Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2011 в 21:31, курсовая работа

Описание

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------

І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері

1.Инфляция түсінігі, пайда болу себептері------------------------------------------
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------


ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері----

2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі

даму қарқынын талдау--------------------------------------------------------------------



ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары

3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ---------

3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары------------------------------

3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары-------------------------------------------------------------


Қорытынды--------------------------------------------------------------------


Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

Жоспар2.docx

— 69.06 Кб (Скачать документ)

    1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары 

    Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

        Баяу немесе жылжымалы инфляцияда  бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.

    Қарқынды  инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

    Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке         ( Кэган бойынша айына 50% ) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.

    Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

    Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын  нарықтық шаруашылық жағдайында пайда  болатын белгілі Италия экономисі  есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп  аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу  әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық  тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің  пікірінше, «Пигу әсері» экономикада  нақты болатын жағдайды емес, тек  теориялық болжамды білдіреді. /14, 106б./

    Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.

    «Сұраным  инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген. /2, 98б./

    Жоғарыда  келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным  сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.                

      Шығындар инфляциясы график түрінде  2 - суретте көрсетілген:  

    

    Айтылған  себептерге байланысты өндіріс шығындары  өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. /2, 99б./   Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.   
 

ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері 

2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері 

    Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы  Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан  өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан  іздестірген дұрыс болады.

    Қоғамдық  өндіріс  құрылымы қаржы  баға  жүйелерін  анықтайды. Өндірісте  диспропорциялар қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде де  сәйкессіздіктер  пайда болады.

      Қеңес экономикасының  70 – ші  жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық  өндірістегі  диспропорциялар  әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз   ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес  экономикасында  тарихи  түрде  қалыптасқан диспропорцияларды  бірнеше топқа бөліп анықтауға  болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция т.б.

    Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде  бағалардың инфляциялық  өсуін тұрақты  түрде қалыптастырып  келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10 -15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

    Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға  қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес  Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат  пен энергия  өндіруші базасы ретінде  дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс  құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін  алынған несие  көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік  шаруашылықпен  азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.

    Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталынып тұрды: ол 1991 ж.  бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы  республикалық бюджеттің тапшылығы  1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  және  осыған  байланысты  мемелкет  кірістерінің  құнсыздануынан туады. /8,45б./  

             
 
 

2.2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі

    инфляцияның даму қарқынын талдау 

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы берген  мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:

    Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі  агенттігінің ресми деректері бойынша  инфляцияның ең жоғарғы деңгейі  2008 жылдың  қаңтар-тамыз  айларында орын алды, яғни   19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда   белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық түлікке деген баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%.

    2009 жылдың қараша айында 2008 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%,  жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі –5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы – 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%,              жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады.

    2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%, нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім  және аяқ киім – 15, жеке гигиена тауарлары  0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын.

    Ақылы  қызмет  көрсетудің ішінде білім  беру  мекемелерінің   қызмет  көрсету құны – 0.9% -  ға, медицина  мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% ,  мәдени қызметтер - 0.8%,     тұрғын  үй – коммуналдық    қызмет           көрсету     және      жолаушылар көлігінің қызметі  0.3% - ға  қымбаттады.                            Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр.

       Сонымен 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі  талдау  көрінісінде (резервтік активтердің өзгеруіне байланысты  операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың  осындай көрсеткішінен екі еседен  астамға асып  түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан резиденттерінің шетелдік  кәсіпорындарға тікелей инвестициялварының да өсуі  тән болды. 2008 жылдың  1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік  тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі. /21, 2б./

    2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.

    2008 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға  төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне  сыртқы  борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика  кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.

    Тұтастай  алғанда, 2008 жылы тамызда шілде айына  қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты.

Информация о работе Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары