Экономикалық ой-пікірлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 16:51, лекция

Описание

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты – саяси экономия.
Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізгі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек,жалпы адамзаттық көзқарасапен
бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі
жағдайды айтпағанның өзінде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзін де «жұмақ» орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал «социализмнің саяси экономиясы» туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген «социализм» сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған , зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен

Содержание

Жоспар
Кіріспе
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
1.2 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ
ДАМУЫ
2.1 Қазақстандық экономикалық ойлау жүйесінің даму
ерекшеліктері руханилық кағыдасы ретінде
2.2Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің даму
заңдылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Экономикалық ой-пікірлердің дамуы.doc

— 152.50 Кб (Скачать документ)

шаруашылық  мақсатына сәйкестік қағыдасымен  дамытылуға тиіс. Мешеу аймақтарды социалистік құрылысқа қосудың  мәні осында, шет аймақтарға өндіріс  салу арқылы совет үкіметін одан әрі  нығайтуға мүмкіндік туады. Сонда республикада шығатын шикізаттарды алысқа апармай, нақ Қазақстанда өндірістер салып, оларға жергілікті халықтың өзінен жұмыскерлер, мамандар даярланады деген ұсыныс айтады. Яғни, С.Сәдуақасов бұл мәселені Қазақстан дәстүрінде қалыптасқан қоғамдасып өмір сүру әдісімен байланыстырып, оның ең тиімді жолын ұсынады. Сонымен қатар, ол Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі сипатын жою үшін ұлттық өнекәсіпті дамыту идеясын ұсынады. 1927 жылғы осы                          конференцияда сөйлеген сөзінде ол: «Крайком секретарымен теориялық бәсекеге түсу -  ұлт өкілі үшін үмітісіз іс, бірақ соған қарамастан, көзге ұрып тұрған жөнсіздіктерді көрсетпеуге тағы болмайды... Адам ата заманынан бері кісілер байпақ жамап, күрек жөндеп келеді, алайда оны осы уақытқа дейін ешкім  «өнеркәсіп», әсіресе «өнеркәсіп саласының негізгісі» деп атаған емес. Темір жолмен Қазақстаннан жуылған жүн, Ресейден осы жүннен тоқылған шұғаны кері тасығаннан гөрі, Қазақстаннан бірден дайын шұға шығару жөн емес пе?»,- деген тұжырымдамасы қазіргі кезеңге, болашаққа маңызы өте зор 

терең экономикалық ой-пікір екенінде ешбір күмән жоқ. Қазақстан Республикасы шетелдерге шикізат қоры болып қалмауы керек. ҚР Президенті еңбектерінде осы мәселе жиі қайталанып келеді. Шикізат, мұнай- газ, металл т.б. сияқты ауыл шаруашылығының өнімдерін шетке арзан бағамен сату ел экономикасына тиімсіз екені аян.

     Біздің ойымызша, С. Сәдуақасовтың  экономикалық көзқарастарының жүйесі  неміс экономисі Ф.Листің «өнеркәсіптік тәрбиелеу» концепциясымен үндестігі байқалады.

        
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

     Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс айырбас тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған. Экономикалық ілім – ертедегі ең ескі және бай тарыхы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен          Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізеді. Ол сол кездердегі жеке игіліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шарущылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде XVII-ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерртеудің бастауы болып табылады. «Меркантелизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI – XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы. Тауар-ақша қатаңасының экономикада үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай төмендегіше суреттеген еді:

Мініп көрер күші жоқ,

Сауып ішер сүті жоқ,

Ақша  деген мал шықты.

Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар- ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.

Экономикалық  ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнің анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.

   «Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті » - дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық экономика ғылымына беріліе баға жоқ секілді.Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты экономистер экономика ғылымында түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық жүйелердің нарықтық, жоспарлы, аралас түрлерінің негізін қалаушылар.  
 
 

                                                                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. «Экономикалық теория» - Я.Ә. аубакіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев, Алматы «Қазақ университеті»,1999 ж, 5-17.
  2. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері», Алматы, 2002 ж., 4- 33 бет
  3. «Экономикалық теория» - Я.Ә. аубакіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев, Алматы «Қазақ университеті»,1999 ж, 5-17.
  4. Крымова В. «Экономикалық теория», Алматы, 2003ж. 3,13,57 т.б.
  5. Назарбаев Н.А. В потоке истории.- Алмат: Атамұра, 1999 – 296 с.
  6. К.Ә. Берденова, С.Ф. Ильясова, Б.Т. Тәшенов. Қазақ қоғамындағы әкімшілік-шараушылық жүйелерінің эволюциясы: оқу құралы.-Алматы: Экономика, 1999.-Б.134

Информация о работе Экономикалық ой-пікірлер