Дүниежүзілік экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 18:29, курсовая работа

Описание

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын ашуда төмендегідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:
әлемдік экономикалық қатынастардың қалыптасу негізін зерттей отырып, әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымы, қызметтерін көрсету;
әлемдік экономикалық қатынастардағы халықаралық экономикалық ұйымдардың роліне сипаттама беру;
Қазақстанның әлемдік – экономикалық қатынастарға ену жолдарын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-4

I. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі

1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары......5-7

1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы....................8-10

1.3 Әлемдік экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық

экономикалық ұйымдардың ролі...................................................................11-15

II. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі

және даму бағыттары

2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы

орны..................................................................................................................16-17

2.2 Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны........18-20

2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық

кеңістіктің дамуы............................................................................................21-23

III. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі мәселелер мен жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі

мәселелер........................................................................................................24-26

3.2 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы орнын

жетілдірудегі мемлекеттің саясаты..............................................................27-29

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................30-31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................32

ҚОСЫМША............................................................................................................33

Работа состоит из  1 файл

әлемдік экономика.doc

— 217.50 Кб (Скачать документ)
 

МАЗМҰНЫ 
 
 

КІРІСПЕ................................................................................................................3-4                                                                                                                         

I. Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі

1.1 Әлемдік  экономикалық қатынастардың пайда  болуы, даму бағыттары......5-7         

1.2 Әлемдік  экономикалық қатынастардың мазмұны,  құрылымы....................8-10                        

1.3 Әлемдік  экономикалық қатынастарды реттеудегі халықаралық

    экономикалық ұйымдардың ролі...................................................................11-15                                                                       

II. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуі

     және даму бағыттары

2.1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастардағы

    орны..................................................................................................................16-17                                                                                                                      

2.2 Қазақстанның  халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, орны........18-20            

2.3 Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы экономикалық

     кеңістіктің дамуы............................................................................................21-23                                                                                                

III. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қатынастарға енуіндегі  мәселелер мен жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан  Республикасының әлемдік экономикалық  қатынастарға енуіндегі 

      мәселелер........................................................................................................24-26

3.2 Қазақстан  Республикасының әлемдік экономикалық  қатынастардағы орнын 

      жетілдірудегі мемлекеттің саясаты..............................................................27-29

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................30-31             

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................32                                                                                          

ҚОСЫМША............................................................................................................33                                                                                                                    
 
 
 
 
 

                                                  КІРІСПЕ 

      Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа  кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.

      Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың  үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.  

      Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.

      Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері  көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша  әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.

      Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің  басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың  біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.

      Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

      Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты – әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның  негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

      Бұл функциялар Қазақстан Республикасының  сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда  өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде  анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми – техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.

      Жоғарыда  айтылғандардың негізінде, курстық  жұмыстың тақырыбының мазмұнын ашуда  төмендегідей міндеттер мен мақсаттар  алға қойылып отыр:

  • әлемдік экономикалық қатынастардың қалыптасу негізін зерттей отырып, әлемдік экономикалық қатынастардың құрылымы, қызметтерін көрсету;
  • әлемдік экономикалық қатынастардағы халықаралық экономикалық ұйымдардың роліне сипаттама беру;
  • Қазақстанның әлемдік – экономикалық  қатынастарға ену жолдарын қарастыру.
 
 
 

1. ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ

1.1 Әлемдік экономикалық қатынастардың пайда болуы, даму бағыттары 

      Осы заманғы әлемдік шаруашылық бұл нарық экономикасының объективті зандылықтарына бағынатын, өзара тығыз байланысты және әрекеттестіктегі ұлттық экономикалардың жиынтығы, ғалами экономикалық организм.

      Әлемдік шаруашылық өзінің қалыптасуы мен дамуында ұзақ және қиын жолдардан өтті. Кейбір зерттеушілер оның пайда болуын Рим империясы кезеңіне жатқызады.

      Басқа ғалымдар әлемдік  шаруашылықтың пайда болуының есебін ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуынан бастап жүргізеді.

      Негізінде осы жаңалықтар асыл бұйымдармен, құнды металдармен, құралдармен  әлемдік сауданың дамуына алып келді.

      Бірақ ол кезеңдегі әлемдік шаруашылық, саудагерлік капиталды салу саласы ретінде шектеулі болды.

      Осы заманғы әлемдік шаруашылылық өндірістік төңкерістен кейін капитализм өзінің монополистік кезеңіне көшуімен байланысты пайда болды.  XIX ғасырдың аяғы мен  XX ғасырдың басындағы әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың 60 – 90 – жылдарындағы  әлемдік шаруашылықтан көп айырмашылығы бар. [1; 7б.]

      XX ғасырдың бірінші жартысындағы әлемдік шаруашылық капитал күшімен емес, көп жағдайда ашық күшке, экономикалық емес зорлауға негізделген болатын. Бұл кезеңде әлемдік шаруашылықта оны тұрақсыз қылатын қарама – қайшылықтар болды. Бұлар империалистік мемлекеттер арасындагы және өнеркәсібі дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы қарама – қайшылықтар.

      XX ғасырдың орта кезеңінде әлемдік шаруашылық екі бөлікке бөлінді: әлемдік капиталистік және социалистік шаруашылық. Әлемдік экономикалық байланыстарда әлемдік капиталистік шаруашылық басты орын алды: 90- жылдардың басында әлемдік сауданың 9/10 әлемдік капиталистік шаруашылықтың шеңберіндегі тауар айналымы құрады, әлемдік экономикалық айырбастың арналары арқылы 80-жылдардың аяғында капиталистік дүниенің жиынтық жалпы өнімінің 1/5 өткізілді. [1; 9б.]

      Бұрынғы социалистік елдерде әлемдік  ұлттық табыстың 1/3, оның ішінде Өзара  Экономикалық Көмек Кеңесіне мүше елдерде 1/4 бөлігі өндірілді.

      60–жылдардан бастап әлемдік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер кірді. Олардың ішінен 70–жылдардың ортасында Оңтүстік Шығыс Азия және Латын Америкасында «жаңа индустриялық елдер» (ЖИЕ) – ерекшеленіп шыға бастады. Оларға «төрт кіші айдаһар» деп аталатын Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур және Бразилия, Мексика, Аргентина жатады.

      Кеңестер  Одағы тарап, Шығыс Еуропа елдерінде революциялық өзгерістер болғаннан кейін әлмдік шаруашылық біртұтас кұрылым сипатын ала бастады. Қалыптасып келе жаткан әлемдік шаруашылық, біркелкі емес, және оның құрамына, өндірісі дамыған, дамушы және өтпелі экономикалық жүйедегі елдер кіреді.

      XXI ғасыр қарсаңындағы әлемдік шаруашылық XX ғасырдың ортасындағыға қарағанда, өзінің көптеген қарама – қайшьшықтарын және әр түрлі даму үрдістерін сақтай отырып біртұтас интеграцияланған, серпінді болып табылады.

      XXI ғасырдың карсаңындағы әлемдік шаруашылық – өзінің көлемі жөнінен ғалами, нарық экономикасы принциптеріне, әлемдік енбек бөлінісінін объективті зандылықтарына, өндірістің интернационалдануына негізделген.

      Әлемдік шаруашылықтың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықтардағы  басты даму бағыттарының бірі болып, көптеген елдердің тұйық ұлттық шаруашылықтан, сыртқы нарыққа бейімделген ашық үлгідегі экономикаға кірігуі табылады.

      Осы заманғы қарқынды еларалық экономикалық байланыстар денгейін төмендегілер көрсетеді: әлемдік шаруашылықта әлемдік еңбек бөлінісі дәрежесінің терендігі; әлемдік шаруашылықтық байланыстардың серпінділігінің күшеюі және көлемінің өсуі.  Оған 90-жылдардағы әр жылғы әлемдік сауда көлемінің тұрақты өсуі (6%-дейін), 10 трлн. долларға жақындаған абсолюттік көлемі куә. Бұндай қорытынды жасауға шетел инвестициясы және әлемдік капитал қозғалысы көлемінің өсуі, әлемдік өндіріс көлемінің және технология мен ғылыми – техникалық және экономикалық ақпаратпен айырбас ауқымының артуы мүмкіңдік береді; дәстүрлі әлемдік дайын бұйымдармен сауданың көлемінің артуы, сипатының сапалық өзгеріске ұшырауы. Ол таза коммерциялық сипаттан ұлттық өндірістік үдеріске қызмет көрсету құралына айналды.

      XX ғасырдың соңғы ширегінде бүкіл әлемді орап алған қаржы капиталының қарқынды өсу сипаты. Осы заманғы әлемдік экономиканың ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы қаржылық сипаты, әлемдік ақша айналымы көлемі нақты экономиканың жалпы өнімнің он есе басым.

      Қаржы капиталының толқыны әлемдік экономика кемесін суға батыруға жақын Ол елдік, аймақтық, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында.  Әлемдік қаржы капиталы дүниежүзілік жалған капитал «пирамидасын» онан сайын тарқатып отыр. Қаржы капиталы көлемі нақты экономикадан бұрынғыдан да көп қашықтауда. Бұл қарама – қайшылықты тендестіру үшін «пирамида құрылысына» «дамып келе жатқан қаржы нарықтары», оның ішінде бұрынғы социалистік елдер нарықтары тартылуда.

      Әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың екінші жартысындағы ерекшеліктерінің бірі әлемдік экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке фирмалар мен ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей түседі. Бұл үдерістер әлемдік еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылыктық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып жақындасуынан, аймақтық әлемдік құрылымдардың дамуы мен нығаюынан көрінеді. 

          1.2 Әлемдік экономикалық қатынастардың мазмұны, құрылымы 

      Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу  қарама – қарсы диалектикалық сипатқа ие. Әлемдік экономикалық қатынастардың диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәуелсіздікке, ұлттық шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың интернационалдануына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралык еңбек бөлінісінің тереңдеуіне алып келеді.

      Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты қозғаушы күші.

      Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

      Әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты – әлемдегі жұмыс күшінін, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының, ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады.

      Негізінде әлемдік экономикалық қатынастар олардың субъектілерінің әлемдік еңбек бөлініске қатысу жолымен іске асырылады.

Информация о работе Дүниежүзілік экономика