Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 13:50, реферат
Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді.
Ғылыми болмыс
экспериментті қолдануды, экономикалық
процесс пен кұбылыстардың
Экономикалық
ілімдер тарихының пәні
Экономикалық
ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының
ажыратылмас бөлігі, онымен бірге
дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру,
қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру,
бөлу процестеріндегі қарым-
Экономикалық
ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу
кезеңі XVII ғасыр болып табылады,
бірақ экономикалық қөзқарастар көне
заманда да кездеседі.
Оның өмір сүру
кезендерінде бірнеше мектептермен,
ағымдармен ауыстырылды.
Экономикалық
әдебиеттерде экономикалық ілімдер
тарихының пәні төңірегінде алуан
түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық
ілімдер тарихы пәні тұжырымдамасы туралы
экономикалық ғылым саласындағы танымал
беделділердің арасында да ортақ пікір
жоқ. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың
жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін
түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан
классиктерді (олар экономикалық ғылым
пәнін қоғамдық байлықты ендіру заңдары
деп есептейді); неоклассиктерді (олардың
ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік
ресурстар жағдайында ұтымды шешімдерді
іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді
(оларды өндіру, бөлу, айырбастау және
тұтыну процесінде туындаған экономикалық
қатынастарды зерттейді); кейнсшілдерді
(олар экономикалық өсу факторларын зерттеген
және факторлық талдау негізінде макроэкономикалық
реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді
(олар «экономикалық адамның» ұтымды іс-әрекетін
зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы
тұрақтандыру және жұмысбастылықты қамтамасыз
ету факторы ретінде монетарлық, яғни
ақша несие саясатын алған); институционалистерді
(олар экономикалық қатынастарды әлеуметтік,
саяси және рухани қатынастармен байланыстырып
қарастырған) және т.с.с. бөліп қарауға
болады. Дегенмен, жасалған әр түрлі тұжырымдарға
қарамастан, қарама-қайшылықтар жиі кездеседі
және олар классиктердің көзқарастарымен
ойдағыдай ұштасып жатады.
«Экономикалық
ілімдер тарихы» кітабының авторы Титова
И.Е. осы ғылымның төмендегідей анықтамасын
береді: экономикалық ілімдер тарихы түрлі
тарихи кезендердегі ғалымдардың экономикалық
көзқарастарының негізгі жүйелерінін
пайда болып, дамуының тарихи процесін
зерттейді. Бұдан туындайтыны — экономикалық
ілімдердің қалыптасуын және дамуын талдау,
барлық қоғамдық дамудың – құл иеленушілік
қоғамнан бастап барлық тарихи кезендердің
тарихи процесін қамтиды. (Титова Н.Е. «Истории
экономических учений» - М.:; Гуманит. Изд.
центр «ВЛАДОС, 1997, 3 б).
Белгілі окулықтың
авторы Худокормов А.Г. курстың пәні
тек қана қазіргі кезде жалпыға
бірдей мойындалған тұжырымдар емес,
сонымен қатар батыс
М, 1998, 3 б.).
Экономикалық
ілімдер тарихы пәнінің неғұрльгм
кеңейтілген тусініктемесін белгілі
экономист алыс және жақын шетелдердің
ғылым әлемінде жақсы танымал «Экономикалық
ілімдер тарихы» оқулығының авторы Я.С.Ядгаров
берді. Ол былай деп жазды: «Бұл пәннің
объектісі жекелеген экономистердің теорияларында,
теориялық мектептерде, ағымдар мен бағыттарда
орын алған экономикалық идеялар мен танымдардын,
экономикадағы, ғылымдағы, техникадағы
және әлеуметтік саладағы өзгерістерге
сәйкес кұрылу, даму және ауысуының тарихи
процесі болып табылады». (Ядгаров Я.С.
«История экономических учений: Учебник
для вузов. Изд. 4-е перерад. идоп. - М.: ИНФРА-М,
2000, 12 б.).
«Экономикалық
ілімдер тарихы» кітабының
Г.А. Шмарловскаяның
анықтамасы бойынша «Экономикалық ілімдер
тарихының зерттеу пәні экономикалық
идеялардың пайда болып, дамуының, күресуінің
және ауысып отыруының тарихи процесі
және олардың адам өркениетінің дамуындағы
ролі» («История экономических учений:
Учеб. пособие/Под общ. ред. Шмарловский
Г.А. - 2-е изд., испр.-Мн.: Новое знание, 2001,
4 6.).
Санкт-Петербургтік
ғалымдардың пікірінше, экономикалық
ілімдер тарихының пәні — бұл
экономикалық ілімдердің пайда болуының,
қалыптасуының, дамуының, күресуінің және
ауысуының тарихи процесі. (Павлова
И.П., Владимировский Е.А, Оводенко А.А.,
Ильинская Е.М., «История экономических
учений»: Учебное пособие. 5-е изд. - СПб.:
Изд. «Лань», 2001, 5 6.)
Профессор С.А.Бартенов
экономикалық процестерге және экономикалық
теориялармен мектептердің қалыптасып,
дамуының заңдылыктарына деген көзқарастар
эволюциясы экономикалық ілімдер тарихының
пәні деп есептейді. (Бартенов С.А. «Истории
экономических учений» - М.: Юрист, 2002, 15
б.).
Әрине, курс әдебиеттерді
зерттеп. белгілі экономистердің көзқарастарын
жүйелеумен және ашумен шектеліп қоймай,
идеялардың өзара байланысың, реттілігін,
әдістер мен қорытындылардың трансформациясын
анықтауға ұмтылады.
Экономикалық
ілімдер тарихы пәнінің қысқаша
сипаттамасы да қолданылады. Бірқатар
ресейлік ғалымдар (Борисов Г.В., Шишкин
М.В., Сутырин С.Ф.) бұл курстың пәні өркениет
дамуының түрлі сатысындағы экономикалық
теориясының пайда болу, даму және басқалармен
ауысу процесі деп есептейді. (Борисов
Г.В., Шишкин М.В., Сутырин С.Ф. «История
экономических учений» - С-Пб., Изд. дом
«Сентябрь», 2003, 7 б).
Біздің айтуымызша,
бір анықтама екінші анықтаманы дамытады
және олардың бәріне ортақ нәрсе
– экономикалық ой тарихының пәні
қоғамдық өндірістің қалыптасып, дамуының
тарихын зерттеу, ол сонымен бірге
адам қоғамының эволюциясы барысындағы
экономикалық концепциялардын (идеялар
мен көзқарастардың) пайда болуының, дамуының
және ауысуының тарихи процесі.
Экономикалық
әдебиеттерде де қысқаша талдау жасағаннан
аңғарғанымыз, экономикалық ілімдер
тарихы пәнін зерттеу бойынша
үлкен жұмыс Батыста және Ресейде жұргізіледі.
Қазақстанда аталған
мәселелер осы күнге дейін
жеткіліксіз зерттелген. Экономикалык
әдебиетте ғылым тұрғысынан алғандағы
экономикалық ілімнің тарихи аспектілерін
қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров,
О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев,
М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев,
Д.К Кабдиев, К. К. Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев,
Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.).
соған қарамастан.
Қазақстандағы
экономикалық ілімдер тарихын кешенді
тұрғыдан қарастыруға арналған ғылыми
деңгейде зерттеулер әлі тиісті жолға
койылмаған. Сондықтан да осы бағыттағы
ізденістер әрі жалғасуда.
Информация о работе Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы