Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 14:10, реферат

Описание

Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді.

Работа состоит из  1 файл

экономика.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.

 

1. кесте Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

 

Жалпы әдістер Жеке әдістер

1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.

3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.

4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.

5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.

Эксперимент, гипотеза және т.б. Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.

Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.

2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:

-микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.

-макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:

1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.

2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.

3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.

4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жанша Досмұхамедов

 

Жанша Досмұхамедов(Жаһанша) (1886- 1937), заңгер, алашорда қайраткері. 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1- Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған. Алашорданың шешімімен 1918 жылдың сәуірінде (жаңа стильмен) X. Досмұхамедовпен бірге Халық Комиссарлары Кеңесінің және ұлт істері Халық комиссариатының басшыларымен (В. И. Ленинмен және И. В. Сталинмен) ұлттық автономия жариялау туралы келіссөз жүргізеді. 1918-19 жылдыры Алашорданың Батыс бөлімшесі – Ойыл уәлаяты үкіметінің басшысы қызметін атқарды. 1920 жылдан Қазақстаннан тыс жерлерде шаруашылық жұмысында болды. 1930 жылы қуғынға ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1920-25 жылдыры Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандьғы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының межілістерінде кездесіп жүрген. 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байла- нысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.

»

 

Әлихан Бөкейханов

 

Әлихан Бөкейханов. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед – Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.

Мазмұны

1 Өмірбаяны

2 Қоғамдық-саяси әрекеттері

2.1 Алаш Орда төрағасы

3 Ғылыми әрекеттері

4 Пайдаланған әдебиет

5 Түсініктемелер

6 Тағы қараңыз

7 Фильмдер

8 Сыртқы сілтемелер

9 Пайдаланған әдебиет

»

 

Мұстафа Шоқай

 

Мұстафа Шоқай. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

Мазмұны

1 Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі

2 Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы

3 Түркістан үкіметінің мүшелері

4 Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы

5 Өмірінің соңғы жылдары

6 Сілтемелер

7 Пайдаланған әдебиет

»

 

Садық Аюкеұлы Аманжолов

 

Садық Аюкеұлы Аманжолов 1885 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық ауылында туған. Балалық шағы туған ауылында өтеді. Арманшыл әке Аюке баласынан үлкен үміт күтсе керек, оны жастайынан үлкен істерге дайындап, кесек мінез қалыптастыруына себепші болады. Садық білімге құштар болып өседі. Әкесі оны Верныйдағы (Алматы) ұлдар гимназиясына оқуға береді. Ол мектепті 1902 жылы бітірген екен. Бірақ өзінің алған білімін қанағат тұтпайды. Еліне адал қызмет ету үшін әлі де көп білім керек еді. Осыны жақсы түсінген ол Қазандағы император университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Университеттен өзіне керекті мол білім алады. 1910 жылы университетті тамамдап, елге оралады. Алғашында өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Садық Аюкеұлы 1917 жылға дейін Жетісу облысының (Аягөз, Ұржар) заң орындарында қызмет атқарады. Бұл жұмысты ол тындырымды да әділ атқарады. Кейін Ұржар уезінде қазақ комитетінің төрағасы болады. Садықтың ұлт үшін күрескен өмірінде бұл кездің орны бөлек еді. Осы жұмыста жүріп ол Алаш зиялыларымен жақын танысып, ойы ұшталып, кемелдік түседі. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда бірінші жалпықазақ сиезі өткенде, сол сиезге Садық та қатысады. Сиезге жиналған қазақ зиялыларының ұйғаруымен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат болып сайланады. Бұл бірінші жалпықазақ сиезіне жиналған казақ көсемдерінің Садықтың білімі мен біліктілігін бағалап, Бүкілресейлік құрылтайда қазақ халқының мүддесін қорғай алатынына сенгендігі еді. Бүкілресейлік сиезде Садықтың өз ұстанымын, ұлтының аманатын қалай қорғағаны туралы дерек жоқ. Сиезден кейінгі атқарған жұмыстарына қарағанда Алаш көсемдерінің күткен жерінен шыққаны анық. Садық Бүкілресейлік сиезден кейін «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарын құру ісіне араласып, мәнді әрі ауыр міндетті мойнына алады. Жетісу өңірінде Алаш ұйымдарының құрылуы мен оның қызметінің тыңғылықты жүруіне Садық Аюкеұлы бір кісідей тер төкті. Екінші жалпықазақ сиезінде Садық Ұлт Кеңесіне мүше болып сайланды. Бұл мәртебелі орын халықшыл азаматтың сенімін бекемдеп, белсенді де пәрменді қызмет істеуіне түрткі болғаны айтпасақ та түсінікті. Садық Жетісуда Алашорда жасақтарын құру ісінде ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түссе керек. Кейін Шыңжаңның Шәуешек қаласында Алашорда жасақтарын құруға жетекшілік етеді. Алашорда көсемдерінің бәрі де өздері үлгі көрсете алатын, жан-жақты жетілген кемел азаматтар еді. Бұл қасиетті Садықтан да көреміз. Ол кезінде әділ заңгер, талантты ұйымдастырушы, білікті басшы болды. Алаш әскері қатарында қолына қару алып, майданға шықты. Кеңес әскерлерімен болған шайқаста ауыр жарақат алған. Алашорда үкіметі таратылғаннан кейін кеңес үкіметі алашордашыларға біраз уақыт еркіндік бергені белгілі. Сол тұстарда (1923-1930 жылдары) Садық Аюкеұлы Аманжолов Қазак автономиялык социалистік кеңестік республикасы заң халық комиссариатында қызмет атқарады. Жасынан әлеуметтік қызметпен шұғылданған, кәсіби маман Садықтың бұл жұмысты аса тыңғылықты атқарғанында дау жоқ. Алайда елшілдік бағыт ұстанып, туған халқының азаттығы үшін күрескен азаматтың кеңестік дәуірде қайдан жолы болсын, 1930 жылдардың зобалаңы басталғанда оның да тағдыры тәлкекке түседі. Садық Аюкеұлы Қазақстаннан қуғындалады. Басында жан сауғалап Мәскеуге барады. Алайда Ресей астанасы ұзақ мекен бола алмайтынын түсініп, Бішкекке, одан Ташкентке кетеді. Ол жақта қалай өмір өткізгені туралы нақты дерек аз. 1941 жылы 5 желтоқсанда Ташкентте қайтыс болған. Ұзын да, қысқа да емес, қиындығы мен қызығы бірдей, арманға толы 56 жыл өмір сүріпті. Осы өмірінің ішінде казақ халқы үшін оның ұлттық мемлекеті – Алашорда үкіметі үшін бір кісідей үлес қосып, елеулі еңбек етеді.

Хронология

1889 жылы 28 тамызда Жетісу облысы, Верный уезі, Бақай болысында (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) ауқатты отбасында туған.

1898-1907 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, 1912 жылы Қазан университетінің заң факультетін бітіреді.

1918 жылғы тамыз айында Лепсі қаласында өткен Алашорданың Жетісу облыстық 2-қазақ сиезінде оның облыстық кеңесіне мүше болып сайланады.

1918 жылы Шәуешекке Алашорданың Жетісу бөлімінің мүшелерімен бірге өткен ол онда 1922 жылдың күз айларына шейін болып, онда да қуғын-сүргінді көп көріп, қайтадан еліне қайтады.

1923 жылы наурыз айынан бастап Жетісу облыстық атқару комитетінде қызмет атқарып, 1924 жылдан Жетісу облыстық сотының мүшесі болады. 1930 жылдарға шейін Заң халық комисса­риатында әртүрлі қызметтер атқарады.

1930 жылы Қазақстаннан кетіп Мәскеу, Бішкек, Ташкент қалаларында жұмыс істейді.

1941 жылы Ташкентте қайтыс болады.

Пайдаланған әдебиет

↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы – Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8

↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7

 

Халел Ғаббасов

 

Халел Ғаббасов – Алашорда үкіметінің Семей облысынан сайланған мүшесі, Үкімет төрағасының орынбасары, Алаш қозғалысының көрнекті жетекшілерінің бірі, публицист, Алаш үні «Сарыарқа» га­зетінің кезектескен редакторы, мамандығы – физик-математик. 1888 жылдың 1 қазанында Семей қаласында, қала жатағының отбасында туған. 15.08.1901 – 2.06.1909 жылдары Семей ерлер гимназиясында оқып, оның толық 8 класын бітірген. 1910-1915 жылдары ИМН Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде білім алып, 1915 жылғы 27 мамырдағы сынау комиссиясының қорытындысы бойынша 2-дәрежелі дипломға ие болып, №11142 дипломды 1916 жылғы 30 наурызда алады. ЖОО бітірген соң Семейде уақ-қарыз серіктігінде инспектор болып қызмет атқарады. Патша өкіметі құлаған соң ол елдегі саяси өмірге, Алаш қозғалысына белсене араласады. Уақытша үкімет тарапынан ол Түркістан комитетінің мүшелігіне тағайындалады. Алайда ол комитеттің мүшесі ретінде нақты жұмыс атқарылмайды. Ал Семей облыстық қазақ комитеті төрағасының орынбасары, облыстық земство басқармасының мүшесі, облыстық Делегаттар жиналы­сының мүшелігіне сайланып бұл бағытта көп жұмыстар атқарады. Әр түрлі әлеуметтік саяси жұмыстарды ұйымдастыру-үйлестіру бағытында шығып тұрады (мысалы, 1917 жылы Зайсан уезіне барды). «Қазақ» газетінен кейін Алаш үні болған «Сарыарқа» газетінің кезекшісінен редакторларының бірі болады. Онда ол ел-жұртты толғандырып, мазалап жүрген әлеуметтік-саяси жағдайды түсіндіріп, талдаған және большевиктердің озбырлық саясатын әшкерелеген өткір мақалалар жариялап тұрады. 1917 жылғы шілдеде өткен Жалпықазақтық сиезге Бүкілресейлік құрыл­тай жиналысының депутаттығына ұсынылады.

»

 

Бірімжанов Ахмет

Информация о работе Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы