Экономикалық әлеуметтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 19:22, лекция

Описание

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады
Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі.

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады.docx

— 14.17 Кб (Скачать документ)

 

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық  тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері  де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан  олар қоғамда әр түрлі рөлдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес оған қоғамда  әр түрлі орында, жағдайда, беделде, т.б. болады

Экономикалық әлеуметтанудың бір  ерекшелігі сол, ол экономика құбылыстар мен процестерді жеке адамның  топты оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы  реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін  ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың  бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.

Қазіргі уақытта біздің еліміз нарқытық экономикаға өтуде. Ал, нарықтық экономика  деп нарықтық қатынастарға негізделген  шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі  бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар- бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер (жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б.) өмірге келіп, жаңа ұғымдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды, оларды бейнелейтін  ұғымдарды экономикалық теория тікелей  зерттейді. Ал, әлеуметтану осындай  экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен, адамның, әлеуметтік топтың, жіктің экономикалық мінез-құлқын қарайды. Сондықтан экономикалық әлеуметтану  қандай да бір экономикалық қшбылыс, процес болмасын, оларды талдау, анықтауда  әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде  белгілі бір әдістемелік қағидаларға  сүйенеді. Олар:

1.Қандай да бір экономикалық  процестерді зерттеу объектісіне  айналдырғанда экономикалық әлеуметтану  өндірістегі әрбір таптың оның  ішіндегі топтың, мұң-мұқтажы, мүдде,  талап-тілегі тұрғысынан зерттейді.

2.Қандайда бір әлеуметтік талдау  жүргізбесін, экономикалық әлеуметтану  өндірістегі әлеуметтік топтардың,  оның жіктерінің меншік формасына  қатынасын, әл-ауқатының дәрежесін,  өмір сүру жағдайларын нақтылы  еске алып отырады.

3.Экономиканы, ондағықатынастарды  дамытуға әлеуметтік факторлардың  тигізетін әсерін және экономикалық  қатынастардың әлеуметтік қатынастарға, процестерге тигізетін әсерін  ескереді.

4.Әлеуметтік-экономикалық міндеттері шешуде әлеуметтік, яғни,адам факторына басты назар аударады.

5.Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап, шешілетін практикалық мәселелерді де бірыңғай байланыста қарауға бағыттап отыралы,

6.Шаруашылық тетігімен салыстырғанда  әлеуметтік тетіктің ықпалы басым  түсінетінін әр уақытта ескеруді  қажет етеді;

7.Экономикалық және әлеуметтік саяси тығыз байланыста болатынын есте ұстау.

 

 


Информация о работе Экономикалық әлеуметтану