Экономикалық дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 10:10, реферат

Описание

Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеументтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.
Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

Содержание

Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны.
Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.
Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау.

Работа состоит из  1 файл

ЭМР.docx

— 27.42 Кб (Скачать документ)

    Болжау тәсілдерінің арасында  сарапшылық, экстрополяциялық және  экономикалық-математикалық (модельдеу)  түрлерін бөліп алады.

    Болжау түрлері: экономикалық (инфляция  деңгейі, еңбек өнімділігі), табиғи  ресурстардың ( әлемдік мұхиттар  ресурстары, энергияның кейбір түрлері  және т.б.), демографиялық, әлеуметтік  даму (мәдинет, өнер).

    Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.

    Жоспарлау жасалу нысаны бойынша  директивті, индикативті және стратегиялық болады.

    Индикативті жоспарлауға толығырақ  тоқталамыз.

    Индикативті жоспарлау – бұл  нарық экономикасының  қызметіне  ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық  саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет  шараларының ықпалынсыз қиын  тиетін, экономикалық өмірдің көптеген  мәселелерін шешуді қамтамасыз  етеді. Индикативті жоспарлау  парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін  қалыптастыру үдерісін көрсетеді.  Бұл серпін, құрылым, экономиканың  тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша  айналымы, тауарлар рыногы және  бағала қағаздар, баға қозғалысы,  жұмыспен қамтамасыз ету, өмір  сүру деңгейі және т.б. тәрізді  көрсеткіштер болуы мүмкін.

    Индикативтік жоспарлау нарық  экономикасының жағдайы мен мемлекеттік  реттеу әдістерінің бүкіл әлемде  кең тарауы үшін ең қолайлы  болып таьылады.

Информация о работе Экономикалық дағдарыс