Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 12:18, реферат

Описание

Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.

Работа состоит из  1 файл

Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы.doc

— 61.00 Кб (Скачать документ)

    Ежелгі  замандағы саяси  ойлардың қалыптасуы

    Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс  түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары  мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.

    Саяси ілімдер тарихын хронологиялық  және мазмұндық тәртіппен ірі  төрт кезеңге бөлуге болады:

    Ежелгі  замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда  болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан –  б.з. V ғасырына дейін).

    Орта  ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (V-XVIIғғ).

    Жаңа  заман және ХХ ғасырға дейінгі  саяси ілімдер тарихы.

    ХХ  және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.

    Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде  пайда болды.

    Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп – білгісі келген. Ежелгі Шығыс ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құбылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездеге пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болғаны белгілі. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдыретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің бір ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдыретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды, бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз, себебі қазіргі кезде діннің қайтадан қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ, мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы діннің орны ерекше. 

    Ежелгі  еврей халқында адамдарды алғашында  құдайлардың билегендігі, ежелгі Қытайда  Аспан астындағы билеушінің болғандығы туралы айтылады. Ежелгі Египеттің  діни және мифтік аңыздарында әділдік пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жіберіп отыратындығы баяндалады. Египеттікдердегі «ма-ат» ұғымы сияқты ежелгі үндістерде  «рта», ежелгі Қытайда «дао», ежелгі гректерде «дике» ұғымдары бар және бұлардың барлығында олар шындық пен әділдіктің елшісі ретінде көрсетіледі.

    Ежелгі  Египетте «Птахотеп өсиеті» (б.з.д. ХХVIII ғ.), «Өлілер кітабы» (б.з.д. XXV-XXIV ғғ.) және т.б. жердегі әлеуметтік-саяси  тәртіптер мен заңдар, адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастары құдайдың әділ істері ретінде мақталады.

    «Птахотеп өсиеті» кітабында барлық адамдардың табиғи еркіндігі, туа біткен данышпандар  мен оқымыстылардың болмайтындығы  туралы көзқарастар кездеседі. Бұнда  адамдардың мінез-құлқы «ка» принципіне – ізгілікті де қайырымды және әділетті мінез-құлық өлшеміне сәйкес келіу қажеттілігі негізге алынады. «Гераклепольдық патшаның өзінің ұлына айтқан өсиетінде» (б.з.д. ХХІІ ғ.) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билігі туралы сөздермен қатар, заң мен әділдікке қарсы ешқандай іс-әрекет жасамау керектігі, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмір кешетіндігі туралы үндеулер кездеседі. Бұл өсиет кітапта патша сонымен бірге «әділдікті жасаушы және қорғаушы» ретінде дәріптеледі. Өсиет кітаптың авторы патша Ахтой өзінің ұлына, яғни мұрагеріне «Өзінің билігіңді жоғары ұста және оны одан әрі көтере түс, ол сенің заңдарыңды күшті етеді және мемлекетіңді қорғайды» деп, өсиет айтады.

    «Өлілер кітабында» адамдардың өлгеннен кейінгі тіршілігі өлілер патшалығына ауысатындығы туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық және адамдар тұрмысына қажетті нәрсенің бәрі бар. Бұл патшалыққы келгендерді Осирис құдайдың әділ соты олардың жер үстіндегі өмірінде әділ де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы – Ма-ат мүсіні жанында Осиристің әділ соты олардың барлық іс-әрекетін сұрайды. Сот алдына келгендер «Мен ешкімге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкімді алдаған жоқпын, мен ешкімді жылатқан жоқпын, мен ешкімге қарыздар емеспін, мен құдайларды сөккен жоқпын» - деп, ант-су ішеді.

    Египеттіктердің түсінігінше, адамдар жер бетіндегі  сот жазасынан құтылғанымен, өлілер патшалығындағы Осирис құдайдың әділ сотынан құтыла алмайды. Жер бетіндегі өмірде әділдік пен шындық бола бермейді, бірақ түбінде оған жауап беруге тура келеді. Жер бетіндегі патшалықтағы теңсіздік пен заңсыздыққа адамдардың өздері жол берген. Мемлекет билеушісі – перғауын – құдайлар патшасы – күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағаындалады. Ол жер бетіндегі барлық әрекетті, жамандық пен жақсылықты, қатыгездік пен әділдікті бүтіндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келіспеушіліктің орын алуы да осыдан пайда болады.

    Билік пен заңның белгілі бір топтың ғана мүддесін қорғағандығы және оған мүдделі топтардың осы заңдар мен нормаларды да өз мақсаттары үшін пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы әділдік пен билік туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын көрінеді. Мақтанышпен айтылған әділ билік пен әділетті заңға халық бұқарасының наразылық білдіргендігі, қарулы күреске шыққандығы туралы мәліметтер де кездеседі. Осындай халық қозғалыстарының бірі туралы (б.з.д. 1750 жылдар шамасында) «Ипусердің сөздерінде» айтылады. Ол бұл қозғалысты «заң мен билікке қарсы әрекет етушілер» ретінде көрсетеді, бұл кезде елде адам айтқысыз өзгерістердің болғандығын, билік органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын. Билеуші сарайындағы сақтаулы заңдардың көшеге шығарылып, аяққа тапталғындығын және жоылғандығын баяндайды.

    Ежелгі  Вавилон билеушілері өздерінің  билігі мен заңдарының құдайлық сипатта  екендігін дәлелдеуге тырысты. Б.з.д. ХVIII ғ. Хаммурапи  заңдарының кіріспесінде «Аннуақтардың мәртебелі патшасы  Анум мен ел тағдырын шешуші көк  пен жердің әміршісі!... бүкіл адамзатты билеуді маған беріп, елге әділеттілікті орнату үшін, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлді әлсізге қысым жасамау үшін және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игілігіне халық мені шақырды, жерде әділдік пен тәртіп орнату үшін мені Шаман құдай жіберді, менің бұйрықтарым мен заңдарымды ешкімнің де өзгертуге құқы жоқ» деп айтылады.

    Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы  патшасы (б.з.д. 1792-1750 жж.). Бұл уақыт  Вавилонның бүкіл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы жайлы бағалы және жан-жақты мәліметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биік базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәңірісі Шаман құдай және оның алдында ілтипатты тұрған әйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөліктерінде заңдар сыналап ойып жазылған.

    Әділдіктің  қорғаушысы ретінде баяндалған бұл  заң еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті қызғыштай қорғайды.

    Ежелгі  парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрініс тапты және дамытылды. Діни-этикалық бұл ағымның негізін қалаушы б.з.д. VIII ғасырда өмір сүрген Заратустра болып саналады. Кейбір тарихшылар оның туып өскен жері Сыр бойы деп есептейді. Қалй болған да ағым діни сипатта дамып, кейін едәуір территорияға ықпалын тигізді. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндістан, Греция, Орта Азия елдеріне кең тарады. Зороастризмнің негізгі қағидасы бір-біріне қарама-қарсы екі күш – жақсылық пен жамандықтың өзара күресі мазмұнында өрбиді. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдыреті көп көрсетіледі.

    Қайырымдылық  пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы  күресіне көмектеседі. Адамдардың өмірі мен тұрмысы да күрес нәтижесінде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билігінен кейін әрдайым жақсылық жеңіске жетіп отырады.

    Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып табылады. Мемлекет билеушісі – монарх – жердегі Орузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

    Қоғамның  әлеметтік құрылымы, зороастризм  бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді және беделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара сүйіспеншілік пен сыбайластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге шақырады.

    Платон  – антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер  тарихындағы ұлы ойшылдардың  бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.

    Платон  адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік  құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін  айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.

Платон  идеалды мемлекет құру туралы жобасында  аристократиялық мемлекеттік құрылымды  жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі  өмір сүре алмайды.

    Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып  табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.

    Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;

    Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.

    Ежелгі  Үндістандағы саяси ілім  үндіс  қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың  рухани   және әлеуметтік-саяси  өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.

    Брахманизм  идеяларының алғашқы көріністері  б.з.д. екі мыңыншы жылдықтағы «Веда» ескерткіштерінде кездеседі. «Веда» - «білім, кіріспе» (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген «дхармаға» - заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдік жағдайда көрсетіледі. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру, садақа алу ісін құдай брахманға міндеттеген.

    «Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады. Тіпті патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан «Веда» ілімін оқып үйренуге тиісті. Бұл заң бойынша патшаның басты міндеті варна жүйесін қорғау және оған қарсы келгендерді жазалау болып табылады.

    «Ману заңдары» бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек. «Ману заңдарының» 3-бабында «ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен өзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол өмірден айырылады» деп айтылады. «Ману заңдарында»  жазаға көп көңіл бөлінген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелігінің ұлы ретінде жаза (данда) оның жердегі бейнесі «таяқ» деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаза өзінің бұл ұғымында «басқару өнері» (данданиттер) деген мағына береді.

    Б.з.д. VI ғасырда Будда («данышпан» деген  ұғымды білдіреді) деген атпен белгілі  болған Сиддхартха Гаутама «ең бастысы  – адамның атағы мен шыққан тегі емес, адамгершілігі» деп үйретті. Буддистер үшін брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесі емес, қарапайым адамдардың бірі.

    Будда ілімін жақтаушылар дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретінде  көреді. Саналы мінез-құлық үшін танымның қажеттілігі, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмірінің мәні байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендігі дәріптеледі.

Информация о работе Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы