алып тасталынады. Сөйтіп әлеуметтік маңызды қызмет түрлері де нарықтық қатынасқа көшіріледі. Ал тәуелсіз жеке тасымалдаушылар магистралдық және темір жол инфрақұрылымына қатысуға тең мүмкіндік алады. Қазіргі таңда сала мамандары мен еңбеккерлері индустриялық-инновациялық жобалар кәсіпорынның даму тегершігі екендігін айқын бағамдай бастады.
– Жаңа технологияларға көшу барысында кадрлардың біліктілігін көтерумен бірге персонал санын оңтайландыру да қатар жүретін үдеріс емес пе?
– Өндірістің тиімділігін көтеру туралы тапсырма Мемлекет басшысының Қазақстан халқына биылғы Жолдауында атап көрсетілді. Бұл жерде мына жайға баса назар аудару керек. Мемлекет те, заң да, саланың менеджменті де, жалпы салиқалы ой иесі мыңдаған жұмысшыны қысқарту әрекетіне бірден бармайды. Сондықтан еңбек өнімділігін көтеру және персонал санын оңтайландыру жоспарлы түрде, әлеуметтік жағдайларды жан-жақты зерттеп, оны әбден екшеуден өткергеннен соң ғана білікті мамандарды сараптау арқылы бірте-бірте, кезең-кезеңімен ұзақ мерзімде атқарылады. Ал енді еңбек өнімділігін көтеру – өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыру, кәсіпорын құрал-жабдықтарын жаңарту, жаңғырту, басқаруды автоматтандыру, өнеркәсіптердің құрал-жабдықтарын жоғары деңгейдегі технологиялармен қолдау, транзиттік, жаңа типті қызмет түрлерін дамыта отырып, сұранысты ынталандыру, сондай-ақ өндірістік активтерді оңтайландыру мен қызметкерлердің жұмыс сапасын жақсарту арқылы жүргізіледі. “ҚТЖ” ҰК” АҚ пен оның еншілес кәсіпорындарында 2020 жылға дейін еңбек өнімділігін көтеру базалық деңгеймен салыстырғанда 19,6 пайызға дейін көтеріледі деген үмітіміз бар. Қазіргі таңда байланыс, жоғары технология, ақпараттандыру салалары белсенді түрде жедел дамып келеді. Сондықтан білікті инженерлер мен білігі зор басшы мамандар мемлекеттік құрылымдардан гөрі нарықтық талаптарға сай кәсіпорындарды таңдай бастады. Мәселеге осы қырынан қарағанда, темір жол саласындағы қалыпты жағдай өте қатты өзгерістерге көп ұшырай қоймайды.
– Сонда кадр саясаты қалай жүргізіледі? Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайлары қалай шешіледі?
– Кадр саясаты – компания жұмысы тұрақтылығының негізі болып табылады. Темір жол басшылығы қашанда еңбеккерлердің сұранысына бірінші кезекте көңіл бөліп келеді. Осы мақсатта бірқатар шаралардың тиімді атқарылғанын мынадай дәйектерден көруге болады. ҚТЖ мен оның еншілес кәсіпорындарынан 2009 жылы кадрлардың басқа жұмыстарға ауысуы 2008 жылға қарағанда 3,9 пайызға төмендеген. Ал 30 жасқа дейінгі жас мамандардың басқа жұмысқа ауысуы 8,7 пайызға азайды. 2009 жылы жүргізілген социологиялық сараптау қорытындысына қарағанда, компанияда қызмет ететіндердің 61,5 пайызы өз жұмыстарына қанағаттанады екен. Мұндай оң жетістік компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға жұмсалатын қаржының жылма-жыл өсе түсуінен көрінеді. Мәселен, 2008 жылы осы мақсатқа – 3 183,0 млн. теңге бөлініп, 2009 жылы – 3 393,0 млн. теңге қарастырылса, 2010 жылы – 3 420, 712 млн. теңге жұмсау көзделіп отыр.
2007-2009 жылдары “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ еңбеккерлерінің 60 мыңы, яғни жартысына жуығы оқыту мен біліктілігін көтерудің әртүрлі бағдарламаларынан дәріс алды. Өткен жылы компания мен оның құрылымдарына 696 жас маман тартылды. 2010 жылғы жоғары оқу орнын бітірушілердің қатарынан 292 жас маман теміржолшылар қатарын толықтырады. Бүгінгі таңда осындай жас мамандардың білімі мен білігі алдымен шағын стансалар мен разъездерде шыңдалуы қажет болып тұр. Себебі, жүк айналымын жасақтау мен тасымалдау үдерісінің сенімділігін сондағы теміржолшылар қамтамасыз етеді. Осыған орай жастарды 3, 4, 5 санаттағы стансаларға бекітіп, оларға барынша әлеуметтік қолдау көрсету шаралары қолға алынған. Мәселен, осындай стансаға немесе разъезге барған жас маманға айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшері көлемінде материалдық көмек беріледі. Сондай-ақ алғашқы екі жылда тұрғын үйді жалға алу ақысы төленіп, бастапқы жылы негізгі айлық жалақысына 20 пайыздық көтерме ақы беріліп тұрады. Жұмысына тезірек бейімделуі үшін тәлімгерлік институты белгіленеді.
Әлеуметтік саланың негізгі жайы – тұрғын үйге қатысты. 2009 жылы ҚТЖ-ның инвестициялық бюджетінде тұрғын үй құрылысына 1,5 млрд. теңге жұмсалып, қызметкерлерімізге Астанада 80, Ақтау қаласында 30 пәтер бөлінді. Биылғы жылы компанияда тұрғын үйге байланысты ең ірі қадам жасалды. Кәсіпорын есебінен 250 теміржолшы жаңа үйлер мен пәтерлердің кілтіне ие болды. Маусым айының 29-ында Достық стансасында сегіз жаңа үйдің құрылысы аяқталып, 216 теміржолшыға жайлы пәтерлердің кілті табыс етілді.
Алматы облысында тасқын су салдарынан зардап шеккен Егінсу стансасындағы тұрғындарға 35 жаңа үй тұрғызылды, 21 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2009 жылы темір жол тарихында тұңғыш рет 2010-2014 жылдары шағын стансалар мен разъездердегі еңбеккерлерді тұрғын үймен қамтудың бағдарламасы жасалып, бекітілді. Темір жолда еңбеккерлерге медициналық және санаторийлік-курорттық қызмет көрсету қалыпты құбылысқа айналған. 2010 жылы салада 65 735 еңбеккер профилактикалық, 5 345 692 адам ауысым алдындағы медициналық тексеруден өткізілді. Компания бұл мақсатқа 895 млн. теңге жұмсады. 2010 жылы санаторий мен профилакторийлерде үш мың адам емделді. Бұған 246 млн. теңге бөлінген. Жыл сайын ҚТЖ еңбеккерлері арасында қысқы және жазғы спорт түрлерінен спартакиада өткізіледі. Жаңа әкімшілік ғимаратында жүзу бассейні, спорт залдары жарақтандырылған.
Информация о работе Үдемелі индустриялды-инновациялык бағдарламаның нақты нәтижелері қомақты