Дисперсиялық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:46, реферат

Описание

Тәжірибе жағдайларына әсер ететін кездейсоқ факторлардың өзгерісінің нәтижесінде тәжірибеден алынған мәліметтердің орташа арифметикалық мәндері ылғи да өзгеріп отырады. Орташа мәнге әртүрлі факторлардың әсері дисперсиялық талдау әдісі арқылы зерттелінеді

Работа состоит из  1 файл

Дисперсиялық талдау.doc

— 26.50 Кб (Скачать документ)


Шрифт көлемі: 14

 

Реферат үзіндісі:

 

 

 

 

 

 

Тәжірибе жағдайларына әсер ететін кездейсоқ факторлардың өзгерісінің нәтижесінде тәжірибеден алынған мәліметтердің орташа арифметикалық мәндері ылғи да өзгеріп отырады. Орташа мәнге әртүрлі факторлардың әсері дисперсиялық талдау әдісі арқылы зерттелінеді.

 

Дисперсиялық талдауда кездейсоқ шамалардың дисперсиясының аддитивтік қасиеті пайдаланылады. Р.А. Фишер 1938 ж. дисперсиялық талдауға мынадай анықтама берген: Дисперсиялық талдау-«бір себептерден болатын дисперсияны екінші бір себептерден болатын дисперсиядан айыру». Дисперсияны туғызатын себептердің (факторлардың) санына қарап дисперсиялық талдауды бір факторлы және көп факторлы дисперсиялық талдау деп екі түрге бөледі.

 

Дисперсиялық талдау арқылы бірнеше факторлардың әсерін бірден анықтауға болады. Зерттеу жұмыстарының классикалық әдісінде факторлардың әсері әдетте жеке-жеке анықталынады, демек, әсерін анықтайтын факторды ғана өзгертіп, қалған факторды тұрақты етіп ұстайды; сөйтіп әр фактордың әсерін анықтау үшін көптеген тәжірибелер жүргізу қажет болады. Классикалық әдіс бірнеше фактор бір мезгілде өзгерген жағдайда олардың бір-біріне тигізетін әсерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Ал дисперсиялық талдау арқылы барлық факторлардың тәжірибе нәтижесіне тигізген әсерін және олардың бір-біріне тигізетін өзара есерін бір ғана тәжірибеден анықтауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Дисперсиялық талдаудың нәтижесін қарастырған кезде мына жағдайды ескеру қажет: дисперсиялық қатынастың мәнінің өте аз болуы тәжірибе кезінде қандай да бір бақыланбай қалған маңызды фактордың әсері рандомизацияланбауымен (кездейсоқ факторларға кіргізілмей қалуы) байланысты болуы мүмкін. Бұл кезде дисперсия деңгейдің ішінде өсіп, деңгей арасында тұрақты болады; содан барып дисперсиялық қатынас азаяды. Бұл жағдайда эксперимент нәтижелері (1) - модельге бағынбайды.

 

...

 

Дисперсиялық талдау әдісін кездейсоқ деңгейлер моделіне қолданғанда орта мәндер туралы гипотеза емес, дисперсиялардың мәндері қарастырылады. Кездейсоқ деңгейлер моделінің қорытындылары, белгіленген деңгейлер моделіне қарағанда, барлық деңгейлер бойынша алынған бас(генералды) жиынтыққа қолданылады.

 

 



Информация о работе Дисперсиялық талдау