Еңбек. Еңбек заттары. Еңбек құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 16:16, контрольная работа

Описание

Барлық кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарының басты міндеті және жұмысты жүргізуі өндіріс факторларын қолдану және оны қолданудан тиісті табыс табу болып табылады. Өндіріс факторлары ұғымына шаруашылық істердің мүмкіндіктері мен нәтижелелілігіне шешуші әсер келтіретін элементтер мен объектілерді жатқызуға болады.

Работа состоит из  1 файл

econ.docx

— 39.84 Кб (Скачать документ)

                                         Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 
 
 
 

             СӨЖ

                      Еңбек. Еңбек заттары. Еңбек құралдары.

                                                          

                                                       
       

                                                      Нұрғали Айгүл

                                         ГиМУ11K 
       
       
       
       
       

         Барлық кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарының басты  міндеті және жұмысты жүргізуі өндіріс  факторларын қолдану және оны  қолданудан тиісті табыс табу болып  табылады. Өндіріс факторлары ұғымына  шаруашылық істердің мүмкіндіктері  мен нәтижелелілігіне шешуші әсер келтіретін элементтер мен объектілерді жатқызуға  болады.                

        Маркстік теория  бойынша өндірістің  негізгі факторлары: 
 

адамның жұмыс күші             еңбек құралдары              еңбек заттары 

         Бұлардың өзін екі  үлкен факторларға бөлуге болады. Олар: өнімнің дербес факторы және нақты фактор.  

             Дербес фактор – адамның физикалық және рухани қабілеттіліктерінің жиынтығынан тұратын жұмыс күші болып табылады.

         Нақты фактор – өндірістің құралдары ретінде қаралады. Өндіріс ұйымы осы екі фактордың үйлесімді жұмыс жасауын қарайды. Марксистiк теория өндiрiс факторлары, олардың қосылуының сипаты, өзара байланыс сыныптардың арасындағы өндiрiстiң әлеуметтiк бағытталғандығы, қоғам және қатынастың таптық құрамдарын анықтағаннан шығады.                                                                                

         Енді негізгі тақырыпқа  келсек:

          Еңбек – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.

          Еңбек заты – адамның дайын өндіру мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін зат.

          Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін қаруы.

               Экономикалық категория жағынан  еңбек өндіріс факторларының  бірі болып табылады. Еңбек тарихи  материализмде өзіндік тарихтың  субстанциясы, адам өмірінің іргелі  әдісі ретінде қаралады. Мақсатты  еңбек қызметі арқылы адам (еңбек  субъектісі) ол жасаған еңбек  құралдары  арқылы еңбек затын  өзіне керекті өнімге айналдыра  алады. Еңбек өнімі заттың (материалдың) ерекшелігі, еңбек құралдарының даму деңгейіне, оны іске асырудың мақсаты мен әдістеріне байланысты.

Әрбір адамның жұмыс күші немесе еңбекке  қабілеті   болады. Еңбек жұмыс  күшін тұтынуды білдіреді. Кез келген қоғамда еңбекке мәжбүрлеу бар. Ерте кезеңдерде бұл экономикалық сипаттан тыс, яғни құлдың қожайынына тәуелділігінен көрінетін. Экономикалық мәжбүрлеу  жалданбалы еңбек категориясымен байланысты. Жалданбалы еңбектің пайда болуы  үшін екі шарт қажет: жеке бас бостандығының  болуы және өндіріс құрал-жабдықтарына меншігінің болмауы, яғни өз ісін ашуға  мүмкіндігінің болмауы. Осындай  жағдайларда адам жұмысқа жалдануға  мәжбүр болады. Осы кездегі еңбекке  түрткі болатын басты нәрсе материалдық  сыйақы алуға тілек немесе ынта.  

Маржиналистік (батыстық, неоклассикалық) теория дәстүрлі түрде өндірісті төрт факторға бөліп  қарастырады: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік. Осының ішінде еңбек факторына тоқталайық.  

      Еңбек адам, адамның қабiлеттiлiктерiнiң  жиынтығы, мерзiмдi ортақ және кәсiби  бiлiммен, дағдылармен, жиналған тәжiрибенiң  зияткерлiк және физикалық қызметiмен  деп көрсетілген. Еңбекпен экономикалық  теорияда бұл өндiрiс факторлар  мақсаты бар шаруашылық жұмысының  процессiнде адамдармен пайдалы  нәтиженi жасалуға қоса тiркелетiн  кез келген зерделi және физикалық  күштер жобаланады.

      А.Маршаллдың айтуы бойынша: «Әрбір  еңбектің басты мақсаты қандай  да бір нәтижеге жету болып  табылады ». Еңбекке кеткен  уақытты дәстүрлі түрде жұмыс  уақыты деп атайды. Оның ұзақтығы  және мерзімі белгілі бір заңдарға  бағынады. Адам күніне 24 сағат жұмыс  істей алмайды. Оған еңбек қабілеттіліктерін  қалпына келтіру үшін және  рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру  үшін уақыт керек. Ғылыми-техникалық  прогресс жұмыс уақытының өзгеруіне,  еңбектің мінезі мен мазмұны  жағынан өзгеруіне алып келеді.  Қазіргі кезде еңбек жақсы  маманданған, кәсіби кадрларды  мамандандыруға көп уақыт бөлініп,  еңбектің интенсивтілігі мен   өнімділігі жақсарып жатыр. 
 
 
 

                              Жұмыс күні бойындағы еңбек

     
                  қажетті

    Жұмысшының өзі  мен

    отбасынының өмір сүруіне

    қажетті өнімді өндіруге

    кеткен еңбек . Осы кезде

    өндірілетін өнім қажетті   

      деп аталады.  

     
                    қосымша

    Қажетті еңбек  шамасынан

    артық жұмсалған  еңбек.  

    Қосымша еңбектің өндірген

    өнімі қосымша  деп аталады 

                                                      

                 Еңбекті қажетті  және қосымша деп бөлу тек маркстік теорияда ғана орын алады.

  Одан басқа  тағы еңбектің интенсивтілігі мен өнімділігі деген сипаттамалар бар.

Интенсивтілік – бұл уақыт бірлігіндегі жұмыс күшін жұмсау дәрежесімен анықталатын еңбектің үдемелілігі.Еңбек интенсивтілігі жұмыс күнінің ұзаруына байланысты еңбек интенсивтілігі кемуі мүмкін.

Өнімділік – бұл еңбектің нәтижелілігі. Ол уақыт бірлігінде өндірілген өнім санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігі тек еңбекке ғана емес, сондай-ақ техникалық прогреске байланысты. Еңбек өнімділігі артқан кезде, өнім бірлігін шығаруға кеткен еңбек үлесі қысқарады да, еңбекпен салыстырғанда өндіріс құралдарының үлесі артады. Бірақ, жалпы өндіріс факторларының шығындары азаяды. 

                                               

                          Қазақ мәдениетіндегі  еңбек құндылығы

     Еңбек адамды қоршаған ортамен байланыстырушы дәнекер буын,  сол себептен оның адам болмысы үшін өзінің құндылығын жоғалтуы мүмкін емес. Керек десеңіз  адам тұлғасын еңбексіз көзге елестету де қиын, тіпті,  бүгінде еңбек  адам инстинктіне айналды десе де болады. «Тірі жан тіршілік етеді» дейді қазақ. Осы бір тұрақты  сөз тіркесінен қазақтарда өмірдің  баламасы болып табылатын «тіршілік» сөзінің кей контексте жасалған еңбекті, іс-әрекетті білдіретіндігін  де байқаймыз. Қоғамдағы еңбекке  деген қатынас өте маңызды  әлеуметтік мән-мағынаға ие. Қазақ қоғамында, барлық басқа қоғамдардағыдай, еңбек  – адамның өмірлік құндылықтарының  бірі болғанымен, бірегейі деңгейіне  көтерілмей тұр. Неліктен? Оған ертелі-кеш  егін салып, су суарып, жер тырмалау қажеттілігін туындатпаған көшпелі  малшылық болмысымыз әсер етті ме (дей  тұрғанмен, көшпелі тіршіліктің  бейнеті аз дей алмайсың) әлде еңбекті  дәріптейтін діни ұстанымды қалыптастыратын  жан еңбегінің нәтижесі – сеніміміздің жас шыбықтай солқылдақтығы әсер етті ме, болмаса отырықшы өркениетіндегі еңбек бөлінісі нәтижесінде сұрыпталған  кәсібилік тұғырына жетпей жығылған әлеуметтік тарихымыздың ықпалы болды  ма – басып айту қиын. Ақиқаты  – аталғандардың барлығының соған  деген ортақ әсерінің болғанында. Бүгінгі заманның есептеу, соның  негізінде нақты жоспарлау, жоспарланғанның  орындалуын қатаң қадағалау сынды  қазіргі «экономикалық рационализмі»  аясында еңбек бұрынғыдағыдай адамның  қасиетті мән-мағынаға толы іс-әрекеті  болудан қалып, есепке алынатын нәтижесі тұрғысынан тек ақшалай сыйақы алу  көзі ретінде ғана қарастырылады.  Ендеше,  «экономикалық рационалдық» жағдайындағы нақты өмір шындығында еңбек иесі өзінің қыруар еңбегі үшін түкке тұрмас жалақы алатын болса, онда жасалған еңбектің құнының өнбегені. Тіке және жанама мағынасындағы төккен терге сай бағаланбаған еңбек  құнсызданады. Құнсызданған еңбектің қадірі кетеді. Қадірі кетпей қәйтсін, тер төкпей-ақ, біреуді алдап-арбап әлде одан сорақысы – лауазымын пайдаланып, пәре алып немесе әлдебіреуді қорқытып-үркітіп те алаңсыз тіршілік ететін болса, ондай «жатып ішер астан» кім қашсын?! Сондықтан болар, қазақ қоғамында жұмыс ретінде көрінетін еңбек пен кәсібилік табыс көзіне айналмай, лауазым табыс көзіне айналып отырған келеңсіз жағдайлар кездеспей тұрмайды емес. Оның ысырапшылдық мәселесімен де астарластығы байқалады. Өйткені қара термен келген еңбектің әр өнімі үнеммен пайдаланылатындығы анық. Ал еңбексіз келген байлықтың қастерленбейтіндігі де, оңды-солды ысырап болатындығы да түсінікті. Кеңес дәуірінің тонынан шыққан біздер үшін еңбек жоғары маңызды әлеуметтік құндылық болуы тиіс еді, бірақ, өкінішке орай, сол социалистік қоғамның атқарған еңбегің үшін берілетін төлемақының теңдестірілуіне байланысты адамдарда еңбек нәтижесіне деген қызығушылық төмен, немқұрайдылық та басым болып шықты. Ал нарық экономикасына өткен тұста жеке бастың еңбекке деген қызығушылығы  артқанымен, оның күнделікті қажырлы еңбекпен келетін ақшасынан гөрі алдап-сулаудан, отырған орны мен шенін пайдаланудан келетін ақшасының көптігі парақорлық сынды әлеуметтік сұмдықты туындатты. Соның салдарынан сапалы да тындырымды жұмыс жасау қажеттілігінің орнын қалай болса солай, әйтеуір бір пайда табу мақсатына бағыттаған рухани діңгегі жоқ айлакерлік басты. Ал жоғарыда аталған келеңсіздіктер орын алмас үшін жалғыз жазалау шараларының аздық қылатындығы түсінікті. Cанаға еңбек адамына деген ілтипат, таза еңбекке деген қошемет-құрмет сыныптап құйылуы керек. Ол үшін тұлғақалыптастырушы қоғамдық институттардың барлығы – жанұядағы, балабақшадағы тәрбиеден бастап, мектеп қабырғасы, жоғары білім беру ордасы, БАҚ, т.т. бірмақсаттылық танытып, еңбек құндылығын жоғары көтеру абзал. Сондай жан-жақты әрекеттер арқасында ғана адамның заңсыз әрекеттер жасауға өз сенімі, өз ұяты жол бермейтін болады, сонда ғана еңбек құдіретті күшке айналады. Біздің  елімізде, өкінішке орай, Батыстағы протестант этикасы сынды еңбектің имандылықпен  байланысын қалыптастыратын этикалық жүйе әлі де нық орнықпай отыр. Бәлкім, оған біздің атеистік ықпалдан шыға алмаған діни сауаттылығымыздың шалалығы да кедергі болып отырған шығар?! Өйткені, байқаған болсаңыздар, иманы берік діндегі бауырларымыз (Малайзия, Индонезия, Түркия және т.б.) қазіргі бәсекелестіктің күрделі әлемінде өздерін кез келген қырынан танытып отырған жоқ па?! Ол солай болуы тиіс те, өйткені ислам діні өмір шындығынан қашқақтамайтын, о дүниені ойлай тұра, бұл дүниенің тұрмыс-тіршілігін күйттеуден алыстатпайтын нағыз өміршең дін ғой. Ілкі христиандықпен салыстырғанда исламда еңбекті таза бейнет деп қарастыру басымдығы жоқ. Онда еңбек қоғам мүшесінің міндеті ретінде қарастырылады. Ислам діні еңбекке өте биік мән береді, ол таза еңбекпен табылған табыс киелігін уағыздайды. Ал протестанттық реформаға дейінгі христиандық түсінігінде еңбек адамның құдай алдындағы күнәсін жууы үшін Жаратқан жіберген азап ретінде қарастырылғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Онда еңбек болсын, адамның осы дүниедегі тіршілігі болсын о дүниеге даярлықты, о дүниенің қызығы алдындағы бейнетті білдіреді. Христиандық жаратылыс мифологиясында әу баста жұмақта жүрген Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған әрекет жасап, таным алмасын жеп қойды емес пе?! Сол үшін де жұмақтан қуылып, азаппен тер төгіп жүріп өзін және ұрпағын асырауға жазылды емес пе?! Сол бір мифтік сюжетте үлкен астар, мәдени метафора жатыр деп білемін. Білудің өзі үлкен еңбек. Рас, христиан діні реформасынан кейін Кальвиннің арқасында еңбегі жанғандық немесе шаруашылығындағы табыстылық құдайға жаққандық ретінде діни маңызға ие болып, құндылықтық акценттер басқаша қойылды.

     Сонымен, «бәрін айт та, бірін айт» демекші, еңбекке деген қатынас адамдардың еңбектің мәні мен мағынасына, адамның  қоғам алдындағы парызына қатысты  көзқарастарынан құралады. Құндылықтар  өндірісіне және олардың қызмет ақтаруына  философия, дін, өнер тікелей  ықпал  етеді. Қашанда құндылықтар қоғамда  бар идеологияға тәуелділік танытады. Ал ол идеология тетігі билік қолында  екендігі мәлім. Біздің қазақ менталитетіндегі билік алдындағы үрей мен сол  биліктің үлгісіне еліктеу сынды  ерекшеліктерді ескере отырып, биліктегі  партияның болсын, оның қарамағындағы  ақпараттық ресурстардың болсын, жалпы, зиялы қауымның еңбектің әлеуметтік мәнін жоғары дәріптеуге арналған, еңбек адамының культін барлық деңгейде орнықтыруға арналған іс-шаралары қоғамда  еңбек мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етері сөзсіз. Сондықтан болар, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде партия Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз баяндамасының төртінші бөлімін қазіргі қазақ қоғамындағы құндылықтарды қайта қарау қажеттігіне арнап, көшбасшы партияның қоғамдағы құндылықтардың оң жүйесін қалыптастырудағы орнын көрсетіп берген болатын. Сонда асқан сарабдалдықпен көтерілген еңбекқорлық пен кәсібилікті дәріптеу керектігі өз өзектілігін ешқашан жоғалтпақ емес, ол жаңа мақсаттар биігін межелеген 2010 жылдағы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру тұрғысынан да өте маңызды. Себебі адал еңбекті биік құндылық деп білмеген жерде, адал еңбекпен сый-құрметке бөленбеген елде іскерлікке тірек болар еңбек мәдениеті қалыптаспайды. Ендеше, Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер  сыйлайтын экономикалық өрлеуге жол бастаймыз десек еңбек адамына деген құрметті арттыруымыз, таза еңбекпен байлыққа кенелу мүмкін деген сенім қалыптастыруымыз қажет.

     Еңбекті дәріптеп уағыздау өз алдына да, сол  еңбек иесіне осы өмірде  сый-сияпат, құрмет көрсету өз алдына. Бүгінгі  нақты шындықта қолы жұмыстан күс  болып, арқасы ауыртпалықтан еңкейген адамға айналасындағылар ары кетсе  жаны ашып қана қарайды, бірақ оны  қастерлемейді. Мәселе дене еңбегі немесе ой еңбегінде болып тұрған жоқ, мәселе жалпы еңбек адамына деген  қатынаста болып тұр. Еңбектен гөрі айланың, тамыр-таныс ресурсының, қулық-сұмдықтың, азғындықтың ұпайы артық болып  тұрғанда әрі «құдайдан қорқу» сезімі жетіспейтін қоғамда ешқашан  еңбек адамының жүзі жарқын болмақ емес. Ендеше, «еңбек түбі – береке»  жәй ғана мақал күйінде қала бермек. Өкінішке орай, осы бір қанға сіңіп үлгерген жағдайдан шығудың жолдары – құқықтық мемлекеттің іргетасын мықтылап қалап, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттырып, заңды айналып өтетіндей «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол бермей, сенім мен имандылық мәселесіне ден беріп, діннің және қазақ зиялыларының адал еңбекке, ысырап пен үнемге қатысты ой-пікірлерін кеңінен уағыздау қажеттігі, еңбек адамының ескерілу қажеттілігі екендігі сөзсіз. Еңбектегі гендерлік бөлініс мәселесі де өзекті тақырыптардың бірі. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың еңбек тәрбиесін бөліп қараған. Дәстүрлі мәдениетке үйлесімді құндылықтарға сай, қазақтар ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты  үй ішінің ішкі жұмыстарына  баулып отырған. Ол түсінікті де, өйткені табиғаттың ыңғайындағы ауыр еңбекке негізделген дәстүрлі қоғамда еңбек бөлінісі солай қалыптасқан: түз адамы және үй адамы,  даладағы ауыр да қауіпті еңбек адамы және ұрпақ амандығын күйттеген үй тіршілігінің адамы. Патриархаттық санада қоғамдық, отбасылық өмірде әйел мен еркек рөлдерінің ара жігін ашып, ажыратып тастау орын алады әрі ол сол заманның қажеттілігінен туындаған заңды құбылыс.

     Бірақ ол заман қайда қалғаны… Қазір  тарихи сахнада ғылым-білім, техника-технология, бұқаралық ақпараттық құралдар заманы, сауаттылық заманы. Біліктілік заманында, кәсіби мамандану заманында бастапқы еркек пен әйелдің  табиғи жаратылыс  ерекшеліктерін ескерген патриархаттық  еңбек бөлінісі де күрт өзгерістерге ұшырап отыр. Білек күшіне қараған  еңбектен гөрі ми күшіне, мамандануға  иек артқан жоғары технологиялар  заманында еңбек саласы белгілі  бір мағынада унификацияға (бірдейлендіруге) ұшырап отырғаны мәлім. Қазірде атам заманнан ер ісі болып есептелетін  салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындайды. Енді өздеріңіз қараңыздар – көлікті  де жүргізу, ұшақты да басқару, тіпті, ғарыш  кеңістігіне де жол тарту әйелдер  үшін қиял емес, шындық қой?! Әрине, таза еркек жұмысы, таза әйел жұмысының болатындығы миға қонымды. Мысалы, қауіп-қатері мол, қол қауқарын қажет ететін мамандықтар әлі күнге дейін, жүз жерден техника күрделеніп, адам жұмысы жеңілдеп жатса да кездеседі. Мысалы, құрыш құюшы, жол жөндеуші, жүк тасушы, күзетші, т.т. Ол жерден әйел баласын кезіктіру екіталай – мейлі ол  қаншама феминистік тәуелсіз санасы мықты әйел болса да әлі келмегенмен әлек болмайды ғой. Сол сияқты, таза әйелге қол болып табылады деген, еркек, әсіресе, біздің еркектер аяқ баспайтын жұмыс түрлері – бала бағушы, ыдыс жуушы, еден сыпырушы және т.б. Бұл тұста бәрі түсінікті, ондай бөліністі ешкім де гендерлік дискриминация (жынысына қарап кемсіту) деп қабылдамайды. Ал енді жыныстың физиологиялық мүмкіншіліктерімен шектелмеген салаларда, мысалы, саясат пен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені ол жерде қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет. Міне, дәл сол жерде дискриминация әлі де болса кездеспей тұрмайды. Сондықтан шығар, саясат пен басқару әзірге жаулықтылардың емес, шекпен-шалбарлылардың еншісінде болып тұр.

Жалпы біліктілікті қажет ететін саясат саласында  қара күш те, шаруашылыққа ыңғайлылық та маңызды емес қой, өйткені жыныс  адамның хас шеберлігі, білікті  нағыз маман болуына еш кедергі  етпейді ғой. Соны іс жүзінде дәлелдеп беріп отырған озық елдер де баршылық. Бәрімізге белгілі, ат төбеліндей ғана тұрмыс тіршілігі мықты, дамыған  елдерде ғана, әсіресе, Скандинавия  түбегінде саясаттың, басқару ісінің ірі тұлғалары арасынан әйелдерді  көптеп кездестіруге болады. Ол – санадағы түбегейлі төңкерісті қажет етері сөзсіз. Ол үшін отбасынан тысқары жерде өзін көрсете білу, өз әлеуетін жүзеге асыру тек еркекке жарасты деп түсінетін патриархаттық санадан арылып, біліктілігі, қайрат-қуаты жетсе әйелге де орын бар деген кеңшілік қажет.

Информация о работе Еңбек. Еңбек заттары. Еңбек құралдары