Инвестиция және инвестициялық қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 20:52, реферат

Описание

Инвестицияның мәні, қызметі
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

Содержание

КІРІСПЕ
Инвестицияның мәні, қызметі
Кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары
Қ.Р-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

инвест реф.doc

— 100.00 Кб (Скачать документ)

    Шетел инвестицияларының жалпы республикалық  көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.

    Инвестициялық қызмет дегеніміз  – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

    Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.

    2002 жылы Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған  1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру  болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда  10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар  көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың  үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі  – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.

    Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.

    Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық  барлауға жұмсалған.

    Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.

    Көлік және байланыста негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа  (19.8%) келеді.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз  (1.3%).

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың  жалпы көлемінде үйлер мен  ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы  көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың  жалпы көлемінен үйлер мен  ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7%  құрады. 
 
 
 

Кәсіпорындардың инвестициялық

саясатын  жетілдіру жолдары  

    Стратегиялық  тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың  дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар:

  • ұлттық экономиканың шикізат көздеріне бағытталғандығы;
  • өңдеуші өнеркәсіптің өнімділік деңгейінің төмендігі;
  • ішкі нарықтағы тауарларға деген тұтынушылық сұраныстың төмендігі;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жете дамымағандығы;
  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық жағынан артта қалғандығы;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын инвестициялық шығындардың төмен деңгейі және т.с.с.

    Өкінішке  орай, жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың деңгейі төмен болып қалып отыр – небәрі 19%. Еліміздегі инвестициялар деңгейін екі есеге дейін арттыру қажет. Қазіргі кезде инвестициялардың басым бөлігі (80%-ға дейін) негізінен айналымдық қаражаттарға немесе қысқа мерзімді негізгі құралдарға бағытталуда. Елден сыртқа қарай капитал ағындары орын алуда. Осы орайда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ынталандыру бірінші кезектегі мәселе болып отыр.

    Қазақстандық  кәсіпорындардың халықаралық деңгейде бәсекелестік қабілетін арттыратын маңызды фактор – инновациялық жобаларға салынатын инвестицияларды ынталандыру болып табылады. Елімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту бойынша біршама тәжірибе жинақталған, мысалға, Қарағанды, Екібастұз, Өскемен, Шымкент қалаларында инновациялық сипаттағы жобалар іске асырылған болатын. Айта кету керек, жаңа өндірістердің басты ерекшілігі – бастапқы шикізат көзі ретінде техногендік өнімдер, өнеркәсіптік тауарлар және өндірістік қалдықтар қолданылды, ал негізгі шикізат көздері, баршаға мәлім, экспортқа және басқа елдерге жөнелтілуде.

    Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда  инновациялық қызметтің қажетті  инфрақұрылымының жоқтығынан, инвестициялық  жаңалық ашқан кәсіпорындар бірқатар қиындықтарға тап болады.  Сол  себепті жаңа технологияны ойлап  табудан, оны жүзеге асырып, өндіріске енгізуге және өнімдер шығаруға дейін ұзақ уақыт кетеді. Атап айтсақ, қаржы институттары, әдетте, технологилық сипаттағы инвестициялық жобаларды тәуекел деңгейінің жоғары болатындығына байланысты қаржыландыруға құлықсыз. Сондай-ақ, несиелерді кепілдендіруге жоғары талаптар қойылады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының құнын бағалау механизмі жоқтың қасы, несиелердің мөлшерлемелік деңгейі әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр.

    Жоғарыда  айтылған мәселерді шешумен қатар, инвестициялар туралы заңнаманы да жетілдіріп, инвестициялық белсенділікті арттыратын жағдайлар жасау керек. «Инвестициялар туралы» жалғыз заң еліміздегі инвестициялау және инвестициялық жобалау мәселелерін шешуге жеткіліксіз. Атап айтқанда, тікелей, қоржындық және ішкі инвестицияларды тарту арқылы инвестициялық жобаларды тиімді құруға және жүзеге асыруға кедергі болып тұрған келесі жағдайларды айтуға болады:

  • заңнамалық актілердің жетілмегендігі, шет елдік және отандық инвесторлар үшін айырмашылықтардың орын алуы және жиі өзгерістерге ұшырауы;
  • инвестициялық жобаларды талдау және бағалау мамандарының төмен біліктілігі және жауапкерсіздігі, олардың жиі алмастырылуы;
  • инвестициялық жобалаудың әдістемелік негіздерінің жоқтығы; бұл өз кезегінде шетелдік әдістемелердік отандық экономикалық жағдайларына үйренісіп кетуіне біраз бөгеттер жасады, нәтижесінде оларды қолданудың тиімділігін төмендетіп жіберді.

    Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық  саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді  шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды жүзеге асыру керек:

  • салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;
  • Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;
  • отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;
  • «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;
  • инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
  • инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып  түзетулер енгізу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.

    Аталған шаралардан басқа инвестициялар  және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, Инвестициялық  кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық  саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қ.Р-ң  инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен  оның маңызды мәселелері 

    Ең  алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

    біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

    екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

    Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын  көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық ; салық  және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады .

    Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық  жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

       Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

    Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы; 

    Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу  және халық шаруашылығының барынша  тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз  ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

    Іс  жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары  мен көрсеткіштері сандық жағынан  айқындалып, атқарылатын мерзімі  бойынша анықталуы тиіс.

    Ал  бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

    Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының  өзара байланыстығы:

       Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

    Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:

    - дайын өнім шығару арқылы экспорттық  әлуетті арттыратын салалар дамуына  басымдық беру;

    - ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын  және импортты алмастыратын өнім  өндірісін кеңейту ;

    - негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық  салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;

    - халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағытталған салалар дамуын қамтамасыз  ету ;

Информация о работе Инвестиция және инвестициялық қызмет