Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 09:13, реферат

Описание

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады.

Работа состоит из  1 файл

Қаржы саясаты.doc

— 46.50 Кб (Скачать документ)


Қаржы саясаты

 

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.

Қаржы саясаты - коғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.

Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді,

Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан түрады.

Қаржы стратегиясы - экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген узақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясы жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамдалады, қаржыны қолдану және ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының кажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.

Қаржы тактикасы - ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттердің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталган қаржылық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады.

Қаржы стратегиясы мен каржы тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық мақсатты шешуге жағдай жасайды, сонымен қатар оның дамуының шешуші бөліктерін анықтайды және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысаны мен әдістеріне сәйкестендіреді.

Қаржы саясаты экономикалық қатынастардан туындайды себебі қоғам қаржы саясатын жасауда тәуелсіз емес, ол объективті нақтылық жағдайындағы өзінің мүмкіндіктерінең туындайды. Қаржы қатынастарының өзіне ғана тән даму зандылықтары бар.

Қаржы саясаты ғылыми жобаларға негізделсе және нақты қаржы катынастарына қызмет етсе, прогресивті болуы мумкін.

Ғылыми түжырым бойынша:

1.                       Қаржы саясаты өндірістің даму заңдылығына объективті сәйкес болуы керек, сондықтан шынайы ақпараттың маңызы зор.

Ондай ақпарат экономикадағы, әлеуметтік саладағы үдерістердің хал-аухалы туралы және өткізілген шаралардың қорытындылары туралы мәліметке ие болуы керек. Ақпарат тиімді қаржы саясатын жүргізуге негіз болып табылады. Кері байланыс қағидасының сақталу қажеттігі қаржы саясатының дүрыстығына негіз болып табылады.

1.                       Шешім жүргізілетін шараның нақты болжамы мен есебі негізінде қабылдануы керек.

Қаржы саясатын өндеу мен өткізу кезінде қойылатын басты талап кешенділіктің сақталуы болып табылады. Баға, несие, еңбекақы саясаттарын ескеру қажет. Үйлесімділік алмағаң жағдайда оң нәтижеге қол жетызу мүмкін емес.

  


Пайдаланған әдебиет

1.                       ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Қаржының атқаратын қызметтері

Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, панда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен айшықталады.

"Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

 



Информация о работе Экономикалық цикл. Циклдық кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары