Экомикалық жүйелер типтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 23:00, реферат

Описание

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Сондықтан ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс- әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................ 3
I-бөлім. Экономикалық жүйенің мәні, түрлері.
1.1 Экономикалық жүйе түсінігі.............................................................4-5
1.2 Экономикалық жүйенің көрсеткіштері.............................................5-7
1.3 Экономикалық жүйенің модельдері..................................................8-9
Қорытынды........................................................................................................... 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................... 11

Работа состоит из  1 файл

Алибаев А.docx

— 46.98 Кб (Скачать документ)

     Елдер өздерінің тарихымен, экономикалық даму деңгейімен, әлеуметтік және ұлттық жағдайларының бөлектегімен ерекшеленетіндіктен, шаруашылықты ұйымдастырудың өзіндік ұлттық модельдерін әр жүйеде жасақтаған. Айталық, әкімшілдік - әміршілдік жүйеде кеңестік, қытайлық және басқа да модельдер бар. Қазіргі жүйедегі әртүрлі модельдер ең танысалдарын атап өтейік.     

Американ  моделі кәсіпкерлік белсенділікті жан – жақты қолдаудың жүйесіне, халықтың неғұрлым белсенді бөлігін байытуға бағытталған. Аз қамтылған топтарға жеңілдіктер мен қосымша төлемдер есебінен өмір деңгейінің жарамды дәрежедегі әл – ахуалы реттеледі. Әлеуметтік теңдік мәселесі бұл жерде мүлдем көтерілмейді. Бұл модель еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі мен көшілікті жеке жетістіктерге қол жеткізуге бағыттауға негізделген.      

    Жапон моделі еңбек өнімділігінің өсуінен халықтың өмір деңгейінің (соның ішінде жалақы деңгейінің) белгілі дәрежеде қалыс қалуымен ерекшеленеді. Осының есебінен өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен әлемдік нарықта оның бәсекеге бейімділігінің оқыс көтерілуіне қол жеткізіледі. Мүліктік бөлінуге кедергі қойылмайды. Мұндай модель тек ұлттық сананың өте жоғары деңгейде дамып, нақты адамның мүддесінен ұлттық мүдде жоғары қойылғанда, халықтың белгілі бір материалдық құрбандықтарға елінің өркендеуі жолында өзін қиюға әзір болған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.      

  Швед  моделі ұлттық табысты халықтың неғұрлым аз қамтылған топтарына қайта бөлу есебінен мүліктік теңсіздікті қысқартуға бағытталған мықты әлеуметтік саясатымен ерекшеленеді. Мұнда мемлекеттің меншігінде негізгі қордың 4% -ы ғана, оның есесіне 80 – ші жылдарда мемлекеттік шығындардың үлесі ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) деңгейінің 70 пайызын құрағанымен қоймай, осы шығындардың жартысынан астамы әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады. Әрине, мұндай жағдай тек салық салудың жоғарғы өлшемі орын алғанда ғана жүзеге асуы мүмкін. «Қызметтік әлеуметтендіру» деп аталатын мұндай модель өндірістік іс - әрекеттердің бәсекелік нарықтық негізде қызмет атқаратын жеке кәсіпорындарға, ал өмірдің жоғары деңгейін қамтамасыз ету іс - әрекеттерінің (бұған жұмыспен қамту, білім алу, әлеуметтік сақтандыру да кіреді) және инфрақұрылымның көптеген құрамдарының (көлік, ҒЗТҚЖ – ғылыми – зерттеу және тәжірибелі құрастыру жұмыстары) – мемлекетке міндеттелуі мүмкін болғанда ғана іске асады.     

   ГФР – ның әлеуметтік нарықтық шаруашылықтары. Бұл модель гитлерлік кезеңдегі концерндерді тарату және  шаруашылықтың барлық түрлеріне (ірі, орта, ұсақ) тұрақты даму мүмкіндігін беру негізінде қалыптасты. Бұл ретте ерекше қолайлы жағдаймен миттельштанд деп аталатын орта және ұсақ кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар қамтылады. Мемлекет бағаға, техникалық өлшемге белсенді түрде әсер етеді.  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды     

Экономикалық  жүйе – бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.     

Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең  таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

  1. Меншік типтері бойынша;
  2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.

 

     Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төменгідей типтерге бөледі:      

 а)дәстүрлі экономика;      

 ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;       

 б) нарықтық экономика;      

 в) аралас экономика..     

Экономикалық  жүйеге қатысты қазіргі кезде  Қазақстанға бұл жүйенің аралас экономика тән. Аралас экономика  нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса мемлекет нарықтағы салық салумен, шығынмен, реттеумен тікелей реттеп отырады.      

Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған  аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД  елдерінде сияқты эволюциялық –  реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы бірнеше мақсаттары бар. Рынокқа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған – аралас экономиканы құрудың бірден – бір құралы. Қорытындылай келе, күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.   
  
  
  
 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Әубәкіров Я. Л.       “Экономикалық теория негіздері”.

2. Жатқанбаев  А. А.   “Аралас экономика”.

3. Жунусов  К. Н.       “Нарықтық экономика негіздері”.

4. Қожамқұлов  Т.       “Саяси экономия негіздері”.

5. Мәдешев Б. Н.       “Нарықтық экономика теориясына кіріспе”.

6. Мәуленов  С. және басқалар “Экономикалық теория”.

7. Осипова Г. М.         “Экономикалық теория негіздері”.

8. Сахариев С.            “ Жаңа кезең экономикалық теориясы”

9. Симкина Л. Г.         “Экономическая теория”.

10. Шеденов Ө. Қ. және т. басқалары “Жалпы Экономикалық теория”.

11. Экононмика: Учебник/под ред. доц. А.С.Булатова/ М. 1996г.


Информация о работе Экомикалық жүйелер типтері