Институт институционалдық талдаудың негізгі элементі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:41, реферат

Описание

Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық тұрғыдан сынау
Экономикалық ойлардың негізгі ағымында – mainstream негізінде жатқан теоретикалық алғышарттарды қарастырайық. Мainstream – ол ғылыми ағымның сипаттамасы ғана емес. Мainstream – ғылым теориясы және тарихи категориясы. Оның дамуындағы анықталған этапты сипаттайды.

Содержание

1)Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық тұрғыдан сынау
2) Институт және ұйым: айырмашылық белгілері
3) Ұйымдардың құрылу мақсаттары

Работа состоит из  1 файл

ИНСТИТ 2СРС.docx

— 20.59 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

 

 

 

 

    СӨЖ 

     Тақырыбы: Институт институционалдық талдаудың негізгі элементі ретінде

         

                                                  

                                                 Орындаған: Турсынханова С.

                                                            Кафедра: Есеп жәнe есеп

                                       Тексерген: Табеев Т.

 

 

 

                    

                             Алматы 2013 ж

 

 

  Жоспары: 

 

 1)Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық

   тұрғыдан сынау

2) Институт және ұйым:  айырмашылық белгілері

3) Ұйымдардың құрылу мақсаттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық тұрғыдан сынау

 Экономикалық ойлардың негізгі ағымында – mainstream  негізінде жатқан теоретикалық алғышарттарды қарастырайық. Мainstream – ол ғылыми ағымның сипаттамасы ғана емес. Мainstream – ғылым теориясы және тарихи категориясы. Оның дамуындағы анықталған этапты сипаттайды.

1– ден ғылымда  біртұтас метатіл  жүйесі қарастырылады.  Өз немесе басқа  тілде сөйлесетін  ұлттық тіл болады. Сонымен қатар  метатіл – анықталған  мамандық бойынша  ғалымдарға ғана  түсінікті, категориялық  тілдің бірнеше  жүйесі. Қарапайым  адамға және экономистке  «рынок» түсінігі  әртүрлі. Қарапайым  адамға «рынок»  - бұл магазин емес; ал магазин –  жеке түсінік,  ал рынок –  басқаша. Экономистерге  «рынок» - бұл оқшауланған  жеке тұлғалардың  (индивид) өзара  қарым-қатынас жүйесі.

2– ден ғылымда  маманданған еңбек  бөлінісі туындайды.  Кез келген ғылымда  барлық ғалымдармен  қабылданған деректер  сияқты ғылыми  ядро – алғышарттар  жинағы және жұмыс  істейтін жеке  секторлар бар.

3– ден ғылымда  кәсіптік білім  бар. Оның мақсаты  – барлық ғалымдармен  қалыптасқан деректер  сияқты көрсеткіштерді  біріктіру. Ол  үнемі оқулықтарда  өндіріліп отырады. 

Жалпы тепе-теңдіктің  стандартты жаңа классикалық  моделі өткен ғасырдың соңында Леон Вальраспен жүргізілді. Оның мәні келесідей.

Вальрас үшін нарықтағы  барлық товарлар бірдей, яғни сапалы бөлінбейді. Барлық адамдар өзінің артықшылығын(предпочтения) анықтайды және бір  уақытта ақшамен  және тауармен айырбас  жасайды. Жеке тұлғалар тауар, айырбас т.б. жөнінде толық  ақпаратпен қамтылып отырады. Толық ақпарат  оларға сенімділік береді. Баға ресурстарды  таратудың негізгі  құралы болып табылады.

Жалпы тепе-теңдік жаңа классикалық  моделінің мінез-құлықтық алғы шарттары.

а) рационалдылық (оңтайлылық, ұтымдылық). Адамдардың экономикалық қылықтары  оңтайлы болып  келеді. Басқаша айтқанда, адамдар өз мақсаттарын  мұқият анықтап, саралайды.

б) индивидуализм. Жеке тұлға әрқашанда  біреудің емес өзінің тиімділігін қарастырады. Ойын теориясында  бұл модель «қарапайым рационалды кооперативті емес қылық» деп аталады. Адамдар кооперативті емес, олар қоғам  игілігіне немесе бір-біріне қамқорлық  жасауға тырыспайды.

в) оптимизация (оңтайландыру) жеке тұлға өзінің тұтынушылығын қанағаттандыру мақсатымен ресурс шектеулілігіне байланысты дұрыс  шешім таңдайды. (яғни қай ресурсты бірінші  тұтынуды таңдауға қабілетті)

г) артықшылық орнықтылығы (устойчивость предпочтений). Әрбір  жке тұлғада орнықты  критерийлі (өлшемі) бар, яғни ол нарыққа  шығар алдында  әр кез ауыстырмайды. Бұл микроэкономикалық  талдаудың маңызды  алғышарты. Артықшылық тұрақтылығы нарықтағы  мәміленің көптілігі  – қайталама мәмілелер.

д) бәсекелік  мінез-құлық. Ресурс үшін жеке адамдар  күресі – бұл бәсеке. Бәсеке нарықта бақыланады.

е) товардың  2 өлшемі. Жаңаклассиктердің  ойынша товарда 2 өлшем  бар – баға және саны. Мыс: стол. Оның өзіндік бағасы бар, және олардың саны. Жаңаклассиктер, бір  столда жәшік бар, ал басқасында жоқ, біреуі қызыл ағаштан, біреуі пластиктен жасалғанын есептемейді. Осыдан кейін жаңаклассиктерге нарықтағы бағаны бекітуге мүмкіндік  берді. Яғни әр уақытта  нарықтағы  сол  немесе басқа товарға  тепе-теңдік баға қойылады және ол сол товарды  сатып алу керек  пе немесе қашан нарыққа  сол товардың басқа  өндірушілері келетінін  күту керектігін көрсетеді. Нарықта қатысушылар  қанша, олар өзінің товарын  қандай бағамен сатады т.б. барлық ақпараттар нарық қатысушыларына жеткізіліп отырады. Бұл жетілген нарық.

ж) толық ақпаратты  болжау. Онда жеке тұлға  жақсы нұсқалған  алғышарттар қатынасы бойынша қайталанатын үйренген таңдау жағдайларымен  кездесіп отырады. Нарықтық қатынаста толық  ақпарат автоматты  түрде болып жатады. Қарапайым 2 түрде: мәміле бар немесе жоқ.

 

                                   Институт және ұйым:  айырмашылық белгілері

 Институттардың  тұрақтылығын түсіну үшін ұйымдар мен институттардың арасындағы ерекшеліктерін ажырату қажет.

Институттар деп адамдар  арасындағы формальды және формальды  емес өзара қатынастар тәртібі, ал –  ұйымдар адамдардың кез келген формальды  және формальды емес бірлестігі: коммерциялық фирмалар, саяси партиялар, діни топтар, спорт командалары т.б. Ұйымдар  институттардың шеңберінде пайда болады. Мыс: біздің елде 1990 ж. жеке меншікке және жеке кәсіпкерлік қызметке заңдар қабылданғаннан  бастап жеке компаниялар пайда бола бастады. Осыған дейін заңды түрде  жеке компаниялар болған жоқ. Мемлекеттік  кәсіпорындар базасынадағы жеке кәсіпкерлікпен айналысқан адамдар совет заңдарын бұзумен болды. Сонымен қатар 1990ж. саяси мақсаттарға арналған ұйымдардың пайда болуына әкелген саяси  партияларға жол берілді. СССР кезінде  мемлекеттік кәсіпорындар советтік шаруашылық заңдылық негізінде, сонымен  қатар шаруашылық қызметтердің формальды  емес принциптері есебімен қызмет атқару негізінде құрылды.

 Дихотомия:  институттар және ұйымдар

Экономикалық зерттеуде  институт және ұйым синонимдер ретінде  пайдаланылады. Бұл дихотомия делінген (біртұтасты екі бөлікке бөлу).

Уильямсонның ойынша, институттар  контрактық қатынастарды басқарудың механизмі  ретінде қарастырылады.

Экономикалық феномен  ретінде ұйым түсінігі алғаш рет  Альфред Маршаллдың өзінің теоретикалық концепциясын құруда пайдаланылды.

 

                                             

 

                                     Ұйымдардың құрылу мақсаттары

      Ұйымдар қандай мақсаттармен құрылды?  Нақты құрылған ұйымдар өзінің алдына әртүрлі міндеттер қояды. Коммерциялық компаниялар үшін бұл өнім шығару және оны сатудан табыс алу. Саяси партиялар үшін – таңдауда сайлаушылардан дауыстар алу және т.б. Қоғамдық түрде кез келген ұйымның мақсаты - ережелер шеңберінде (институттар) пайдалылықты максимизациялау.

Ұйым мүшелерінің мүдделері  сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы: фирма  иесінің қызметі пайданы көбейту  мақсатымен көрінеді, ал қатардағы  қызметкер аз мөлшерде еңбек етіп көп мөлшерде еңбекақы алуы мүмкін. Адамдар институттар қызметі  ашып берген мүмкіндікті пайдаланып пайдалылықты максимизациялауда ұйымдар  құрады. Осыған байланысты институттар  – бұл сыртқы шектеулер және әлеуметтік сипаттағы кез келген адамзат  іс - әрекетінің алғышарттары.  Егер Д.Норттың мысалын алатын болсақ, мыс: институтты футбол ойынының ережесімен салыстырайық , ал –ұйым футбол комадасы, бұдан біздің көретініміз, ойыншылар  футбол тәртібінің негізінде ғана командаға  біріге алады. Бұдан түсінетініміз  ұйымдар және институттар орнықты  бірлікті құрайды.

Институттар шеңберінде өз мақсаттарын көздей отырып ұйымдар  институтты қолдайды және оның орнықтылығын қалыптастырады. Осыған байланысты институционалды  теория екі көрсеткішті белгілейді.

1-ден институт уақыт  бойынша өмір сүрген сайын,  соғұрлым институт ұйыммен күштірек  қалыптасады. Бұны институционалистер   L e a r n i n g   by   d o i n g   немесе  іс-әрекет процесіндегі оқу деп  атайды. Яғни адамдар анықталған  институционалды шеңберде әрекеттенген  сайын, соғұрлым осы әрекетке  қажетті білім және тәжірибе  қалыптастырады. Институтқа бейімделе  келе адамдар оны сақтауға  тырысады. Сонымен қатар адамдар  мүмкіндікті пайдаланады және  институттардың әлеуметтік тиімділігі  де жоғарлайды.  Қазіргі экономикалық  теориядағы әлеуметтік-экономикалық  процесте білімнің ролі ерекше. Бұл жерде білім қысқаша екі  формада көрінеді: ашық (явное)-передаваемое) және ашық емес. Ашық деп білім  және өзіндік оқу формальды  каналдар арқылы бір адамнан  екінші адамға өтетін теоретикалық  және практикалық іс әрекетте  пайдаланатын ақпараттар жиынтығын  айтамыз. Ашық емес-бұл басқа  адамдардың жанама түрдегі қарым-қатынас  жолымен немесе жеке тәжірибе  негізінде қалыптасатын ақпараттар  жиынтығы.

2-ден Институт уақыт  бойынша өмір сүрген сайын  басқа институттар туындайды.  Осыған байланысты сол институттардың  айналасында әлеуметтік тиімділігі  артады және оны қолдайды, нормалар, тәртіптер және дәстүрлер қалыптасады.                 

Шаруашылық спецификалықтың  және ерекшеліктің қажеттілігі (фирмалар немесе экономикалық ұйымдар) Рональдо Коузбен дәлелденді.

Кез келген экономикалық ұйымның  келесідей белгілері бар:

1. Жеке емес, жалпы мақсат

2. Ресурстарды алу және  оларды қорғаудың анықталған  тәсілі

3. Ресми  бекітілген  тәртіп нормалары және формалар  жүйесінің сақталуын бақылау

4. Орнықты  жасалған статустар  құрылымы (иерархия, үнемі формальды  жетекшілік)

5. Өз  мүшелері арасындағы  спецификалық  еңбек  бөлінісі

6. Ұйым  ісіне қатысқаны  немесе (қатыспағаны)  үшін сыйлық және  жазалау саны           

Ұйым  - бұл спецификалық мақсаттарға жетуге арналып құрылған, жеке емес байланыстар негізінде қызмет атқаратын адамдардың үлкен ассоциациясы.  

 

 

 

 Пайдаланылған  әдебиеттер:

1)Институциональная экономика:новая институциональная 
экономическая теория: Учебник / Под общ. Ред. А.А.Аузана. - М: ИНФРА- 
М, 2005. - 416 с. 

2)Олейник А. Институциональная экономика. Учебно-методическое 
пособие./УВопросы экономики. - 1999. - №№ 1-12.

3)google.kz

 

 

 

 


Информация о работе Институт институционалдық талдаудың негізгі элементі ретінде