Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 17:34, реферат
Инновациялық өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Мына бұйымдарды қамтиды:
жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік инновация;
жетілдірілген бұйымдар;
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ білім
және ғылым Министрлігі
Қазақ
гуманитарлық заң
университеті
«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғары мектебі
«Экономика
және менеджмент» кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы:
Инновациялық өнім
Орындаған: Джакупова Д. КЭ – 301
Астана
2012 жыл
Инновациялық өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Мына бұйымдарды қамтиды:
Инновациялық өнім көлеміне есепті кезеңде әр түрлі технологиялық инновациялар негізінде өндірілген өнімдер кіреді.
Инновация түрі | Инновациялық мақсаттар |
Өнім-инновация |
Аман қалуды
қамтамасыз ету; Нарық үлесін көбейту; |
Ғылыми-техникалық өнімге сұранысты талдау ҒЗТКЖ-мен (Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік конструкторлық жұмыстар) айналысатын ұйым қызметінің маңызды бағытының бірі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ғылыми-техникалық өнімге деген сұраныстың орны ерекше болады. Осыған байланысты, жаңалыққа сұраныстың талдау бағытын былайша атап көрсетуге болады:
Ø жаңа қызметке немесе дамыту жаңалығына тұтынуды талдау;
Ø әр түрлі факторларға әсер ететін және қызметтермен байланысты жаңалықтың
сұранысын талдау;
Ø сұраныстың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін талдау;
Ø өтімділіктің ең жоғары деңгейдегі мүмкіндігін анықтау мен ғылыми-техникалық өнімнің өтімділік жоспарын негіздеу. Жаңалықтарды дамытудың ерекшеліктері мен олардың түрлерінің айырмашылығы көбіне әрбір нақты жағдайдағы сұраныстың талдау спецификасын анықтайды. Алғашқыда сұранысты меңгеру үшін қажетті өнім қандай жаңалыққа немесе жетістікке жататынын анықтау керек. Оны екі тәсілмен қалыптастыруға болады:
1. Өнімнің өміршеңдік
циклының ұзақтылығы туралы
нарықтағы өтімділігі немесе ұсынысы.
2. Инновациялық
өнім өндіретін кәсіпорын
параметрлеріне
салыстырмалы талдау жүргізу.
Кесте 1 - Инновациялық
өнімнің жетістігін анықтау тәсілдері
Инновациялық өнімнің жетістігін анықтау тәсілдері | |
Өнімнің
өміршеңдік циклының
ұзақтылығы туралы мәліметі негізінде және нарықтағы өтімділігі немесе ұсынысы. |
Инновациялық
өнім өндіретін кәсіпорын бұрын
өндірілген және жаңа өнімнің параметрлеріне салыстырмалы талтау жүргізу. |
Инновациялық өнім өндіретін кәсіпорын бұрын өндірілген және жаңа өнімнің параметрлеріне салыстырмалы талтау жүргізу.
Инновациялық өнімді өндіруші кәсіпорын салыстырмалы талдау жүргізгенде
қажетті болады:
Осындай нәтижелерге байланысты жаңа өнімге талдауды үш топқа топтастыруға болады:
бірінші топ, бұрын болмаған өнімдер;
екінші топ, бұрын өндірілген, бірақ та материалдар немесе конструктивті шешімдері бойынша айрықша өзгеріске ұшыраған өнімдер;
үшінші
топ, жаңа
өнім түрлері.
Инновациялық өнім формалары бойынша әр түрлі болады. Оның шынайы-заттық формасы болуы да болмауы да мүмкін (ноу-хау, патенттер, лицензиялар). Сонымен қатар, бағыттары бойынша (өндіріс мақсаттары үшін), өнім түрлері және т.б. ерекшеліктерге байланысты айырмашылықтарға ие.
Кәсіпорында сұранысты басқару үшін жаңа өнім өндірушіге сұраныстың сипаты мен көлеміне әсер ету факторларын, яғни сұраныс детерминанттарын білу қажет. Жаңалықтың сұранысына әсер ететін детерминанттар тұтынушыларға дәстүрлі ұсынатын өнімнің сұраныс факторларынан ерекшеленеді. Жаңа өнімге сұраныстың барлық факторларын объект қызметін талдауға қатысты ішкі және сыртқы ортаның қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты сыртқы деп бөлуге болады.
Осыған байланысты, өндірушінің өндірістік-сауда стратегиясының жиынтығын сипаттайтын маңызды ішкі факторларды қарастырсақ, олар:
1)Салалық стандарттарға сәйкестілік.
2)Сәндік беталысқа сәйкестілік.
3)Жаңа өнімнің жоғары сапалы болуы.
4)Жаңа өнімнің сервистік қызмет көрсетуі мен кепілмен қамтамасыз етулі.
5)Ғылыми зерттеулерге шығындардың көлемі.
6)Жаңа өнімді дайындаушы кәсіпорынның технологиялық деңгейі.
7)Меңгеру жылдамдығы.
8)Саланың трансұлттық деңгейі.
9)Баға.
10) Нарық сегменті.
11) Коммуникация.
12) Жарнама шығындары.
13) Кадрларды кәсіби дайындаудың деңгейі.
Сұраныс детерминанттарның сыртқы факторларының маңызды бөлігі жаңа ғылыми-техникалық өнімді дамытушы немесе өндіруші кәсіпорынның сыртқы ортасын сипаттайды, яғни:
1) Мемлекеттің жалпы экономикалық жағдайы.
2) Саяси жағдай.
3) Құқықтық база.
4) Экологиялық жағдай.
5) Технологиялық прогресс.
6) Нарықтағы жаңа және ескі өнімнің арақатынасы.
7) Тұтынушының жұмыс нәтижелігін көтеру.
8) Жарнаманың қызмет етуі.
9) Тұтынушылардың табысы.
10) Өзара алмасу.
Жаңалыққа сұраныс түрлерін талдауды топтау үшін мақсат пен тапсырмаларға байланысты әр түрлі негіз бойынша құрылады.
Егер де кәсіпорынның кеңінен сұрыпталған өнімді бағыт бойынша шығарса, онда оның құрылымында өндірістік және өндірістік емес бағыттағы жаңа өнімді қарастыру қажет. Өйткені, бұл топтарға деген сұраныстың кейбір ерекшеліктері болады. Осыған байланысты, топтарды сұраныс шеңберінде бөлуге болады, яғни:
- қалыптасу формасы бойынша;
- өзгеру бағыты бойынша;
- қанағаттандыру деңгейі бойынша.
Жаңа өнімге сұранысты талдау үшін оның қалыптасу формасы бойынша
әртараптандырылуы өте маңызды болып, өнімнің өміршеңдік циклының кезеңін көрсетеді.
Жалпы инновацияға сұранысты анықтау мен талдаудың маңызды факторларын келесі тұжырымдарды ұсына отырып, қорытындылауға болады.
1. Кәсіпорын инновациялық өнімнің өміршеңдік циклының ұзақтылығы туралы мәліметті және оның нарықтағы өтімділігін толық білу керек.
2. Инновациялық өнім өндіретін кәсіпорын бұрын өндірілген және жаңа өнімнің параметрлеріне салыстырмалы талдау жүргізуді сауатты түрде жүзеге асыруы тиіс.