Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:47, реферат
Еліміз экономикалық саясатын шикізаттық экономикадан жоғары технологиялы инновациялық үлгіге қарай бұрып отыр. Осы орайда 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Инновациялық бағытқа өтудің өзі түбегейлі инновациялық саясатты қажет ететіні белгілі. Бұл тұрғыда алғашқы қадамның нәтижесі қандай? Отандық кәсіпорындардың жаңа технологияны игерудегі, жаңашылдыққа ұмтылудағы жұмысының баяу жүруіне не кедергі? «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Инновациялық саясат жөніндегі департаментінің директоры Ғалым Әміреевті осы сауалдар төңірегінде әңгімеге тартқан едік.
Ұлттық инновациялық саясат
2011 жылы технологияны коммерцияландыру бойынша 7 жоба жүзеге асырылды, 2012 жылы 22 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2010 жылы технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша құны 7,3 млрд. теңге болатын 105 өтініш, 2011 жылы - құны 1,6 млрд. теңге болатын 210 өтініш келіп түсті.
Қазақстанда 2009 жылы жалпы ішкі өнімдегі инновациялық өнімнің үлесі 0,51 пайызды, 2010 жылы - 0,66 пайызды құрады. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2009 жылы - 4 пайызды, 2010 жылы - 4,3 пайызды құрады. Ал өнеркәсіптердің технологиялық инновацияларға жұмсаған шығындары 2009 жылы - 31 млрд. теңгені, 2010 жылы - 219 млрд. теңгені құрады.
2009 жылы «NIF$50K» инновациялық
бизнес-жоспарлардың
Экономика · 0 рет қаралған
Еліміз экономикалық саясатын шикізаттық
экономикадан жоғары технологиялы инновациялық
үлгіге қарай бұрып отыр. Осы орайда 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік
үдемелі индустриялды-инновациялық даму
бағдарламасы жүзеге асырылуда. Инновациялық
бағытқа өтудің өзі түбегейлі инновациялық
саясатты қажет ететіні белгілі. Бұл тұрғыда
алғашқы қадамның нәтижесі қандай? Отандық
кәсіпорындардың жаңа технологияны игерудегі,
жаңашылдыққа ұмтылудағы жұмысының баяу
жүруіне не кедергі? «Самұрық-Қазына»
ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Инновациялық
саясат жөніндегі департаментінің директоры
Ғалым Әміреевті осы сауалдар төңірегінде
әңгімеге тартқан едік.
– Ғалым Махмұтбайұлы, Инновациялық саясат
департаментінің құрылғанына екі жылдай
уақыт өтті. Әңгімемізді осыдан бастасақ…
– Жалпы, біздің негізгі бағытымыздың
өзі отандық ғылым мен өндірістің арасындағы
байланысты орнату. Қазіргі инновациялық
саясаттың өзі отандық өндірістен осыны
талап етіп отыр. Ең бірінші адами ресурстардың
ғылыми-техникалық әлеуетін ғылым дамуының
басым бағыттарына жұмылдыруды тездету,
яғни ғылымның нәтижелерін қазіргі өндірістерде
тиімді пайдалану. Алдағы уақытта шетелдің
технологиясына тәуелді болмай, өз өндірісімізді
жүйелі дамыта отырып, жаңа технологияларға
қол жеткізуіміз қажет. Әлемде озық тәжірибелер
бар. Мәселен, Оңтүстік Корея, Финляндия
мен Норвегия қысқа мерзім ішінде инновациялық
саясаттың үлкен нәтижесіне қол жеткізіп
отырған мемлекеттер. Біз бұл елдердің
озық тәжірибелеріне ден қойып отырмыз.
– Сонда, қазіргі күні инновациялық жүйеге
көшу талабы барлық компанияларға бірдей
қойылып отыр ма?
– Бүгінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
қорының» құрамына кіретін ірілі-ұсақты
361 еншілес және 200-ден астам үлестес компаниялар
бар. Бұларда 350 мыңға жуық адам қызмет
етеді. Оның ішінде 28-і ірі кәсіпорынға
жатады. Сөз жоқ, біз инновациялық жобаларды
бірден барлық кәсіпорыннан талап ете
алмаймыз. Себебі, олардың ішінде жаңа
жобалары қаржылық қуатына әлі шығып үлгермегендері
бар. Дегенмен, бүгінде 90 пайыз отандық
өндіріс пен кәсіпкерлікті және қызмет
көрсетуді қамтып отырған 8 кәсіпорын
бар. Дәл қазір осы 8 компаниямен тікелей
жұмыс істеп жатырмыз. Олар – «Қазақстан
темір жолы», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөндіріс»,
«Қазақтелеком», «Самұрық-Энегро», «Қазпошта»,
«Кегок», «Қазақстан инжиниринг» компаниялары.
Инновациялық саясат талаптарына орай,
аталған кәсіпорындармен 10 түрлі көрсеткіштер
бойынша келісімшарттар жасалды. Ең біріншіден
жаңашыл жобаны іске асыратын қаржы болуы
тиіс, сондай-ақ қазақстандық мазмұнға,
яғни, өз тауарларымызды, өнімдерімізді
сатып алуға баса көңіл бөлінеді. Одан
бөлек, тікелей инновациялық жобаларға
және ғылыми зерттеулерге жұмсалған қаражат
мөлшері ескеріледі. Сондай-ақ, ең басты
талаптың бірі өндіріс орындарында энергияны
үнемдеу. Өз кезегінде кәсіпорындардың
жұмысын да осы көрсеткіштердің деңгейіне
орай рейтингісін бағалай аламыз. Биылғы
жылдан бастап, жоғарыдағы 8 компания жылдық
шығысының 1 пайызын инновацияға жұмсауы
тиіс болып бекітілді.
– Ол, 1 пайыз дегеніміз қанша қаржы мөлшерін
құрамақ?
– Оның өзі аз қаражат емес. Мысалы, орта
есеппен алсақ, 1 пайыз кемінде 90 млрд.
теңгенің көлеміндегі қаржы болады деп
күтілуде. Әрине, барлық компанияның қаржылық
қуаты тең емес. Елімізде ең көп табыс
табатын кәсіпорындардың өзі өндіріс
бағытында және қызмет көрсету бағытында
болып екіге бөлінетіні белгілі. Биылғы
жылдың соңына дейін осы 8 компаниямен
жұмыс істейміз. Басқа кәсіпорындар «бастапқы
стартта» тұрғандар болып саналады. Олар
толыққанды жұмысқа шыққан кезде барып,
біртіндеп осы талаптарға көшетін болады.
Мәселен, келесі жылға қарай «Таукен-Самұрық»,
«Біріккен химия кәсіпорындары» т.б. компаниялар
тізімді толықтыруы мүмкін.
– Инновациялық саясатты жүзеге асыруда
заң шеңберінде кедергілер бар ма?
– Заң жағынан ешқандай кедергі жоқ деп
айтуға болады, Тек, бір мәселе осы компаниялардың
басшыларына келіп тіреледі. Әрине, инновация
дегеннің өзі үлкен тәуекелді, қосымша
шығынды қажет ететін дүние. Осыған байланысты
инновацияға үрке қарау, одан тартыну
жиі кездеседі. Компания басшылары кәсіпорынның
жылдық табысының деңгейі белгілі бір
көрсеткіштен түспеуін ғана көздейді.
Яғни, сол көрсеткішті ұстап тұру үшін
өндірістік қуатты арттырады, не болмаса
қызметкерлердің санын қысқартады. Ал,
жаңа технология енгізу, инновациялық
жүйе енгізуге қосымша шығын жұмсағысы
келмейді. Осы көзқарас жетіспейді. Әр
компанияның ішінде инновациямен айналысатын
құрылымдар, департаменттер бар. Олар
не жұмыс істеп жатыр? Солардың жұмыстарын
жетілдіріп, өз іштерінде мониторинг жүргізіп
отыруы керек.
Осы уақытқа дейін мынандай жағдайлар
да тіркелді. Мысалы, кәсіпорын бір жылға
мынадай жобаларды орындаймыз деп шарт
жасаса да, жыл аяғында толық орындамай,
жоспарда көрсетілген жобаның жартысын
келесі жылға қалдыру жайттары орын алды.
Енді ондай әрекеттерге жол берілмейтін
болады.
– Сіздердің тараптарыңыздан соңғы екі-үш
жыл бойы инновациялық байқаулар өткізіліп
келді. Алдағы уақытта инноваторларды
қолдау қалай болады?
– Жалпы, байқаудың басты мақсаты да жаңашылдықты
енгізу. Жеңімпаздардың идеясы отандық
өндірісте, кәсіпкерлік саласында тәжірибеге
енбек. Осы уақытқа дейін байқауға жаппай
қатысқандардың ұсыныстары түгелдей нарық
қажеттілігіне келе бермейді. Сондықтан,
арнайы ережелер бекіту арқылы елімізге
нақты керегін іріктеп алуға шешім шығардық.
Биыл іріктеу өзгеше болады. Енді инновациялық
жобаларға қаржылық институттары қатысады.
Бұдан былай, «Технологиялық даму жөніндегі
ұлттық агенттігі» осы инновациялық жобалардың
конкурсын өткізіп, өздері қаржыландыратын
болады. Әбден дайын, тәжірибеден өтіп,
мақұлданған жобаларды іріктеп әкеліп,
бізге көрсететін болады. Одан кейін оны
іске қосу, өндіріске енгізу мәселесі
оңай болады деп ойлаймын. Айта кетейін,
бүгінгі күнге дейін «Қазақтелеком» кәсіпорны
екі жобаны таңдап алып, ары қарай дамытып
әкетті. Ол – Қазақ-Британ техникалық
университетінің студенттері ұсынған
жоба болатын. Қазірде ол «Қазақтелеком»
қызметінің жаңа, әрі тиімді түрі ретінде
іске асырылып жатыр.
– Бүгінгі күні еліміздегі инноваторлар
кімдер? Қандай жаңашыл жобалар қай саладан
көбірек түсіп жатқанын айта аласыз ба?
– Біздің байқауға қатысатындардың дені
жастар. Дәл қазіргі инноваторлардың жас
мөлшері 30 жастың айналасында. Олардың
дені ғылыми орталықтарда, әртүрлі өндірістер
мен инженерлік салада жұмыс істейтіндер
және ішінара студенттер де кездеседі.
Дегенмен, бұл байқаулар жастардың жаңашылдыққа,
жаңа технологияға деген қызығушылығын
оята бастағанын байқау қиын емес.
– Жастар демекші, еліміздің жоғарғы оқу
орындарымен байланыс деңгейі қалай? Жалпы,
елімізде баламалы энергия көздерін дамыту
ісі туралы жиі айтылуда. Сондай-ақ, Астанада
өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің өзі
осы бағытты жедел дамытуды көздеп отырғаны
белгілі. Бұл тұрғыда көрме барысында
елімізге келетін жаңа технологияларды
игеріп, ары қарай жұмыс істету мәселесі
де туындайтын секілді…
– Әрине, оқу орындарының студенттерінің
қолынан шыққан жаңа жобалар, жаңаша идеяларды
жіті қадағалап отырамыз. Алайда, студенттердің
жаппай инновациямен айналысуына мүмкіндік
жоғы рас. Біздегі оқу орындарының базасы
ол жағынан әлсіз, тек теориялық тұрғыдан
білім беріледі. Баламалы энергия көздерін
дамытуда нақты өндірістік тәжірибелік
жұмыстар жоқтың қасы. Себебі, мұндай өндіріс
бұрын-соңды бізде болмаған. Осыдан келіп,
маман дайындауда түрлі қиындықтар бары
жасырын емес. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында
шетелдің қаншама жаңа технологиясы, жаңа
өндіріс көздері келеді. Оны қабылдап
алуға, сол жобамен жұмыс істеп кетуге
дайын болатын мамандар дайындап үлгеруіміз
қажет. Оны айтасыз, бізде бұл салада ғалымдардың
саны да аз. Мәселен, «Қазатомөнеркәсіп»
кәсіпорны күн көзінен қуат алатын панельдер
шығарып жатыр. Ал, олардың өзі маман жинауға
бір жыл жұмсадық дегенді айтып отыр. Осының
өзінен-ақ біраз жайды аңғаруға болатын
секілді. Бұл салада Ресейдің компаниялары
бізден жылдамырақ қимылдап, нарықты жаулап
ала ма деген қауіп бар. Себебі, қазірдің
өзінде олардың тарапынан қызығушылық
жоғары. Инновацияның басты мақсатының
өзі нарыққа жаңа өнім шығару және шығынсыз,
тиімді өндіріс қалыптастыру. Сондықтан,
дәл қазір ең бастысы адамдарға инновацияның
қажет екенін, өз кәсібін, өндірісін тиімді
жұмыс істету үшін инновацияға күш салып,
артық қаржы жұмсау қажеттігін үйреткен
жөн.