Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 09:26, реферат
Өскеменде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» сыйлығын алуға байланысты өткізілетін дәстүрлі конкурстардың жаңа шарттарын түсіндіруге арналған, сондай-ақ, техникалық реттеу және сапа менеджментін жетілдіру жолдары және бірыңғай экономикалық кеңістік аясында құрылып отырған Кеден одағының ел экономикасына тигізер әсері төңірегінде семинар болды.
Халықаралық стандарт әлемдік нарыққа шығарады
Өскеменде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» сыйлығын алуға байланысты өткізілетін дәстүрлі конкурстардың жаңа шарттарын түсіндіруге арналған, сондай-ақ, техникалық реттеу және сапа менеджментін жетілдіру жолдары және бірыңғай экономикалық кеңістік аясында құрылып отырған Кеден одағының ел экономикасына тигізер әсері төңірегінде семинар болды.
Қазақстанның нарығын жоғары сапалы, бәсекелесе алатын өніммен толтыруды мақсат ете отырып, түрлі мемлекеттік органдардың, өндірістік компаниялардың, қоғамдық ұйымдардың назарын осы мәселеге аудартуды көздеген өңірлік семинарға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғани Мұхамбетов, шағын және орта бизнес өкілдері, сала басқармаларының басшылары мен мамандары қатысты.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы жарты жылдықта республикалық маңыздағы 72 жаңа жоба бекітілсе, жыл аяғына дейін тағы да осыншама жоба бағдарламаға енбек. Индустриялдық-инновациялық дамуымызды жеделдететін жаңа технологияға негізделген бұл өндірістердің бәрінде де халықаралық стандарттар талаптары қатаң сақталуы тиіс. Мысалы, соғыстан соң жаппай индустрияландыру, қайта жарақтандыру шараларын жүргізген Германия өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына жоғары талаптар қоятын стандарттарды енгізу арқылы, сертификациялау талаптарын күшейте отырып ішкі, сыртқы нарықтағы өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырыпты. Халықаралық стандарттар барлық мемлекет үшін әлемдік нарыққа шығуға үлкен жағдай туғызып келеді. «Қазақстан стандарттау және сертификациялау институты» РМК ШҚ филиалының директоры Дина Тоғанасованың семинар жұмысы барысында айтқанындай, бүгінде отандық кәсіпорындардың 15 пайыздайы ғана өнім шығаруда мемлекеттік стандарттарды пайдаланып жүрген көрінеді. Сонымен қоса кәсіпорындардың қолданып отырған стандарттарының көпшілігінің ғылыми-техникалық деңгейі қолданыстағы мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар деңгейінен аса алмай отыр.
Семинарда Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ.Мұхамбетов алдыңғы қатарлы дамыған өзге елдердегідей биылдан бастап бізде де тауарларды мемлекеттік стандарттауға басты назар аударылып, үстіміздегі жылы олардың саны 500 болса, келер жылы 800-ден асатынын, осыған орай комитетте сапа мен техникалық реттеу талаптарын жетілдіруге байланысты 2010-2014 жылдарға арналған арнайы бағдарлама құрылып отырғанын жеткізді.
Қазақстанның кедендік одаққа кіріп, 1-шілдеден бастап кедендік одақтың біртұтас жүйесінің енгізілуі сертификация, стандарттау саласының жұмыстарына да едәуір өзгерістер әкелді. Семинарда осы жүйе бойынша жұмыс жүргізудің жаңа бағыттары мен Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары» конкурсы мен көрме-конкурсының өндіріс пен өнім сапасына қойып отырған жаңа талаптары мен шарттары, қазақстандық тауарлардың сапасын жақсартуға орай қолға алынып жатқан өзге де мәселелер қарастырылды.
Информация о работе Халықаралық стандарт әлемдік нарыққа шығарады