Инвестиция - экономикалық өсудiң факторы ретiнде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2012 в 12:16, практическая работа

Описание

Презентация. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

ИНВЕСТИЦИЯ-+ЭКОНОМИКАЛЫҚ++ӨСУДІҢ+ФАКТОРЫ+РЕТІНДЕ.pptx

— 381.51 Кб (Скачать документ)

ИНВЕСТИЦИЯ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ 

Жасаған: Акежанова  Нурдана

Бедельбаева Асель

Жумжаев Ермек

Тексерген: Елшібаев Р.Қ.

Инвестициялар деп-өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына  және өндірістің басқа  да салаларындағы  шарушылық субъектісіне мүліктей, заттай, ақша қаражаты түрінде  салынып, шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын  айтады.

Сонымен қатар инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың  жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін  өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың  маңызды факторы болып саналады

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі  фактор байланысты болып келеді: 

  •   уақыт
 
  • тәуекелдік

Инвестиция  өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.

Нақтылық  инвестиция-шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық , өндірістік қорлардың,яғни активтердің (жер,жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық  инвестиция- акционерлік  қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып  табылады.

Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды.

2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.

Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

 Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет: 

   2.Бағдарламалау

   3.Бюджетті  дайындау

   4. Орындау

   1. Жоспарлау

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі.

Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: - бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; - инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер.

    Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі: 

    
    • мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
 
    
    • ішкі  несие қорлары  мен жеке заңды  тұлғалардың өзіндік  қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру  арқылы;
 
    
    • шетелдік  инвестициялар тарту  мен тиімді пайдалану  механизмі арқылы; 

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады: 

  • инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

- жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

- Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :

Нидерланды  – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ);

Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («ЛГ  ЕЛЕЦТРОНЫЦС»компаниясының ірі жобасы);

Түркия  – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);

Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);

Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).

Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік несие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА  РАХМЕТ!


Информация о работе Инвестиция - экономикалық өсудiң факторы ретiнде