Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:48, курсовая работа
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Кіріспе.....................................................................................................
1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі..............................................................................4
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні………4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы………………………………………………………...9
2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы....................................................................................................13
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі..........................................................................................................13
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы…………………………………………23
3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері........................................................27
Қорытынды.........................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................32
Қосымша..........................................................................................
Қолжазбаларға сын-пікірлер білдірілмейді және олар қайтарылмайды. Мақалаларға, суреттерге, басқа да материалдарға барлық құқықтарға ҚР СІМ АБК ие және олар заңмен қорғалады. Редакцияның алдын ала жазбаша рұқсатынсыз мақалаларды, суреттерді және басқа да материалдарды кез келген нысанда қолдануға тыйым салынады.
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы
Аймақтағы инвестициялық ағындар негізінен мұнайгаз секторына шоғырланған, бірақ сонымен бірге, бұл күндері экономиканың басқа да салаларында да инвестициялық қызмет жанданып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап аймақ аумағында бірқатар өңдеу секторлары объектілерінің құрылысы жүзеге асырылуда:
Құны 40 млн. АҚШ долларын құрайтын кеме жасау зауытының құрылысы салынуда. Тапсырысшысы - "Keppel Kazakhstan" ЖШС компаниясы. Өндірісте жұмыспен қамтылатын қызметкерлердің болжамдық саны - 708 адам. Шығарылатын өнімнің жалпы салмағы жылына 7 мың тонна болат құрылғысы.
“Ақтау-теңіз порты” АЭА аумағындағы инвесторлардың бірі "Миттал Стил Темиртау" компаниясы ("Испат-Кармет" ААҚ) болып табылады. Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес компания жалпы сметалық құны 32,8 млн. АҚШ долларын және өнімділігі жылына 60 мың тонна құбыр құрайтын "Мұнай түржиыны құбырын шығару жөніндегі зауыт" жобасын іске асыру үшін жаңа заңды тұлға "НефтеГазТруба" АҚ құрды.
2005 жылдың қараша айында жобалық қуаты жылына 400 мың метр құбыр, Ақтау шыны талшықты құбырлар зауытының құрылысы толықтай аяқталды. Жобаның құны 10,2 млн. АҚШ доллары.
"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК солтүстік бағытқа кеңейту" жобасын іске асыру жоспарлануда. "АХТСП" РМК кеңейтудің инвестициялық жобасын іске асыру шегінде құрғақ құю жүктерін өткізу бейімділігі өседі. Жүктерді көліктік өңдеу және оларды сақтау, кеме мен жолаушыларға қызмет көрсету бойынша қызметтің барлық түрлерін ұсыну, қызмет саласын кеңейтуде жоғары сапамен қамтамасыз ету теңіз портын дамытуда үлкен экономикалық күш береді.
Каспий теңізінің жағалық инфрақұрылымын дамыту және Қарақия ауданы Құрық селосында жаңа порт құрылысын салу мақсатында металл құрылғылары зауытының құрылысы ("Ер-Сай" ЖШС) жалғасуда, 2005 жылы – 48,4 млн. АҚШ долл. игерілді. Мұнай терминалы мен кеме жөндеу базасының ("Қазмұнайгаз"ҰК" АҚ), кемежасау зауытының ("ҚазТеңізКөлікФлот" ҰТКК" АҚ) құрылысын салу қаралған.
2009 жылдың қаңтар–наурызында облыс бойынша негізгі капиталға инвестиция 20 млрд. теңге, немесе 2008 жылдың тиісті кезеңіне 109,1% құрады. Статистика деректері бойынша 2009 жылдың қаңтар – наурызында облыс бойынша 390 объект іске қосылған, нақты құны 6,8 млрд. теңге немесе 2008 жылдың тиісті кезеңіне 161,1% құрады. 2009 жылдың қаңтар – наурызында аймақ бойынша жалпы алаңы 60,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғын құрылысына инвестиция 2,1 млрд. теңге, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 182,0% құрады.
Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2015 жылға дейінгі Стратегиясы шегінде, іске асырылуы 2004 жылдан бастап жүзеге асырылатын, жалпы сметалық құны 75,9 млрд. теңге құрайтын Аймақтық инвестициялық жобалар тізбесі жасақталды.
Мұнай түржиыны құбырларын шығару жөніндегі зауыт
Тапсырысшы: "Нефтегазтруба" компаниясы (" Миттал Стил Темиртау " ААҚ)
Жылына 60 мың тонна төмен және жоғары қысымға төзімді мұнай түржиыны құбырларын шығару. Жоба бойынша API, DIN,BBS, ASTM,AWWA, IS және басқа халықаралық стандарттарға сай келетін шиыр (спирал) жікті құбырлар шығару көзделген. Жұмыс барысында лазерлік бақылаудың қазіргі заманғы жүйесін пайдалана отырып, пісірудің ультрадыбысты және радиографиялық әдістері қолданылатын болады. Шиыр (спирал) жікті құбырлар шығару жөніндегі орнақ үшін негігі жабдықтар даярлау аяқталды. Зауыттың негізгі екі цехының біреуін металл құрылғыларына монтаждау жұмысы жүргізілуде. Құбыр цехын, құбыр өңдеу учаскесін металл құрылғыларына монтаждау жұмысы аяқталу сатысында тұр. Екі БТҚС (бақылау-трансформаторлық қосалқы станция) монтаждау және жинау жұмыстары аяқталды.
Теңіз металл құрылғыларын шығару жөніндегі зауыт
Тапсырысшы: "Keppel Kazakhstan" компаниясы
Бұл өндіріс ең алдымен мұнайгаз өндіру секторындағы, атап айтқанда Каспийдің теріскейіндегі Қашаған кенорнында кемежасау сервисін қамтамасыз етуге бағытталған. Шығарылатын өнімнің жалпы салмағы жылына 7000 тонна болат құрылғы.
Зауыт теңіздегі бұрғылау мұнарасын, платформалар мен танкерлер жасайтын, жөндейтін және оларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасында осы тектес алғашқы кәсіпорын болмақ.
Қазіргі уақытта жиақтау цехын болат пішінді материалмен сыртын қаптау арқылы қаңқасын монтаждау аяқталды. 2 баржыны монтаждау жөніндегі жұмыстар басталды. Түбін тереңдету жұмыстарын ағымдағы жылы сәуірдің соңында бастау жоспарлануда.
Тапсырысшы: "КазТехноИнжиниринг" ЖШС
Зауыттың жобалық қуаты – жылына 1 млн. заряд. Жобаның құны – 12 млн. АҚШ доллары. Өндіріс перфорациондық жүйе мен жарылыс заты өндірісінің мұнайгаз секторына арналған. Зауыттың құрылысы үшін Ақтау қаласы Маңғыстау кенті әкімінің шешімімен 3 жыл мерзіммен, уақытша пайдалануға алаңы 100 га жер учаскесі бөлінген. Топографиялық жұмыстары мен геологиялық зерттеу жұмыстары аяқталу үстінде.
Теңіз платформасының өндірісі
Тапсырысшы: "Ер-Сай Каспиан Контрактор" ЖШС
Жобаның сметалық құны – 86 млн. АҚШ доллары. Жобалық қуаты – жылына 18 мың тонна металл құрылғысын құрайды. Зауыт Каспий акваториясында бұрғылау барлау қондырғылары мен теңіз кемелері платформасының имараты үшін қажетті құрылғылар даярлайтын болады, бұл Каспий теңізінің қазақстан секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді. Қосалқы және тұрмыстық объектілер құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Негізгі өндірістік корпус құрылысы салынуда.
Металлургия зауыты
Тапсырысшы: "Каспиан Сталь" ЖШС
Аталған жобаның мақсаты арматура өндірісі, метиз өндірісі, бұрыштама прокаты, швеллері, двутавр бойынша болат дайындама және прокат цехын шығару жөніндегі болат балқыту өндірісін ұйымдастыру болып табылады.
Дайындама машинажасауда детал жасау үшін қолданылады және құрылыс үшін өнімдер, құрылыс арматурасын, бұрыштамалар, двутавр шығару кез келген бағыттағы құрылысқа пайдаланылады, метиздер машиажасау мен құрылыста пайдаланылады. Жобаның сметалық құны – 25 млн. АҚШ доллары. Жобалық қуаты – 250 мың тонна дайындама, 50 мың тонна арматура. Қазіргі уақытта прокат цехының жабдықтары жүктелген. Темір жол тұйығының құрылысына арналған жердегі жұмыстар жүргізілуде, құю цехы бойынша іргетасын құю жұмыстары жасалынуда.
Боранкұл газ өңдеу зауыты
Тапсырысшы: "Толқыннефтегаз" ЖШС
Жобаның сметалық құны – 130 млн. АҚШ доллары. Жобалық қуаты – тәулігіне 10 млн. текше метр газ. Жоба инвестордың өзіндік қаражаты және екінші деңгейлі банк несиесі есебінен қаржылануда. Қазіргі уақытта жабдықтар сатып алуға Техникалық регламенті мен Техникалық тапсырмаларына келісу жөніндегі жұмыстар аяқталу сатысында тұр. Вахталық қалашық құрылысы жалғасуда, сумен-газбен жабдықтау желілері жүргізілген, жол құрылысы жүргізілуде, жердегі жұмыстар (себу, жерді тегістеу және т.б.) жасалуда.
3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері
Ұзақ мерзімді перспективаға экономикалық саясаттың мақсаты – тиімді ұлттық экономика құру болып табылады.17,05,2003 жылдағы “ Қазақстан Республикасының 2003–2015ж ж арналған индустриалды - инновациялық даму стратегиясы туралы”ҚР президентінің жарлығы 3 кезеңмен жүргізілетін аталған саясатты жүзеге асыру механизмін қарастырады:
1.Кезең – 2003-2005 жж – дайындық іс сипатындағы ісшараларды жүзеге асырумен байланысты. Бұл кезеңде қажетті қосымша база қалыптасуы және қаржылық және инновациялық даму институттарының тиімді қызметі орын алуы тиіс.Үміт Стратегиясының бастапқы кезеңін жүзеге асыру алгаритімін анықтаған :
- экономика салаларының бәсеке қабілеттігін анықтау мақсатында оларға конюктуралық және маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- кадрларды дайындау мен қайта дайындау, және менеджерлердің жаңа формасын қалыптастыру;
- құрылған даму институттарының жүйелік жұмысын қамтамасыз ету;
- тиімді инновациялық инфрақұрылым құру және экономиканың базалық салалары аймағында ғылыми - өндірістік жүйені дамуыту.
2. Кезең – 2006–2010 жж – экономиканың барлық салаларында Стратегияның іс – шараларын белсенді жүзеге асыру кезеңі болады. Ол ғылым мен техника жетістіктері және халық аралық деңгейдегі мамандарды дайындау негізінде күштер құру мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік береді. Сондай – ақ, аталған салада негізінен ғылыми инновациялық инфроқұрылым қалыптастырылады және өнеркәсіптерді жаңарту және экономиканың құрылымын диверсфикациялауға бағытталған жобаларды жүзеге асыру басталады.
3. Кезең – 2011-2015 жж – ең өнімді кезең болады. Себебі бұл кезеңде енгізілген күштерді игеру және жаңа сфераларда қосылған құн тізбегінің дамуы орые алады: машина жасау, мұнай – химиясы, ақпараттық технологиялар және т.б. Экономика және экспорт салаларының құрылымы түбегейлі диверсикацияланады.
Тиімді мемлекеттік инвестициялық саясат мыналарды қарастыруы тиіс:
- инвестиция тартудың мақсаттарын нақты анықтау
- инвестиция нысанындағы шетел капиталы қандай мәселені шешуге және қандай көлемде қажет
- инвестицияны пайдаланудың тиімдігін арттыра отырып қажет салаларға шетел капиталын қалайша бағыттау керектігін анықтау
Шетел инвесторларының кеңесінің тоғызыншы отырысында (2003ж) басымдықты минералды шикізаттық бағыттылығы мен біз экономиканың ерекшелігін аталып өтті. Индустриялды – инновациялық даму стратегиясына сәйкес инвестициялық үддеріс бәсеке қабілеті өнім шығара алатын салаларды дамытуға бағытталуы тиіс.
Өз бағдарламасына сәйкес Д. Ахметов Үкіметі инвестициялық саясаты жетілдіру кезінде капитал салымы құрылымына ерекше көңіл бөлген.
Экономиканың нақты секторында1 басымдық – Каспий теңізінің секторын (КТКС) игерудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.
Каспий шельфінің көмірсутек шикізаттарының болжамдық запасы бүгінгі таңда шартты жанармай 15млрд тонна мөлшерінде анықталған, ал табиғи газ қоры бойынша ел әлемінде 15 – ші орында.
Бағдарлама үш кезеңді қамтиды. 2003 – 2005 жж Каспиді кешенді игеру үшін жағдайлар жасалады. 2 кезең 2006жылдан 2010ж аралығы жеделдетілген игеру кезеңі деп аталған. 3 кезеңде – 2015ж дейін көмірсутек шикізатын өндіру тұрақтандырылады және алдын ала бағалаулар бойынша ол күніне 3,15 млн баррельді құрайды.
ҚТҚС игерудегі инвестициялар болжамы мынадай: 1 кезеңде 5млрд $, екіншісінде 10млрд $ талап етіледі. Шельфке қажет барлық инвестициялар көлемі 2015 ж дейін 28 – 30млрд көлемінде бағалануда.
Көптеген блоктарда “ҚАЗМҰНАЙГАЗ” оператор болуы ықтимал. Олардың біріншісі Ресей компанияларымен бірге өндірілетін шельфті аумақта орналасқан. “Құрманғазы” болып табылады.Сосын ел экономикасының басымдығы алдағы уақытта “Қарашығанақта” игеру болып табылады. Ірі мұнай газ конденсатының қазіргі даму кезеңі инвестицияның үлкен көлемін – 4,5 млрд $, оның Қазақстанның қатысуы – 1,5 млрд $ сипатталады.
Қазіргі кезеңде инвестициялық саясатты жетілдіру бірінші кезекте өндірістік капиталды құру мен қолдану көрсетеді. Ол өзінің өндірістеріне икемділігі және тез үйренуіне байланысты инвестициялық ұжымдық нысандары үшін айтарлықтай тартымды болып табылады.
Қазақстанның мемлекеттік инвестициялық саясатының негізгі қағидаларына мыналар кіріктіріледі: селективтілік және таңдаушылық; экономикалық мақсаттылық және қауіпсіздік; жеке капиталдың өсуі мен инвестицияларды қаржыландыру көзінің көптігі; инвестициялық белсенділікке экономикалық және ұйымдастырушылық әсер ету тұтқаларын пайдалану.
Қазақстанда инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін басымдықтарды таңдау келесі қажеттіліктерде туындауы тиіс.
- басқа өндірістерді инвестициялау үшін валюталық қаражаттардың түсуін қамтамасыз ететін экспорттық әлеуетті арттыру;
- республиканың өмірлік қамсыздандыру жүйесін және әлеуметтік сфераны қалыптастыратын сфералады мемлекетті қолдау;
- ішкі және сыртқы нарықтарды үлкен сұранысқа ие бәсеке қабілеті өнімді шығаратын өндіріс пен салаларды инвестициялау
Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асырудың бақылау және бақылау функцияларының орындалуға уәкілетті республика деңгейінде орталық атқарушы орган – ҚР – ның Идустрия және Сауда Министрлігі инвестиция жөніндегі комитет болып табылады.
ҚР И және СМ инвестиция жөніндегі Комитеттің басымдылықтары:
- Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту
- Республика экономикасына шетелдік және отандық тікелей инвестицияларды тарту
- Шетелдік және отандық тікелей инвестициялық мемлекетті қорғау
- Инвестициялық жобаларды жүзеге асырғанда инвесторларға әсер ету
Мемлекеттік инвестициялық саясат сферасында олар келесі мәселелерді шешеді:
- өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес инвестициялық жобаларын дамытудың стратегиялық жоспарын жасау